Периодтық жүйенің s- элементтері


ІА элементтерінің жалпы сипаттамалары. Элементтердің физикалық және химиялық қасиеттері. Оксидтері, гидроксидтері, алынуы, қасиеттері

I топтағы IA және IВ топша элементтерінің бір-бірінен химиялық қасиеттерінде айырмашылықтар үлкен. IA топшадағы Li элементі қалған сілтілік металдардан бөлектeу. Ол Mg-мен диагоналдық ұқсастықта (Диагоналдық ұқсастық Na мен Ca арасында да бар).

Э−1е-→Э+

J (иондану энергиясы), эВ:

5,39Li; 5,14Na; 4,34 K; 4,18 Rb; 3,89Cs.

3Li )2 )1 1s22s12p, p-орбиталда электрондар жоқ, соңдықтан басқа IA топша элементтерінен айырмашылықта. Бұл элементтердің тотығу дәрежелері +1. Тек Li ғана комплекс түзгіш қасиет көрсетеді. Осы қасиеті бойынша оның электродтық потенциалы -3,02в екендігі түсіндіріледі, яғни литийдің аква қосылысы [Li(H2O)4]+ өте берік. Li+ − литий катионы гидратациясының энтальпиясы жоғары (ΔН0298= −468,6кДж/моль). Оттегімен тотыққанда тек литий Li2О түзеді, ал қалған I A топша металдары пероксидтер, супероксидтер түзеді. Ауада тотыққанда тек литий оксидімен қатар, нитридін де (Li3N) түзеді. Тек литийдің ғана фториді, карбонаты, фосфаты суда нашар ериді. Тек Li магний сияқты литийорганикалық қосылыс түзеді.

Кездесуі, алынуы. Жер қыртысында литий мөлшері 3,4х 10-3%, көптеген минералдарда, көмірде, теңіз суында, тірі ағзалар мен өсімдік құрамында кездеседі. Өңдірістік минералы LiAl[Si2O6]- полисиликат, сподумен.

Аса таза литийді балқымасының электролизінен алады:

LiCl балқыма эл-з Li+СІ2. Сонымен бірге оны сподуменнен немесе оксидінен АІ (Si) тотықсыздандырғыштарын қолданып алады.

Физикалық және химиялық қасиеттері: ақ жылтыр металл, ауада Li2О мен Li3N қабаттарымен жабылып тұрады, сұр түсті болады. Ең жеңіл металл, жұмсақ, иілгіш, 00С температурада ρ=0, 54 г/см3. I A металдары ішіндегі қайнау және балқу температурасы ең жоғары: 13270С және 180,50С. Химиялық активтігі IA металлдар ішіндегі ең төмені, себебі 2s1 электроны ядроға жақын, соңдықтан берік байланысқан. Литийдің суда еру реакциясы

2Li + 2H2O→2LiOH+H2 баяу жүреді. Литий ауада жанғанда

Li + O2(N2)→бөлмеt0 Li2O,Li3N оксидпен қатар нитрид түзіледі.Температура 2000C – ден жоғары болса, жанады. Галогендермен, сутегімен, күкіртпен бөлме температурасында әрекеттесіп, стехиометриялық қосылыстар түзеді:

Li +Г2→ LiГ; Li + H2,S → LiH2, Li2S.

Қосылыстары: Li2O оксидте ионды байланыс, ол негіздік оксид. Литий оксиді суда жақсы ериді, қышқылдармен әрекеттеседі:

Li2O+қышқыл→ тұз +су; Li2O+ H2O→ 2LiOH; Li2O + қышқылдық оксидтер → тұз түзіледі, мысалы Li2O+СО2 → Li2СО3;

Карбонатын, нитратын (құрғақ сутегі қатысында), гидроксидін айырып, литий оксидін алуға болады: Li2СО3 → Li2O+СО2;

2LiNO3Н2газ Li2O+ 2NH3+H2O; LiOH – түссіз кристалл зат, күшті негіз, басқа IA металдарының гидроксидтерінен айырмашылығы ол 6000С-та айрылады, (қалған гидроксидтер берік): 2LiOH→ Li2O+H2O; IB топша элементтерінің ЭОН гидроксидтеріне ұқсас: CuOH→ t0 Cu2O+H2O; AgOH→ t0 Ag2O+ H2O;

