МЫСЫҚТАР ТҰҚЫМДАСЫ (Felidaе)


Тұқымдаста 2 тұқымдас тармақты ажыратады (үлкен, кіші мысықтар). Үлкен мысық тұқымдас тармағында 5 туыс (9 түр), ал кішісінде - 13 туыс (30 түр) ажыратылған. Мысық тектестер жыртқыштар ішіндегі ең ерекше жануарлар, өйткені олар азығын табу үшін жасырынып, аңдып, өте сирек ізіне түсіп, өз құрбанының етін жеуге бейімделген. Көлемі құбылмалы 34 см. 3,8 м. дейін, салмағы 1 кг-нан (тарғыл-жирен мысық) 300 кг. дейін (жолбарыс). Аяқтары саусақпен жүретіндерге жатады, алдыңғы аяқтары 5-саусақты, артқысы - 4-саусақты.

Түрлері

Атауы

Үлкен мысықтардын тұқым тармағы

Тауарыстан

Felis concolor

Сұрғылттау қабылан

Neofelis nebulosa

Пантера

Арыстан-Panthera leo

Жолбарыс- Panthera tigris

Қабылан -Panthera pardus

Ягуар-Panthera onca

Гепард

Acinonyx jubatus

Барыс

Uncia uncia Schreber

Кіші мысықтардын тұқым тармағы

Мысықтар

Орман мысығы-Felis silvestris

Дала мысығы- Felis lybica

Шағыл -Felis margarita

Қамыс мысығы - Felis chaus

Қарааяқты мысық- Felis nigripes

Қытайлық - Felis biet

Ириомот мысығы -Felis iriomotensis

Сабаншы

Сабаншы- Felis manul Pallas

Катопумалар

Темминка мысығы- Catopuma temminckii

Калимантан мысығы-Catopuma badia

Африкалық алтынның мысығы

Profelis aurata

Азиаляқ мысықтар

Бенгальді мысық-Prionailurus bengalensis

Балық аулағыш мысық - Prionailurus viverrinus

Суматрандық мысығы- Prionailurus planiceps

Теңбіл-сары мысық- Prionailurus rubiginosa

Қарақұлақ

Lynx caracal Schreber

Сервал

Leptailurus serval

Сілеусін

Қәдімгі сілеусін- Lynx lynx

Канадалық сілеусін- Lynx canadensis

Испандық сілеусін- Lynx pardinus

Қызғылт сары слеусін - Lynx rufus

Жолбарыс түрлі мысықтар

Оцелот- Leopardus pardalis

Онцилла- Leopardus tigrinus

Маргай американская кошка- Leopardus wiedii

Ягуарунди

Herpailurus yagouaroundi

Мәрмәр мысық

Pardofelis marmorata

Андтық мысық

Oreailurus jacobita

Азу тістері ұзын, иілген. Түбір тістерінің қатары қысқа, ұштары өткір, кесуге қабілетті болады. Олар жерүстінде тіршілік етеді, орман, шөл, саван және таулы жерлерде қоныстанады. Олардың ішінде өте жақсы жылдам жүгіретіндер де бар. Жануарлар етімен ғана қоректенеді. Жеке, немесе ұясымен, тек арыстандар ғана топ құрып, онда 20-ға одан да көп дарақтары болады. Бояулары сұршадан жирен-қоңырға дейін, көбінесе жолақтары, дақтары, секпілдері немесе әшекейлері болады. Сезім ағзаларының ішінде есту, көру мүшелері жақсы дамыса, иіс сезуі нашарлау келеді. Жүктілік ұзақтылығы 55-270 күнге, одан да көпке созылады. Күшіктері соқыр, дәрменсіз болып туады. 30 жыл өмір сүреді.

Орман мысығы (Felinae silvestris) кейде европалық немесе жабайы деп атайды. Сыртқы түрі кәдімгі сұр мысыққа ұқсайды. Дене ұзындығы 45-80 см., құйрығы 30-34 см., дене салмағы 3-8 кг. Ол Европа, Африка, Кіші Азия және Кавказда таралған. Олар аралас ойпат жер мен таулы орманда тіршілік етеді. Жүктілік ұзақтылығы 63-68 күнге созылады. Ұясында 3-тен 8-ге дейін мәулендер саналады. Көздері 9-11 күндерде ашылады.


