АЮЛАР ТҰҚЫМДАСЫ (Ursidae)


Аюлар – қазіргі жыртқыш аңдар ішіндегі ең ірілері. Олардың кейбір дарақтарының дене ұзындығы 3 м-ге дейін, салмағы 725-1000 кг жетеді. Барлық аюлардың денесі қалың, көбінде шоқтығы биік болады. Олар бес саусақты күшті, аяқ басы табанының тырнақтары үлкен. Құйрығы қысқа, түгінен әрең (ерекшелік тек үлкен панда) көрінеді. Аюлардың басы шомбал, кішкене көздері, кейбіреуінің құлақтары кішкентай, ал басқаларында үлкен болады. Үлбірі қалың, тегіс қара, қоңыр немесе ақ реңді боялған, бірақ маусым сайын өзгермейді. Кей түрлерінің кеудесі немесе көз айналасында ақ таңбалары болады. Азу тістері мықты, қалған тістері ондай емес. Жыртқыш тістері дамымаған. Мұндай тістердің құрылысы, олардың аралас қоректенуімен байланысты. Нақты түрлері 42 тіс сақтайды, бірақ кейбірінде ортаңғы күрек тістері немесе екінші, үшінші азу тістерінің алды болмайды. Сондықтан тістерінің саны 40, 38, тіпті 34 болуы мүмкін. Үлкен панда тістерінің айырмашылығы бар. Оңтүстікті мекендеушілер біршама өсімдік қоректі, солтүстіктегілер - етқоректі және талғаусыз қоректенетіндер. 3-4 жасынан бастап көбейеді, 1-5 ұрпақтан туады. Тіршілік ету ұзақтығы зор. Ақ аю хайуанаттар бағында 30 жыл, қоңыр аю 45 жылдан астам өмір сүреді. Аюлар құнды ауланатын аңдарға жатады. Олар тез қолға үйренеді және жаттықтыруға көнеді. Қазақстанда олар Оңтүстік Қазақстан облысында, Көксу, Четкаль жоталарында, Талас Алатауында таралған. Тіршілік етуі мен қоректену тәсіліне орай, әртүрлі жерлерде - даладан биік таулы жерге, ормандардан арктикалық мұздарға дейін мекендейді. Көптеген аюлар жазықтық немесе таулы орманның қоңыржай және тропикалық ендікте, өте сирек ормансыз биік таулы жерлерде мекендейді. Кейбір түрлеріне бұлақ, өзен және теңіз жағалаулары тән. Сонымен барлық аю түрлері – жерүсті хайуандар, ал ақ аю – жартылай су жануарлары.

Тұқымдастың 7 түрі бар, олар 4 туысқа біріктірілген. Ubus туысында - 4 түр (қоныр, ақ, ақ кеуделі, қара немесе барибал), Tremarctos туысында – 1 түр - ірі көзді оңтүстік америкалық аю, Meluisus туысында -1 түр - оңтүстік азиялық ерінді аю, Helarctos тусында – 1 түр - оңтүстік азиялық малайлық аю. ТМД мен Қазақстанның мағлұматында (фауна) 2 түр: тянь-шань немесе ақтырнақты аю және оңтүстік сібір аюы таралған.

