ИТТЕР ТҰҚЫМДАСЫ. ҚАСҚЫР (Canidae)


Бұл тұқымдас өкілдері орташа көлемді жануарлар, аяқтары ұзын, саусақтарымен қозғалатын, ұзын тұмсықты, құйрығы әдетте үлпілдеген келеді. Алдыңғы аяқтарында 5 бармақ болса, артқысында 4 бармақ болады. Тырнақтары мұқыл, созылмайды. Жыртқыш, ит тістері жақсы дамыған. Жерде тіршілік етеді. Етқоректілер болғанымен, өсімдіктерді азық етеді. Жүйелеу ерекшелігіне орай, бұл тұқымдас айтарлықтай оңашаланған орын алады да, аю және жанат (енот) тұқымдастарына өте жақын. Қазақстанда олардың 2 түрі – қасқыр, шибөрі бар. Жыртқыштар отрядқа үлкен, кіші дейгейлердегі жануар азығымен қоректенуге бейімделген сүтқоректілер жатады. Олардың мөлшері орташа, бірақ арасында өте ірі түрлері (жолбарыс, ақ аю) және ұсақтары (ақкіс-горностай мен сусар тұқымдас аң-аққалақ-ласка) кездеседі. Көбі жерүстінде немесе жартылай суда тіршілік етеді. Бассүйектері әртүрлі: кейбіреуінде бет жағы дамыған, созылыңқы келсе, басқасында – қысқа, бірақ ми сүйегі дамыған, үлкен ми сыңарында иірімдер жақсы байқалады. Барлық 4 типті тістері әрқашан тіс түбірімен, күрек тістері кішірек, азу тістері жақсы дамыған, ұзын, өткір, жоғарғы жақтың және төменгі бірінші түбір тістің алдындағы тіс өз көлемі, түрімен ерекше. Бұларды жыртқыш тістер деп атайды. Аяқтары табан, жартылай табан жүріске бейімделген, жақсы дамыған сүйектермен жабдықталған 4 немесе 5 саусақтары болады. Бұғанасы жоқ. Құйрығы әдетте ұзын (дене ұзындығының жартысы), өте сирек қысқа, артқы табанының ұзындығына тең. Денесі түкпен жабылған, мұртшалары жақсы дамыған. Ендері құрсағынан тыс орналасқан. Қос жатырлы немесе екі мүйізді, қағанағы түсетін, зонарлы. Жыныстық диморфизм жыртқыштар өкілдерінің көбінде нашар байқалады немесе болмайды. Сезім ағзаларының ішіндегі иіс сезу, есту кең дамыса, көру әдетте нашар, түрлі түстерді көрмейді. Көптеген жыртқыштар жылына 1 рет көбейеді, кейбіреулері күшіктерін 1 жылдан соң әкеледі. Ит тұқымдасы жер шарын алып жатыр, кең таралған. Қазақстанның барлық өсімдіктер аймағы мен белдеулерін, бүкіл жерін мекендейді. Қазір аң-кәсіп мақұлықат тізіміне жыртқыштар отрядынан ит, аю, жанат, мысық, сусар тұқымдастары еңгізілген. Жыртқыштардың экономикалық маңызы өте зор. Олардың ішінде өте құнды үлпекжүнді аңдар (бұлғын-соболь) кәсіптік және спорттық аң аулау зерзаты болып келеді. Кейбір түрлері мал шаруашылығына белгілі зиян келтірушілер, түрлі ауруларды таратушылар ретінде аян. Бұл тұқымдас өкілдерінің алтауы ТМД-да, 5-і Қазақстанда кездеседі.

Қасқырдың (Canis Lupus Linnaeus) шамамен жеке 7 түрі, сұр қасқырдың 17 түрі белгілі, жалпы есеппен бүкіл әлем жерінде кездесетін олардың 24 түрі бар.