LiOH-ты литий хлориді ерітіндісін электролиздеп алады:

2H2O + 2LiCl(ерітінді)→эл-з 2LiOH + H2 + Cl2;

Галогенидтер LiF→ LiCl→LiBr→LiJ. Балқу температуралары (Тб) осы қатар бойынша → азаяды, олай болса, химиялық байланыс беріктігі де азаяды. LiF –дың Тб(8700С) жоғарылығы энтальпиясының жоғарылылығынан

ΔН(-612кДж/моль) және электртерістігінің(ЭТF) мәнінің үлкендігінің және атомдарының мөлшерлерінің (өлшемінің) кішілігінің әсері. LiF суда аз ериді, кристаллогидрат түзбейді, қалғандары (МҒ) суда ериді, көптеген кристаллогидраттар түзеді.

2Li+H2балқытып 2LiH; 2LiH+2H2O → H2 + 2LiOH

6Li+N2 t0 2Li3N LiH+ O2 → Li2O + H2O

2Li+2C→ t0 Li2C2 Li3N +3H2O ↔ 3LiOH + NH3, гидролиз

2Li+S t0 Li2S Li2S+ H2O ↔ LiOH + LiHS, гидролиз

3Li+P→ t0 Li3P Li3P+ H2O ↔ 3 LiOH + PH3, гидролиз

Тұздары: 2LiNO3→ Li2O+ 2NО2+1/2O2, ал басқа сілтілік металдар нитраттары былай айрылады: 2МеNO3→2MeNO2+O2.

Li2СО3 – суда ерімейді, басқа ІА металдардың карбонаттары Ме2СО3 – ериді.

Қолданылуы: 63Li +10n=31H + 42He – тек осы реакция арқылы тритий алынады.

LiOH- сілтілік аккумуляторларда қолданылады. LiF-оптикалық құралдарда қолданылады.

Сілтілік металдар

Кездесуі. Жер қыртысында Na-2,64%; K-2,6%; Rb-1,5х10-2%; Cs-3,7х10-4% кездеседі. Активтіктері жоғары, себебі радиустары үлкен, иондану энергиялары аз. Na, K-силикат минералдарының құрамына кіреді. NaCl – тас тұз, Na2SO4×10H2O – мирабилит. KCl×NaCl – сильвинит; KCl×MgCl2×6H2O – карналлит.

Алу: Бұл элементтерді хлоридтерінің балқымасын электролиздеп алады: 2MeClбалқыма эл-з Cl2+2Me. Рубидий мен цезийді көбінесе хлоридтерінен кальциймен вакуум-термиялық тотықсыздандырып алады:

Rb(CsCl)+Ca→ CaCl2+Rb(Cs).

Физикалық және химиялық қасиеттері: Сілтілік металдардың булары түсті: Na – сары, К – күлгін, Rb – қызыл, Cs – көгілдір. ρ(Rb)~1,52г/см3; ρ(Cs)~1,89г/см3; ρ(Na)~0,97г/см3; ρ(K)~0,86 г/см3, яғни жеңіл металдар.

Ме + ауа → Na2O, K2O оксидтер түзсе, Rb2O2, Cs2O2 пероксидтер түзеді, литий сияқты нитридтер түзбейді.

ІА топша металдарының суда еруі: Na+ H2O→ бұрқылдап жүреді;

K+ H2O→ қопарылыспен жүрсе, Rb,Cs + H2O→ жанады. Гидроксидтері түзіледі. Na, K керосин астында; Rb,Cs - вакуумдалған ампулада сақталады. Оттегіде жанады: Ме+ O2 → Na2O2; қалғандары МеO2 – надпероксидтер түзеді. Галогендермен, күкіртпен, сутегімен стехиометриялық қосылыстар түзеді: Ме+Г2, S,Н2 → МеГ, Ме2S, МеН.

Қосылыстары: 2О→ t0 4Э+О2; Э2О2 t0 айрылмайды. Э2О2 +2Э→2Э2О Э2О+Н2О→2ЭОН, кристалдар, суда жақсы ериді.

