ЖАНАТТАР ТУЫСТЫЛАР (Procyon lotor Linnaeus)


Жанаттылар жерүсті, ағашты жануарлар, түрлі ормандарды мекендейді. Олар әдетте жұбымен немесе ұя тобымен отырықшы тұрады. Түрлері сусар мен аю арасындағы орташа топ болып келеді. Әр түрлі көлемді жануарлар салмағы 0,8-ден 160 кг-ға дейін. Жанат тұқымдас ұзын тұмсықты, сүтқоректі жыртқыш – носуханың жоғарғы ерні, танауы кішкене қозғалмалы тұмсығы созылыңқы келеді. Ең ірі тұқымдас өкілі аса ірі панданың дене құрылысы орташа мөлшерлі аюға өте ұқсас. Басы әр түрлі формалы, кейбір түрлерінің бет бөлімі созылыңқы, кейбіреуінде қысқа, мұқалған. Құлақтары қысқа сәл домалақ келген. Аяқтары 5 бармақты, табаны – жартылай табанмен жүруші, саусақтарының төменгі беті, табаны көбінесе жалаңаш. Үшінші бармағы ең ұзыны. Тырнақтары қысқа, бүктелген, жанынан қысылған, көптеген түрлерінде тартылмаған, кейбіреуінде жартылай тартылған. Түк жамылғысы жақсы дамыған қалың және биік. Түсі әр өкілдерде өте әралуанды, бірқалыпты сары немесе бурыл ашық жирен және қара түс аралас болып келеді. Бас сүйегі әр түрлі формалы, ми қорабы және бет бөлімі жақсы жетілген қысқадан ұзынға дейін. Жыртқыш тістері кішкентайдан іріге дейін, алдыңғы азу тісі кішкентай, өткір. Азу тістері моқал кедір-бұдырлы немесе етқоректілерде, аралас қоректілерде өткір қырлы. Көп түрлері (аса ірі пандадан басқалары) ағашқа жақсы өрмелейді, ал кинкожу өзінің өмір сүру кезенің ағашта өткізеді. Тұқымдастың таралу аймағы 2 бөлімшеден тұрады. Біріншісі Солтүстік Американың көп бөлігін, Орталық және Оңтүстік Американы, ал екіншісі Азияның Оңтүстік-Шығысын Гималай-Непал және Сикким, Жоғарғы Бирма, Юньань, Сычуань таулы аудандарын, солтүстігінде Гань-Су шекарасына дейінгі аумақты қамтиды. Тұқымдас 7 туыс, 18 түрді қосып, олардың 2 туысы Азияның оңтүстік-шығысын мекендейді.

Түрлері

Атауы

Полоскун жанаты

P. lotor

Тресмариас жанаты

P. lotor insularis

Барбадос жанаты

P. lotor gloveralleni

Багамдық жанат

P. lotor maynardi

Ракоед- жанаты

P. cancrivorus

Какомицли

Bassariscu

Кәдімгі носуха

Nasua nasua

Таулы носуха

Nasuella

Олинго

Bassaricyon

Кинкажу

Potos

Гваделуп жанаты

P. mino

Полоскун- жанаты (Procyon lotor) орташа көлемді, үлпілдек жүнді, қысқа аяқты жануар. Ол көлемі мен түсінің ерекшеліктеріне қарай жанат итіне ұқсайды. Құлақтары үлкен, үлбірінен шығып, үстіге қарай оралып тұрады. Қысқы үлбірінің түсі күңгірт, қоңыр-сұр жирен-қызылдау реңді келеді. Қылшық түктері ұштары қара болғандықтан тері ұсақ бұлдырлармен жабылған. Денесінің төменгі жағы қылшық сандары аз болғандықтан ақшылдау, сұрлау-қоңыр реңі бүршіктерінде жақсы байқалады. Алақаны мен табандары ақ түсті, тіпті ақ қысқа түктермен жабылған, сондықтан жануар ақшыл қолғап, носки киіп алғандай көрінеді. Аяқтарындағы саусақтары жақсы бөлінген, заттарды ұстауға бейімделген. Құйрығында 5-тен 7-ге дейін қара немесе қара-қоңыр реңді сақиналары, құйрығының ұшы қара болады. Басы сұр түсті. Маңдайын бет бөлігінен жолағының ақшыл реңімен, ал көз шарасынан оған паралель созылған кең қара (қара немесе қара-қоңыр) жолақпен бөлуге болады. Ол «бет перде-маска» құрады да, ол құлақтың астынан мойынына дейін созылады. Ұрты, еріні, иегі және төменгі жағының астыңғы беті – ақшыл-сұр болады. Құлақтарының артында қара дақтары болады. Жанаттар ішінде қара түстілер (меланистер) де кездеседі. Оның бассүйегі ми қорабшасының біршама үлкендігімен, бет сүйегінің кеңдігімен, әрі қысқалығымен ерекшеленеді. Танау сүйектері қысқа, жалпақ. Есту дабылдары домалақ пішінді, үрленген. Ит тістері ұзын емес, жоғарғысы тік, төменгілері едәуір иілген. Төртінші ит тісімен бірінші азу тісінің көлемдері бірдей, екінші азу тісі бірінші азу тісінен 2 есе кіші. Аталықтарының дене ұзындығы 435-545, аналықтары 410-570 мм, аталықтарының құйрықғының ұзындығы 200-405, аналығында 192-340 мм. Бұл жануарлардың салмағы әр маусым сайын өзгеріп отырады - 5,4-тен 15,75 кг-ға дейін, тіпті 22,2 кг-ға да жетуі мүмкін. Оның таралу аймағы Солтүстік Америка мен Бейтарап Американың Панам каналына дейін таралған. Олардың сан мөлшеріне ауа-райының қаталдығы әсер етеді, оның ішінде орман аңғарындағы қалың қар жамылғысы, онда аңдар қысқы ұйқыдан енді оянғандықтан азықтарын таба алмайды. Мүмкін, осы себепшарт (фактор) жанаттардың тірі қалу мүмкіндігін анықтайды.


