ҚОЯНДАР ТҰҚЫМДАСЫ (Leporidae)


Қоян тәрізділер отряды қазір екі тұқымдастан, шақылдақтар және қояндар тұқымдастары бар 12 туыстан тұрады. Қоян тәрізділер тұқымдасы (Leporidae) 10 туыс (45 түр) қосып, 3 негізгі топты біріктіреді: 1) кәдімгі қояндар (Leporidae) шамамен 20 түр, 2) үй қояны (Oryctoladini) шамамен 15 түр, 3) қатты түкті немесе ежелгі қояндар (Pentaladini) шамамен 10 түр.

Қоян тәрізділер тұқымдасы ең ірі отряд өкілдерінен тұрады, дене ұзындығы 30- 69 см жетеді. Кеміргіштерден басты ерекшелігі сол, олардың үстіңгі жақтарында бір емес екі жұп күрек тістері болады. Онымен бірге, сол және оң қатары күрек тістері арасындағы сүйекті таңдайының түрі жіңішке көлденең өткілше тәрізді келеді. Қоян тәрізділерде ауыз тістері болмайды, күрек тістері азу тістерінен негізгі, тістері жоқ кеңістікпен (диастема) бөлінген. Құлақтары ұзын, ланцет тәріздес, басына жабысқан, олар көз аймағына жетеді. Алдыңғы аяқтары қысқа, саусақтарымен жүреді, артқы аяқтары керісінше ұзын, табан дерлік, сондықтан секіріп жүгіреді. Табаны қалың қылды түктермен жабылған, жастықша келген табаны жалаңаш болмайды. Азу тістерінің түбірі ашық, сондықтан әр уақытта өсуде болады. Үлбірі жұмсақ, үлпілдек, терісі жұқа, мықты емес, дегенменде фетр (қоян жүнінен басылған материал) өндірісінде, өте сирек тауар ретінде жүреді. Тұқымдас құрамына 13 құрып кеткен, 9 қазіргі түрлер енеді. Олар өте өсіп-өңгіш, жылына бірнеше рет ұялайды да, әрқайсысында 5-10 көжегі болады. Антарктида мен Мадагаскардан басқа бүкіл жер шарына тараған. Жаңа Зеландия, Австралия, Американың оңтүстік бөлімінде, мұхит аралдарының бірталайында, әрі Қазақстанның шығысында, Тарбағатай мен Алатауда оларды адам жерсіндірген. Мекен ету орны әралуан – тайга орманынан орманды, қыр даласына дейін. Қысы-жазы қоян қалың бұталары немесе көп шөмшекте, жиі терең орман ішінде аялдай береді. Қоянның қоректенуі жыл мезгіліне орай әртүрлі болады. Жазда түрлі шөптесін өсімдіктерді жейді де, бұршақ, қырықбуын, саңырауқұлақтардыны ұнатады. Қыста негізі азығына ұсақ бұташалар, жаңғақтар және т.б. жатады.

Түрлері

Атауы

Ақ қоян

Lepus timidus

Ор қоян

Lepus europaeus

Құм қоян

Lepus tolai

Жапон қояны

Lepus brachyurus

Маньчжур қояны

Lepus mandschuricus

Қылтанды қоян

Caprolagus

Жолақты қоян

Nesolagus

Үй қояны

Oryctolagus

Өрмелеуші қоян

Pentalagus

Африкалық қоян

Poelagus

Ергежейлі қоян

Brachylagus

Онтүстік африкалық қоян

Pronolagus

Американдық қоян

Sylvilagus

Флорида қояны

Floridanus

Дала қояны

Аudubonii

Мексика қояны

Сunicularis

Шақылдақтар тұқымдасы (Ochotonaidae)

Қалқанқұлақ шақылдақ

Ochotona roylei

Дауыр шақылдағы

Ochotona daurica

Дала немесе кіші шақылдақ

Ochotana pusilla

Алтай шақылдағы

Ochotana alpine

Монгол, Палласова шақылдағы

Ochotona pallas

Американдық шақылдақ

Ochotona princeps

Дене тұрқы 25-74 см. Аналығы жылына екі рет 6 көжектен әкеледі. Қояндар 12 жылдай өмір сүреді. Әдетте жеке жүргенде дыбыс шығармайды. Жылдамдығы сағатына 70 шақырым. Халық шаруашылығында терісін, жүнін, түбітін және етін дайындайды.Жыныс мүшесінің сүйегі жоқ.

Кемірушілерге қарағанда қоян тәрізділердің қарны (морфологиялық емес, физиологиялық) 2 бөлімнен тұрады: а) фундальді, мұнда тек азықтың бактериялды ашуы жүреді; б) пилорикалық, мұнда азық пепсинмен қорытылады.