2О+2МеCl2 эл-з 2MeOH + Cl2 + H2; MeOH - ең күшті негіздер-сілтілер.

МеГ- ең ионды қосылыстар. 2Me+Н2→2MeН – гидридтер, күшті тотықсыздандырғыштар, суда ериді: 2МеН + 2H2O → 2MeOH + H2 ;

2Me+S → Me2S, суда гидролизге ұшырайды: Me2S+Н2О ↔ MeНS + MеOН. Ауада натрий сульфидтері тиосульфидтерге дейін тотығады:

2Na2S+2О2 2О = Na2S2O3+2NaOH. Сілтілік металдар полисульфидтер де түзеді: 2Me+2S→ Me2S2 – полисульфидтер. Нитридтер тек азот атмосферасында электр разряды әсерімен түзіледі: 6Me+N2 t0 2Me3N, олар суда гидролизге ұшырайды: Me3N+3Н2О ↔3MеOН+NH3; Фосформен әрекеттесіп, фосфидтер түзеді: Me+P→Me3P;

Тұздары: MeNO3, Me2CO3, Me2SO4 табиғатта кездеседі, Na2CO3 – химия өңдірісінің негізгі қосылысы, оны аммиакты әдіспен алады:

NaCl (конц. ерітінді) + NH3(газ)+CO2+H2O → NaHCO3+NH4Cl, гидрокарбонатты қақтап, карбонат алады:2NaHCO3→Na2CO3+CO2+H2O; K2CO3-поташ, табиғи КСІ-дан және өсімдік жапырақтарының күлінен алады.

Қолданылуы: Rb,Cs – фотоэлементтерде қолданады. Na2CO3 – шыны өңдірісінде. NaHCO3 – тамақ өңдірісінде, медицинада. NaNO3 – тыңайтқыш ретінде, тамақ өңдірісінде. NaCl – тамақ өңдірісінде және Na2CO3 алуға, KNO3 – тыңайтқыш (калий, азот), оқ-дәрі алуға; 2Na2O2 (K2O2)+2CO2=2Э2СО32 реакциясы арқылы регенерация арқылы О2 (су асты қайықтарда, ұшатын аппаратураларда оттегіні осылай алады) алынады.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

1. ІА элементтерінің жалпы сипаттамалары.

2. Литийдің басқа сілтілік металдардан айырмашылығын көрсететін теңдеулер.

3. ІА элементтері қосылыстарының табиғатта кездесуі, элементтерді алу, олардың қасиеттері.

4. Оксидтері, гидроксидтері, алу, қасиеттері, қолданылуы.

5. Тұздары, алу, қасиеттері, тұздарының гидролиз теңдеулері.

IIA топша элементтері. Жалпы сипаттамалары. Бериллий қосылыстарының қасиеттері, оксидтері, гидроксидтері. Сілтілік-жер металдары, қасиеттері, алу, қолданылуы

Периодтық жүйенің екінші тобының негізгі топша элементттерінің сыртқы электрондық конфигурациясы ns2.

4Ве )2 )2 1s22s22p химиялық реакция кезінде оның 2s2 орбитасындағы бір электрон 2p орбитасына промотталады (электронның басқа орбитаға өтуі) сонда максимал коваленттілік – IV болады: 2 байланыс алмасу механизмі бойынша, 2 байланыс донорлы-акцепторлық механизм бойынша түзіледі.

Be → Al диагоналдық ұқсастық бар.

Кездесуі: Бeриллий жер қойнауында аз, оның минералдары BeО×Al2О3 – хризоберилл. Be3Al2(Si6O18) – берилл.

Алынуы: 1.Табиғи қосылыстарынан BeF2 не BeCl2 алынады да магнийтермиялық жолмен ығыстырады: BeF2 + Mg → Be + MgCl2 .

2.Балқымасынан BeCl2 (балқу температурасын төмендету үшін NaCl қосады) → электролиз Be+ Cl2.

Физикалық және химиялық қасиеттері: Be – диамагнитті, себебі 2s2 жұп электроны бар. Be беті (Al сияқты) оксид қабатымен жабылып тұрады.