Жанатар туысы (Procyon lotor Linnaeus)

Барбадос жанаты

(P. lotor gloveralleni)

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/e/eb/Procyon_cancrivorus_2%2C_Costa_Rica.JPG/250px-Procyon_cancrivorus_2%2C_Costa_Rica.JPG

Ракоед жанаты

(P. Cancrivorus)

Procyon lotor 7 - am Wasser.jpg

Полоскун жанаты

(P. Lotor)

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/8/84/Procyon_cancrivorus_3%2C_Costa_Rica.JPG/300px-Procyon_cancrivorus_3%2C_Costa_Rica.JPG

Крабоед жанаты

(Procyon cancrivorus)

Cozumel Raccoon2.jpg

Косумель жанаты

(Procyon pygmaeus)

Raccoon Dog01.jpg

Жанат тәрізді ит

(Nyctereutes procyonoides)

Nasua nasua.jpg

Кәдімгі носуха

(Nasua nasua)

Bushy tailed olingo.jpg

Олинго

(Bassaricyon)

Yawning kinkajou.jpg

Кинкажу

(Potos)

Squaw-ringtail-28073.jpg

Кокомицли

(Bassariscu)

Фото

Таулы носуха

(Nasuella)

Procyon minor01.jpg

Багам жанат

(P. lotor maynardi)


Ол талғаусыз қоректенетін хайуан, оның рационына өсімдіктер, жануарлар азығы кіріп, насекомдардан басқа емен жаңғағы, жабайы жүзім, тұт жидегі, құрма және долана құрады. Висконсин сазды батпақты штатында ол негізінен шаян, балық, жас ондатр, жүзім және жүгерімен қоректенген. Закавказьяда, омыртқалы жануарлар ішіндегі жанаттар азығында қосмекенді (52,6%), жорғалаушы (13,2%), құс (11,7%) және сүтқоректілер (5,5%) басым болған. Ол ымырт, түнгі уақытта белсенділік көрсетеді. Жатақтан күн батарда шығып, ол түнімен өз мекендеу ортасының үлескісінде қорегін іздейді. Жанат ағашта жақсы өрмелейді, бірақ қоректерін жерде табады. Суда ұстаған олжасын шайып жүріп, жейді, сондықтан да – полоскун атына ие болған. Қатал, қары қалың аудандарда ол ұйқыға кетеді. Аяз мезгілінің ұзақтығына қарай, оның ұйықтау уақыты шамамен 4 айға созылады. Жылына бір рет көбейеді. Буаздық мерзімі 63 күн. Ұрпақтары (2-6 дара, көбінесе 3-4) сәуір-мамыр айларының соңында пайда болады. Көзінің ашылуы туғаннан кейін 18-20 күн өткеннен соң жүреді. Жанат бағалы үлпекжүнді аң және отаны Солтүстік Америкада көп мөлшерде ауланады. Ол көптеген зиянкес жәндіктер мен кемірушілерді жойып, пайдасын тигізеді. Бұл аң терілерін дайындау ұйымдастырусыз жүргізілуде, әрі қоры қолданылмайды. Еті өте дәмді, Америкада деликатес саналады.

Кәдімгі носуха (Nasua nasua) жанат тұқымдасы ұзын тұмсықты, кішкентай сүтқоректі жыртқыш. Ол Аргентина, Боливия, Бразилия, Колумбия, Гайана, Парагвай, Перу, Суринмада, Уругвай және Венесуэланы мекендейді. Кәдімгі носуха 13 түршеге бөлінеді.