Түрлері

Атауы

Қоңыр аю

Ursus arctos

Ақ аю

Ursus manitimus

Гималай аюы

Ursus thibetanus

Барибал

Ursus americanus

Ірі көзді аю

Tremarctos ornatus

Тянь-шань аюы

Ursus arctos isabellinus

Үлкен панда

Ailuropoda melanoleuca

Малайлық аю

Helarctos malaya

Кадьяк

Ursus arctos middendorff

Ерінді аю

Melursus ursinus

Гризли

Ursus arctos horribilis

Кавказдық сырты қоныр аю

Ursus arctos syriacus

Тибеттік қоныр аю

Ursus arctos pruinosus

Калифорниялық қоңыр аю

Ursus arctos californicus

Мексикалық қоныр аю

Ursus arctos nelsoni

Ақ аю (Ursus manitimus) дене ұзындығы 2-2,5 м, кейде 3 м жетеді, биіктігі 1,5 м, салмағы 800 кг бір тоннаға барады. Оны басқа түрлерінен ұзын мойыны, жайпақ басы арқылы ажыратады. Терісі қара, ол ақтан сарғышқа дейін, жазда күн сәулесі тұрақты әсер ететіндіктен үлбірі сарғаяды. Табаны мұзда таймай, тоңбау үшін түкпен қапталған. Саусақтарының арасында жүзу жарғағы болады, ал аяғының алдыңғы бөлімі қатты қылдармен әдіптелген. Ірі тырнақтары өте күшті олжаны ұстап тұра алады. Қалқып жүзіп бағытынан ауытқыған, жабысқан теңіз мұзжарын мекендейді, онда өзінің негізгі олжаларын теңіз жануарларын: буылтық нерпа, теңіз қояны, сойдақ тістілер-морждар, басқаларды аулайды. Ұзақтығы 50-80 күндік қысқы ұйқыға, көбінесе буаз аналықтар жатады. Аталықтар мен бойдақ аналықтардың қысқы ұйқысы қысқа, әрі жыл сайын жатпайды. Қарағанда икемсіз болғанымен ақ аюлар құрлықта өте жылдам, епті, ал суда жеңіл жүзіп, сүңгиді. Оның көбею потенциалы төмен, аналығы алғаш ұрпағын 4-8 жасында әкеледі, 2-3 жылда бір рет туады, ұясында 1-3 қонжығы болады, тіршілігінің ең ұзақтығы 25-30 жыл. 1956 жылдан бастап, ТМД аулауға тиым салынған. 1976 жылдан ХТҚО, КСРО Қызыл кітабына енгізілген.

Кәдімгі қоныр аю (Ursus arctos) дала, шөл, субтропикалық орман, тайга, тундра және теңіз жағалауларын, немесе барлық жер үстін мекендейді. Оның кейпі аю тұқымдастары өкілдеріне тән. Денесі зор, шоқтығы биік, басы үлкен, құлақтары мен көздері кішкене келеді. Құйрығы, түктерінен әрең көрінетін, қысқа 65-210 мм. Мықты тартуы аз тырнақты табандарының ұзындығы 8-10 см, бес саусақты, табанымен жүреді. Түгі қалың, біркелкі боялған. Оның түсі, тек әр таралу аймағы бөлімдерінде емес, тіпті бір аудан аймағында өте құбылмалы. Үлбірінің түсі ақшыл-қуқыл-сұрғылттан көкке тіпті қараға дейін түрленеді. Ең кәдімгі түрі қоңыр. Оның буаздығы жасырын кезеңді, ұрығы қараша айынан бұрын дамымайды. Буаздық мерзімі 190-200 сөткеден аспайды. Аналығы 2-4 жылда бір рет қонжық әкеледі. Күйлеуі мамырдан шілдеге шейін, 10-30 күнге созылады. Қонжықтар апанда қаңтар-ақпан айларында туады, қаңтардың алғашқы жартысына келеді.

Тянь-шань қоныр аюы (Ursus arctos isabellinus). Ол қоңыр аюдың түршесі, ТМД-ның Памир, Тянь-Шань, Гималай тауларын, Қазақстандағы Тянь-Шань жоталарын (Қаржантау, Уғам, Талас, Қырғы, Кетмень, Жоңғар Алатауы) мекендейді. Дене ұзындығы 140 см, салмағы 300 кг. Өте ірі дарақтары да кездеседі. Денесі ашық түсті, ақ «мойындығы» болады. Негізгі ерекшелігі– алдыңғы аяқтарында ұзын ақшыл тырнақтары болады. Ол талғаусыз қоректенетіндерге жатады. Қыс мезгілінде апанда туады, 1-2 қонжықтан әкеледі. 5-7 айға созылатын ұйқыға кетеді (қазан айы ортасынан наурыз айы ортасына). Қазақстан Қызыл Кітабына тіркелген. Аналығы 2 жылда бір рет туады.