Берилий мен алюминийдің стандартты электродтық потенциалдары 0Ве2+/Ве= -1,7В болса, Е0Al3+/Al= -1,67В) өте жақын, сондықтан қасиеттері ұқсас: Be, Al – амфотерлі элементтер. Be+Н+ (ОН-) → қышқылдармен де, сілтілермен де әрекеттеседі: Be + 2НСІ → ВеСІ2 + Н2;

Ве + 2NaOH +2H2O → Na2Be(OH)4 + H2.

Be+Г2 → ВеГ2 галогенидтер, реакция қыздыру нәтижесінде жүреді;

2Be+О2 → 2ВеО оттегіде жанады;

Жоғарғы температурада азотпен, күкіртпен әрекеттеседі: 3Be + N2 → Be3N2;

Be + S → BeS түзіледі.

Қосылыстары: Берилий оксиді (BeO): бериллийдің гидроксиді, сульфаты, нитраты, негіздік карбонаты термиялық айрылу кезінде пайда болады.

Be(OH)2 → ВеО + Н2О;

Be(NO3)2 → ВеО + 2NO2 + 1/2O2;

(BeOH)2CO3→ 2BeO + H2O + CO2. ВеО – суда ерімейді, сутегімен тотықсызданбайды, амфотерлі, қышқылдармен де, сілтілермен де әрекеттеседі. Be(OH)2 суда ерімейді, амфотерлі, сілтілермен, қышқылдармен әрекеттесіп комплекс қосылыстар түзеді: Be(OH)2↓+2NaOH→Na2[Be(OH)4]; Be(OH)2↓+2HCl→ [Be(H2O)2]Cl2 аквақосылыс;

Be(OH)2 – негіздік қасиеті жоғарырақ.

Галогенидтері: BeГ2: BeF2, BeCI2 суда ериді, гидролизге ұшырайды. Нитраты, сульфаты кристаллогидраттар түзеді.

Қолданылуы: Be – атомдық техникада, авиацияда, ракета техникасында, құймалар алуда қолданылады.

12Mg )2 )8 )2 …3s23p, иондану энергиясы бериллийге қарағанда аз, сондықтан Mg қосылыс түзгіш, тірі организмде, мысалы, хлорофилл құрамында болады.

Кездесуі және алынуы: Силикаттар, хлоридтер, карбонаттар, сульфаттар түрінде кездеседі. MgCl2,балқыма электролиз Mg + Cl2 және доломиттен карботермиялық әдіспен алады. Қосылыстары: MgCO3 – магнезит; CaCO3×MgCO3 – доломит; KCl×MgCl2×6H2O карналлит.

Физикалық және химиялық қасиеттері: Mg – парамагнитті, активті металл. Mg+H2O → суық жағдайда жүрмейді; Mg + H2O → t0 Mg(ОН)2 + Н2. Минералды қышқылдарда ериді, HF-да ерімейді.

Mg + Н+ → Mg2+ + ..., Mg+HF → жүрмейді. Сілтілерде ерімейді:

Mg + OH- → жүрмейді. Магний ауада жанғанда оксид пен нитрид қоспасын береді; галогендермен, халькогендермен, пниктогендермен қыздырғанда қосылыстар береді: Mg + ауа → t0 MgO + Mg3N2;

Mg+Cl2 t0 MgCI2; Mg+S→ t0 MgS.

3Mg+N2 t0 Mg3N2. MgO Тб=28500C; магний оксиді сілтілерде ерімейді. Ауада сақтағанда біртіндеп Mg(OH)2+MgCO3 қоспаларына айналады.

Mg(ОН)2 суда, сілтілерде ерімейді, күші орташа негіз. MgF2-ден басқа галогенидтері суда жақсы ериді. MgSO4.7H2O; сілтілік металлдармен қос тұз түзеді: Ме2SO4 ×MgSO4×6H2O.

Қолданылуы: Ti, Zr, V, U металдарын алу үшін Mg-термия арқылы; Магнийге Al, Zn, Mn қосылған «электрон» деген балқымасы ең жеңіл конструкционды материал, берік, ракета, авиация, автомобиль құрылысында колданылады.