Олинго (Bassaricyon) жанат тұқымдасы ішіндегі ең кішкентай түр. Оның 4 түрі бар (Bassaricyon alleni, Bassaricyon gabbii, Bassaricyon medius, Bassaricyon neblina). Дене ұзындығы 35-47 см, құйрығы 40-48 см, салмағы 0,7-2 кг. Тұлғасы созылыңқы, аяқтары біршама қысқа, алдыңғы аяқтары артқысынан қысқарақ болады. Басы жалпақ, біршама қысыңқы. Тұмсығы қысқа, үшкір. Құлақтары орташа көлемді, домалақ, көздері үлкен. Сирақ табаны түкпен жабылған, саусақтарында қисық тырнақтары болады. Түк жамылғысы төмен, өте тығыз, жұмсақ. Арқасы сарғыш қоңыр немесе қара және сұр реңі араласқан. Құрсағы бозғылт сары түсті. Құйрығында кейде қара сақиналары байқалады. Орталық, Оңтүстік Американың солтүстігінде Никарагуадан Перуге дейінгі ылғалды тропикалық және субтропикалық ормандарды мекендейді.

Кинкажу (Potos) мысықтың көлеміндей, басы домалақ, құлақтары дөңгелек жалпақ орналасқан, құйрықтары өте ұстағыш, бір ағаштың бұтағынан екіншісіне секіруге бейімделген (осымен олар аздап маймылдар тәрізді). Тұмсығы қысқа, көздері үлкен, аюға ұқсас келеді. Қалың барқыт тәрізді үлбірінің арқа жағында жирен-қоңыр, құрсағында жирен-сары түсті. Тұмсығы қара-қоңыр немесе қаралау. Басқа түрлерінен кинжакудың негізгі айырмашылығы құйрығының бір түстілігінен, басқа үлбірі реңінің қоюлығынан байқалады. Кинкажу өзінің барлық өмірін ағаш басында өткізеді. Күндіз ағаш қуыстарына тығылып жатады, түнде жеке немесе жұбымен ағаш бұтақтарымен жүріп, азық іздеп, жылдамдығын, қимыл ептілігін көрсетеді. Өмір сүру ұзақтығы 23 жыл.

Какомицли (Bassariscu) сыртқы кейпі біраз сусарға ұқсас, бірақ дене құрылымы мысықтай. Дене ұзындығы 30-47 см, құйрығы 31-53 см, иықтық биіктігі- 16 см дейін, салмағы 0,8-1,3 кг. Денесі созылыңқы, аяқтары біршама қысқа, құйрығы өте ұзын. Басы қысқа бет бөлімімен жалпақ. Құлақтары ірі, домалақ немесе өткірлеу. Арқасының жоғарғы беті қоңыр-сарғыш қара немесе қара-қоңыр реңді. Құрсағы ақ, ақшыл немесе сарғыш. Ол көз айналасындағы сақиналар қара немесе қара-құба. АҚШ оңтүстігінде және оңтүстік-батысында, Мексика мен Орталық Американың жартастарында, тасты жерлерінде, арналарында, таулы қылша ормандарда, шөлейтте, әдетте судың жанында мекендейді. Тіршілік ету ұзақтығы 7 жылға жуық, еріксіздікте 16 жасқа дейін.

Таулы носуха (Nasuella) солтүстік Перу, батыс Венесуэла, Колумбия мен Эквадорда мекендейтін сирек кездесетін жануар. Олардың ұзындығы 36-40 см жетеді, орташа салмағы 7,5 кг жуық. Ауызында төменгі тіс қаптамасы мен өткір жалы бар қырық кішкентай тістері болады. Денесі қалың қылшық үлбірмен жабылған. Түгінің түсі жасыл қоңырдан жиренге дейін құбылады. Буаздық мерзімі 74-77 тәулік, 2-5-ке дейін ұрпақ әкеледі.

Багам жанаты (P. lotor maynardi) сыртқы кейпімен полоскун-жанатқа ұқсас, бірақ көлемі кішірек, ол мүмкін аралдық ергежейлігінен болар. Денесін қосқандағы басының ұзындығы 41,5-60 см, құйрығы 20-40,5 см. Аталықтары аналықтарынан ірі. Үлбірінің түсі сұр жеңіл сары я қызыл қошқыл реңді. Бірақ қара даралары да кездесуі мүмкін. Құйрығында 5-10 түрлі түсті сақиналары болады. Көбінесе, түнде, жыл бойы белсенді тіршілік етеді. Буаздық мерзімі 9-10 апта, одан соң аналығы 4-6 ұрпақтан әкеледі. Жыныстық жетілуі: аталығында 2 жас, аналығында - 1 жас.

Шаян қоректі жанат (P. Cancrivorus) кәдімгі жанаттан біраз кіші көрінеді, денесі тіпті сүйір болады. Өйткені, алғашқының денесі біршама бірдей түкпен жабылғанымен, түгі қысқа келеді. Басы мен дене ұзындығы 41-ден 60 см дейін, құйрығы 20-дан 42 см дейін, шоқтық биіктігі 23 см жуық, ал дене салмағы 2-12 кг аралығында. Аталығы аналығына қарағанда әдетте ірі. Ол жеке түнде тіршілік ететін жануар. Олар әр уақытта бұлақ, көл, өзен жандарында жиі кездеседі.