Түрлері

Атауы

Кәдімгі қасқыр

Canis lupus

Жалды немесе гуара қасқыры

Chrysocyon brachyurus

Қызыл қасқыр

Cuon alpines

Сары түсті қасқыр

Canis niger

Қара қанадалық қасқыр

Canis lupus pambasileus

Шабындық қасқыр

Canis latrans

Полярлық қасқыр

Сanis lupus tundrorum

Мелвильский аралдық қасқыр

Canis lupus arctos

Сібір орман қасқыры

Canis aliaicus

Дала қасқыры

Canis сатреstris

Тибеттік қасқыр

Canis chanco

Шүйебөрі (Canis auerus)

Жолақ шибөрі

Canis adustus

Чепрачалық шибөрі

Canis Mesomelas

Азия шибөрі

Canis aureus

Эфиоп шибөрі

Canis simensis

Қазақстанда қасқырдың 4 түршелері: сібір орман (С. aliaicus), дала (С.сатреstris) Батыс және Орталық Қазақстандағы шөл (С. desertorum) және Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-шығыс жоталары аумағындағы тибет қасқыры (С.chanco) мекендейді. Ресей аумағында оның 6 түршелері: тундралық, ортаорыстық орман, сібірлік орман, дала, кавказдық және монғол қасқырлары кездеседі.


Қасқыр--Canis lupus




Қәдімгі қасқыр

(Canis lupus)

Жалды немесе гуара қасқыры

(Chrysocyon brachyurus)

Красный волк

Қызыл қасқыр

(Cuon alpines)

Сары түсті қасқыр

(Canis niger)

Қара қанадалық қасқыр

(Canis lupus pambasileus)

Среднерусский лесной волк

Ортаорыстық қасқыр

(Canis lupus communis)

Арктический (Полярный) волк

Полярлық қасқыр

(Сanis lupus tundrorum)

Кавказ қасқары

(Canis lupus cubananensis)

Шүйебөрі (Canis auerus Linnaeus)

Жолақ шүйебөрі

(Canis adustus)

Чепрачалық шүйебөрі

(Canis Mesomelas)

Азия ш

Азия шүйебөрі

(Canis aureus)

Эфиопский Волк

Эфиоп шүйебөрі

(Canis simensis)


Кәдімгі (Canis lupus) қасқыр. Жалпы сыртқы көрінісі, оның күштілігін, талмайтын жүгіріске, құрбанын андып, шабуыл жасауға бейімделгенін дәлелдейді. Арлан қасқырдың мөлшері ірі қасқыриттен-овчаркадан үлкен. Дене ұзындығы орташа 105- 160 см, құйрығы 35-50 см, иықтық биіктігі 80-85 см-ден 100 см-ге дейін. Салмағы әдетте 32-50 кг. Ең ірі аңдар Қиыр Солтүстікте, кішілері оңтүстікте болады. Олар Пиреней түбегінде, Италияда, Польшада, Скандинавияда, Финляндияда, Ресейдің арктикалық аралдарынан, Солтүстік Мұзды мұхит жағалауынан бастап, елдің оңтүстік шегіне дейінгі барлық аумағында кездеседі. Азияда ол Корей түбегін, жартылай Қытай, Үндістан, Ауғанстан, Иран, Ирак, Аравия түбектерін мекендейді. Жапонияда ол толық жойылған. Бұрын Солтүстік Американың барлық жерінде кездесетін қасқыр, қазір тұтастай жойылған. Қасқыр үлкен экологиялық икемділігімен ерекшеленеді. Ол алуан түрлі ландшафтарды мекендейді, бірақ ашық дала, шөлейт, тундра, орманды даланы мекендегенді ұнатады, қалың орман алабтарынан алшақ жүреді. Буаздық мерзімі 62 тәуліктен 75 тәулікке дейін созылады. Ұясында орташа есеппен 5-6 бөлтіріктен, кейде 1-2 бөлтіріктен 14-15-тең. Көктемде күшіктейді, бөлтіріктері соқыр, құлақ саңылаулары бітеу туады, 9-12 тәуліктен кейін жетіледі. Табиғатта қасқырлар 15-20 жыл өмір сүргенмен, 10-12 жасында қартаю белгілері көрінеді. Көптеген аудандарда қасқыр мал шаруашылығына зияндығынан атылады. Бірақ қасқырларды толығымен жойып жіберуге болмайды. Өйткені еліміздің орталық, оңтүстік облыстарында қаңғыбас иттер, қасқыр-ит будандары-гибридтер көбейіп кетті. Бұл келешекте одан да зор шығын шығарып, адамға қауіп төндірері сөзсіз. Қасқыр терілері, әсіресе тундра және сібірлік тайга қасқырларының терілері құнды үлбірлер шикізаты болып табылады.

