Жазбаша үйге тапсырмалар (ЖҮТ 2)


№ 1

1. Мына жүйеде N2+ 3H2 ↔ 2NH3 газ қоспасының көлемін екі есе азайтса, реакциялар жылдамдықтары қалай өзгереді? Жүйедегі тепе-теңдік қай жаққа ығысады?

2. Мына гетерогенді жүйе үшін С, графит + О2 = СО2 жылдамдықты өрнектеңдер. Егер оттегінің концентрациясын 4 есе арттырса, реакция жылдамдығы неше есе өседі?

3. Реакциялық ыдыстың көлемін үш есе азайтса, мына реакцияның

2NO + O2= 2NO2 жылдамдығы қалай өзгереді?

4. Фосфор (V) хлоридінің кристалдары судың буымен әрекеттескенде сұйық POCl3 және хлорлы сутек түзіледі. Реакция нәтижесінде 111,4кДж жылу бөлінеді. Бұл реакцияның термохимиялық тендеуін жазыңдар.

5. Этанның жануының термохимиялық теңдеуі:

C2H6 + 3,5O2 = 2CO2 + 3H2O(c)∆Hх.р = - 1559,87 кДж этанның түзілу жылуын есептеңдер.

№ 2

1. Fe2O3 -ті алюминиймен тотықсыздандырғанда 335,1г темір бөлінген. Қанша жылу бөлінетінін есептеңдер. Жауабы: 2543,1кДж.

2. Этилен (газ) және су буы өзара әрекеттессе, газ тәріздес этил спирті түзіледі. Бұл реакцияның термохимиялық тендеуін жазып, жылу эффектісін есептеңдер. Жауабы: - 45,76кДж.

3. Егер қысымды екі есе арттырса, мына реакциялар үшін тура реакциялар жылдамдығы қалай өзгереді?

1) H2 + Cl 2 = 2HCl; 2 ) N2O4 = 2NO2

4. Егер температураны 200-тан 400С-қа көтерсе, химиялық реакция жылдамдығы неше есе өседі? Температуралық коэффициент 3-ке тең.

5. Егер жүйедегі қысымды азайтса, тепе-тендік қай жаққа ығысады?

1) 4HBr (г) + O2 2H2O(r) + 2Br2(r)

2) H2(r) + S(k) H2S(r)

Бұл реакциялар үшін тепе-теңдік константаларын жазыңдар.

№ 3

1. Егер: 1. күкірт(IV) оксидінің концентрациясын екі есе арттырса; 2. оттегі концентрациясын екі есе арттырса; 3. осы екі заттың да концентрацияларын 2 есе арттырса, мына реакцияда 2SO2(r) + O2 ↔ 2SO3 тура реакция жылдамдығы қалай өзгереді?

2. Мына жүйеде PCl5 ↔ PCl3 + Cl2 ∆H298= +92,45 кДж/моль температураны 40°С-қа көтерсе, тепе-теңдік қай жаққа ығысады? Егер тура реакция үшін g = 3, ал кері реакция үшін g = 2 болса, реакция жылдамдығы қалай өзгеретінін көрсетіңдер.

3. Газ тәріздес күкіртті сутек пен көміртегі(IV) оксиді әрекеттессе, су буы мен күкіртті көміртегі СS2(г) түзіледі. Осы реакция үшін термохимиялық теңдеуін жазыңдар, оның жылу эффектін есептеңдер. Жауабы: +65,43кДж.

4. Мына реакциялар үшін ∆G298 есептеңдер:

а. 2NaF(к) + Cl2 = 2NaCl(к) + F2(r)

б. PbO2(к) + 2Zn(к) = Pb(к) + 2ZnO(к)

Бұл реакциялар жүре ме? Жауабы: +313,94кДж; −417,4кДж.

5. Мына реакциялар үшін энтропияның өзгеруін есептеңдер:

2CH4(г) = C2H2(г) + 3H2(г)

N2(г) + 3H2(r) = 2NH3(г).

