«Жасуша биологиясы» пәнi, мақсаты, саладағы ғылым мен тәжiрибедегi маңызы, биология бiлiмiн қалыптастырудағы орны және басқа пәндермен байланысы


Жасуша биологиясы пәнi - адам, жануарлар мен өсімдік организмiндегi жасушалардың дамуын, құрылысын, қызметiн зерттейтiн, олардың пайда болғанынан өлгенге дейiнгi тiршiлiк әрекетiн, iс-тәжiрибе мүддесiне сай, дамуға бағытты ықпал жасау мүмкiндiгi туралы ғылым.

Жасуша биологиясы (грек. «суtоs», «kуtоs»-жасуша, торша; «lоgоs»-iлiм, ғылым; bios-тіршілік, өмір) - жасушалар туралы ғылым-жануарлар мен өсiмдiктердің жасушаларын, тұрақты және тұрақсыз қосындыларды, олардың субмикроскоптық құрылысын, дамуын, тiршiлiк әрекетiн зерттейтiн ғылым.

Жасуша биологиясы биология мамандығында дербес пән, шет елдерде ертеден аталады, ТМД мемлекеттерiнде цитология атауы кең қолданылады. Сондықтан жасуша биологиясы - цитология жалпы және арнайы деп, екiге бөлiнедi.

Жасуша – адам, жануарлар, өсімдіктер организмдерінің ең қарапайым құрылымдық, қызметтік бірлігі, өте жұқа май қабықшасымен қоршалған және бірнеше мың әртүрлі су ертіндісі молекулаларын сақтайтын кішкене қапшықша.

Жердегі көптеген организмдер (саны, мүмкін биологиялық салмағына орай, әлде түрлер санына байланысты) – бір жасушалы: олардың денесі тек бір ғана аталған қапшықшадан тұрса, өте ірі – ақ саңырауқұлақ, қарағай немесе адам организмдерінде – олар көптеген қапшықшалардан тұрады. Адам организмінде олар 1013 — 10.000.000.000.000 артық! Қандай да таңқаларлық болса да, олардың әр қайсысы – тірі болып келеді. Ол барлық тіріге тән қасиеттерге ие болады. Оның ішіндегі ең бастысы сол, ол бөлінуге қабілетті, әрі тұқым қуалаушылық қасиетін сақтайды.

Қазіргі әртүрлі зерттеу әдістері (авторадиография, иммунохимия, цитохимия, басқа) көмегімен жасушаның ядро аппаратында, цитоплазманың тұрақты қосындыларында және сыртқы жарғақшасында өтетін өте күрделі қызмет процестері - өсу, даму, қарқынды және төмен белсендiлiгi, қайтадан қалпына келуі, қартаюы, басқа күйдегi құрылым заңдылықтары мен ерекшелiктерi және тiршiлiк әрекеттерi анықталып, олар туралы құнды ақпараттар алынған.

Сыртқы ортаның әсері, атап айтқанда жасушаға түрлі сыртқы және ішкі әсерлерден пайда болған жайттарды жасуша аралық және жасуша-матриксі өзара қарым-қатынасын зердемей бағалау мүмкін болмайды. Мұндай зерттеулер қатерлі өспелердің өсу механизмдерін, күшіктеуін (метастаз), организмдегі иммундық қадағалауды түсінуге мүмкіндік береді. Ол обыр, иммунды дерттерді емдеуге қажет жаңа тәсілдерді әзірлеуге көмектеседі.

«Жасуша биологиясы» пәнінің негізгі міндеттеріне: 1) жасушаның микроскопиялық, субмикроскопиялық және химиялық құрылымын одан әрі зерделеу; 2) жасуша құрылымының және өзара іс-қимыл жасау қызметтері; 3) жасушаға заттардың ену тәсілдері, олардың шығуы және бұл процестердегі жарғақтың рөлі; 4) микроорганизмдер мен сыртқы ортадан пайда болатын жүйке мен гуморальді әсерлерге жасушалар реакциясы; 5) бүліну әсерлеріне деген жасушалар реакциясы; 6) қалыпты жасушалардың обыр түріне ауысуы және басқалар жатады.

Зерделеудің объектілері мен әдістеріне байланысты пәннің мына ғылыми бағыттары мен бөлімдері: цитоморфология – жасушаның жалпы құрылым қағидасын зерделейді; цитогенетика – жасушалардағы тұқым қуалаушылық материалдарды сақтап, тарататын құрылым негізін зертейді; цитохимия – жасушаларда химиялық заттардың орнығуын және мөлшерін зерделейді; цитофизиология – жасушалар қызметін қамтамасыз ететін құрылымдарды қарастырады; цитоэкология – жасушалардың құрылымы мен қызметтеріне әсер ететін экологиялық факторларды зерттейді; цитодерттану – жасушаларда түрлі ауру тудырғыш және бүлдіру факторлардың әсерінен пайда болатын ауытқу өзгерістерін зерделейді; радиациялық цитология - иммунологиялық цитология–иммундық қорғаныс түзетін жасушаларды (Т және В-лимфоциттер, плазмоциттер) зерттейді. Т-лимфоциттер организмдегі жасушалық төтемелілікті (иммунитет), В- лимфоциттер және олардың туындыларды плазмоциттер денеге енген бөгде заттарға қарсы денелер түзу арқылы гуморальдық төтемелілікті қалыптастырады; онкологиялық дерттануқалыптасқан.