Жалды қасқыр (Chrysocyon brachyurus), немесе гуара, өзіндік ерекше түр, кәдімгі түлкіге ұқсайды, бірақ аяқтары ұзын, сымбатты болады. Созылыңқы тұмсығы мен мойнына байланысты, оның денесі қысқа болып көрінеді. Дене бітімінің үйлесімсіздігі үлкен тік тұратын құлақтары мен қысқа құйрығынан байқалады. Бұған оның өлшемдері дәлел: дене ұзындығы шамамен 125 см, құйрығы 30 см жуық, иық биіктігі 75 см, салмағы 20-23 кг болады. Түсі сарғыш-жирен, бірақ аяқтарының төменгі жағы айтарлықтай қою, тіпті қара, ал құйрығы өте ашық, ұшы ақ. Мойынының үстіңгі жағы мен шоқтығының түгі тік тұрған жал сияқты. Бразилия, Парагвай, Боливия, Уругвай және Солтүстік Аргентинада таралған. Бөлтіріктері қыста туады. Оның барлық саны 2-3 тең, түстері қара, құйрығының ұшы ақ болады.

Қызыл қасқыр (Cuon alpinus) өте ірі аң, дене ұзындығы 76-103 см, құйрығы 28-48 см, салмағы 14-21 кг. Оның сыртқы көрінісінде қасқырдың, түлкінің, шүйебөрі белгілері үйлесімділік тапқан. Мұндай көрініске қалың ұзын түгі, ұзын мамықтай құйрығы, біршама қысыңқы тұмсығы, үлкен құлақтары әсер етеді. Иттер тұқымдасының ішіндегі басқа туыстарынан қызыл қасқыр күрек тістері санының аз болуымен (үстіңгі және астыңғы жақтарында 2-ден болады) жақсы ерекшеленеді. Олардың саны Алтайда, Тянь-Шаньда, Қиыр Шығыс тауларында, Батыс Саянда, Орталық Азияда аз болады. Таралу аймағының негізгі бөлімі Орталық және Оңтүстік Азия, Үндіқытайды қосқанда, Малакка түбегі, Суматра және Ява аралдары. Қызыл қасқыр нағыз жыртқыш. Буаздық мерзімі 62-64 тәулік, 5-9 бөлтірік туады. Қазақстаның Қызыл Кітабына енгізілген.

Койот (Canis latrans) немесе шалғындық қасқыр көлемі бойынша кәдімгі қасқырдан кіші болады. Дене ұзындығы 90 см, құйрығының ұзындығы 30 см жуық, иық биіктігі 50 см артық, салмағы 13 кг аспайды. Басқа да жабайы иттер сияқты койоттың да құлағы тік, ұзын үлпекті құйрығы болады. Құйрығы жүгіргенде төмен тұрады. Арқасы мен бүйірлерінің түгі қалың, ұзын, сұрша немесе жирен-қоңыр түсті, құрсағында өте ақшыл. Құйрығының ұшы қара. Солтүстік Американың (Аляскаға дейін) батыс, орталық бөлімдерінің ашық көкалды шалғынды жазықтарына, шөлдеріне тән. Буаздық мерзімі 60-65 күнге созылады. Ұясында 5-10, кейде 19 бөлтірікке дейін есептеледі. Койоттар шамамен 13 жыл өмір сүреді. Кейде олар үй иттерімен де шағылысады.

Канадалық қасқыр (Canis lupus pambasileus). Дене ұзындығы (құйрығымен қоса есептегенде) 160 см жетеді, шоқтығының биіктігі 90 см, салмағы 62 кг. Бұл қасқырдың сыртқы түрі ірі үшкір құлақты итті еске салады. Аяқтары биік, күшті, табаны ірі және созылыңқы, ізінің ұзындығы 15 см, ені 7 см, ортаңғы екі саусағы алға қарай шығыңқы, бұл белгі қасқыр ізінің иттен басқа екенін көрсетеді. Басы кең маңдайлы, тұмсығы жалпақ, созылыңқы, бүйірлері «жас сақалмен» көмкөрілген. Шомбал тұмсығы қасқырды шибөрі мен койоттан айырады, олардың тұмсығы жіңішке және үшкір болады. Канаданың Орталық, Солтүстік аймақтарын мекендейді.

