ИТТЕР ТҰҚЫМДАСЫ (түлкі Vulpes vulpes Linnaeus)


Бұл тұқымдастың екінші ірі өкіліне түлкілер жатады. Оларды тұтас алғанда қасқырлар мен иттерден ұсақ, әсем, сондықтан ірі олжа оның тісіне келмейді. Көлемі орташа, тұлғасы қысқа аяқтарында ұзын. Тұмсығы созылыңқы. Құйрығы денесінің жартысынан ұзын, өте үлпілдек. Құлақтары үлкен, тік тұрады, ұшы өткір. Табанындағы саусақ мүйізгектері кішкентай. Қарашығы сопақша. Түгі үлпілдек, әрі нәзік. Арқа жағының түсі ашық-жирен немесе жирендеу-сұр, кейде қара-қоңыр болады. Әлемде барлығы 40, Европада түлкілердің түршелерін ажыратады. Ең белгілі таралған өкіл – жирен түлкі. Қазақстанда оның 4: 1) қазақстандық -V.L.Kazakhstanica, 2) караганка - V.L.Karagan, 3) дала - V.L.Diluta, 4) тянь-шань - V.L.Ochroxantha түрлері мекендейді. Негізінен олар әр түрлі ландшафттарды, орман тундрасынан шөлдерге және биік тауларға дейінгі барлық белдемдерді, биік белдеулерді қоныстанады. Інде тұрғанды ұнатады. Кейде дөң жерде, жыра беткейінде ін қазып алады. Баспана ретінде олар борсық, суыр індерін пайдаланады. Олар ең белсенділігін қара көлеңкеде байқатады. Ол айлакерлігімен атағы шыққан. Қапқанға түспейді, итпен қуып, аулағанда қуушыларға ізін шатыстырады. Кейде ізін көрсетпеу үшін қойдың үстіне секіріп шығып, отырған. Олар жылдам жүгіреді, әдеттегі жылдамдығы 10 км/сағатқа жуық, кейбір түрлері 2–3 км қашықтықты сағатына 70 км дейін алады. Ұсақ сүтқоректілер, құс, түрлі өсімдіктер және балықтармен қоректенеді. Буаздығы орташа 49-58 күнге созылады. Жылына 1 рет, 3-12 күшік туады. Олар кәсіптік аң терісі мен оны өңдеуде маңызды зерзат есептеледі. Әсіресе, қара түлкінің үлбірі өте құнды. Аң аулау, құс шаруашылықтарына зияны сирек тиеді, бірақ пайда да тигізеді, өйткені кеміргіштер санын реттеп отырады.

Түрлері

Атауы

Қазақстандық түлкі

Vulpes kasachstanica

Кәдімгі немесе сары түлкі

Vulpes vulpes

Американдық түлкі

Vulpes macrotis

Ауғанстанның түлкісі

Vulpes pallida

Африкалық түлкі

Vulpes pallida

Бенгальді түлкі

Vulpes bengalensis

Карсақ

Vulpes corsac

Құмды түлкі

Vulpes rueppelli

Тибеттік түлкі

Vulpes ferrilata

Фенек

Vulpes zerda

Онтүстік африкалық түлкі

Vulpes chama

Караганка

Vulpes karagan

Тянь-Шань түлкісі

Vulpes ochroxantha

Қазақстандық түлкі – денесінің түгі сәнді, түсі көбінесе сарғыш-жирен. Құрсағы, қарны кіршең-ақ түсті, ал аяқтары қаралау-сұр жолақты болып келеді.