Үй қояны сәйкесінше ұсақ жануарлар, денесінің мөлшері 25-50 см, жүнінің жалпы түсі жиірек бурыл, реңі бар сұр және қызыл қышқыл түсті болады. Буаз болу уақыты 28-30 күн. Қатты жүнді қояндар. Бұлар құлақтары қысқа және артқы аяқтары қысқа ұсақтау жануарлар түрі жүні қатты, қылшықты. Қатты жүнді қояндар нағыз қояндар сияқты тез жүгіре алмайды және үй қояндары тәрізді ін қазуға бейім емес. Түрдің көп бөлігінің аналығы жылына бірнеше ұрпақ әкеледі. Балаларының саны 2- ден 8 - ге дейін, тіпті 15 көжекке дейін құбылып өзгереді. Інде тұратындарының балалары жалаңаш және соқыр, әлсіз болып туады. Ал жақсы тұрағы жоқтары көреген, денесі түкті тіптен туа сала қозғалысқа бейім болып туады. Буаз болу мерзімі 26 – 55 күнге дейін. Жыныстық жетілуі 10 аптадан 2 жасқа дейін. Қоян жаулары көптеген жыртқыш құстар және сүт қоректілер. Антрактида мен Мадагаскардан басқа барлық жерде таралған. Жаңа Зеландия, Австралияда, Онтүстік Американың онтүстік бөлігінде және Мұхит аралдарында адам таратқан. Қазақстанның Шығыс бөлігінде, Тарбағатай, Алтайда, және т.б. жерде таралған.

Ақ қоян (Lepus timidus) ересектерінің дене ұзындығы 44-65 см, кейде 74 см-ге жетеді, салмағы 1,6 - 4,5 кг. Ең ірілері Батыс Сібір тундрасында (ормансыз мүк басқан далада 5,5 кг дейін), ең ұсақтары Якутия мен Қиыр Шығысты (3 кг) мекендейді. Құлақтары ұзын (7,5-10 см), бірақ ор қоян құлағынан қысқа болады. Құйрығы тұтасынан ақ түсті, біршама қысқа және домалақ , ұзындығы 5-10,8 см. Табандары жалпақ , қалың түктенген. Ол Скандинавия, солтүстік Польша, Ресей, Қазақстан, солтүстік-батыс Монғолия, солтүстік-шығыс Қитай және Жапонияның ормансыз мүк басқан даласын, орманды, жартылай ормансыз даласын мекендейді. Ымырт түскенде және түнде шығатын жануар. Таң алдында, кешке таман өте белсенді болады. Бұл өсімдік қоректі, қоректенуі жыл мезгілінде айқын байқалатын жануар. Көктемде , жазда өсімдіктің жасыл бөліктерімен қоректенеді. Ұядағы көжектер саны аналықтың мекен ету ортасына, жасына, физиологиялық күйіне байланысты болады. Көжектері 1-ден 11-ге дейін жетеді, ал тайга, тундра қояндары ұясында орташа 7 көжектен, ортаңғы және оңтүстік аймақта таралғандарда 2-ден 5-ке дейін болады. Үлбірі фетр (жүнінен басылған материал) өндірісінде, өте сирек тауар ретінде жүреді.

Жапондық қоян (Lepus brachyurus) дене бітімі ақ қоянға ұқсас, салмағы шамамен 2,5 кг. Түгінің түсі ақшыл қызыл-қоңыр түстен қою қоңыр-сұр түске дейін құбылып, басы, аяғы ақ түсті болады. Жапонияның Хонсю, Сикоку, Садо , Оки және т.б. аралдарында кең тараған. Жыныстық жетілу жасы 10 ай. Аналықтары көжектерін жылына 3 - 5 рет сәуір - тамыз айлары аралығында туады.

Маньчжур қояны (Lepus mandschuricus) үй қоянына ұқсас, құлақтары мен артқы аяқтары біршама қысқа болады. Түсі қою қоңыр-сары я қызыл қошқыл түсті қара «ағынды» суреттей, бұл бейне жазда және қыста бірдей байқалады. Бұл аң Қытай, Кореяның шығыс, солтүстік-шығысындағы жалпақ жапырақты ормандарын, Ресейдің Приморье, Приамурье маңдарын мекендейді. Оның жаз мезгіліндегі негізгі мөлшері (рацион) әртүрлі шөптесін өсімдіктерден, қыста бұталардың бұтақтары мен қабықтарынан тұрады. Тәуліктің қараңғы уақытында ол белсенді, күндіз шөпшек астында, тастар арасындағы қуыстарда, кейде ағаштардың төменгі қуыстарында, ал қыста қар астындағы індерінде болады. Жылына 2 – 3 рет көжек әкеледі.