Полюстік қасқыр (Сanis lupus tundrorum) біздің ғалам шарымыздағы ең сирек кездесетін жануардың бірі. Оның мекен ету орыны Арктика, көзі өте өткір, иісті жақсы сезеді, сондықтан ол қатал жерді мекендейтін аз хайуандарды жақсы аулайды. Орташа салмағы 60-80 кг, биіктігі 80 см болғанына қарамастан ол сәтсіз аңшылықта бірнеше апта бойы қорексіз жүруге шыдамды, бірақ кейін бірден 10 кг етті жей алады. Олар үйірімен жүріп, өмір сүреді. Аналық қасқыр бір ұяда шамамен 3-5 бөлтірік туады. Оның бірден-бір түгі аңшылар көңілін үнемі аударатын, сондықтан оның жойылып кету қауіпін туғызды. Ғаламдық жылу мен полюстік мұздардың еруі, олардың үйреншікті мекендерінің өзгеруіне жеткізіп, санын азайтуда. Қазір ол Қызыл Кітапқа тіркелген, оны аулауға тиым салынған.

Шүйебөрінің (Canis auerus) қазір 4 түрі белгілі эфиоп - С. simensis Ruppel, жолақ - С.adustus Sundevall, чепрачалық - С. mesomelas Schreber, азиялық - C.s aureus. Алғашқы 3 түрі Африкада, ал соңғысы Африка, Европа және Азияда мекендейді. Ол кішкене жануар, көлемі орташа қорашыл төбеттен кіші. Жалпы көрінісі кіші қасқырға ұқсайды. Құйрықсыз дене ұзындығы 80 см, иық биіктігі 50 см-ден аспайды, жиі 42-45. Салмағы 7-10 кг, кейде одан да көп. Сымбатты, қасқырдан жеңіл, аяқтары биік, тұмсығы түлкіге қарағанда моқал болғанымен үшкір. Құйрығы жүндес, өте жуан тәрізді, әрқашан қасқырдай түсіңкі. Денесіндегі түгі ұзын емес, қатты, қалың. Алдыңғы аяқтарында 5, артқысында 4 саусақтан, тырнақтары доғал. Барлық Canis туысының өкіліндей, 42 тісі бар. Оның түсі тұтас алғанда сұр, әрі сарғыш, жирен, қуаң реңді. Арқасы мен бүйірлеріндегі түсі қараға ауысады, құрсағы мен тамағында ақшыл-сары. Құйрығының ұшы қара. Оның түсі мекен ету ортасына орай күшті өзгеріп отырады. Жазғы үлбірі жалпы қысқа және қысқыға қарағанда едәуір қылшықты, жирен түсті болады, қара араласқан түсі аз болады. Бассүйегі қасқырдағыдай, бірақ одан кішілеу, көлемді емес, танау бөлігі тым төмен, ал беткі бөлігі қысқа. Ит тістері ірі, бірақ қасқырдан жіңішке, жыртқыш тістері айтарлықтай әлсіз. Шүйебөрінің дене көлемі кіші, бассүйегінің бет бөлімі қысқа, ит тістері жіңішке және жыртқыш тістерінің әлсіздігі ұсақ жануарлармен (құс, кеміруші, жәндік), әрі өлекселер, өсімдіктермен қоректенудің нәтижесінен болады.

