СУСАРЛАР ТҰҚЫМДАСЫ (Mustelida)


Тұқымдас дене құрлысы, тіршілік етуі әртүрлі аңдарды қосады. Дене тұлғасы, қағида бойынша, күшті ұзарған, аяқтары қысқа, табаны немесе жартылай табанын тигізіп жүреді, бес саусақты, көбінесе тырнақтары иілмеген. Аяқ білезігі мен табаны түкпен қапталған, жалаңаш жастықшасы болып, өте сирек тіпті жалаңаш болады. Кейбір түрлерінің бармақтары арасында жақсы дамыған, әсіресе артқы аяқтарында жүзу жарғақтары болады. Басы сәл созылыңқы, тұмсығы үшкірлеу, кейде жалпақ. Құлақтары кей түрлерінде үлкен, үшкірленген, басқаларында кішілеу, домалақтау, тағы бір түрлерінде тіпті жойылған, есту жолдары тұйықтала алады. Мойны қысқа. Құйрығы өте қысқадан ұзынға дейін түрленеді. Түк жамылғысы әдетте қалың, жібек тәрізді, кейде сирек, қылшықты. Оның түсі әртүрлі келеді. Бір түске боялуымен қатар, арасында өте түрлі-түсті ашық тарғыл суретте кездеседі. Жылына 1 немесе 2 рет түлейді. Кейбір солтүстіктегі түрлерінің түк жабыны қыста ақ болады. Бас сүйегінің құрылысы мен мөлшері аса әртүрлі, ол жануарлардың көлемі мен тіршілік етуіне байланысты. Көптеген түрлер бас сүйегінің көлемі үлкен емес, бет жағы қысқа, ми қабығы қампайған. Ірі түрлерінің бас сүйегінде қырлары жақсы көрінеді. Төменгі күрек тістерінің саны екіге, жоғарғы және төменгі тіс түбірінің алдындағы екіге, тіс түбірінің төменгі артқысы бірге дейін қысқаруы тек аз түрлерінде байқалады. Жыртқыш тістері жақсы дамыған. Көптеген түрлердің азу тістері өткір дөңестеу, ал кейбірінде қоректенуіне орай мұқал төмпешікті болады. Сезім мүшелері ішіндегі ең дамығаны есту және иіс сезу ағзалары. Қағида бойынша, олар жылына 1 немесе 2 ұрпақ береді, олардың саны 1-ден 10-ға дейін жетеді, кейде одан да көп болады. Көптеген түрлерінде жасырын сатысы байқалады, ол бірнеше күннен бірнеше айларға созылады. Сусарлардың практикалық маңызы зор, себебі оның көптеген түрлері аса құнды кәсіптік аң терілі хайуандарға жатып, аң шаруашылықтарында өсіреді. Бұл тұқымдастың көптеген түрлері өте пайдалы, өйткені олар зиянды кеміргіштерді, жәндіктерді, олардың дернәсілдерін (личинка) жояды. Тұқымдас жүйесі әлі толық анықталмаған. Тұқымдаста 24 туыс, онда 64 түр, олардың 8 туысы және 18 түрі ТМД мақұлықатында (фауна), оның ішінде Қазақстанда олардың 6 туыс және 14 түрі кездеседі.