Жауабы: 220,21Дж/моль; -198,26Дж/моль×К.

№ 4

1. Мына реакциялар үшін әрекеттесуші массалар заңын өрнектеңдер:

а) 2NO(г) + Cl2(г) → 2NOCl(г)

б) CaCO3 (к) → CaO(к) + CO2(г)

2. Реакцияның температуралық коэффициенті 3-ке тең болса, температураны 200-тан 750С-қа көтерсе, реакция жылдамдығы қанша өседі?

3. Мына жүйеде 2СО + О2 2СО2 тепе-теңдік концентрациялары

[СО] = 0,04 моль/дм3; [О2] = 0,06 моль/дм3; [СО2] = 0,02 моль/дм3 болса, тепе-теңдік константасы қанша болады?

4. Мына тендеумен жүретін реакцияға қатысатын заттардың стандартты түзілу жылуы мен стандартты этропияларына сүйеніп, реакцияныңG0298 есептеңдер: C2H4(г) + 3O2(г) = 2CO2(г) + 2H2O(г). Бұл реакция стандартты жағдайда жүре ме? Жауабы: -1331,21кДж.

5. 2,1г темір күкіртпен әрекеттессе 3,77кДж жылу бөлінеді. Темір сульфидінің түзілу жылуын есептеңдер. Жауабы: -100,3кДж/моль.

№ 5

1. F3O4-ті көміртегі(ІІ) оксидімен тотықсыздандыру реакциясының тендеуі: Fe3O4(т) + CO(г) = 3FeO(т) + CO2(г)

Бұл реакция үшін ∆G0298 және ∆S0248 есептеңдер. Реакция өздігінен жүре ме? Жауабы: +24,69 кДж; +31,3Дж/моль×К.

2. Қалыпты жағдайда алынған 8,4л сутегі жанғанда қанша жылу бөлінеді?

3. СО,г және сутегі арасында жүрген реакцияның термохимиялық теңдеуін жазыңдар. Реакция нәтижесінде СН4 және Н2О,г түзілген. Егер қ.ж. 67,2 л метан түзілсе, бұл реакция нәтижесінде қанша жылу бөлінеді? Жауабы: 618,48кДж.

4. Егер реакция былай жүрсе: 2NО + О2 = 2NО2. Алынған заттар концентрациясы [NO] = 0,02моль/дм3; [O2] = 0,03моль/дм3. Егер

О2 концентрациясын 0,1 моль/л, NО концентрациясын 0,05 моль/л көтерсе, тура реакция жылдамдығы қалай өзгереді?

5. 2NО+Сl2 2NOCl жүйесі үшін (H = -73,6кДж) тепетеңдік температураны 300С көтерсе қай жаққа ығысады ? g=2 тура реакция үшін, кері реакция үшін? g=3 жағдайдағы реакциялар жылдамдықтарының өзгеруін есептеңдер.

№ 6

1. Ле Шателье принципін қолданып, тепе – теңдік қай жаққа ығысатынын көрсетіңдер: СО + Н2О ↔ СО2 + Н2; ∆Н=12,85кДж, егер а) сутегінің концентрациясын көтерсе; б) температураны азайтса; в) көміртегі(IV) оксидінің концентрациясын азайтса.

2. Температураны 300С-қа көтергенде, реакция жылдамдығы 64 есе артқан. Реакцияның температуралық коэффициентін есептеңдер.

3. 11,5г сұйық этил спирті жанғанда 308,71кДж жылу бөлінген. Реакция нәтижесінде су буы, көміртегі(IV) оксиді түзілген. Осы реакцияның термохимиялық теңдеуін жазып, С2Н5ОН(с) түзілу жылуын есептеңдер. Жауабы: -277,67кДж.

