Модуль бойынша тексеруге арналған сұрақтар (МБ1)


1. Мына түсініктерге анықтама беріңдер: а) элемент, атом, молекула; б) жай және күрделі заттар; в) салыстырмалы атомдық және молекулалық массалар; атом және молекуланың абсолют массалары.

2. Молярлық масса, молярлық көлем деген не? Газдар үшін (қ.ж.) молярлық көлем нешеге тең?

3. Эквивалент деген не? Элементтер, қышқылдар, негіздер, оксидтер, тұздар үшін ол қалай анықталады? Тотығу-тотықсыздану реакциялары үшін заттардың эквиваленті және эквивалент массалары қалай анықталады?

4. Эквиваленттің молярлық массасы (эквивалент массасы) деген не? Қышқылдар мен негіздер толық бейтараптау реакциясына түссе, олардың эквиваленттерінің молярлық массаларын қалай анықтайды? Мысал келтіру керек.

5. Газ күйінің тендеуінен Менделеев – Клапейрон тендеуін қалай алады? Универсал газ тұрақтысы деген не және оның өлшем бірлігі қандай?

6. Газдың парциал қысымы деген не? Дальтонның парциал қысым заңына анықтама беріңдер.

7. Оксидтер дегеніміз не? Олардың алу жолдарын көрсетіңдер. Оксидтер қалай жіктеледі?

8. Қышқылдар дегеніміз не? Оларды қалай алады? Құрамына байланысты олар қандай екі топқа бөлінеді?

9. Қышқылдар негіздігі деген не? Әр түрлі негізді қышқылдарға мысал келтіріңдер, олардың графикалық формуласын көрсетіңдер.

10. Қышқылдардың күші қалай анықталады? Әлсіз және күшті қышқылдарға мысал келтіріңдер.

11. Негіздер дегеніміз не? Оларға тән реакцияларға мысалдар келтіріңдер. Негіздердің қышқылдығын қалай анықтайды?

12. Суда жақсы еритін гидроксидтерге мысал келтіріңдер. Оларды қалай алады? Басқа гидроксидтерді қалай алады?

13. а) Элементтің тотығу дәрежесі өсуіне байланысты; б) элементтердің негізгі топшада реттік нөмері өсуіне байланысты гидроксидтерінің қасиеттері қалай өзгереді?

14. Тұздар класына қандай химиялық қосылыстар жатады? Магний хлоридін, барий сульфатын, мырыш нитратын алу реакцияларының теңдеулерін жазыңдар.

15. Қандай тұздарды гидротұздар дейді? Оларды қалай алады және олардың қышқылдармен ұқсастықтары қандай?

16. Қандай тұздарды гидроксотұздар дейді? Оларды қалай алады? Мысал келтіріңдер. Олардың негіздермен, тұздармен ұқсастықтарын реакциялар теңдеулері арқылы көрсетіңдер.

17. Кім, қашан және қандай тәжірибелер арқылы атом ядросын ашты және атомның ядролық моделін құрды?

18. Неге атомның ядролық моделі физиканың классикалық заңына сәйкес келмесе де оны қажет емес демеді? Бор постулаттарының ролі неде?

19. Бор атом туралы түсінікке қандай жаңалық енгізді? Бор постулаттары сутегі атомына қалай қолданылады? Бор енгізген бас квант саны n нені анықтайды және ол қандай мәндерге ие болады?

20. Атом спектрінің сызықтық структурасының пайда болуын Бор теориясы қалай түсіндіреді?

21. Жарық үшін толқындық-корпускулалық табиғат тән болғандықтан фотон энергиясын мына екі тендеу арқылы Е = hn және E = mc2 көрсетуге болады. Осы тендеулер арқылы толқын ұзындығы, жарық жылдамдығы және фотон массасы арасындағы байланыстарды көрсетіндер. Фотонды кез келген микробөлшекке өзгертіп, де Бройль тендеуін алыңдар. Неге корпускулалық- толқындық табиғат тек микробөлшектерге ғана тән?

22. Микробөлшектердің толқындық қасиеттері бар екені туралы де-Бройль гипотезасы қандай тәжірибе арқылы дәлелдеген?

23. Квант механикасының негізгі тендеуі қандай және оның шешімі арқылы алынған толқындық функция нені шешеді?

24. Квант сандар деген не? Неге оларды квант сандары деп атайды, олар нені анықтайды, қанша және қандай мәндерді қабылдайды?