Жасуша биологиясын зерделеу, тек пәндi зерделеу емес, оның тiлiн бiлудi қажет етедi. Бұл пәндi оқи отырып, организмнiң барлық ағзаларын микроскоп көмегiмен көрiп, олардың атауларын бiлемiз. Бұл тiл ғылым саласында арнайы тiл негiзiн меңгеруге көмектеседi.

Микроскопты қолдану арқасында жасуша (cellula) - тiрi зат, ең кiшкене құрылым бiрлiгi екенi, өсiмдiктер, жануарлар организмдері жасушалардан құралғаны айқындалды. Организм ұлпаларының өзгешелiгi жасушалар айырмашылығына және организмге қажет арнайы қызметтер атқаруына байланысты болады.

ХХ ғасырдың екiншi жартысында жасушалардың құрылысы, қызметiнiң байланысы туралы iлiм бірталай кеңейдi. Оған электронды микроскоптың жасалуы және оқытушы-ғалымдардың оны қолдануы маңызды рөл атқарды. Осының арқасында генетикалық кодтың химиялық негiзi ашылып, радиоактивтi изотоптар әдiсi әзiрлендi.

Жыныс жасушалары арқылы тұқымқуалаудың белгiлерi келешек ұрпаққа бiртiндеп берiлуi, ол қалыпты жағдайда өтiп, жыныс жасушаларының ауытқуы дене ұлпаларына әсер етiп, түрлi ауытқушылық тудыратыны және хромосома құрылысы кең баяндалды. Қан арқылы гормондар тасымалданып, жасуша деңгейiнде тек айқындалуына әсер ететiнi қаралды.

Қазiр иммунды реакцияға жасушалардың бiрнеше түрлерi қатысып, ауру тудырғыш микроорганизмдермен күресуге қатысатыны аян болды.

Бұл пән жасушалардың жарық (сәулелі), электронды микроскопиялық құрамынан басқа, атқаратын қызметiн де бағалайды. Оған қолданылудағы морфологиялық цитохимиялық, иммуноцитохимиялық, авторадиография, будандастыру және басқа зерттеу әдiстерi мүмкiндiк туғызды.

Оқу құралында жасушалар құрамындағы құрылымдар құрылысы, атқаратын қызметтерi, тiршiлiк әрекеттерiмен ұштасып жатады. Бұның бәрi келешек биология маманына өте қажет. Себебi, олар қазiр iс-тәжiрибе мiндеттерiн шешуде цитологиялық әдiстердi кең қолдануы қажет.

Қазақстанда қазір биотехнология әдiсi кеңiнен дамуда. Ол үшiн әртүрлi биологиялық белсендi заттарды түзуге түрлi-түрлi микроорганизмдер, себiндi тiндер пайдаланылады. Себiндiдегi жасушалардың жүрiс-тұрысын, тiршiлiк әрекеттерiн және белсендi заттар түзуге түрлi себепшарттар әсерiн зерттеудiң биология және басқа салаларда маңызы зор. Ол организмдегi жасушалар биологиясы туралы бiлiмдi тереңдетiп, олардың қызметiне нәтижелi, көздеулi ықпал жасау мүмкiндiгiн туғызып, ауруды емдеуге, анықтауға және сақтандыруға қажет биологиялық белсендi заттарды алуға мүмкiндiк бередi.

Пәннің алдында тұрған мiндет тек теориялық бiлiмдердi тереңдету емес, оның табыстарын биологияда, басқа салаларда пайдалану; тiршiлiктегi түрлi жүйелер құрылымы деңгейiн анықтау; тiршiлiк әрекеттерiн (заттек алмасу, қуат, хабар) басқаруды меңгеру; маманды iс-тәжрибеде жасушалар, субмикроскоптық құрылымдарды зерттеудiң күрделi, кешендi әдiстерiн қолдана бiлуге үйрету және дағдысын дамыту жатады.

Пәннің мақсаты тек түзiлiстердің құрылысы, қызметтерi және тiршiлiк әрекеттерiн бiлу ғана емес, онымен қоса, олардың өзара байланысуы мен даму жолы заңдылықтарын ашып, оларды қалаған бағытта өзгертiп, жаратылыстану ғылымының табысты дамуына көмектесу.

Жасуша биологиясының дамуы физика, математика және химия жетiстiктерiне, зоология, анатомия, физиология, биохимия, иммунология және басқа пәндермен тығыз байланысты. Өйткені олар жасушаның гистологиясына, ультрақұрылымына, жасуша биологиясына негiзделуде.