Сілтілік-жер металлдар

20 Ca )2 )8 )8 )2 …3s23p63d4s2

56Ba )2 )8 )18 )18 )8 )2 …5s25p65d6s2

38Sr )2 )8 )18 )8 )2 …4s24p64d5s2

IA металдары және Ca, Ba, Sr қасиеттері ұқсас, қосылыстарының қасиеттері де ұқсас. Са – жер қыртысында таралуы бойынша 5-ші орында: O2, Si, Al, Fe, Ca . CaCO3 – кальцит, мәрмәр, ізбес. SrSO4- целестин. BaSO4 – ауыр шпат.

Жалпы алу әдісі: 3МеO+ 2Al→ Al2O3+ 3Ме (алюмотермия). Сонымен бірге кальцийді электролиз арқылы да алады: CaCl2 балқыма ® Ca + Cl2. Физикалық және химиялық қасиеттері : Ақ, жылтыр металдар, электр тоғын жақсы өткізеді. Судан және қышқылдардан сутегіні бөліп, әрекеттеседі: Me+H2O,H+ → Ме(ОН)2 + Н2; Бөлме температурасында оттегімен, галогендермен әрекеттеседі: Me + O22→ МеО,МеГ2; Азотпен, халькогендермен, сутегімен қыздырғанда әрекеттеседі:

Ме + N2, S, H2 t0 нитридтер, сульфидтер, гидридтер түзіледі.

МеO: Оксидтерін карбонаттар мен нитраттарды айырып алады.

MeCO3 t0 МеO + CO2; Ме(NO3)2 → МеO+2NO2+1/2O2; Олар сумен әрекеттесіп, гидроксидтерін түзеді: МеO+ H2O→ Ме(OH)2 +Q.

Ме(OH)2 – күшті негіздер-сілтілер. Ca(OH)2→Sr(OH)2→Ba(OH)2 қатары бойынша ерігіштіктері, негіздік қасиеттері артады. Бұл металдар оттегімен әрекеттесіп: Me + O2 t0 MeO2 пероксидтер де түзеді, ал Be, Mg - пероксид түзбейді.

MeO2 – пероксидтері күшті тотықтырғыштар.

MeF2 суда ерімейді, қалған галогенидтері (MeГ2) суда жақсы ериді. Гидридтері Me+H2→ MeH2 – тотықсыздандырғыш,

MeH2+2H2O→ Ме(OH)2 +2H2, сутегіні алу үшін қолданады;

Сульфидтерін өзара екі элементті әрекеттестіріп немесе сульфаттарын тотықсыздандырып алады: Me+S → MeS; CaSO4+2C→CaS+2CO2.

Сульфидтері суда еріп, гидролизге ұшырайды:

2MeS+2H2O↔Me(HS)2 + Me(OH)2. Көміртекпен әрекеттесіп, карбидтері түзіледі: CaO+3C→ CaC2+CO.

CaSO4 → SrSO4 → BaSO4 ерігіштігі азаяды. Тұздары кристаллогидраттар түзгіш: CaSO4 ×2H2O – гипс; Ca(NO3)2×4H2O; Si(NO3)2×4H2O;

Mg2+, Ca2+ тұздары суды «кермектейді».

Уақытша кермектік: Ca(HCO3)2, Mg(HCO3)2 қатысында болады. Суды қайнатқанда олар айрылады, карбонат тұнбаға түседі:

Mg(HCO3)2 t0 МеСО3 ¯ + Н2О + СО2;

Тұрақты кермектік: CaSO4, CaCl2, MgSO4, тұздары әсерінен болады, оны кетіру үшін соды қосады: MgCl2+Na2CO3 → MgCO3¯ + 2NaCI;

Қолданылуы: Ca-термия әдісі арқылы d-металдарын, ванадийді, лантаноидтарды алады. Мына реакция арқылы ацетиленді алады: CaC2+H2O→Ca(OH)2+C2H2

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

1. ІІА топша элементтерінің табиғатта кездесетін қосылыстары;

2. Металдарды алу, қасиеттері, қолданылуы;

3. Қосылыстары, қасиеттері;

4. Кермек су және судың кермектігін жою;

5. ІІА топша элементтерінің химиялық қасиеттерін салыстыру.

