Жазбаша үйге тапсырмалар (ЖҮТ 1)


№ 1

1. 5,00г металл жанғанда 9,44г металл оксиді түзілген. Металдың эквивалент массасын анықтау керек. Жауабы: 9,0г/моль.

2. 6,3г мыс оттегімен әрекеттескенде қанша мыс(II) оксиді түзіледі? Жауабы: 7,9 г.

3. 2,8дм3 газда қ. ж. қанша моль және қанша молекула бар?

Жауабы: 0,125 моль; 7,52.1022 молекула.

4. Мына қосылыстардағы PH3, H2O, HBr фосфордың, оттегінің, бромның эквиваленттерін және эквивалент массаларын анықтаңдар.

5. Реттік номері 9 және 28 болатын элементтердің электрондық формулаларын жазып, олардың электрондарын квант ұяшықтарына орналастырыңдар.

6. Иондану энергиясы деген не? Оның өлшем бірлігі қандай? Периодтық жүйедегі s- және р- элементтерінің топ бойынша реттік номері өскен сайын тотықсыздандырғыш қасиеттері қалай өзгереді?

7. Мына орбитальдардың қайсысына электрондар бұрын орналасады: 4s-ке ме, әлде 3d-ға ма; 5s-ке ме, әлде 4р-ға ма? Неге?

8. Атом дегеніміз не? Молекула дегеніміз не?

№ 2

1. Заттың молі дегеніміз не? Авогадро саны нені көрсетеді?

2. Атом орбиталының формасын (пішінін) қай квант саны көрсетеді?

s-, p-, d- орбиталдарының формаларын (пішінін) көрсетіңдер.

3. Мына реакциялардағы күкірт қышқылының эквивалентін және эквивалент массасын анықтандар:

H2SO4 + NaОН = NaHSO4 + H2O

H2SO4(сұй.) + Zn = ZnSO4 + H2

4.Бір заттың молекуласының массасы 1,2×10-25кг. Ол заттың салыстырмалы молекулалық массасын табыңдар. Жауабы: 72,24.

5. Электрон тартқыштық деген не? Мына қатардағы элементтердің азот,оттегі, фтор тотықтырғыштық қасиеттері қалай өзгереді?

6. Оттегінің 1 эквивалентіне сәйкес массасы қандай көлем алады (қ.ж.)?

7. Марганец тотығу дәрежелері +2, +3, +4, +5, +7 болатын қосылыстар түзеді, оның оксидтері мен гидроксидтерінің формулаларын жазып, марганец(IV) гидроксидінің амфотерлі қасиетін көрсететін реакциялар тендеулерін жазыңдар.

8. Реттік номері 25 және 34 элемент атомдарының электрондық формулаларын жазындар.

№ 3

1. Металдың белгілі бір мөлшері 0,2г оттегімен және 3,17г галогеннің бірімен қосылыс бере алады. Галогеннің эквивалент массасын анықтаңдар. Жауабы: 127г/моль.

2. Химиялық элементтің эквиваленті тұрақты шама ма, әлде элементтің валенттілігіне байланысты ма?

3. Күкірт диоксидінің бір молекуласының массасы қанша?

Жауабы: 1,06.10-22 г.

4.200мл ацетиленнің массасы (қ.ж.) 0,232г болса, оның молекулалық массасы қанша? Жауабы: 26г.

5. Мына қышқылдарға сәйкес келетін ангидридтердің формуласын жазыңдар: H2SO4,H3BO3, HOCl, HMnO4.

6. Бас квант саны n = 4 болатын атомдағы максимал электрон саны қанша? Жауабы: 32.

7. Электртерістік дегеніміз не? р- элементтердің реттік номері өскен сайын периодта, топтарда олардың электртерістігі қалай өзгереді? Неге?

8. Реттік номері 16 және 26 элемент атомдарының электрондық формуласын жазыңдар. Бұл атомдардың электрондарын квант ұяшықтарына орналастырыңдар.

№ 4

1. Егер 3,24г металл 3,48г оксид және 3,72г сульфид түзетін болса, металл мен күкірттің эквивалент массалары нешеге тең болады. Жауабы: 108г/моль, 18г/моль.

2.Мына формуланың қайсысы эквивалент занына сәйкес келеді?

а) m1/m2 = э2/э1 б) m1э2 = m2э1

3.1г аммиакта және азотта қанша молекула болады? Қайсысында молекула саны көп және неше есе?

4. Егер бір газдың 600мл-нің массасы (қ.ж.) 1,714г болса, оның молекулалық массасы нешеге тең. Жауабы: 64г/моль.