Мысықтар тұқымдасы (Felidaе)

http://aby.at.ua/Stati/f.aurata.jpg

Африкалық алтынның мысығы

(Profelis aurata)

Felis margarita.jpg

Шағыл мысығы

(Felis margarita)

Cheetah Kruger.jpg

Гепард

(Acinonyx jubatus)

амурский лесной кот, дальневосточная лесная кошка, амурская кошка (Felis euptilura, Prionailurus euptilura), фото, фотография с http://adm.khv.ru/

Қиыр шығыстық мысық

(Felis bengalensis)

Длиннохвостая кошка (маргай, марги)

Ұзынқұйрықты мысық

(Felis wiedii)

Irbis4.JPG

Барыс

(Uncia uncia Schreber)

Felis-chaus-Sofia-Zoo-20120125-cropped.jpg

Қамыс мысығы

(Felis chaus)

Каракал (степная рысь)

Қарақұлақ

(Lynx caracal Schreber)

http://aby.at.ua/Stati/f.bieti.jpg

Қытайлық мысық

(Felis bieti)

HansomeLion 002.jpg

Арыстан

(Panthera leo)

Namibie Etosha Leopard 01edit.jpg

Қабылан

(Panthera pardus)

Дымчатый леопард

Сұрғылттау қабылан

(Neofelis nebulosa)

Felis silvestris silvestris.jpg

Орман мысығы

(Felis silvestris)

Манул (палласов кот)

Сабаншы

(Felis manul)

http://aby.at.ua/Stati/f.wiedii.jpg

Маргуай

(Felis wiedii)

Мраморная кошка

Мәрмәр мысық

(Pardofelis marmorata)

Lynx lynx2.jpg

Кәдімгі сілеусін

(Lynx lynx)

http://aby.at.ua/Stati/onzcylla.jpg

Онцилла

(Felis tigrina)

Puma face.jpg

Тауарыстан

(Puma concolor)

http://aby.at.ua/Stati/catfish.jpg

Балық аулағыш мысық

(Felis viverrinus)

Bobcat at Fort Worth Zoo.jpg

Сілеусін

(Lynx lynx Linnaeus)

http://aby.at.ua/Stati/serval.jpg

Сервал

(Leptailurus serval)

Тигр красивые фото животных

Жолбарыс

(Panthera tigris)

http://aby.at.ua/Stati/yaguarundy.jpg

Ягуарунди

(Herpailurus yagouaroundi)

Ocelot.jpg

Оцелот

(Felis pardalis)

Чёрная пантера красивые фото животных

Қара қабылан

(Panthera)

Junior-Jaguar-Belize-Zoo.jpg

Ягуар

(Panthera onca)

http://aby.at.ua/Stati/f.lybica.jpg

Дала мысығы

(Felis lybica)


Дала мысығы (Felinae Lybica) сыртқы түрі үй мысығына ұқсайды, бірақ одан біраз ірі, басқа түске боялған. Дене ұзындығы 63-70 см., сары сұр түсті құйрығы 23-33 см құрайды. Жалпы боялу реңі қысқы түгінде сұр-сары, арқасы мен бүйірлерінде қара дақтары тегіс шашылған. Құйрығында бірнеше қара сақиналары болады. Таралу аймағы Орта, Орталық Азия, Қытай, Армения, Орал сағасы, Қазақстан. Қазақстанда екі: ұзынқұйрықты, түркмендік түрі кездеседі. Олар қара сексеуіл өскіншелері бар құмды шөл төбелерінде, көлдің батпақты жазығында, бұталардың өскіншелерінде қоныстанады. Көбінесе ұсақ тышқан, ондатра, қосаяқ, т.б. қоректенеді. Жұптауы қаңтар-наурыз айларында өтеді. Ұясында 5-10 мәулендері болады.

Бархан мысығы (Felinae margarita) денесінің ұзындығы 65-90 см жуық, құйрығы 28-31 см, салмағы 2,3-3,4 кг. Табанының қалың түкпен тегіс жабылғаны, оның негізгі ерекшелігін көрсетеді. Таралу аймағы Морокко, Африка, Тәжікстан, Өзбекстан, Қазақстан. Ол Қызыл Кітапқа енгізілген. Баспаналарына түлкі, қарсақ, жайра-дикобраз, т.б. ескі індері жатады. Жүктілік ұзақтылығы 59-63 күнге созылады. Сәуір айында 2-5 мәулендері туады.

Қамыс мысығы (Felinae chaus) басқа мысықтардан ірі, ұзындығы 60-90 см., салмағы 8-ден 12 кг. дейін болады. Денесі айтарлықтай қысқа, аяқтары ұзын, құйрығы қысқа, құлағында аздаған шашағы болады. Қалың қамыс өскіншелерінде, өзен жағалауындағы ойпат жердің тікенекті бұталарында күнелтуге жақсы бейімделген. Жүктілік ұзақтылығы 66 күн. Мамыр айында 2-5 мәулен туады.