Практикалық сабақта және білім алушының оқытушы басшылығымен орындайтын (БОӨЖ) есептер мен жаттығулар

1. Периодтық жүйенің І тобының s-элементтерінің қайсысы жай зат күйінде газ болады? Осы топтағы элементтерден оның айырмашылығы және оларға ұқсастығы қалай көрінеді?

2. Сутегінің изотоптарын айтып, ядро құрылысындағы айырмашылықты көрсетіңдер.

3. Сутегінің физикалық және химиялық қасиеттеріне қысқаша сипаттама беру керек. Зертханада және өндірісте оны қалай алады? Теңдеулерін жазу керек. Сыртқы және ішкі сутектік байланыс түзілетін қосылыстарға мысалдар келтіру керек. Ол байланыстардың заттардың қасиеттеріне әсері.

4. Сутегі атомының құрылысына байланысты: а) бола алатын валенттілік күйін және тотығу дәрежелерін көрсету керек; б)Н2 молекуласының құрылысын ВБ (валенттілік байланыс) және МО (молекулалық орбиталдар) теориялары тұрғысынан көрсету керек; в) Н3 молекуласының түзілмейтіндігін түсіндіру керек.

5. Мына заттардың сулы ерітінділерін H2SO4, K2SO4, CuSO4, NaOH қолданып электролиз арқылы сутегін алуға бола ма?

6. Металдар гидридтерін қалай алады: а) кальций гидридін алу; б) оның сумен әрекеттесуі.

7. Н2О2 молекуласын оттегі мен сутегін өзара әрекеттестіріп алуға бола ма? Бұл молекуланың құрылысы қандай және неге полярлы? Н2О2 молекуласының айрылу реакциясын жазып, тотығу-тотықсыздану реакцияларының қай типіне жататынын көрсету керек.

8. 150 г Н2О2 ерітіндісіне біраз марганец диоксиді катализаторы қатысында бөлінген оттегі көлемі қ.ж. 0,001м3 болған, алғашқы ерітіндідегі пероксидтің массалық үлесі қанша екенін есептеу керек. Жауабы: 2,02%.

9. Сілтілік металдардың реттік номерлері өсуіне байланысты атомдардың радиустары және иондану потенциалдары қалай өзгереді? Периодтық жүйеде және металдардың кернеу қатарында сілтілік металдардың орналасуындағы әр түрлілікті қалай түсіндіруге болады?

10. Сілтілік металдар қосылыстарының ерігіштігі қандай және литий, натрий, калийдің аз еритін қосылыстарын атау керек. Ауада жанғанда сілтілік металдар қандай оттекті қосылыстар түзеді ? Натрий, калий, рубидий және цезийдің қалыпты оксидтерін қалай алуға болады?

11. 10-пайыз қоспасы бар 1т натрий хлоридінің электролизі кезінде қанша масса натрий гидроксиді түзіледі? Тоқ бойынша шығым 90 пайызды құрайды. Жауабы: 554кг.

12. Na2O2 көмір қышқыл газымен қалай әрекеттеседі және бұл реакция қай жерде қолданылады? Na2O2 мен H2O әрекеттескен соң, ерітіндінің жалпы көлемі 750мл болды, осы ерітіндінің 10мл-і 15мл 0,2н HCl ерітіндісін бейтараптауға жұмсалдады, сонда неше грамм Na2O2 сумен реакцияға түскендігін есептеу керек. Жауабы: 8,77г.

13. Қыздырылған литий арқылы а) суды; б) азотты өткізгенде қандай қосылыстар түзіледі және олар сумен қалай әрекеттеседі? Реакциялар теңдеулерін жазу керек. Эфир ерітіндісінде литий гидриді AlCl3 тұзымен әрекеттесіп Li[AlH4] түзеді, оның сумен және HCl-мен реакция теңдеулерін жазу керек.

14. NaCl eрітіндісін 6 сағат 1000А ток көзінде электролизге түсіргенде 70л 10,6%-дық NaOH (r = 1,12) ерітіндісі түзілген болса, тоқтың пайдалы әсер коэффициентін есептеу керек. Жауабы: 92,8%

15. Жоғары температурада натрий сульфатын көмір және ізбеспен қақтап соды алу процесінің теңдеуін жазу керек. Көмір мен ізбес функциясын көрсету керек.

