СОҚЫР ТЫШҚАНДАР ТҰҚЫМДАСЫ (Spalacidae)


Соқыр тышқан жер астында мекендеуге бейімделген сүтқоректілер. Олар: соқыр тышқандар, бамбук егеуқұйрыктар және бұраубасы.

Түрлері

Атауы

Құмды соқыр тышқан

Spalax arenarius

Алып соқыр тышқан

Spalax giganteus

Кәдімгі соқыр тышқан

Spalax microphthalmus

Кіші соқыр тышқан

Nannospalax leucodon

Бамбук егеуқұйрыктар тұқымдасы ( (Rhizomys)

Кытайлық бамбукты егеуқұйрык

Rhizomys sinensis

Ақсұр бамбукты егеуқұйрыктар

Rhizomys pruinosus

Үлкен бамбукты егеуқұйрық 

Rhizomys sumatrensis

Бұраубасы тұқымдасы (Myospalacinae)

Маньчжур бұраубасы

Myospalax aspalax

Уссуриялық бұраубасы

Myospalax epsilanus

Алтай бұраубасы

Myospalax

Дауыр бұраубасы

Myospalax psilurus

Қытайлық бұраубасы

Myospalax fontanierii

Кәдімгі соқыр тышқан (Spalax microphthalmus) дене ұзындығы 29 см, салмағы 300 г, құйрығы табанынан біраз ұзынырақ. Жүні қысқа, қалың, түктері әлсіз дамыған. Жүнінің түсі сұр және қоңыр түсті болады, тұтас денесімен біртекті. Кәдімгі соқыр тышқан - Оңтүстік-Шығыс Еуропаның Дон және Волга аралығында жоталы далаларда және ормандарда мекендеуші жануар. Буаздық мерзімі бір ай, 2-4 ұрпақ әкеледі.

Алып соқыр тышқан (Spalax giganteus) тұқымдастың ең ірі өкілі, дене ұзындығы 35 см. Кәдімгі соқыр тышқанға қарағанда ашық түстес. Бұл соқыр тышқан Шығыс Прикаспийде (Калмыкия, Ставрополь өңірінде), Қазақстанның батысында (Орал мен Ембі аралығында) таралған. Жеңіл құмды жерлерде мекендейді. Жылына бір рет көбейеді, 1-3 ұрпақ әкеледі. Аса ірі соқыр тышқан РФ және Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген.

Алтай бұраубасы (Myospalax) дене ұзындығы 27 см, құйрығы денесінің төрттен бір бөлігіне тен. Басы үлкен, көздері кішкентай, ал құлақ қалқанының орнына тек кішігірім есту тесігі ғана қалыптасқан. Тұмсығының алдыңғы жағы қалың қатты терімен қапталған. Бұраубастың жүні қысқа, жібек тәрізді. Осыған байланысты кеміргіш інде алдыға да, артқа да оңай қозғала алады. Жүнінің түсі қоңыр құм түсті. Алтай бұраубасы Батыс Сібірдің оңтүстігі мен Алтайдың таулы аудандарында мекендейді. Бұраубастың бүкіл тіршілігі жер астында өтеді, кейде ол сабақтың шырынды бөлігін жеу үшін ғана шығады да қайтадан жер астына кіріп кетеді. 3-5 ұрпақтан әкеледі. Жыныстық жетілуі кеш өтеді, 6-7 айлық жасында жетіледі.

Дауыр бұраубасы (Myospalax aspalax) алтай бұраубасынан кішірек, (дене ұзындығы 20 см дейін), Забайкальяда, Монғолияның шығысында, Манчжурияда таралған, құрғақ және орманды далаларда мекендейді.

Мұнымен көршілес одан әргі шығысқа қарай маньчжур бұраубасы (Myospalax psilurus) таралған. Ресейде ол Забайкальеде және Приморск аймағының оңтүстігінде таралған. Оның жас түрлері жылыстау кезінде көп қалың жерде шауып жүргенін байқауға болады. Дауыр бұраубасына қарағанда ылғалды жерлерде мекендейді. Маньчжур бұраубасы бізде сирек кездеседі, РФ Қызыл кітабына тіркелген.