АТЖАЛМАНДАР ТҰҚЫМДАСЫ (Cricetidae)


Атжалмандардың дене ұзындығы 5-тен (ергежейлі атжалмандар) - 36 см дейін (ондатр), құйрығы 0,7-ден 33 см дейін болады. Ресей фаунасында олардың 60 түрден астамы кездеседі.

Түрлері

Атауы

Аламан

Cricetus cricetus

Роборовский атжалманы

Phodopus roborovskii

Дауыр атжалманы

Cricetulus barabensis

Сұр атжалманы

Cricetulus migratorius

Жоңғар атжалманы

Phodopus sungorus

Жанғыл құмтышқаны

Meriones tamariscinus

Қызылқұйрық құмтышқан

Meriones libycus

Түстіктегі құмтышқан

Meriones meridianus

Үлкен құмтышқан

Rhombomys opimus

Ондатр

Ondatra zibetica

Жирен орман сұр тышқан

Clethrionomys glareolus

Тянь- шань орман сұр тышқан

Clethrionomys flater

Қызыл сұр тышқан

Clethrionomys rutilus

Сары сұр тышқан

Clethrionomys glareolus

Үлкенқұлақ сұр тышқан

Alticola macrotis

Күмістүсті сұр тышқан

Alticola roylei

Жалпақбасты сұр тышқан

Alticola strelzovi

Памірлік сұр тышқан

Microtus guldaschi

Тарбасты сұр тышқан

Microtus gregalis

Кәдімгі сұр тышқан

Microtus arvalis

Шабындық сұр тышқан

Microtus agrestis

Қырғыз сұр тышқан

Microtus kirgisorum

Дала алақоржыны

Lagurus lagurus

Сары алақоржыны

Lagurus luteus

Шығыс алақоржыны

Ellobius tancrei

Алтай бұраубасы

Myospalax myospalax

Кәдімгі атжалман (Cricetus cricetus) біздің фаунада ең ірі, ең ашық түсті, ең белсенді, ең зиянды. Денесінің ұзындығы 20-35 см, аталықтары салмағы 300-ден 600 г дейін, аналықтары төрт есе жеңіл. Түсі өте құбылмалы, негізінен басымды үш түсті болады: қара, аралық қара мен ала. Таралу аймағы Еуропа, Ресей, Қытай, Қазақстан. Олар көбінесе далада, шөлейтте, төменгі денгейде орманды далада таралған. Көбею кезеңі ерте көктемде басталып, күз аяғында аяқталып, осы мезгілде бір ұядан 2-3 балапан туады.

Дагестандық атжалман (Mesocricetus raddei) кәдімгі атжалманнан біраз кіші, дене ұзындығы 28 см, құйрығы артқы табынынан үлкен емес. Түсі ашық: жоғарғы жағы қоңыр-сары я қызыл қошқыл, тамағы қара, иығында ақ дақтар болады. Бұлар өте белсенді көбейеді, әдетте жылына екі рет ұяласып, бір ұяда 20 ұрпаққа дейін болады.

Моңғолдық атжалман (Allocricetulus curtatus) моңғол шөлдерінде таралған. Сирек өскен бұталы өсімдіктердің арасын мекендейді. Көбею кезеңінде, ол қар ерісімен басталады да, олар жылына 3-4 рет балапандар әкеледі.

Егеуқұйрық тәрізді атжалман (Tscherskia triton) басқа өкілдерінен жеңіл ажыратуға болады. Оның едәуір ірі көлемі (дене ұзындығы 22 см), құйрығы ұзын (дене ұзындығының жартысына тең) және денесінің түсі қою-сұр болады. Бұл Қытайдың солтүстік-шығысында, Кореяда таралған, Ресейде тек Приморск өлкесінің оңтүстігінде кездеседі. Олар жапырақтармен, шөптесін өсімдіктердің сабақтарымен, тұқымдармен, ірі жәндіктермен қоректенеді.

Ондатр (Ondatra zibetic) дала тышқан тәрізділерінің ішінде ең ірісі. Дене тұрқы 36 см., салмағы 1,3 кг. Құйрығының ұзындығы денесінің жартысына тең, ұсақ қабыршақпен жамылған, олардың арасынан қысқа түктер көрінеді. Жүні сирек ұзын түктерден және қалың жұмсақ түктермен араласып келеді. Ондатр жартылай суда тіршілік етеді. Тәулік бойы белсенді, көп жағдайда күн батарда және таңғы мезгілде. Су өсімдіктерімен, қамыстармен қоректенеді. Буаздық мерзімі 25-30 тәулік; 7-8 ұрпақ әкеледі. Солтүстік облыстарда жылына екі рет көбейеді және наурыз - тамыз айларында көбеймейді, оңтүстік облыстарда көбеюі үзілмейді, 4-5 ұрпақтан әкеледі.