16. NH4Cl мен Na2CO3 не K2CO3 тұздарының сулы ерітінділері арасында қандай тепе-теңдік түзіледі? Бұл ерітіндіні қыздырғанда тепе-теңдік қай бағытқа ығысады? Реакцияның қосынды теңдеуін жазу керек.

17. KCl мен NaCl қоспасы 0,1225г, одан 0,2850г AgCl тұнбасы алынған болса, қоспалардағы KCl және NaCl тұздарының массалық үлесін (%) анықтау керек. Жауабы: 23,6% КСІ және 76,4% NaCl

18. 250C температурада 8 г натрий гидриді сумен әрекеттескенде бөлінетін жылу мөлшерін есептеу керек. DH0(NaOH) = -56,4кДж/моль

DH0(NaOH) = -425,6 кДж/моль. Жауабы: 27,8кДж.

19. Бериллий атомының бірінші ионизация потенциалы (9,32В) литий атомының ионизация потенциалынан (5,96В) жоғары, ал екінші ионизация потенциалы (18,21В) төмен (75,64В). Неге?

20. Be(OH)2 – Ba(OH)2 қатарында металдар гидроксидінің негіздік қасиеттері қалай өзгереді, неге?

21. BeCl2 молекуласының электрондық құрлысын және геометриялық структурасын көрсету керек. Бериллий атомының гибридизациясы қандай?

22. Кальций оттегімен, фтормен, азотпен, көміртегі диоксидімен, су буымен әрекеттесе ме? Жауапты Гиббс энергиясының өзгерісін есептеу арқылы беру керек.

23. Содының а) Be2+ мен Mg2+ тұздарымен және б) Ca2+, Sr2+, Ba2+ тұздарымен әректтесуі неге әр түрлі екендігін түсіндіру керек.

24. a) Be(OH)2 және Mg (OH)2; б) Be(OH)2 және Al(OH)3 қоспаларын бөлу үшін алюминий карбонатын қолдануға бола ма? Реакция теңдеулерін жазу керек.

25. Қ.ж. 1680м3 сутегі алу үшін неше килограмм кальций гидридін айыру кажет? Жауабы: 1575кг.

26. 250C температурада қаныққан 100мл Са(OH)2 ерітіндісін бейтараптау үшін 49мл 0,1н НСІ жұмсалган болса, осы температурадағы кальций гидроксидінің ерігіштік көбейтіндісі қанша болады? Жауабы: 3,2∙10-5.

27. 200C температурада қаныққан барий хлориді ерітіндісінде 26,3% ВаСІ2 болса, онда ерітіндіде қанша пайыз ВаСІ2∙2Н2О кристаллогидраты болады? Жауабы: 30,85%.

28. Кальций сульфатының ерігіштік көбейтіндісі 6,26∙10-5 болса, 0,4н СаСІ2 және Na2SO4 ерітінділерінің бірдей көлемдерін араластырса, тұнба түзіле ме?

29. 5л қаныққан стронций карбонатының ерітіндісінде осы тұздың 0,05г болса, оның ерігіштік көбейтіндісі қанша болады? Жауабы: 4,58∙10-9.

30. Стронций сульфатының ерігіштік көбейтіндісі 3,6∙10-7 болса, осы тұздың ерігіштігін (моль/л және г/л) есептеу керек. Жауабы: 6∙10-4 және 0,11.

31. Мына өзгерістерді жүзеге асыратын реакциялар теңдеулерін жазу керек: Cа → CаН2 → Cа(OH)2 → CаСO3 → Ca(HCO3)2 → CаCI2 → Cа(NO3)2.

32. 100 г мына әр заттар Ca(HCO3)2, Mg(HCO3)2, Fe(HCO3)2 1л суда болса, оның карбонатты кермектігі қанша болады? Жауабы: 3,724мэкв/л.

33. Минералды суда 0,3894 г/л кальций ионы және 0,0844г/л магний ионы болса, оның кермектігі қанша болады? Жауабы: 26,38мэкв/л.