5. Мына гидроксидтерге сәйкес келетін оксидтердің формулаларын жазыңдар: H2SiO3, Cu(OH)2, H3ASO4, H2ClO4, Fe(OH)3.

6. Мына орбиталдардың 4d- не 5s-; 6s- не 5р- қайсысы электрондармен бұрын толтырылады. Неге? Реттік номері 43 элементтінің электрондық формуласын жазындар.

7. Изотоп дегеніміз не? Периодтық жүйедегі көптеген элементтердің атомдық массалары бөлшек санға тең. Неге?

8. Авогадро заңы мен оның салдарлары.

№ 5

1. Хлордың эквивалент массасы 35,5г/моль, мыс атомының молярлық массасы 63,5г/моль. Мыс хлоридінің эквивалент массасы 99,5г/моль. Сонда мыс хлоридінің формуласы қандай?

2. Фосфор құрамы әр түрлі екі хлорид қосылысын береді, бұл қосылыстарда хлордың ба, әлде фосфордың ба эквиваленті тұрақты болады?

3. а) 0,001кг H2 және 0,001кг О2-де; б) 1моль H2 және 1моль О2-де;

в) 1моль N2 және 1моль O2-де бірдей жағдайда молекулалар сандары бірдей бола ма?

4. Мына өзгерістерді іске асыратын реакциялар тендеулерін жазыңдар:

Ba→BaO→BaCl2→Ba(NO3)2→BaSO4.

Mg→MgSO4→Mg(OH)2→MgO→MgCl2.

5. Реттік номерлері 25 және 34 элементтердің атомдарының электрондық формулаларын жазындар.

6. IV периодтағы марганец пен бром элементтерінің қайсысының металдық қасиеті көбірек, неге?

7. Реттік номері 33 элемент қай топта орналасқан? Осы элементтің электрондық формуласына, периодтық жүйедегі орнына байланысты қасиеттерін сипаттандар.

8. Масса және энергия сақтау заңына анықтама беріп, мысалдар арқылы түсіндіріндер.

№ 6

1. Қышқылдардың, негіздердің, тұздардың, оксидтердің эквивалент массаларын қалай анықтайды? Мысалдар келтіріңдер.

2. Менделеев – Клапейрон тендеуін қолданып, заттардың молекулалық массаларын қалай анықтайды? Бұл әдісті барлық заттар үшін қолдануға бола ма?

3. а) 0,486г магнийде; б) 34,2г алюминий сульфатында қанша моль магний және қанша моль алюминий сульфаты бар?

Жауабы: а) 0,02моль, б) 0,1моль.

4. Бір валентті хлормен байланысқан мына элементтердің валенттілігін анықтаңдар: CaCl2, NCl3, HCl, PCl,AlCl3. Азоттың максимал валенттілігі қанша?

5. Кальций фосфатының Са3(PO4)2 салыстырмалы молекулалық массасын, молярлық массасын есептеңдер. Оның 0,5 моліне сәйкес келетін массасын табыңдар.

6. Реттік номері 14 элементтің электрондық формуласын жазыңдар. Электрондарды квант ұяшықтарына орналастырыңдар. Соңғы энергетикалық деңгейде қанша жалқы электрон бар?

7. 0,001м3 газдың қ.ж. массасы 0,002г. Газдың молярлық массасын және оның ауа бойынша тығыздығын анықтандар.

8. Екінші периодтағы элементтердің литийден азотқа дейінгі бірінші ионизациялық потенциялы неге бірқалыпты өспейді?

№ 7

1. Электртерістік деген не? Период және топ бойынша электртерістіктің мәні қалай өзгереді? Мысал келтіріңдер.

2. Қорғасын, никель, радон, вольфрам атомдарының электрондық формулаларын жазыңдар. Электрондық формулаларына байланысты олардың периодтық жүйедегі орындарын көрсетіңдер.

3. Азоттың, күкірттің және хлордың эквивалентін және эквивалент массаларын анықтандар.

4. Кальций карбонатының а) 2моль; б) 0,25моль; в) 1,5 молінің массасын есептеңдер.

5. Газдың ауа бойынша тығыздығы 1,17. Газдың молекулалық массасын анықтандар. Жауабы: 33,9г

6. 2,24л газдың массасы 2,8г. Газдың молекулалық массасы нешеге тең? Жауабы: 28г.

7. Квант сандары деген не? Олар қандай мәндерге ие болады?

8. Мышьяк, күкірт және бромның жоғарғы және төменгі тотығу дәрежелеріне сәйкес келетін қосылыстардың формулаларын жазыңдар.

