ҚОСАЯҚТАР ТҰҚЫМДАСЫ (Dipodidae)


Қосаяқтың сыртқы реңіне тән ерекшелік кішкентай денесінің, өте ұзын артқы аяқтары мен қысқа алдыңғы аяқтары және ұзын құйрығымен анықталады. Бұл белгілердің барлығы артқы аяқтарымен тез қозғалып, әсіресе мұндай ұсақ аңдардың секіріп, жүруіне бейімделген. Дене ұзындығы 4-25 см. Сыртқы келбеті өте ерекше, өйткені олардың тұлғасы қысқа, артқы аяқтары ұзарған, алдыңғыға қарағанда ұзындығы 4 есе артық, мықты. Бастары үлкен, тұмсықтары мұқалғандай. Құлақтары әдетте ұзын, жұмырланған, сирек түктермен жамылған, кейде түбінде ол түтік тәрізді болады. Көздері үлкен, сезгіш мұртшалары ұзын, кейде дене ұзындығына тең келеді. Қосаяқтар шөлді биоценоздарда басты рөл атқарады, ол топыраққа және өсімдік жамылғысына едеуір әсер етеді, көптеген шөлді аймақтың жыртқыштарына қорек ретінде пайдаланады. Кейбір қосаяқтар құмдарды бекітетін өсімдіктерді бүлдіріп, зиян келтіреді, мәдени өсімдіктерді жеп, бірталай аурулардың қоздырғыштарын, оның ішінде оба да бар, тасымалдайды.

Түрлері

Атауы

Бессаусақты ергейжелі қосаяқ

Cardiocranius paradoxus

Майқұйрық қосаяқ

Salpingotus crassicauda

Бозтүсті ергежейлі қосаяқ

Salpingotus pallidus

Жүнбалақ қосаяқ

Dipus sagitta

Үлкен қосаяқ

Jaculus orientalis

Түркмен қосаяқ

Jaculus turcmenicus

Кіші қосаяқ

Allactaga elater

Секіргіш қосаяқ

Allactaga sibirica

Северцев қосаяқ

Allactaga severzovi

Житков қосаяғы

Pygerethmus platuurus

Тікқұлақ қосаяқ

Allactagulus acantion

Бобринский қосаяғы

Allactaga bobrinskii

Тақылдағыш қосаяқ

Scirtopoga telum

Үлкен қосаяқ (Allactaga major) - ең ірі өкілі, дене ұзындығы 22 см жетеді, салмағы шамамен жарты килограмм. Басы қысқа мұқалған тұмсығы болады, оның есесіне құлақтары өте үлкен – денесінің үштен біріндей, осыдан халық жер қояны атауын берген. Ұзын жіңішке күрек тістері алға қарай шығыңқы келген – бұл қатты таста, жер қабығында, топырақта ін қазуға бейімделген белгі. Түгі өті жұмсақ, жібек тәрізді, жоғарғы жағы құм түсті қоңыр ала шұбар, төменгі жағы ақ түсті. Үлкен қосаяқ – қоректі талғаусыз жейтін жануар. Ол бірдей қызығушылықпен тұқымдарды, өсімдіктердің жасыл бөліктерін кеміре береді. Аналығы сәуір айының соңында мамыр айының басында 3-4 ұрпақ әкеледі.

Секіргіш қосаяқ (Allactaga sibirica) тағы бір біздің фаунадағы ірі бес саусақты қосаяқ: дене ұзындығы 17 см, құйрығы 23 см. Оған созылыңқы бас, артқы аяқтарындағы тірек саусақтарының төменгі жағындағы қатты қылшалар тән. Таралу аймағының негізгі бөлігі Қазақстан, Қытай, Тибет және Монғолияны қамтиды. Секіргіш қосаяқтар мекен ортасын мен қорек тандауда аса талғампаз емес.

Тікқұлақ қосаяқ (Pygeretmus pumilio). Көлемімен жер қоянына ұқсайды, бірақ бұның құлақтары, құйрығы, артқы аяқтары қысқа болады. Таралу аймағы Солтүстік Прикаспий, Қазақстан шөлейт, шөл, Орталық Азияның жазықтығын қамтиды. Басқа 5 саусақты қосаяқтардан ерекшелігі сол, оның азық негізі тұқым емес, өсімдіктердің жасыл бөліктері - кейбір дәнді өсімдіктердің жапырақтары мен сабақтары, сораның шырынды бұтағы, жазғытұры кейбір өсімдіктердің жас бұтағы мен түйнек сабақтары жатады. Ұясында әдетте 3-5 ұрпағы болады.

Аяғы жүнді қосаяқ (Dipus sagitta). Бұл үш саусақты қосаяқтардың өкілі, олар шөлде мекендену үшін кейбір белгілерінің мамандануына орай, бес саусақтылардан асып түсті. Оның ішінде, қызмет жасамайтын, қажетсіз артқы аяғындағы бүйір саусақтары жойылып, тек үш саусағы ғана қалған. Олардың ішінде, көбінесе құмды мекендейтіндері көп, сондықтан көбінің тірек саусақтарының ішкі беті қатты қылшалармен жабылған. Енді, бес саусақтыларға қарағанда есту ағзалары маманданғаннан құлақ қалқаны емес есту қабықшасы үлкейген. Дене ұзындығы 9-12 см, құйрығы 14-17 см, салмағы 100 г жетеді. Бұл қосаяқтар көктемде және күзде көбейеді. Буаздық мерзімі шамамен бір ай, сондай мерзімде аналығы ұрпағын сүтпен қорекндіреді (әдетте олардың ұясында 3-5 ұрпақ болады).