Түрлері

Атауы

Американдық борсық

American badger

Американдық сасықкүзен

Mustela nigripes

Бирмалық сасыққүзеннің борсығы

Burmese Ferret badger

Кәмшат

Lutra lutra Linnaeus

Ақкіс

Mustela ermine

Гризон

Galictis vittata

Зорилла

Ictonyx striatus

Илька

Martes pennant

Теңіз кәмшаты

Enhydra lutris

Сары күзен

Mustela sibirica

Тас сусары

Martes foina Erxleben

Итаю

Mellivora capensis

Орман сусары

Martes martes Linnaeus

Аққалақ

Mustela nivalis Linnaeus

Еуропа қара күзені

Mustela Lutreola

Шұбар күзен

Vormela peregusna Guldenstaedt

Бұлғын

Martes zibellina Linnaeu

Құну

Gulo gulo Linnaeus

Сарғыш күзен

Mustela altaica Pallas

Тайра

Eira Barbara

Харза

Martes flavigula

Сасық күзен

Mustela еversmanni Lesson

Ласка (Mustela nivalis Linnaeus) құрылысының ұзындығы, денесінің икемділігі және үлбүрінің бояуымен ақ тышқанды еске салады, бірақ одан кіші көлемі, аса қысқалығы, ең бастысы бір түсті құйрығы мен, ондағы қара шашағы жоқтығымен ерекше. Денесі ақ тышқандай жіңішке, ұзын, қысқа табанды, онда өте өткір тырнағы болады. Басы сопақша, кішкентай құлақтары домалақтанған, танауының ұшы доғал және біраз қосарланған. Құйрығының негізінде бездері бар, олар жағымсыз иісті сұйықтық бөледі. Бастың үсті, арқасы, бүйірлері, құйрығы және аяғының сыртқы жағындағы жазғы үлбүрінің түсі қоңырша-қоңыр, ал тамағы, жоғарғы ерінінің жиегі, төсі, құрсағы және аяқтарының ішкі жақтары таза ақ түсті болады. Үлбүрінің қалыңдығы жазда да, қыста да бірдей, бірақ жазғы түгі қысқа, қыстағыдан жіңішке. Америка мен Африкада таралған, Қазақстанның барлық жерінде кездеседі. Қазақстанда оның 2: сібірлік, шөлдік түрлерін ажыратады. Жыл бойы белсенді болады. Ол өте тәсілқой, шапшаң, жылдам жүгіреді, жақсы өрмелейді, малтиды, батылдылығы және басқаға шапқындық жасауымен ерекшеленеді, әрі барлық ұсақ жануарлардың қауіпті жауы саналуда. Олар кеміргіштер, балапандар, бақалар және жәндіктермен қоректенеді. Буаздығы 5 жұмаға созылады. Ұясында 4-тен 8-ге дейін ұрпақтары болады. Олардың тіршілік ұзақтығы орташа 20-30 жыл.

Тас сусары (Martes foina Erxleben) Қазақстанда, оның тек 1 түрі: орта азиялық тас сусары ғана кездеседі. Еуразия, Монғолия, Гималай, Ресей, Тянь-Шань, Алтайдың көп бөлімдерінде таралған. Кеміргіш, құс, өсімдік және жемістермен қоректенеді. Жыныстық жетілуі 15-27 айларда жүреді. Буаздық мерзімі бір айға созылады, 3-4 күшік әкеледі. Орташа өмір сүру ұзақтығы шамамен 10 жыл. Қазақстанның Қызыл Кітабына тіркелген.

Орман сусары (Martes martes Linnaeus) Еуропа, Азияның батыс бөлігін, Батыс Сібір, Кавказ, Испания және Скандинавияны мекендеп, ең бастысы орманды жерлерде қоныс тебеді. Қазақстанда тек бір: оңтүстік орал орман сусары ғана таралған. Оның түгі сарғылт немесе қою-қоңыр түске боялған. Қысқы үлбірі ұзын, жібек тәрізді, жазда ол қысқарақ және қатты. Денесі сопақша, біршама қысқа аяқтары және түк жамылғысымен. Құйрығы біршама ұзын, жібек тәрізді, оның басты қызметі сусар өрмелеп, секіргенде тепе-теңдігін сақтау. Басында үшбұрышты, сары жолақпен көмкөрілген құлақтары орналасқан. Талғаусыз қоректенетін аң, бірақ ұсақ сүтқоректілерді, құстарды, олардың жұмыртқаларын жеуді ұнатады. Жыныстық жетілуі тіршілігінің екінші жасында басталады, бірақ олар алғаш рет, үш жасында шағылысады. Жылына бір рет көбейеді, 2-ден 4 күшікке дейін әкеледі. Қазақстанның Қызыл Кітабына тіркелген.