№ 8

1. СО2 6,02х1021 молекулалардың; б) оттегінің 1,2×1024 атомдарының молдік (молярлық ) массалары қаншаға тең?

2. Эквивалент массасы 12,16г/моль болатын металдың неше грамы 310мл оттегімен (қ.ж.) әрекеттеседі. Жауабы: 0,673г.

3. Мына тендеулерге қатысатын күкірт қышқылы мен алюминий гидроксидінің эквиваленттерін және эквивалент массаларын есептеңдер:

H2SO4 + KOH = KHSO4 + H2O

H2SO4 + Mg = MgSO4 +H2

Al(OH)3 + HCl =Al(OH)2Cl + H2O

Al(OH)3 + 3HNO3 = Al(NO3)3+ 3H2O

4. Егер 0,824 г газдың көлемі 0,260л болса, оның молекулалық массасы

(қ.ж.) қанша? Жауабы: 71г.

5. 1м3 ауаның 170С және 83,2кПа қысымдағы массасы қанша? Ауаның молярлық массасы 29г/моль. Жауабы: 1кг.

6. Орбиталь квант саны нені сипаттайды? Егер бас квант саны 3-ке тең болса, орбиталь квант саны қандай мәндерге тең болады?

7. Реттік номері 19 элементінің электрондық формуласын жазыңдар. Химиялық реакцияға қанша электрон қатысады?

8. Атом құрылысына сүйеніп, көміртегі мен күкірт қандай валенттік көрсететінін табыңдар. Мысал келтіріңдер.

№ 9

1. Германий изотобының 4332Ge ядросында неше протон және нейтрон бар? Нeон (атомдық массасы 20,2) мына изотоптардан 20Ne және 22Ne тұрады. Бұл изотоптардың пайыздық үлесін есептеңдер.

2. Электрон бұлтының формасын (пішінін) қай квант саны сипаттайды? s деңгейшесіндегі орбиталь квант санының мәні нешеге тең? Реттік номері 26-ға тең элементтің электрондық формуласын құрыңдар. Соңғы электрондық деңгейшеде қанша электрон бар?

3. Д.И. Менделеевтің периодтық заңына анықтама беріңдер. Неге элементтердің және олардың қосылыстарының қасиеттері атом ядросы зарядына байланысты?

4. Периодтарда және топтарда элементтердің реттік номері өскен сайын оксидтері мен гидроксидтерінің қасиеттері қалай өзгереді? Элементтің жоғарғы тотығу дәрежелері нешеге тең?

5. Газдардың молекулалық массаларын есептеңдер: а) егер 0,29л газдың 270С температурада және 1,064.105 Па қысымдағы массасы 0,32г болса; б) егер 1,56л газдың 270С температурада және 1,037×105 Па қысымдағы массасы 2,86г болса. Жауабы: а) 25,6; б) 44.

6. Кез келген газдың 1мл-де (қ.ж.) қанша молекула бар?

7. Қышқылдар мен негіздердің мына реакциялардағы эквивалент массаларын анықтаңдар:

а) HNO3 + Bi(OH)3 = Bi(OH)2NO3 + H2O

б) H2S + NaOH = NaHS + H2O

в) 3H2SO4 + 2Al(OH)3= Al2(SO4)3 + 6H20

8. Атом құрылысына сүйеніп бордың, хлордың валенттіліктерін көрсетіңдер.

№ 10

1. Қай квант сандары электрон орбитальдарын толық сипаттайды. Бұл квант сандары нені көрсетеді? Реттік номері 29 болатын элементтің электрондық формуласын жазыңдар. Ең соңынан қай энергетикалық деңгейше толтырылады?

2. Атом құрылысына сәйкес фосфордың, фтордың, оттегінің валенттіліктерін көрсетіңдер. Мысал келтіріндер.

3. а. Ацетиленнің С2Н2 6,02×1021 молекулалары; б) фосгеннің COCl2 2,0×1023 молекулалары қанша моль болады және неше грамм?

Жауабы: а) 0,01моль; 0,26г; б) 0,3моль; 33г.

4. Газдардың ауа бойынша тығыздықтары а. 0,9; б.2,45 болса, олардың 1л массалары қанша болады? Жауабы: а) 1,16г; б) 3,17г.

5. Эквивалент массасы 9г металдың 3 грамы тотыққанда неше грамм оксид түзіледі? Жауабы: 5,7г.

6. Изотоптар, изобаралар деген не? Мысал келтіріңдер.