Ірі түлкі – караганка. Бұндай түлкі түрі Қызылқұм, Мойынқұм және Сары Ішік отрау шөл далаларында көп кездеседі. Бұл түлкінің басқа түрінен айырмашылығы үлбірі ұзын қатқыл жарқырамайды, бозғылт түсті, әрі біршама ұзын құйрықты, оның ақ ұшы нашар көрінеді. Тамағы мен кеудесі ақ реңге боялған. Басқа туыс өкілдерімен салыстырғандағы мөлшері ірі. Дене ұзындығы 52-77, құйрығы 39-51 см, аталық салмағы 3,3-6,8, аналығы - 3,3-6,0 кг. Денесінің жоғарғы бөлімінің үлбірі түсі қызылдау-жиреннен ақшыл сабан түсті-сары тотпен немесе сұрғылттау-сұр жирен және қара өңді, арқа мен жауырын арқылы ең қарқынды түсті екі өзара пенпендикулярлы қарамен араласқан жолақ өтеді, дененің төменгі түсіде тұрақсыз: әдетте тамағы, кеудесі және құйрығының алдыңғы бөлімі кірлеу-ақ, кейде қаралау немесе тіпті қара, құлағының ішкі жағыда қара, құйрығының ұшы әрқашан да ақ. Бүкіл Европа, Африка, Азияның көптеген бөлімінде, Солтүстік Америкада таралған. Біздің елде ол барлық жерде альпы тауының шалғынынан шөл, шөлейт, дала, орман даласына дейін таралған. Олар тоғай шетінде, көлдердің жағасында, жыртылған жерде қыстайды.


Түлкі (Vulpes vulpes Linnaeus)

Қарсақ

(Vulpes corsac)

Арабская лисица

Араб түлкісі

(Vulpes vulpes arabica)

Американдық түлкі

(Vulpes macrotis)

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/c/c4/Otocyon_megalotis_in_Zoo_Krefeld.JPG/250px-Otocyon_megalotis_in_Zoo_Krefeld.JPG

Үлкенқұлақты түлкі

(Otocyon megalotis)

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/2/22/Zoo_Am%C3%A9rica-2874f-Urocyon_cinereoargenteus.jpg/250px-Zoo_Am%C3%A9rica-2874f-Urocyon_cinereoargenteus.jpg

Кішкене түлкі

(Atelocynus)

Лиса-караганка

Караганка

(Vulpes karagan)

Снежная красавица - полярная лисица (29 фото)

Полярлық түлкі

(Vulpes lagopus)

Самые красивые лисы, виды лис

Мәрмәр түлкі

(Marble Fox)

Бенгальді түлкі

(Vulpes bengalensis)

Ауғанстанның түлкісі

(Vulpes pallida)

Самые красивые лисы, виды лис

Фенек

(Vulpes zerda)

Дикое, хищное животное лиса: описание, фото лисицы зимой, видео, смешные и прикольные картинки.

Қызғылт сары түлкі

(Vulpes vulpes)

Құмды түлкі

(Vulpes rueppelli)

Тибеті түлкі

(Vulpes ferrilata)

Самые красивые лисы, виды лис

Сұр түлкі

(Gray Fox)

Самые красивые лисы, виды лис

Қара - қоңыр түсті түлкі

(Silver Fox)


Сары түлкі (Vulpes vulpes) - түлкілер туысындағы ең ірі түр. Оның ең жақын туысы қарсақ - оның түскі азығына да айналуы мүмкін. Қазақстанда қарасақтын 3 түрі бар: қазақ қарсағы (V.с.corsac ), қалмақ қарсағы (V.с.kalmykorum), түркістан қарсағы (V.с. turkmenicus). Қарсақтар Еуразияның далалы және шөлейтті аумақтарында мекендейді. Күндіз қарсақтар жазда күннің ыстығынан және қыста аяздан сақтанып індерде болады, түнде сарышұнақтарды, қосаяқтарды, құмтышқандарды және тағы да басқа ұсақ кемірушілерді, сонымен қатар кесірткелерді, жыландарды және құстарды аулауға шығады. Қарсақпен бірге ауғанстандық түлкіде (Vulpes pallida) мекен етеді. Ауғанстандық түлкінің құйрығы ұзын үлпілдек және жүні қою түсті болады. Американдық түлкілерде көлемі жағынан кішілеу болады, Солтүстік Американың далалы және шөлді аудандарында мекендейді. Олардың негізгі жаулары — койоттар. Койоттардың қорғануды үйренудің нәтижесінде американдық түлкілер (Vulpes macrotis) ең жылдам жүгіретін түлкіге жатқызылады: жыртқыштардан 60 км/сағ жылдамдықта қашып үлгереді. Далада, шөлде және саванналарда өмір сүретін басқа түлкілер сияқты қарсақты, ауғандық және американдық түлкіні үлкен құлақтары ерекшелейді. Мұндай радиатор-құлақтар шөлде мекендейтін түлкілерді қызудан қорғайды: қан құлақтары бойынша өтіп ауада суып, денеге қайтып келеді де денені суытады. Ең үлкен құлақтар африкандық шөл Сахарада мекендейтін ең кішкентай түлкі фенеккеге (Vulpes zerda) тән. Мұндай құлақ суытып қана қоймай түлкіге азығын аулау кезінде дыбыстарды жақсы есту үшін де көмектеседі. Фенектер азығын аулауға жалғыз шығады, бірақ фенектер басқа түлкілерге қарағанда топтасып, жұптасып және әртүрлі жастағы ұрпақтарымен бірлесіп өмір сүреді. Фенекпен бірге қысқа жүнді құм түлкі (Vulpes rueppelli) кездеседі. Сахарада шөптесін саваннада африкандық түлкі, ал оңтүстікке қарай саваннада кішкентай үлкенқұлақ түлкі (Otocyon megalotis) мекендейді. Үлкенқұлақ түлкі сыртқы көрінісі бойынша фенекке ұқсағаныменде оны кейбір белгілері қарай жеке туысқа бөлген. Оның негізгі ерекшелігі оның тісінде – 48 тіс болады, бұл ешбір аңда болмайтын белгі. Сұр түлкі (Gray Fox), жүнінің түсіне байланысты осындай атауға ие болған. Бұл ұсақ түлкілер – иттер тұқымдасы ішінде ағаштарға өрмелей алатын жалғыз түр. Олар бұтақтарда демалады, ірі жыртқыштардан тығылады, тиіндер мен құстарды аулайды, ұяларды бұзады. Алайда сұр түлкілер жерде індерде мекендейді және сонда ұрпақ әкеледі.