4. Мына реакция үшін СО(г) + Н2О(г) = СО2(г) + Н2(г) Гиббс энергиясын (∆G0298) заттардың стандартты түзілу жылуының мәндері және абсолютті стандартты энтропия мәндері арқылы есептеңдер.

5. Мына жүйе үшін СО(г) + 2Н2(г) ↔ СН3ОН(c) ∆Н=128,05кДж тепетеңдік қай температурада орнайды?

№ 7

1. Мына жүйеде СН4(г) + СО2(г) = 2СО(г) + 2Н2(г); Н =+247,37кДж тепе -теңдік қай температурада орнайды?

2. Заттардың стандартты түзілу жылуының мәндерін және абсолют стандарт энтропия мәндерін пайдаланып, мына реакция үшінG0290 есептеңдер: NН3(г) + НСl(г) = NН4Сl(к). Бұл реакция стандарт жағдайында өздігінен жүре ме? Жауабы: -92,08кДж.

3. Газ тәріздес аммиак жанғанда су буы және азот(ІІ) оксиді түзіледі. Егер реакция нәтижесінде 44,8л NО (қ.ж.) түзілген болса, қанша жылу бөлінген? Жауабы: 452,37.

4. Мына жүйеде 2SО2(г) + О2(г) ↔ 2SО3(г) газ көлемін үш есе азайтса, тепе-теңдік қай жаққа ығысады? Тура және кері реакциялар жылдамдықтары қалай өзгереді?

5. Егер температураны 300-дан 700С-қа көтерсе, реакция жылдамдығы қалай өзгереді? g=2

№ 8

1. Фосфордың пентахлоридінің айырылу реакциясы былай жүреді:

PCl5(г) ↔ РCl3(г) + Cl2(г); ∆Hx.p. = 92,59 кДж

Осы тепе-теңдік тура реакция бағытында жүру үшін, яғни РCl5 айырылу реакциясы: а) температураны; б) қысымды; в) концентрацияны қалай өзгерту керек?

2. Газ фазасында өтетін реакция үшін температураны 1200С-тан 800С-қа түсірсе, реакция жылдамдығы неше есе азаяды. g=3.

3. Мына гомогенді жүйе үшін тепе-теңдік константасын есептеңдер.

CО(г) + H2O(г) ↔ CO2(г) + H2(г) егер реакцияға қатысатын заттардың тепе-теңдік концентрациялары: [CO] = 0,004моль/л; [CO2] = 0,016моль/л;

[H2O] = 0064моль/л; [H2] = 0,016моль/л болса.

4. Фосфордың пентахлоридінің диссоциациясы қай температурада басталады: PCl5(г) = PCl3(г) + Cl2(г). Жауабы: 509К.

5. 165 (қ.ж.) ацетилен жанғанда көміртегі(IV) оксиді және су буы түзілсе, қанша жылу бөлінеді? Жауабы: 924,88кДж.

№ 9

1. Газ тәріздес аммиак пен сутегі хлориді әрекеттескенде кристалл күйінде аммоний хлориді түзілген. Бұл реакция үшін термохимиялық теңдеу жазып, түзілу жылуын табыңдар. Егер реакцияға 10л (қ.ж.) аммиак қатысса, қанша жылу бөлінеді?

2. 6,3г темір күкіртпен әрекеттескенде 11,31кДж жылу бөлінген. Темір сульфидінің (FeS) түзілу жылуын есептеңдер. Жауабы: -100,26кДж/моль.

3. Мына жүйеде СН4(г) + СО2(г) ↔ 2СО(г) + 2Н2(г) стандартты жағдайда тура реакция жүре ме әлде кері реакция жүре ме?

4. Күкірттің және оның диоксидінің тотығуын мына теңдеумен көрсетуге болады:

а) S(к) + O2 = SO2(г);

б) 2SO2 (г) + O2 = 2SO3(г)

Егер олардың көлемдерін 4 есе азайтса, осы реакциалардың жылдамдықтары қалай өзгереді?