Манул (Felinae manul) мысығының көлемі үй мысықтарындай, аяқтары толық қысқа, жалпақ басты, құлағы домалақты, кішкене сақалды, өте жуан құйрықты болып келеді. Дене ұзындығы 52- 65 см., құйрығы 21-25 см., дене салмағы 2-ден 5 кг. дейін. Ол Азиядағы Иран, Монголия және Қытайда таралған, жылына бір рет көбейеді. Жүктілік ұзақтығы 60 күнге жуық созылады. Мәулендер сәуір-мамыр айларында туады, ұясында 2-6 мәулендер саналады, кейде одан да көп болуы мүмкін. Жыныстық жетілуі 10 айға жетерде басталады. Орташа тіршілік ету ұзақтығы 11-12 жыл. Қазақстан мен Ресей Қызыл Кітаптарына енгізілген.

Тауарыстан-пума немесе ягуар (Felinae concolor) 2 түр тармағын (флоридтік, шығыстық) ажыратады. Оның 2-де Қызыл Кітапқа енгізілген. Бұл ірі аң, ұзындығы 197 см., құйрығы 82 см., салмағы 105 кг дейін жетеді. Денесі өте ұзын, басы кішірек, аяқтары күшті, сымбатты, құйрығы ұзын. Үлбірі қалың, бірақ қысқа, үстінгі жағы сары-қоңыр түсті, астыңғы жағы ашық тіпті ап-пақ түске боялған. Тұмсығының ұшы ақ. Канада, Оңтүстік Америкада таралған. Таулы орманды мекендейді. Артқы табандары алдыңғыларынан көлемдірек келеді. Құйрығы ұзын, бұлшық етті, біркелкі төмен түсіп тұрады. Табандары жалпақ, өткір тырнақтары бар, артқы аяқтарында 4 саусақ болса, алдыңғысында 5-тен болады. Иілген тырнақтары олжаларын ұстап тұруға, әрі ағаштарға өрмелеу үшін қолданылады. Жүктілігі 90 күнге созылады. Ұясында 2-3 мәулендері болады.

Балық аулағыш-мысық (Felinae viverrina), оның негізгі қоректері балықтар. Дене ұзындығы 100-120 см., кіршең-сұр түктері тұлғасында қара теңбілдермен шұбарланған, маңдайы мен шүйдесінде ұзына бойы жолақтары болады.

Оцелот (Felinae padalis) мысық тектестер тұқымдасы ішіндегі көлемі жағынан ең кішкентайы. Дене ұзындығы 135-150 см., оның 30-40 см. құйрығына келеді. Бұл күшті, сымбатты аң, басы шомбал келеді. Түктері қара сақина тәрізді дағы бар қоңыр-сары түске боялған. Сақина ішіндегі үлбірі олардың айналасындағыларға қарағанда біршама қоңыр. Мойынында, иықтары маңайында дақтар жолақтарға ауысады, аяқтарында дақ - нүкте тәрізді болады. Құрсағы, иектері ақ түске боялған. Құлақтары, арт жағында ірі ақ нүктелері бар, қара түске боялған. Көбінесе Америкада таралған. Жүктілігі 70 күнге жуық созылады. Ұясында 2-4 мәулендер саналады.

Сұрғылттау ірбіс (Felinae nebulosa) ұсақ және орташа көлемді мысық арасында орын алады. Дене ұзындығы 62-106 см., құйрығы 60-90 см., салмағы 16-23 кг. құрайды. Оның денесі созылыңқы, икемді, аяқтары қысқа, қатты жалаңаш күсі бар табаны жалпақ, ол ағашқа өрмелеуге ыңғайлы. Қалың түктері сұрғылт немесе сары түсті, үлкен және енсіз таңбалары дөңгелек, сопақ суреттер Көбінесе Оңтүстік Азия, Қытай және Непалда таралған. Тропикалық орманды мекендейді. Жүктілік ұзақтығы 86-92 күнге созылады. Мәулендер ағаш қуыстарында туады, ұяда 2-5 мәулендер саналады.

Африкалық алтын түсті мысық (Felis aurata) Африканың қапырық жерінде қоныстайды. Бұл аңның дене құрылымы сымбатты, басы кішкентай болады. Орташа дене ұзындығы 75 см., құйрығы 40 см. Құс, ұсақ кеміргіш, ағаш даманы және ұсақ бөкенмен қоректенеді. Жүктілік мерзімі 75 күнге созылады. 1-2 мәулендер туады.

