ШАҚЫЛДАҚТАР ТҰҚЫМДАСЫ (Ochotonidae)


Тұқымдаста тек қана Ochotona туысының 20-25 түрі Азия, Солтүстік Америка тропикалық емес, таулы, далалы аумақтарында таралған. Ресейде оның 5 түрі мекендейді. Әдетте, олар топтасып, өте сирек жеке, тіршілік етеді. Азияны мекендейтін шақылдақтар айырмашылықтарын қояндардан едеуір қысқа құлақтарынен, біраз ғана ұзын аяқтарынен, сырттан көрінбейтін құйрық бастамасынан, тек әр қатарда 5 (алтының орнындағы) күрек тістері бар тіс жүйесінен көруге болады. Жоғарғы күрек тістері өте жалпақ, терең науашығы болады, сондықтан олар екі ұшымен аяқталады, төменгісі кіші, өте қатты иілген. Шақылдақтар көлемдері едеуір кішкентай. Дене ұзындығы 25 см. Құлағы дөңгелек тәрізді, қысқа, олардың ұзындығы кейбір түрлерінде бас ұзындығының жартысынан аспайды. Артқы аяқтары ұзындығына қарағанда алдыңғысынан көп айырмашылығы жоқ. Құйрығы болмайды. Мұртшалары (вибриссы) қояндарға қарағанда ұзын, кейбір түрлерінде дене ұзындығының үштен біріне тең. Реңі жыл маусымына қарай өзгеріп тұрады: жазда қоңыр, сары я қызыл қошқыл-сұр, жирен немесе қоңыр, қыста көбінесе сұр немесе сары я қызыл қошқыл-сұр. Жыныстық жағынан аталығы мен аналығы 8 - 11 айда жетіледі. Табан мен саусақтарының төменгі жағында түк щеткасы болады, бірақ бірталай түрлерінде саусақ ұлтаны жалаңаш келеді. Жыныстық жетілуі 8-11 айға келеді. Жылына 2-4 ұрпақ береді, ол наурыз, сәуір-тамыз айларында өтеді. Буаздық мерзімі 1 ай шамасы, 2-13 көжектен әкеледі. Олар Еуропаның оңтүстік-шығысында, солтүстік Американың солтүстік-батыс бөлімдерінде мекендейді. Біздің елдің аймағында оның 5-8 түрлері (дала, алтай, моңғол, қалқанқұлақты, қызыл), оның ішіндегі дала түрі орынбор мен қазақстан далаларын, дауp түріТува, оңтүстік Забайкалье далаларын мекендейді. Республикамыздың барлық аймақтарындағы далалы, шөлейтті, шөлді, кейде тіпті таулы аймақтарға дейін таралған. Тастар мен қорымдар арасындағы қуыстар мен жырықшаларда, кеміргіштердің бос індерінде тұрақты тіршілік етеді. Бұлардың дыбыс беру қабілеті өте жақсы жетілген. Күндіз белсенді, қысқы ұйқыға жатпайды. Өсімдіктердің 100-ге жуық түрімен қоректенеді. Қысқа қарай азық қорын жинайды, өсімдіктерді кептіріп, кейде салмағы 27 кг шөмелей салады (шөмелейші деп аталады).


Шақылдақтар тұқымдасы (Ochotonidae)

Фото

Қалқанқұлақ шақылдақ

(Ochotona roylei)

ПИЩУХА СТЕПНАЯ

Дала шақылдағы

(Ochotana pusilla)

Монгольская или палласова пищуха

Моңғол немесе Палласова шақылдағы (Ochotona pallas)

ПИЩУХА ДАУРСКАЯ

Даурлік шақылдақ

(Ochotonadaurica)

http://library.kiwix.org/wikipedia_ru_all/I/275px-%D0%A2%D0%B8%D0%B1%D0%B5%D1%82%D1%81%D0%BA%D0%B0%D1%8F_%D0%BF%D0%B8%D1%89%D1%83%D1%85%D0%B0.jpg