5. Егер температураны 600С көтерсе, газ фазада жүретін реакция жылдамдығы қалай өзгереді? g=2

№ 10

1. Мына гомогенді жүйе үшін N2 + 3H2 ↔ 2NH3 тепе –теңдік константасын жазыңдар. Егер сутегінің концентрациясын үш есе көбейтсе, тура реакция жылдамдығы қалай өзгереді?

2. 13г ацетиленді жаққанда 652,5кДж жылу бөлінеді. Реакцияның жылу эффектісін есептеңдер. Жауабы: 2610кДж.

3. 1моль метан жанғанда су буы мен көміртегі(IV) оксиді түзілген, реакцияның термохимиялық теңдеуін жазып, жылу эффектін есептеңдер.

4. 10л (қ.ж.) метан жанғанда қанша жылу бөлінеді?

СН4(г) + 2О2(г) = СО2(г) + 2Н2О(г) ∆Нх.р= - 46кДж

1. Мына реакция үшін 2СО + О2 = 2СО2 жылдамдықтың математикалық өрнегін жазып, көміртегі(ІІ) оксидінің концентрациясын 4 есе арттырса, реакция жылдамдығы қанша есе артатынын есептеңдер.

№ 11

1. Реакция жылдамдығының концентрацияға байланыстылығын қай заңмен көрсетеді? Мына реакция үшін SO2 + O2 ↔ 2SO3 қысымды 2 есе арттырса, тура реакция жылдамдығы қалай өзгереді?

2. Егер температураны 800-тан 500С-қа азайтса, реакция жылдамдығы неше есе азаяды? Реакцияның температуралық коэффиценті 3-ке тең.

3. Мына реакция үшін 2СО(г) + О2(г) = 2СО2(г); G0298ті стандартты түзілу жылуы және абсолютті стандартты энтропияға сүйеніп есептеңдер.

4. Этилен мен су буы әрекеттескенде газ тәріздес этил спирті түзілген. Осы реакцияның термохимиялық теңдеуін жазыңдар, реакцияның жылу эффектін есептеңдер. 10л (қ.ж.) этилен реакцияға түссе, қанша жылу бөлінеді?

Жауабы: -45,76кДж; 20,43кДж жылу бөлінеді.

5. Мына реакция үшін TiO2(к) + 2C(к) = 2Ti(к) + 2CO2(г) энтропияны есептеңдер. Жауабы: 364,84Дж/моль×К.

№ 12

1. Мына реакция үшін CO(г) + 3H2(г) = CH4(г) + H2O(г) стандартты түзілу жылуы мен абсолютті стандарт энтропияға сүйеніп, Гиббс энергиясын есептеңдер. Жауабы: -142,16кДж.

2. Мына теңдеу бойынша жүретін реакция үшін Fe2O3(к) + 3C = 2Fe + CO; ∆H0, ∆S0 және ∆G0 есептеңдер. 500 және 1000К градустарда бұл реакция жүре ме? Жауабы: Н0 = +490,54кДж; ∆S0 = 541,1Дж/К; ∆G0298 = +219,99кДж;

3. Мына гетерогенді реакция үшін 2С,графит + 3Н2 = С2Н6 жылдамдықтың математикалық өрнегін жазып, сутегінің концентрациясын 3 есе арттырса, реакция жылдамдығы неше есе өсетінін есептеңдер.

4. Әрекеттесуші массалар заңының анықтамасын келтіріңдер. Мына гетерогенді реакция үшін С2Н5ОН(с) + 3О2(г) = 2СО2 (г) + 3Н2О қысымды 3 есе арттырса, реакция жылдамдығы қалай өзгереді?

5. Мына жүйеде СО + Сl2 ↔ СОСl2 заттардың тепетеңдіктегі концентрациялары [Cl2] = 0,3моль/дм3, [CO] = 0,2моль/дм3 және

[COCl2]=1,2 моль/дм3. Жүйенің тепе-теңдік константасын есептеңдер.