Қабылан-гепард (Acinonyx jubatus) көбінесе Африка елдерін, әрі Жакын Шығысты мекендейді. Оның басы кішкентай, көздері жоғары орналасады, құлағы дөңгелектенген кішірек келеді. Құмды-сары түске боялған, барлық денесінде ұсақ қара дақтар болады, тұмсығының жандары жұқа қара жолақты. Үлкендерінің салмағы 40-тан 65 кг. дейін, денесінің ұзындығы 115-тен 140 см. дейін, ал едеуір көлемді құйрығының ұзындығы 80 см. құрайды. Жүктілік мерзімі 85-95 - күнге созылады да, 2-ден 6-ға дейін мәулендер туады.

Қиыр Шығыс мысығы (Felis bengalensis), азиялық мысықтар ішіндегі ең кішісі, бірақ үй мысықтарынан біршама ірі, дене ұзындығы құйрығын қосқанда 90 см. жетеді. Аталығының салмағы 3-4 кг., аналығы - 2,5-3 кг. тартады. Түк жабылғысының бояуы сұр-сарыдан кір-қоңырға немесе жирен-қоңыр келеді. Денесінің бүйірлері, құрсағы арқасына қарағанда ақшыл болады. Денесіне сопақша қою-жирен дақ шашылған, олар анық немесе бұлдыр көрінеді. Азияның оңтүстік жартысындағы орманды мекендейді. Жүктілік ұзақтылығы 65-70 күнге созылады. Ұясында 4 мәуленнен саналады.

Ілбіс - барыс (Uncia uncial) денесінің жұқалығы, ұзындығы және икемділігімен, айтарлықтай қысқа аяқтарымен, кішкене басымен, өте ұзын құйрығымен ерекшеленеді. Денесінің ұзындығы құйрығын қосқанда 200-230 см. құрайды, салмағы 55 кг. дейін болады. Үлбірінің реңі ақшыл сарғылт-сұр түсті сақина тәрізді, тегіс қара дақтары бар. Афганистан, Қытай, Ресей, Гималай, Тянь-Шань, Алтай мекендейді. Тұяқты жануарлармен қоректенеді. Аналығы 2 жылда бір рет күшіктейді. Жүктілік ұзақтылығы 90-110 күнге созылады. Ұясында 2-3 мәулендері болады. Қазақстан, Ресей Қызыл Кітаптарына енгізілген.

Қарақал-қарақұлақ (Felis caracal) сыртқы түрі сілеусінді еске салады, бірақ көлемі кіші, сымбатты бір түсті боялған. Денесінің ұзындығы 65-82 см., құйрығы 25-30 см., шоқтығының биіктігі 45 см. жуық, салмағы 11-19 кг. Құлақтарының ұшы шашақты (5 см) болып келеді. Топырақта еркін жүруі үшін табандарында қатты қылдары болады. Үлбірі қысқа, қалың келеді. Африканың саваны, шөлді, тау бөктерінде, Азияда қоныстанады. Маңғыстауда түрікстандық түр кездеседі. Орманды, қамысты жерлерде тіршілік етеді. Жүктілігінен соң 78-81 күндері 3-4 мәулендер туады. Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген.

Арыстан (Panthera leo) ірі, қуатты аң. Денесінің ұзындығы 180-240 см., салмағы 180-227 кг. Арыстан ерекшелігі сол, оның да, қаншығының да, құйрықтарының ұштарында үлпілдек «шашақтары» болады. Оның қалың ұзындығы 40 см. түктерден түзілген үлкен жалы болады. Жал тек қана арыстандарда байқалады, бұл олардың басты айырмашылығы. Африка, Иран, Европа, Азия жерлерінде мекендейді. Арыстандар орманды қамысты жерлерде тіршілік етеді, бірақ кейде бұталы жерді немесе орманды мекендейді. Олар жеке жүрмейді, көбінесе үйірімен топ құрып жүреді. Орташа жүктілік ұзақтығы 110 күн, одан соң қаншығы бірден төртке дейін күшіктерін туады.

Маргуай (Felis wiedii) денесінің ұзындығы 60-80 см. жуық, құйрығы- 40 см., салмағы 4-тен 8 кг. дейін. Көбінесе Мексика, Америка, Аргентинаны мекендейді. Жеке, түнде тіршілік етеді. Кеміргіш, құс, ұсақ маймылдармен қоректенеді. Ұзын құйрықты мысық ағашта жақсы өрмелейді, көбінесе уақытын ағаш бұтақтарында өткізеді. Жүктілік мерзімі 84 күнге созылып, бір күшіктегенде 1-2 күшіктен береді. Сұр түске боялған, бірақ туғанда қара дақтары болады. Мысықтың жыныстық жетілуі 2 жасында басталады.

