№9, №10 практикалық сабақ


6 тақырып. Шартты және шартсыз өту операторлары

Сабақтың мақсаты:

1. Түсініктермен танысу:

· құрама оператор;

· белгі.

2. Операторларды қолданудың жазу форматымен және ережесін тағайындаумен танысу:

· goto

· if…then…else…

· таңдау операторы

3. тармақталған құрылымдағы программаны құруды үйрену.

Практикалық сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар

1. тармақталған алгоритм деген не?

2. Белгі деген не?

3. goto шартсыз өту операторының тағайындалуы және жазылу форматы қандай?

4. if шартты өту операторының тағайындалуы және жазылу форматы қандай?

5. Қысқа формада жазылған шартты өту операторы қалай жұмыс істейді?

6. Толық формада жазылған шартты өту операторы қалай жұмыс істейді?

7. Қарапайым оператор деген не?

8. Құрама оператор деген не? Құрама оператор не үшін қолданылады?

9. Таңдау операторының тағайындалуы және жазылу форматы қандай?

Сабақтың жүруі:

1. Сабақ тақырыбы бойынша теориялық сұрақтарды қарастыру.

2. Сабақ тақырыбы бойынша практикалық тапсырмаларды орындау.

СОӨЖ, СӨЖ сұрақтары

1. Кездейсоқ өлшем түсінігі.

Кездейсоқ өлшеммен жұмыс істеуге арналған процедуралар мен функциялар.