Сусарлар тұқымдасы (Mustelidae)

http://www.filin.vn.ua/ebook/44/images/filin_ebook/44/images/mammalia/t_taxus.jpg

Американдық борсық

(American badger)

Black footed ferret cropped.jpg

Американдық күзен

(Mustela nigripes)

http://www.filin.vn.ua/ebook/44/images/filin_ebook/44/images/mammalia/m_personata.jpg

Бирма борсық

(Burmese Ferret badger)

http://www.filin.vn.ua/ebook/44/images/filin_ebook/44/images/mammalia/l_lutra.jpg

Кәмшат

(Lutra lutra Linnaeus)

http://www.filin.vn.ua/ebook/44/images/filin_ebook/44/images/mammalia/m_erminea.jpg

Ақкіс

(Mustela erminea)

Гризон фото красивых животных на шубу

Гризон

(Galictis vittata)

http://www.filin.vn.ua/ebook/44/images/filin_ebook/44/images/mammalia/i_striatus.jpg

Зорилла

(Ictonyx striatus)

http://www.filin.vn.ua/ebook/44/images/filin_ebook/44/images/mammalia/m_pennanti.jpg

Илька

(Martes pennanti)

http://www.filin.vn.ua/ebook/44/images/filin_ebook/44/images/mammalia/e_lutris.jpg

Теңіз кәмшаты

(Enhydra lutris)

http://www.filin.vn.ua/ebook/44/images/filin_ebook/44/images/mammalia/m_sibirica.jpg

Сары күзен

(Mustela sibirica)

http://www.filin.vn.ua/ebook/44/images/filin_ebook/44/images/mammalia/m_foina.jpg

Тас сусары

(Martes foina Erxleben)

http://www.filin.vn.ua/ebook/44/images/filin_ebook/44/images/mammalia/m_capensis.jpg

Итаю

(Mellivora capensis)

Куница фото животных с мехом из которых шьют шубы

Орман сусары

(Martes martes Linnaeus)

Ласка фото животных с мехом из которых шьют шубы

Аққалақ

(Mustela nivalis Linnaeus)

Норка фото животных с мехом из которых шьют норковые шубы

Еуропа қара күзені

(Mustela Lutreola)

http://www.filin.vn.ua/ebook/44/images/filin_ebook/44/images/mammalia/v_peregusna.jpg

Шұбар күзен

(Vormela peregusna Guldenstaedt)

http://www.filin.vn.ua/ebook/44/images/filin_ebook/44/images/mammalia/m_zibellina.jpg

Бұлғын

(Martes zibellina Linnaeus)

http://www.filin.vn.ua/ebook/44/images/filin_ebook/44/images/mammalia/g_gulo.jpg

Құну

(Gulo gulo Linnaeus)

http://www.filin.vn.ua/ebook/44/images/filin_ebook/44/images/mammalia/m_altaica.jpg

Сарғыш күзен

(Mustela altaica Pallas)

http://www.filin.vn.ua/ebook/44/images/filin_ebook/44/images/mammalia/e_barbara.jpg

Тайра

(Eira barbara)

http://www.filin.vn.ua/ebook/44/images/filin_ebook/44/images/mammalia/m_flavigula.jpg

Харза

(Martes flavigula)

http://www.filin.vn.ua/ebook/44/images/filin_ebook/44/images/mammalia/m_eversmanni.jpg

Сасық күзен

(Mustela eversmanni Lesson)

Америкалық борсық (American badger) денесінің ұзындығы 42-74 см, құйрығы 10-16 см, салмағы 10-12 кг. Канада мен Мексикада таралған. Құрғақшылық, шөлейт бұталармен жабылған жерлерде қоныс тебеді. Белсенді өмір сүруі түнде өтеді. Кеміргіштермен және тағы басқа ұсақ жануарлармен қоректенеді.