Мәрмәр мысығы (Felis marmorata) денесінің ұзындығы 50 см. құйрығын қоспағанда, 55 см. жуық. Түгінің өрнегі ірбісті еске салады, сары фонда ірі қара, бірдей емес бұлыңғыр дақтар көрінеді, олардың ішкі бөлімі жиектеріне қарағанда ақшыл болады. Олар Азияның оңтүстік-шығысын, Гималай шығысын, Суматра мен Борнеоны мекендейді. Олардың нақты мекен ортасы тропика орманы жатады.

Кәдімгі сілеусін (Lynx lynx) денесінің ұзындығы 80-130 см., шоқтығы 70 см. Әдетте ол көлемі жағынан ірі иттей болады. Үлкен аталығының дене салмағы 18-ден 25 кг. дейін, өте сирек 30 кг. болуы мүмкін. Аналықтарының орташа салмағы 18 кг. құрайды. Тұлғасы, барлық сілеусіндердей қысқа, тығыз келеді. Құлақтарында ұзын шашақтары болады. Құйрықтары қысқа, шабылған ұшымен (20-40 см). Басы кіші дөңгелектей. Тұмсықтарының жандарында ұзын қылдары жақ сақалын "бакенбард" құрады. Тұмсығы қысқа, көздері үлкен, қарашығы тік түскен. Үлбірінің теңдесі жоқ, өте қалың, биік, жібек тәрізді. Әсіресе, ең ұзын түгі құрсағында болады. Ол таза ақ, сирек орналасқан секпілдері болады. Аяқтары ірі, қыста жақсы иіледі, сондықтан ол қарға батпай жүре алады. Қазақстанда үш: европалық, түркістандық, алтайлық түрлері кездеседі. Көбінесе, ол Ресей, Эстония, Финляндия, Швеция, Польша, Чехия, Литва және Украинда мекендейді. Бір күнде 30 км. жүріп өтеді. Негізгі рационын қоян, құс, кеміргіш және ұсақ тұяқтылар құрады. Жүктілік ұзақтылығы 63-70 күнге созылады. Ұясында әдетте 2-3 күшіктері болады. Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген.

Онцилла (Felis tigrina) Бразилия мен Американы мекендейді. Өте ірі аталығының салмағы 2,8-3 кг., дене ұзындығы 65 см. құрайды. Үлбірі жұмсақ, қысқа келеді. Үлбірінің түсі сары я қызыл қошқыл, құрсағы мен төсі ақшыл, тұмсығының ақшыл белгісі бар. Арқасы мен бүйірлерінің суреті сақина тәрізді, дұрыс формалы емес, ұзына бойы қатарда орналасқан қою дақтардан тұрады. Онцилла - әлі зерттелмеген түр. Мүмкін ол жеке тіршілік ететін болар, белсенділігі түнде байқалады. Аналығының жүктілігі 74-78 күнге созылады. Ұясында 1-2 мәулендер болады.

Жолбарыс (Panthera tigris) аталықтарының дене ұзындығы 2,3-2,5 м., кейде құйрықсыз 2,6-2,8 м. жетеді, салмағы 275 кг., кейде ол 300- 320 кг. тартады. Ал, амур түр тармағы, ең ұзыны 317 см., ол құйрығын қосқанда 420 см. болады. Денесі шомбал, бұлшық етті, икемді келеді. Денесінің алдыңғы бөлімі артқысына қарағанда күшті дамыған, шоқтығы сегізкөзге қарағанда биік. Құйрығы ұзын, біркелкі төмен түскен. Алдыңғы аяқтарында 5, артқысында төрт саусағы, барлығында иілген тырнақтары болады. Оның негізгі реңі тотық-қызыл түстіден тотық-қоңырға дейін, құрсағы, төсі, аяқтарының ішкі беттері ақшыл болады. Ол Қиыр Шығыс, Қытай, Индия, Иран, Афганистан т.б. жерлерде таралған. Қазіргі кезде олар 14 мемлекеттің аумақтарында сақталған. Көптеген аналықтары алғаш ұрпақтарын 3-4-жастарында әкеледі. Қаншығы 2-3 жылда бір рет туады. Жүктілік ұзақтығы 97-112 күнге (орташа 103 күн) созылады.

Қара аяқты мысық (Felis nigripes) заманауи мысықтар ішіндегі ең азы. Дене салмағы 1,6 кг., денесінің ұзындығы 36-52 см., құйрығы 13-20 см. Африканың оңтүстік бөлімінде шөлді жерлерінде қоныстанады. Түсі құмды-сары қара дақтары болады. Олар қоян немесе жарғақ қанатты жәндіктер індерін пайдаланады.