Тибеттік шақылдақ

(Ochotonadaurica)

http://icon.s.photosight.ru/img/e/e73/3039900_large.jpg

Алтай шақылдағы

(Ochotana alpine)

Фото

Үнділік немесе ройла шақылдағы (Ochotona roylei)

ПИЩУХА АМЕРИКАНСКАЯ

Американдық шақылдақ

(Ochotona princeps)


Дала шақылдағының (Ochotana pusilla ) ұзындығы 153-210 мм, салмағы 95-280 г. Құйрығы сыртынан көрінбейді. Аяқтары қысқа, табандары қою қалың түктермен жабылған, олар саусақтарды да жауып тұрады, табан ұзындығы 25-36 мм. Тырнақтары жіңішке, қысқа, маусымға орай өзгеріп отырады. Құлақтары дөнгелек, қара-қоңыр түсті, ұзындығы шамамен 17-22 мм. Оның жазғы үлбірінің түсі қою-қоңырдан сары я қызыл қошқылға және қуқыл-сарғылт түрлі түсті қоңыр-сұрға дейін құбылады. Барлық дерлік Еуропа, Азия, Ресей, Қазақстан жерлерінде таралған. Азық мөлшері алуан түрлі, оған әртүрлі шөптер, жапырақтар, бұталардың жас өркендері, гүлдер, жемістер, тұқымдар кіреді. Буаздық мерзімі 22-24 күн. Аналықтары жылына әдетте екі рет көбейеді де, 6-12 көжектен әкеледі.

Монғол немесе палласов шақылдағы денесінің ұзындығы 20-25 см, құлақтары қысқа 20-26 мм, бірақ даур шақылдағынан ұзын келеді. Түгінің түсі жазда сарғыш-сары я қызыл қошқыл, қыста сұр, қоңырқай реңді. Буаздығы орташа 25 күн жүреді, жылына 2-3 рет ұрпақ әкеледі. Орташа 6-9, кейде 12 күшігі болады.

Даур шақылдағы (Ochotona dauurica) денесінің ұзындығы шамамен 180-195 мм. Табанының ұзындығы 29-31 мм, құлақтары қысқа 16-25 мм. Ерінінің шеттері мен танауының ұшы ақшыл түктермен жамылған. Жазда үлбірінің түсі қоңыр, қыста біркелкі сұр қуқыл-сарғылт реңді. Олардың буаздық мерзімі шамамен 25 күнге жуық. Аналықтары ұрпақтарын іннің ішіндегі арнайы орналасқан жеке ұяда туады. Ұясында 3-8 ұрпағы болады.

Алтай немесе альпы шақылдағы (Ochotona alpina) денесінің ұзындығы 17,5-25,1 см, салмағы 160-350 г. Құлақтары едеуір үлкен, домалақ, ұзындығы шамамен бас ұзындығының жартысына тең 1,8-2,6 см. Құлақ қалқанының шетінен жіңішке ақшыл көмкерме өтеді. Жазда үлбірінің түсі ақшыл сары-сұрдан қоңыр сары түске және қоңыр-сары я қызыл қошқыл және қоңыр-сұр түске дейін құбылады. Қыста үлбірі күлді сұр немесе қою ұзына бойына тараған қоңыр-сұр түсті келеді. Олар Шығыс Сібірдің оңтүстігінде, Монғолияда, Алтайда және т.б. жерлерде таралған. Тіршілік етуі күндіз жүреді. Ыстық күндері таңертен (сағат 5-тен 10-ға дейін), кешкі және бұлтты күндері күні бойы белсенді болады. Қыста белсенділігі төмендейді. Азық мөлшеріне әртүрлі өсімдіктер, әрі олармен бірге саңырауқұлақтар және қыналар кіреді. Буаздық мерзімі шамамен 30 күнге созылады. Екі жыныстыңда жас дарақтары көбеюге екі жасында бастайды. Тіршілігінің ең ұзақтығы 6 жыл.