Америкалық күзен, немесе қара аяқты күзен (Mustela nigripes) денесінің ұзындығы 45 см, құйрығы үлпілдек, ұзындығы 15 см дейін, салмағы 0,3 кг артық. Денесі тапал, ұзынша өте қысқа аяқтарымен. Үлбірі негізінде ақ, түктерінің ұшына қарай қоюлана береді де, аңның жалпы түсі сарғыш-қоңыр реңді болады. Оның аяқтары мен құйрығының ұшы қара, ал қарааяқты күзен басқа күзендерге тән «қара бет» маскасы болады. Бұл түс оларға мекендеу ортасында байқалмауға көмектесетін түр есептеледі. Ұсақ жануарлармен, ірі жәндіктермен, құстармен қоректенеді.

Бирмалық сасықкүзен борсығы (Burmese Ferret badger) денесінің ұзындығы 33-44 см, құйрығы 15-23 см, салмағы 1-3 кг. Бирма, Қытай, Вьетнам, Тайланд және т.б. жерлерде таралған. Тарақан, қоңыз және шегірткелермен қоректенеді. Өзін қорғау үшін және ортада еркін өмір суру үшін аналь безінің сөлін қолданады. Жүкітілігі 57-80 күнге созылады. 1-3 күшік әкеледі.

Кәмшат (Lutra Lutra) денесінің ұзындығы 55-95 см, құйрығы 26-55 см, салмағы 6-10 кг. Табандары қысқа, жүзу жарғақтары болады. Құйрығы бұлшық етті, үлпілдек емес. Оның тіршілік етуі жартылай суда өтеді, онда сүңгіп, қорегін табады. Орман өзендерінде, көлдерде, тоғандарда мекен етеді. Белсенділігі жыл бойы байқалады. Орта азия, Тянь-Шань, Жетісу Алатауында, Алтайда таралған. Қазақстанда оның екі: cолтүстік және ортаазиялық түрлері бар. Көбінесе балық, ұсақ кеміргіш және құстармен қоректенеді. Жүктілігі жасырын кезеңін қосқанда 270 күнге жетеді. Жүктілік кезеңі 63 күнді құрайды. Екі жылда бір ет күшіктейді де, ұясында 2-5 күшігі болады. Ортаазиялық кәмшат Қазақстанның Қызыл Кітабына тіркелген.

Ақкіс (Mustela erminea) аталығының дене ұзындығы 17-38 см, аналығында 6-12 см, салмағы 70-260 г. Солтүстік Америка, Греция, Турция, Қытай, Жапония, Ресей және Қазақстанда таралған. Қазақстанда 2: тоболь, фергандық түрлері кездеседі. Олар орманды дала, тайга, тундра аудандарын мекен етеді. Су жағасында орнығып, кеміргіш, жәндік және құрғақ шөптермен қоректенеді. Жыныстық жетілуі 2-3 айды құрады. Жүктілігі жасырын кезеңін қосқанда 8-9 айға созылады. Ұясында 3-тен 18-ге дейін күшіктері болады.

Гризон (Galictis vittata) денесінің ұзындығы 47,5-тен 55 см. дейін, құйрығының ұзындығы 13-тен 19 см. дейін, салмағы 1,5-нан 3,8 кг. дейін. Денесі сымбатты, аяқтары қысқа болады. Арқасының түсі сұрғылт-сұр, маңдайдан төменгі тұмсығының бөлімі, мойынының төменгі бөлімі және құрсағы қара түске боялған. Маңдайының ақ жолағы мойынының бүйірінен иығына дейін өтеді. Ол Мексика, Боливия, Аргентина және Бразилияда таралған. Тіршілік етуі, көбінесе күндіз, кейбір аумақтарда түнде өтеді. Ең жылы күндізгі сағаттарда жыртқыш, біршама демалады. Паналайтын жеріне шың құз жылғасы, ағаштың қуысы және тамыры, әрі сауытты аңнан қалған індер жатады. Ол көбінесе жерде, сирек ағаштарда болады. Жүктілігі 40 күнге созылады, бірден төртке дейін күшік туады.