7. Клечковский ережелерінің мәні неде? d- элементтері атомдарының атомдық орбитальдарының толтырылуы, s- және р- элементтерінің АО толтыруларынан қандай айырмашылығы бар? Мысалдар келтіріңдер.

8. 3,24г үш валентті металл қышқылмен әрекеттескенде 4,03 л сутегі (қ.ж.) бөлінетін болса, оның атомдық, мольдік және эквивалент массалары қанша?

11

1.Көміртегі мен судың мольдік массалары арқылы көміртегі атомы мен судың молекуласының абсолюттік массасын есептендер.

Жауабы: 2,0×10-28 г; 3,0×10-23г.

2. 0,943г фосфорлы Н3РО3 қышқылын нейтралдауға 1,291г калий гидроксиді жұмсалған. Қышқылдың эквивалентін, эквивалент массасын және негіздігін анықтандар. Реакция тендеуін жазыңдар.

Жауабы: 0,5моль; 41г/моль; 2.

3. Паули принципінің мәні неде? Атомының кез келген деңгейшесінде р7– не d12- электрондары болуы мүмкін бе? Неге? Реттік номері 22 элементтің электрондық формуласын жазып, оның валенттілік электрондарын көрсетіңдер.

4. Оксидтер мен гидроксидтердің қышқылдық, негіздік қасиеттері оларды түзетін элементтің тотығу дәрежесіне қалай байланысты? Қандай гидроксидтерді амфотерлі деп атайды? Мысал келтіріңдер.

5. а) 1г сутегі мен 1г оттегіде; б) 1моль хлор мен 1моль оттегіндегі молекулалар саны бірдей ме?

6. Газдың гелий бойынша тығыздығы 19,5 болса, оның молекулалық массасы қаншаға тең?

7. 200 г кальций карбонатын СаСО3 қыздырғанда 112 г кальций оксиді СаО түзілген. Реакция тендеуін жазып, бөлінген көміртегі диоксидінің массасын, көлемін анықтаңдар.

8. Мына элементтердің (азоттың, фосфордың, күкірттің) оттекті және сутекті қосылыстарындағы валенттіліктерін тауып, молекулалық формулаларын жазыңдар.

№ 12

1. Массалар сақталу заңына анықтама беріңдер, бұл заңға сүйеніп оксидтің формуласын табыңдар, егер ол заттың молярлық массасы 232г/моль болса және оның 1моліне темірдің 3молі кірген болса.

2. Фосфор қышқылы реакция нәтижесінде а) гидрофосфатқа; б) дигидрофосфатқа; в) ортофосфатқа айналса, оның эквиваленті және эквивалент массасы қаншаға тең?

3. Энергетикалық деңгейлердегі s-, p-, d-, f- орбитальдарына орналасатын максимал электрондар саны қанша? Неге? Реттік номері 31-ші элементтің электрондық формуласын жазыңдар.

4. Периодтық жүйенің үшінші периодының элементтерінің жоғарғы тотығу дәрежесіне сәйкес келетін оксидтері мен гидроксидтерінің формулаларын жазыңдар. Алюминий гидроксидінің амфотерлігін дәлелдейтін реакциялар тендеулерін жазыңдар.

5.190,8г алюминий гидросульфаты қанша моль болады?

6. Бір газдың массасы (қ.ж.) 0,00125кг болса, ал азоттың 0,001м3-ның массасы 0,00125кг (қ.ж.) болса, ол газдың молекулалық массасын а) азот бойынша тығыздығы арқылы; б) молярлық көлемі бойынша есептеңдер. Жауабы: 34,0.

7. Мына екі гидроксидтердің қайсысы күштірек негіз болады: Ba(OH)2 әлде Mg(OH)2; Ca(OH)2 әлде Fe(OH)2? Жауапты периодтық жүйедегі бұл элементтердің орнына байланысты түсіндіріңдер.

8. Мына газдардың HCl, H2S, NO2, N2, Cl2, CH4,SO2, NH3 қайсысы натрий гидроксидімен реакцияға түседі? Бұл реакциялардың тендеулерін жазыңдар.

№ 13

1. 5,6 г темір күкіртпен әрекеттескенде 8,8г темір сульфиді түзілген. Егер күкірттің эквивалент массасы 16г/моль болса, темірдің эквиваленті және эквивалент массасы қанша болады? Жауабы: ½ молі, 28 г/моль.

2. Магнийдің бе, кальцийдің бе металдық қасиеті көбірек, неге? IV периодтағы көбірек металдық қасиет көрсететін элементті атаңдар.

3. Мына реакциялардағы күкірт қышқылының эквивалентін және эквивалент массасын табыңдар.