Ор қоян (Lepus europaeus) денесінің ұзындығы 57-68 см; салмағы 4-6 кг, кейде 7 кг жетеді. Дене бітімі нәзік. Оның ақ қояннан айырмашылығы өте ұзын құлақтарынан (9,4-14 см), ұзын сына тәрізді құйрығынан (7,2-14 см), үстіңгі бөлігінің қара немесе қара-қоңыр түсінен көрінеді. Көзі қызыл-қоңыр түсті. Артқы аяқтарыда ақ қояндікінен ұзынырақ, бірақ табандары қысқа және жіңішке. Түсі жазда сары я қызыл қошқыл-сұр, қоңыр, қызыл-қоңыр, сарғыш, сары я қызыл қошқыл-жирен, әртүрлі түсті болады. Түп түбіті ұштарынан құралған ірі қара шұбарлық тән. Көзінің айналасында ақ сақинашалар болады. Құлақтарының ұштары жыл бойы қара болады. Қыста алынған үлбірі жазға қарағанда ақшыл келеді. Ор қоян Еуропа, Азия, Солтүстік Африка, Ирландия, Шотландия, Финляндия, Қазақстанның ежелгі дала жануары. Жаз мезгілінде ол өсімдіктермен, ағаш пен бұталардың жас тармақтарымен қоректенеді. Қыста, ақ қояндай емес, тұқымдармен, шөп қалдықтарымен қоректене береді. Жылына 2-3 рет көжек береді. Буаздық мерзімі 45-48 күн, 1-5 көжек туады.

Құм қоян (Lepus tolai) басы мен денесінің ұзындығы 40-48 см, құйрығының ұзындығы 5,0-тен 7,5 см дейін, құлақтары 81-110 мм. Денесі сымбатты, басы кішкентай. Үлбірінің түсі арқасында қою сары немесе қара араласқан құм түстес. Құрсақ бөлімі сарғыш ақ түсті. Құлақ негізі жалпақ, ұшы қара - қоңыр. Ауғанстан, Қытай, Монғолия, Пакистан, Қазақстан аймақтарында кең таралған. Жайылымдарда, шөлді, шөлейтті және дала аумақтарында бұталы өскіндерде мекен етеді. Жылына 1-3 рет көбейеді де, 3-тен 10-ға дейін көжек әкеледі.

Жабайы немесе еуропалық қоян (Oryctolagus cuniculus) денесінің ұзындығы 31-45 см, салмағы 1,3-2,5 кг. Құлағының ұзындығы 6-7,2 см. Табандары түсіңкі, тырнақтары ұзын және тік орналасқан. Денесінің үстіңгі түсі әдетте қоңыр-сұр, кейде жирендеу. Құйрығының ұшы қара немесе сұр түсті. Арқасында, қылшық түктер ұшынан құралған қою қоңыр түсті жолақ байқалады. Дене бүйірлеріндегі күңгірт ақшыл жолақ сан аумағында жалпақ дақ болып аяқталады. Құрсағы ақ немесе ақшыл-сұр түсті. Қазіргі уақытта жабайы қояндар Батыс және Орталық Еуропа, Скандинавия, оңтүстік Украина, Қырым, солтүстік Африка көптеген облысын мекендейді. Бұлардың 8-10 ересек дарақтары мен топтасып өмір сүреді. Буаздық мерзімі 28-33 күн. Ұядағы көжектер саны 2-ден 12-ге жетеді.


Қоян тұқымдастары (Leporidae)

Ақ қоян

(Lepus timdus)

manchzhurskij_zayac_big

Маньчжур қояны

(Lepus mandschuricus)

48321

Құм қоян

(Lepus tolai)

Lepus brachyurus in Mount Ibuki 2011-06-26.jpg

Жапондық қоян

(Lepus brachyurus)

Feldhase.jpg

Ор қоян

(Lepus europaeus)

Oryctolagus cuniculus Tasmania 2.jpg

Жабайы қоян

(Oryctolagus cuniculus)

Европейский кролик (Oryctolagus cuniculus),

Еуро қояны

(Oryctolagus cuniculus)

Кролик Гигантская Шиншилла

Шиншилла

(Chinchilla)

American Rabbit.jpg

Калифорниялық қояны

(Sylvilagus bachmani)

Ергейжелі қоян

(Orictolagis cuniculus)