Зорилла (Ictonyx striatus) денесінің ұзындығы 28,5-38,5 см. тең, құйрығы 20,5-30 см. Аналығының салмағы 566-880 г., аталығы - 681-1460 г. Африка, Сахара мен Нигерияда таралған. Саванна мен жазық жерлерде орын тебеді. Кеміргіш, жылан, құс жұмыртқаларымен қоректенеді. Түнгі уақытта өмір сүреді. Жауын көрсе, иісі жаман секрет бөледі. Жүктілік ұзақтылығы 36-37 күнге созылады, 1-ден 4-ке дейін күшік табады.

Илька (Martes pennanti) ірі сусардың бірі. Денесінің ұзындығы құйрығын қосқанда 72-120 см., салмағы 2-5 кг. Солтүстік Американың ормандарын мекен етеді, қылқанды орманда жүргенді ұнатады. Тышқан, тиін, құс және балықтармен қоректенеді. Олар ағашта өрмелейді, тәулік бойы белсенділік көрсетеді. Жүктілік мерзімі 11-12 айға созылады, оның 10 айы бойы ұрық дамымайды. Ұясында 5 күшікке дейін саналады. Тіршілік ету мерзімі 10 жылға жетеді.

Калан (Enhydra lutris) денесінің ұзындығы 120-150 см, салмағы 22-45 кг. құрайды. Қиыр Шығыс, Аляска және Калифорнияда таралған. Олар, көбінесе күндіз тіршілік етеді, көп уақытын суда өткізеді. Мұхит экологиясын сақтауда маңызды рөл атқарады, себебі теңіз кірпілері санын бақылайды. Шаян тәрізді теңіз жәндігі - краб, моллюск, теңіз кірпілерімен қоректенеді. Жыныстық жетілуі 3-5 жасында. Жүктілігі жасырын кезеңін қосқанда 7-8 айға созылады.

Колонок (Mustela sibirica) денесінің ұзындығы 28-30см, құйрығы 16,5 см жетеді. Гималай, Қытай, Жапония, Қиыр Шығыс және Оралда мекен етеді. Орман, елді мекенде орнығуды ұнатады. Кеміргіш, жәндік және өлекселермен қоректенеді. Жүктілігі 28-42 күнге созылады. Ұясында 4-тен 10-ға дейін күшіктері болады.

Балжегіш (Mellivora capensis) денесінің ұзындығы 77 см., құйрығы 25 см, салмағы 7-ден 13 кг дейін жетеді. Таралу аймағы Африка, Азия, Индия, Непал. Түрлі ауа – райы климат жағдайында, оның ішінде дала, орман және таулы жерде тіршілік етеді. Белсенділігі түнде болады. Қорек іздеп олар жерде жүреді, кейде ағаштарға, әсіресе балға жегкісі келгенде шығады. Кеміргіш, түлкі, жылан және жәндіктермен қоректенеді. 1-ден 2-ге дейін күшіктер туады. 26 жыл өмір сүреді. Қазақстанның қызыл кітабына енгізілген.

Европалық құндыз (Mustela Lutreola) денесінің ұзындығы 28-40 см., құйрығы 12-20 см, дене салмағы 550-800 г Европа, Ресей, Германия, Франция, Белоруссия, т.б. елдерде таралған. Бұлақ, өзен және көлдердің жағалаулары бойында қоныстанады. Ұсақ балық, кеміргіш, шаян, бақа және құстармен қоректенеді. Жүктілігі 42-46 күнге созылады. Аналығы 4-7 күшік әкеледі.

Шұбар күзен (Vormela peregusna Guldenstaedt) денесінің ұзындығы 29-38 см, құйрығы 15-22 см, дене салмағы 370-730 г. құрайды. Европа, Азия, Ресей, Қытай, Монғолия және Қазақстанда таралған. Қазақстанда 2 түрі: каспийлік, жетісулық түрлері кездеседі. Дала, шөл, таулы жер, өзен мен көлдер маңайларында қоныстанады. Жыл бойы белсенділігін көрсетеді. Саршұнақ, аламан және құстармен қоректенеді. Жүктілігі 11 айды құрады, онда жасырын кезеңді ажыратады. Ұясында 3-тен 5-ке дейін саналатын күшіктері болады. Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген.