Малайлық аю (Helarctos malayanus), басқаша бирунаг деп аталады. Тұқымдастың ең кіші өкілі, ұзындығы 110-140 см., салмағы 65 кг. Бұл өте күшті хайуан, тұмсығы қысқа, аяқтары ұзын, күшті иілген тырнақтары бар, әрі жалаңаш табандары жайпақ. Денесі қара, қысқа түкпен жабылған. Төсінде ақшыл немесе қызғылт сары түсті таға ға ұқсас таңбасы болады, жақсы өрмелейді, тіршілік етуі жартылай ағашта өтеді. Түнде сирек, күндіз белсенді өмір сүреді. Демалуын үңгірлерде, ағаш қуыстарында өткізеді. Олар ағаштарда ұяға ұқсас құрылым салады. Жеке, тек ұрғашылары мен қонжықтарын күту кезінде жұбымен жүреді. Аналығы 2 ұрпақтан береді. Ұйқыға жатпайды. Талғаусыз қоректенетіндерге жатады, бірақ кейбір түрлері өсімдікті, кейбіреулері жануарларды қалайды. Бирма, Индокитай, Тайланд елдерінде таралған.

Барибал немесе қара аю (Ursus americanus) әдеттегі нағыз солтүстік америкалық аю, одан және Канададан орталық Мексикаға, Атлант мұхитынан Тынық мұхит жағалауына дейін таралған. Ересек аталығының дене ұзындығы 1,4-2 м, аналықтары кіші 1,2-1,6 м, салмағы 39-дан 236 кг дейін. Құйрығы қысқа, 80-120 мм. Басқа ерекшеліктеріне үшкір тұмсығы, қысқа табандары бар биік аяқтары жатады. Үлбірі жылтыр, таза-қара түсті, тұмсығы ақшыл дақтары болады, кейде ол кеудесінде де байқалады. Басқа түстілері де болатыны аян. Ең кең тараған түсі - әртүрлі қоңыр реңдер. Олар әртүрлі жота, таулы орман, шалғын, батпақ, өзен шатқалдарын мекендейді. Өсімдік, жәндіктер, кейде ет, балықпен қоректенеді. Кейде үй жануарларына, қойға, шошқаға шабуыл жасайды. Буаздық мерзімі 220 күн, ұрық тек күзде, әрі аналық жеткілікті май жинағаннан кейін ғана дами бастайды. Қонжықтары, әдетте 2-3-тен қысқы ұйқы кезінде қаңтар-ақпан айларында туады. Аналығы екі жыл сайын көбейеді. Тіршілігінің ұзақтығы табиғатта 10, қамауда - 30 жыл.

Гималайлық немесе ақтөсті аю (Ursus thibetanus) көлемі қоңыр аюдан 2 есеге жуық кіші, одан сымбат дене құрылымымен, жіңішке үшкір тұмсығымен, үлкен домалақ құлақтарымен, алдыңғы аяқтарының артқы аяқтарынан күштілігімен ерекшеленеді. Аталықтарының дене ұзындығы 150-170 см, шоқтық биіктігі 80 см жуық, салмағы 120-140 кг. Аналықтары көзге түсерліктей кіші. Үлбірі қысқа, жылтыр, жібек тәрізді, әдетте қара, бірақ қоңыр немесе жирен түсті дарақтары кездеседі. Кеудесінде әр қашан ақ, кейде сарғыш реңді V түрлі дақ болады. Иран, Ауғанстан, Пәкістан, Корея, Жапония және Ресейді мекендейді. Өсімдік қоректі, бірақ жемтікті жиіркенбей жейді. Аналықтары 300-400 г салмақта болатын 1-2 қонжықтан туады. Олар баяу дамиды, бір айлығының өзінде тіпті дәрменсіз келеді. Жас аңдардың ұрықтық жетілуі туғаннан 3 жылында байқалады. Ол да қоңыр аюдай құнды аулау зерзаты. Оның Қытай халық медицинасында өт қабы, аспаздықта - табаны пайдаланылады. Халықаралық Қызыл Кітапқа оның түршелері - Белуджистан ақ төсті аюы (U. thibetanus gedrosianus) және Рессей Қызыл Кітапқа уссурийлік ақ төсті аюы (U. thibetanus ussurianus) тіркелген.

Ошақты аю (Tremarctos ornatus) дене ұзындығы 1,5-1,8 м, салмағы 140 кг. Сабалақ түкті, түсі қара немесе қоңыр реңді, көздері айналасында үлкен ақ дағы болады. Оңтүстік Америкада таралған. Таулы орман, бұталы жерлерді мекендейді. Халықаралық Қызыл Кітапқа тіркелген.