Чепрачалық (тоқымды) шүйебөрінің (Canis mesomelas) тұмсығы үшкірлеу, жапырақ тәріздес, құлақтары үлкен, үшкір, құйрығы үлпілдек. Денесі қалың, жылы түкпен жабылған, ол оны суық ауа райынан қорғайды да, көктемде түк түлегенде одан айырылып қалады. Кәдімгі шибөріден чепрачалық арқасындағы қара және күмістей сұр реңнен айыруға болады. Бұл белгіні «чепрак-тоқым» деп атайды (атау да сондықтан болар). Кеудесі ақ, ал бүйірі, басы, аяқтары құм-қоңыр немесе тіпті қызыл-алтын түсті. Құйрығының ұшы қара. Дене ұзындығы 60-75 см, кейде 100 см. Иықтағы биіктігі 45 см дейін, орташа 38 см. Африка құрлығында ара-қашықтықтары 900 км болатын екі ауданды мекендейді. Бірінші аймаққа ОАР, Намибия, Ботсвана, Зимбабвенің оңтүстік бөлімі кіреді. Екінші аймақ Кения, Сомали және Эфиопия шығыс жағалауы бойында орналасады. Ашық жазықтарда мекендейді. Буаздық мерзімі 60 күн. Күшіктері шілде, қазан айларында туады. Ұясында 3-6 бөлтірігі болады. Адамға зиян келтіруші. Ол үй жануарларына: мысық, шошқа, ешкі, қой және құстарға шабуыл жасайды. Құтырық, оба сияқты аурулардың тасымалдаушы болып келеді.

Жолақ шүйебөрі (Canis adustus) сырт көрінісі чепрачалық шүйебөріге ұқсас, одан тек 2 бүйірдегі ақ жолақтарымен, құйрығының ұшы ақ түсті болуымен ерекшеленеді. Дене ұзындығы 65-106 см, құйрық ұзындығы 30-35 см, салмағы 7-12 кг. Аталықтары аналықтан ірі. Ол сүтқоректілер ішіндегі өте аз, бүкіл өміріне бір некелілік жұп құратын аңның бірі. Әрі орманды, бұтақты жерді таңдап, Орталық, Оңтүстік Африкада таралған. Сай ретінде термиттерді немесе құмырсқа жегіштердің ескі індерін пайдаланады, олар болмаған кезде аналық өзі ін қазады. Буаздық мерзімі 57-70 күн, ұясында 3-6 күшігі болады. Жыныстық жетілуі 6-8 айлық жасында өтеді.

Эфиоп шүйебөрі (Canis simensis) басқа түрлерден тұмсығының ұзын, тістерінің ұсақ болуымен ерекшеленеді. Арқа түсі жирен-алтын сияқты, тұмсығының үстіндегі дақтар мен құрсақ асты да ақ болады. Аталықтары (15-19 кг) аналықтарынан (11,2-14,15 кг) ірілеу келеді. Аяқтары ұзын. Құйрығының негізі ақ, ұшы қара. Сыртқы көрінісі кішкентай қасқырға немесе койотқа ұқсас, көлемі бойынша ол қасқыр мен түлкі аралығында болады. Тұмсығы қасқырдікіне қарағанда үшкірлеу, бірақ түлкіге қарағанда жалпақтау, аяқтары біршама ұзын, түлкінікінен ұзындау, бітімі тығыз болады. Жылына бір рет қазан және қаңтар айлары аралығында 2-6 күшіктен туады. Буаздық мерзімі шамамен 60-62 күн. Аналығы күшіктерін сайда туады. Жабайы табиғатта ол 12 жыл өмір сүреді.

Азиялық (кәдімгі) шүйебөрі (Canis aureus), чекалка. Бассүйегінің белгілеріне орай қасқырға жақын, бірақ одан қысқа бет бөлімімен өзгеше болады. Түлкі бассүйегінен ол аса жуан, тереңдігі байқалмайтын көзалды өсінділерімен, аса жалпақ танау бөлімімен және тағы да басқа белгілерімен ерекшеленеді. Денесінің жоғарғы бөлігінің жалпы өңі кір сұр-қуаңнан сұрғыш-жиренге дейін. Дене ұзындығы 60-85 см, құйрығының ұзындығы 22- 30 см, шоқтығындағы биіктігі 40-50 см. Орташа салмағы есеппен 7-13 кг құрады. Буаздығы 60- 63 күнге созылады. Күшіктері әдетте наурыз соңынан мамыр соңына дейін, ал Непалда кез-келген мерзімде туады. Ұясында 4-6, кейде 8 күшік саналады, қабақтары жабулы, үлбірі жұмсақ болады. Өмір сүру ұзақтығы 12- 14 жыл.