№5, №6 практикалық сабақ


4 тақырып. Си тілінің жалпы сипаттамасы. Си программалау жүйесіне кіріспе.

Сабақтың мақсаты:

1. Си тілінің алфавитімен танысу.

2. Түсініктермен танысу:

· идентификатор;

· айнымалылар және константалар;

· берілгендер типі;

· препроцессор директивалары.

3. Си тілінің берілгендерінің стандартты типтерімен танысу.

4. Берілгендер типін анықтауды үйрену.

5. Си тіліндегі программаның құрылымымен танысу.

6. Си программалау жүйесі ортасында жұмыс істеуге үйрену .

Практикалық сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар

1. Си тілінің алфавитіне қандай символдар кіреді?

2. Идентификатор деген не? Идентификаторларды рәсімдеудің қандай ережелері бар?

3. Константа деген не?

4. Айнымалылар деген не?

5. Си тілінде берілгендерінің қандай стандартты типтері бар?

6. Препроцессор директивасы деген не? Препроцессордың қандай директивасы бар ?

7. Си тіліндегі программаның құрылымы қандай?

8. Си программалау жүйесінің файылдарының құрамы қандай?

Сабақтың жүруі:

1. Сабақ тақырыбы бойынша теориялық сұрақтарды қарастыру.

Сабақ тақырыбы бойынша практикалық тапсырмаларды орындау.