H2SO4 + NaOH = NaHSO4 + H2O

H2SO4(с) + Zn =ZnSO4 + H2

4. Мына изотоптардың ядроларында неше протон және неше нейтрон бар? Осы элемент атомының электрондық формуласын жазып, валенттілік электрондарын көрсетіңдер. Электрондарды квант ұяшықтарға орналастырындар: 3216S және 3316S; 2311Na және 2411Na;

5. Д.И. Менделеевтің периодтың заңының қазіргі анықтамасын келтіріндер. Неге литий, натрий, калий, рубидий, цезий, франций І топтың негізгі топшасына, германий, қалайы, қорғасын IV топтың негізгі топшасында орналасқан? Жауаптарыңды сыртқы энергетикалық деңгейлерінің құрылыстарына байланысты айтыңдар.

6. Атомдардың сыртқы электрондық қабаттары: 4s24p2; 5s25p4; 6s25p3 болса, олар қай периодтарда, қай топшаларда орналасқан?

7. Органикалық заттың буынын азот бойынша тығыздығы 1,65. Ол заттың молярлық және салыcтырмалы молекулалық массаларын есептеңдер.

Жауабы: 46,2 г/моль; 46,2.

8. 5л (қ.ж.) газдың массасы 9,80г болса, оның молярлық массасы қанша? Жауабы: 44г/моль.

№ 14

1. Бір газдың 170С температура және 0,997×105 Па қысымда 5,6 грамы 4,84л көлем алады. Бұл газдың салыстырмалы молекулалық массасы қанша? Жауабы: 28.

2. Эквиваленттік масса деген не? Толық бейтараптау реакциясы үшін қышқылдар мен негіздердің эквивалент массалары нешеге тең? Алюминий гидроксидінің эквивалентін және эквивалент массасын табыңдар.

Al(OH)3 + 3HCl = AlCl3 + 3H2O

Al(OH)3 + 2HCl = Al(OH)Cl3 + 2H2O

Al(OH)3 + HCl = Al(OH)2Cl + H2O

3. Мына заттардың көрсетілген массаларында неше молярлық массалар бар : КОН – 168г; H2SO4 – 245г; H3PO4 – 1,225кг.

4. Бір-бір килограмнан алынған заттарда Li2O; RbOH; BaSO4 олардың қанша мөлшерлері (моль) бар: Жауабы: 33,33; 9,76; 4,29; 5,92 моль.

5. Периодтық жүйедегі көптеген элементтердің атомдық массалары неге бөлшек санға тең?

6. Гидротұздар дегеніміз не? Оларды қалай алады? Қышқылдармен ұқсастықтары неде?

7. Периодтық жүйедегі элементтер атомының электрон қабаттарының максимал саны нешеге тең?

8. Периодтық заңның қазіргі анықтамасы мен Д.И. Менделеев берген анықтаманың айырмашылығы неде?

Периодтық жүйеде қай периодтарды кіші, қай периодтарды үлкен деп атайды? Олардағы элементтер саны қалай анықталады? Қай периодтардың элементтер саны бірдей, неге? Егер 7-ші период аяқталса, онда қанша элемент болады?

№ 15

1. Мына иондардың О2-, S2-, Сr3+, Мn2+ - электрондық формулаларын жазыңдар.

2. Периодтық заң санның сапаға көшу заңын қалай көрсетеді? Мысал келтіріңдер.

3. Егер элемент атомында 5 электрондық қабат болса, сыртқы электрондар саны 7 болса, олар қандай квант сандарымен сипатталады?

4. Элемент атомының массасын қандай әдістер арқылы анықтауға болады? Егер 1,3 г заттың буының көлемі 870С температурада және 0,83×105Па қысымда 0,6л болса, оның молекулалық массасы қанша болатынын есептендер.

Жауабы: 78,2г/моль.

5. Мына түсініктерге анықтама беріңдер: а) элемент, атом, молекула; б) жай және күрделі заттар; в) салыстырмалы атомдық және молекулалық массалар; атомның және молекуланың абсолют массалары.

6. Егер калий, магний, алюминий үшін n = 1моль болса, онда осы металдардың эквиваленттері үшін n неше тең?

7. Оттегінің 32, сутегінің 5,08 грамдарында бұл заттардың неше эквивалент массалары бар? Жауабы: 4 және 5.

8. 1кг кальций карбонатын қыздырғанда 0,56 кг кальций оксиді және 224л (қ.ж.) көміртегі(IV) оксиді түзілген . Бұл сандар массалар сақтау заңына сәйкес келе ме?