Құну (Gulo gulo Linnaeus) денесінің ұзындығы 70-86 см, құйрығы 18-23 см., дене салмағы 9-18 кг құрайды. Америка, Батыс Европа, Сібір және Қазақстанда таралған. Қазақстанда тек бір ғана европалық түрі кездеседі. Жәндік, қоян, құс және өлекселермен қоректенеді. Екі жылда бір рет 2-ден 4-ке дейін күшіктер әкеледі.

Бұлғын (Martes zibellina Linnaeus) денесінің ұзындығы 56 см, құйрығы 20 см дейін болады. Терісінің боялуы құбылмалы, сондықтан оның аталуы да ерекше. «Басы» ең қарасы және қымбаты. «Үлбірі» өте ашық түске, құмды-сары немесе қуқыл-сарғылтқа боялған – ең арзаны. Аралық боялғаны: «жағалығы-воротовой» - қоңыр реңді арқасында қою белдігі, бүйірлері ақшыл келеді, тамағында үлкен ашық түсті дағы болады. Ресей, Жапония, Қазақстанның Алтай өңірлерінде кездеседі. Қазақстанда тек бір - Алтайлық түрі ғана кездеседі. Тышқан, тиін, жаңғақ және жемістермен қоректенеді. Жүктілігі 250-290 күнді құрады. 3-тен 6-ға дейін күшіктер әкеледі.

Сарғыш күзен-солонгой (Mustela altaica Pallas) аталығының ұзындығы 21-ден 28 см., аналығы 21см.-ден 26 см., құйрығы 10-нан 15 см. дейін болады. Корея, Индия және Ресейде кездеседі. Қазақстанда екі: түркістандық, алтайлық түрлері кездеседі. Ұсақ кеміргіш, жәндік қоректі, құстармен қоректенеді. Жүктілік ұзақтылығы 30-49 күнге созылады, аналығы жылына екі рет 2-ден 6-ға дейін күшіктер әкеледі.

Тайра (Eira barbara) дарағының дене ұзындығы 56-дан 68 см. дейін, бұл жануардың салмағы 4-тен 5 кг. дейін болады. Америка, Аргентина, Мексиканы мекендейді. Тұлғасы сымбатты, созылыңқы, аяқтары біршама қысқа. Қалың, қысқа түгі қою-қоңыр түске боялған, ондағы басы басқа денесіне қарағанда біраз ақшылдау, ал алқымында, көбінесе сары немесе ақ дағы орналасады. Ол көбінесе түңгі уақытта белсенді тіршілік етеді, ағашқа өрмелеп, бірталай жерден секіріп өтеді. Жүктілігі 70 күнге созылады. Ұясында екі күшіктен болады.

Харза (Martes flavigula) шыршалы, аралас орманды жерді тіршілік ететін ерекше жануардың бірі. Дене ұзындығы 55-80 см., құйрығы 35-44 см., дене салмағы 5,7 кг. құрайды. Индоқытай, Қытай, Гималай және Ресейде қоныстанады. Жүктілігі 120 күнге созылып, ұясында 2-5 күшігі болады.

Сасық күзен (Mustela eversmanni Lesson) денесінің ұзындығы 52-56 см, құйрығы 18 см, салмғы 2 кг дейін болады. Чехия, Югославия, Азия, Қиыр Шығыс және Қытайда кездеседі. Барлық аумақтарда таралған. Қазақстанда 2: петропавлдық, түркестандық түрлері бар. Түнде, іңірде тіршілік етеді. Белсенділігі күндіз де, түнде де, жалпы жыл бойы байқалады. Кеміргіш, ұсақ құс және өсімдіктермен қоректенеді. Жылына бір рет көбеюіп, 7-ден 14-ке дейін күшіктер әкеледі.