№ 13

1. Мына жүйе үшін 2NO + O2 2NO2 тура және кері реакциялар жылдамдығы қалай өзгереді, егер газдар көлемін 3 есе кемітсе? Жүйедегі тепе-теңдік бұл жағдайда өзгере ме?

2. Мына реакция үшін 2СО + О2 = 2СО2 жылдамдықтың математикалық өрнегін жазыңдар. Егер оттегінің концентрациясын 2 есе арттырса, реакция жылдамдығы қанша өседі?

3. Стандартты жағдайда мына экзотермиялық реакция H2(r)+ CO2(г)®H2O(г)+CO(г); H = -2,85 кДж жүрмейді. Неге? Осы реакция үшін Гиббс энергиясын есептеңдер. Жауабы: +18,19кДж

4. Стандартты жағдайда мына реакция 2NO(г) + O2(г) ↔ 2NO2(г) тура жүре ме, әлде кері жүре ме? Жауабын Гиббс энергиясына сүйеніп, беріңдер. Жауабы: - 69,70кДж.

№ 14

1. 1 моль этан жанғанда су буы және көміртегі(IV) оксиді түзіледі, бөлінетін жылу эффектін есептеп, реакцияның термохимиялық теңдеуін жазыңдар. 1м3 (қ.ж.) этан жанса, қанша жылу бөлінеді?

Жауабы: 63742,86 кДж.

2. Аммиактың жануының термохимиялық теңдеуі :

4NH3(r) + 3O2(г) = 2N2(г) + 6H2O(c), ∆H = -1530,28 кДж

Аммиактың түзілу жылуын есептеңдер. Жауабы: -46,19кДж

3. Егер температураны 600С көтерсе, газ фазадағы реакция жылдамдығы қалай өзгереді? Жылдамдықтың температуралық коэффициенті екіге тең.

4. Мына гомогенді жүйеде СО + Сl2 ↔ СОСl2 заттардың тепе-теңдік концетрациялары [СО] = 0,2моль/л; [Cl2] = 0,3моль/л; [СОСl2] = 1,2моль/л болса, жүйенің тепе-теңдік константасын есептеңдер. Жауабы: К=20.

5. Мына гетерогенді жүйе үшін СО2 + С ↔ 2СО тепе-теңдік константасын жазыңдар. Егер СО2-нің концетрациясын төрт есе азайтса, тура реакция жылдамдығы қалай өзгереді? Көміртегі(ІІ) оксидінің шығымын арттыру үшін қысымды қалай өзгерту керек?

№ 15

1. Мына гомогенді жүйеде А + 2В ↔ С заттардың тепе теңдік концетрациялары [А] = 0,06 моль/л; [В] = 0,12 моль/л; [С] = 0,216 моль/л болса, тепе теңдік константасы қанша болады? А және В заттарының алғашқы концентрацияларын табыңдар. Жауабы: К = 2,5; [А]алғашқы = 0,276моль/л; [В]алғашқы = 0,552моль/л;

2. Температураны 500С-қа көтергенде реакция жылдамдығы 32 есе өскен. Реакцияның температуралық коэффициентін есептеңдер.

3. Мына гетерогенді реакция үшін С (графит) + 2N2O(г) = CO2(г) + 2N2(г) азот(І) оксидінің концентрациясын 4 есе өсірсе, реакция жылдамдығы неше есе өседі?

4. Темір(ІІІ) оксидін алюминий металымен тотықсыздандырғанда 335,1г темір алынған. Бұл реакцияда қанша жылу бөлінетінін есептеңдер.

Жауабы: 2543,1кДж.

5. Этилен мен су буы әрекеттессе газ тәріздес этил спирті түзіледі. Бұл реакцияның термохимиялық теңдеуін жазып, жылу эффектісін есептеңдер. Жауабы: -45,76 кДж.