Жасуша биологиясының даму кезеңдері


Биология атауы (термині) XIX ғасырдың басында Ж.Б. Ламарк пен Г. Тревиранус енгізген. Ол тіршілік ғылымын табиғаттың ерекше құбылысы ретінде көрсету болатын. Қазіргі кезде оны организмнің тобы есептеп, тіпті түрі (адам биологиясы, микроорганизм биологиясы, сібір бұғысы биологиясы), биоценоз (арктика алап биологиясы), жеке құрылым (жасуша биологиясы) және басқа түсініктерде қолданылуда.

Биология жер бетіндегі тірі организмдердің шығу тегі, құрылысы, таралуы, дамуы, бір-бірімен өзара қарым-қатынасы және сыртқы ортамен байланысы, әрі оларға тән қасиеттерге (заттек алмасу, көбею, жүріс-тұрысы, тұқымқуалаушылық, өсу, бейімделу және басқаларға) ие.

Қазіргі биология кешенді, жүйелі ғылым. Одан бірталай биологиялық ғылым мен пәндер тарады. Ол тірі табиғаттың жіктелу процесі негізінде, оның біраз бөлігінің біртіндеп жаңаруынан және оны зерделеп, меңгеруден пайда болды. Сөз жоқ, бұл қажетті салалардың зерттеуін қарқындатып, тереңдетеді. Сондықтан әлемдегі жануарлар, өсімдіктер, микроорганизмдер, қарапайым бірклеткалы организмдер, вирустар мен фагтарды зерделеудің арқасында биологиядан ірі ерікті ғылымдар - зоология, микробиология, ботаника, вирусология және басқалар бөлініп шықты.

ХХ ғасырдың екінші жартысы шынында да биология ғасыры атанды. Оның адамзат тіршілігінде былай бағалануы басталған XXI ғасырда айқын көрінері хақ.

Биология жаратылыстану ғылымдары бағытында ең бастысы. Ол тірі табиғат ғылымдарының жиынтығы. Оны саны жетпес саналатын көптеген тірі түрлер құрады. Жерде 3000 түрден артық прокариоттылар (бактериялар, көк-жасыл балдырлар), 450000 түрден артық өсімдіктер және 1,2 миллионнан артық жануарлар түрлері бары белгілі.

Өте көне заманда да өсімдіктер, жануарлар, тіпті адамның өзі ұсақ бірліктерден тұрады – ау деген ой, ұғым болды. Әр дәуірде бұл бірліктер әртүрлі аталды. Мысалы, оларды Демокрит – атом; Аристотель – дененің біркелкі, біркелкі емес бөліктері; Гиппократ пен Гален – алғашқы 4 сұйықтар: қан, сілекей, қара және сары өт; Окен – органикалық кристалдар немесе инфузорий және т.б. деп атады. Бірақ бұлардың бәрі ой қортындылары еді.

Биологияның ең басты бөліміне организмнің түрін және құрылысын зерделейтін морфология жатады. Бұл атауды 1817 жылы ұлы неміс ақыны және табиғат зерттеушісі Иоганн Вольфганг Гете берген.

Қайта өркендеу дәуірінде оған зор үлес қосқан, қан айналымын 1928 жылы ашқан Уильям Гарвей болды.

1665 жылы ағылшын физигі Роберт Гук ғылыми- зерттеу жұмыстарына микроскопты қолданып, тоз ағаш кесінділерінде тор тәрізді ұсақ ұяларды, қуыстарды тауып, оларды «клетка – жасуша» деп атады.

Кейін Марчелло Мальпиги (1671-1675), Неемия Грю (1671), Антони ван Левенгук (1673-1695) және басқалар өсімдіктер сияқты жануарлар ұлпалары да жасушадан тұратындығын дәлелдеді.

1833 жылы Роберт Броун ядро өсімдік жасушасының негізгі бөлігі деген тұжырым жасады.

1839 жылы ұлы табиғаттану ғылымдары жетістіктерінің бірі болған – клетка теориясын Теодор Шванн, 1859 жылы эволюциялық ілімді Чарльз Дарвин, 1865 жылы тұқым қуалаушылық заңын Г. Мендель ашты.