Бенгаль түлкісі (Vulpes bengalensis) дене тұрқы 45-60 см, құйрығы 25-35 см, жотасына дейінгі биіктігі 26-28 см. Салмағы 1,8-3,2 кг. Жүні қысқа, тегіс. Түсі құм тоқ сарыдан қызыл қоңыр түске дейін құбылады. Моногамды, індерде жұптасып өмір сүреді. Ымырт уақытында және түнде белсенді өмір сүреді. Буаздық мерзімі 53 тәулік. 2-5 күшіктен туады. Ақ түлкі (Vulpes lagopus) иттер тұқымдасының ішінде солтүстікте мекендейтін түр, мұхиттың мұздары арқылы олар тіпті арктикалық аралдарға дейін барады. Олар жағалауларда жағаға шығып кеткен немесе аулаған балықтармен, балдырлармен және теңіз орамжапырағымен қоректенеді. Әрбір отбасында өзінің жатақтары болады, 2-5, кейде 15-ке дейін күшік туады. Түлкілердің арасында өздерінің жүнінің түсін өзгертетіндер кездеседі. Оларда денесінің жоғарғы бөлігі қаралау, ал төменгі бөлігі қара сұр, кейде тіпті қара түсті, арқасында крест тәрізді қара суреті бар түрлері кездеседі. Тағы бір түрі бар оның арқасындағы крест тәрізді суреті қара бұрыл түсті, ал денесінің төменгі бөлігі әрқашанда қара түсті болады. Оларды кресті түлкілер деп атайды. Сонымен қатар бүкіл денесі қара түсті, кейде бурыл рең кездесетін түрі болады. Бурыл рең көбінесе қабырғасында, аяғында көрінеді, ал қошқыл түс мүлдем болмайды. Жүндерінің түсін өзгертіп тұратын түлкілер Қазақстанда жиі, ал крестілер, серебрянка және қара бұрыл түлкі сирек кездеседі. Түлкі жылына 1 рет түлейді. Оңтүстік Қазақстанда көктемгі түлеу кезеңі ақпанның ортасында-ақ байқалады. Бірқалыпты түлеу кезінде ескі жүн уыс – уыс болып толық түсіп, орнына жана түк өсіп шығады. Жаз бойы түлкі жүнінің бір қабаты ғана өседі. Сол себептен жүні жұқа және қатты болады. Күзге қарай мамық жүні өсе бастайды кейін жүні ақырындап қалындай бастайды, Қазақстанның оңтүстік бөлігінде қарашаның бірінде, солтүстікте 15-не қарай қалыптасады.

Түлкінің терісі жоғары бағаланады. Кеміргіштерді жеп, ауылы шаруашылығына пайда келтіреді. Құс шаруашылығына зиян келтіреді, құтыру ауруының вирусын таратады