25. Энергетикалық деңгей және энергетикалық деңгейше деген не? Қандай жағдайда бұл екеуі бірдей мағынада болады? Белгілі энергетикалық деңгейге қанша энергетикалық деңгейшелер сәйкес келеді. Олардың белгілеулерін әріптермен көрсетіңдер.

26. Қай энергетикалық деңгейлер үшін а) р-; б) d-; в) f- деңгейшелер болмайды? f- деңгейшенің болмауы мүмкін бе? Қай элементтердің атомдарында р- және d- деңгейшелерінде электрондар болмайды?

27. Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесіндегі элемент атомдарының электрон қабаттарының максимал саны нешеге тең?

28. Атомдық орбиталь (АО) деген не? Әр АО электрондық бұлт деген түсінікпен қалай байланысты?

29. Толқындық функция ψ, толқындық функция квадраты ψ2 деген шамалардың физикалық мәні бар ма және ол қандай?

30. Кеністіктегі электрон бұлтының мөлшерін, пішінін және орналасу ретін қай квант сандары көрсетеді. s-, p-, d-, f- деңгейшелерде АО саны нешеге тең және қалай анықталады? s-, p-, d- электрон бұлттарының пішіндері қандай?

31. Сутегі атомында 1s-электрон бұлтының тығыздығы ядродан қандай қашықтықта максимал мәнге ие болады?

32. Энергетикалық деңгейде және деңгейшелерде қанша электроннан болады? Оларды қандай формулалар арқылы анықтайды?

33. Паули принципі мен Хунд ережесін пайдаланып көп электронды атомдарда электрондық қабаттар қалай толтырылды? Хунд ережесіне анықтама беріңдер.

34. Ионизациялану (иондану) энергиясы деген не? Оның өлшем бірлігі. Атомның қанша ионизациялану потенциялы болады және мына қатар бойынша J1< J2< J3... олардың мәнінің өсуінің себебі неде?

35. Электрон қосылғыштық деген не? Қай элемент үшін оның мәні ең үлкен санға және қай элемент үшін ең кіші санға сәйкес келеді?

36. Ионизациялану потенциялы мен электрон қосылғыштық мәндері арқылы элемент қасиеті туралы қандай қорытынды жасауға болады.

37. Электртерістік деген не? Химиялық байланыс түзілгенде электртерістіктің мәні арқылы электрон тығыздығының қай атомға қарай ығысатынын анықтауға болады?

38. Периодтық заңның қазіргі анықтамасын айтыңдар, оның Д.И. Менделеев берген анықтамадан қандай айырмашылығы бар? Қандай үш элементтің ашылуы периодтық заңның табиғаттың негізгі заңдарының бірі екенін көрсетті? Периодтық заң сан (атомдық масса) өзгеруінің сапа (қасиеті) өзгеруіне айналатынын қалай көрсетеді?

39. Периодтық заң ашылған кезде оның маңызын толық көрсетуге болды ма? Атом құрылысы тұрғысынан химиялық элементтердің қасиеттерінің периодтық өзгеруін қалай түсіндіруге болады?

40. Реттік номердің физикалық маңызы неде? Неге элементтердің химиялық қасиеттері олардың ядро зарядтарының мәніне тәуелді? Периодтық жүйедегі элементтердің орналасуы олардың атомдық массаларының өсуіне байланыстылығы неге үш жағдайда (оларды атаңдар) ауытқыған?

41. Атом орбитальдары электрондармен толтырылған кезде периодтар, топтар қалай пайда болады? Периодтық жүйеде қай периодтарды үлкен периодтар деп, қай периодтарды кіші деп атайды?

Олардың әр қайсысындағы элементтер саны немен анықталады? Қай периодтардағы элементтер саны бірдей, неге? Егер 7-ші период аяқталса, онда қанша элемент болуы керек?

42. Неге сутегіні периодтық жүйенің І және VII топтарына орналастырады?

43. Элементтер атомдарының радиустары, ионизациялану потенциалдары, электрон қосылғыштық, электртерістік период бойынша, бір периодтан екінші периодқа көшкенде, бір топтың бойында қалай өзгереді? Қай элементтер атомдары үшін олардың мәні максимал, қай элементтер үшін олардың мәні минимал болады?

44. Негізгі топша элементтерінің қасиеттері период бойынша қалай өзгереді? Неге? а. бір периодтағы, б. бір топтағы қасиеттері қарама-қарсы болатын екі элементті атаңдар.