Ерінді-аю (Melursus ursinus) дене ұзындығы 1,4-1,8 м, салмағы 136 кг. Биік аяқтарындағы денесі сымбатты, тырнақтары үлкен, тұмсығы ұзын. Түгі сабалақ, әсіресе иық арасында қатты. Төсінде Y-тәрізді таңба болады. Түнде белсенді, күндіз ұйықтайды. Үндістаннан бастап Шри-Ланка орманын мекендейді. Буаздығы 7 ай, ұясында 1-3 қонжық саналады. Халықаралық Қызыл кітапқа тіркелген.

Үлкен панда немесе бамбук аюы (Ailuropoda melanoleuca) дене ұзындығы 1,2-1,8 м, салмағы 17-160 кг. Басқа аюларға қарағанда құйрығының ұзындығы 10-15 см жетеді. Денесі шомбал, қалың ақ үлбүрімен жабылған, қара таңбалары көзінің айналысында («көзілдірігі»), құлақтары, табандары қара түске боялған. Қысқа жуан артқы табандарында өткір тырнақтары болады. Табанында, әр саусақ асты негізінде жалаңаш «жастықшалары» жақсы дамыған, олар бамбуктің тегіс сабақтарын ұстап қалуды жеңілдетеді. Үлкен пандалар оңтүстік Қытайдың таулы аймақтарын: Сычуань мен Тибетті мекендейді. XX ғасырдың екінші жартысынан бастап Қытайдың ұлттық таңбасына айналды. Олардың жыныстық жетілуі 4жасынан 8 жасында дейін жүреді. Шағылысу маусымы наурыз ортасынан мамыр айына дейін өтеді. Басқа уақыттарда бұл аң жеке өмір сүреді. Буаздық мерзімі 95-160 күн. 1-2 қонжық туады.


Аюлар тұқымдасы (Ursidae)

семейство медвежьи

Қоныр аю

(Ursus arctos)

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/b/b7/Ursus_thibetanus_3_%28Wroclaw_zoo%29.JPG/170px-Ursus_thibetanus_3_%28Wroclaw_zoo%29.JPG

Гималай аю

(Ursus thibetanus)

семейство медвежьи

Барибал аю

(Ursus americanus)

семейство медвежьи

Ақ аю

(Ursus manitimus)

семейство медвежьи

Ошақты аю

(Tremarctos ornatus )

Тянь-шань аюы

(Ursus arctos isabellinus)

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/3/3c/Giant_Panda_2004-03-2.jpg/250px-Giant_Panda_2004-03-2.jpg

Үлкен панда

(Ailuropoda melanoleuca)

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/6/6e/Canadian_Rockies_-_the_bear_at_Lake_Louise.jpg/250px-Canadian_Rockies_-_the_bear_at_Lake_Louise.jpg

Барибал

(Ursus americanus)

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/a/a9/Malaienbaer1_fcm.jpg/250px-Malaienbaer1_fcm.jpg

Малайлық аю

(Helarctos malayanus)

Kodiak bear in germany.jpg

Кадьяк

(Ursus arctos middendorff)

Sloth bear 1.jpg

Ерінді аю

(Melursus ursinus)

Медведь Гризли

Гризли аю

(Ursus arctos horribilis)


Гризли, сұр аю (Ursus arctos horribilis) – қоңыр аю түршесі (Ursus arctos) дене құрылысы, сыртқы пішінімен әдеттегі қоңыр аюға өте ұқсас, бірақ одан ақшыл түсті, жалпы ірі, ауыр, икемсіз, әрі күштірек. Оның ерекше айырмашылығының бірі көлемінен байқалады: егерде әдеттегі аю ұзындығы сирек 2,5 м жетсе, гризли де ол 2,2-2,8 м, салмағы 500 кг, кейбір дарақтары 4 метрге жетеді. Жақ сүйектері өте күшті дамыған. Құйрығы қысқа, күшті тырнақтарының ұзындығы 15 см жетеді. Иықтары, мойыны, құрсағы қою-қоңыр түсті, түктерінің ұштары сұр түсті, ол үлбүріне сұр рең береді, сондықтан аю аты «сұр, бурыл» деп аталуда. Олар тек Аляска мен Канаданың батысын мекендейді. Тіршілік етуі нақты қоңыр аюдай, қысқы ұйқыға батады, қоректенеді, көбінесе, өсімдіктермен қоректенеді.