Модуль бойынша тексеруге арналған сұрақтар (МБ2)


1. Коваленттік байланыс деп қандай байланысты айтады? Коваленттік байланыс түзілуінің екі механизмін көрсетіңдер. Коваленттік байланыс түзілу механизмі оның қасиетіне әсер ете ме?

2. Қандай атомдар не иондар электрон жұптарының донорлары және акцепторы бола алады? Мысал келтіріңдер.

3. Сутегі, хлор, хлорлы сутек молекулаларындағы химиялық байланыс типі, электрондық бұлттардың қабысу кестесін көрсету керек.

4. Байланыс энергиясы деген не және ол тәжірибе жүзінде қалай анықталады?

5. Неге коваленттік байланыс түзілгенде екі атомның ядроларының арасы белгілі бір қашықтықта тұрады? Ол қалай деп аталады? Неге r(H) = 0,053нм, ал d(H-H) = 0,074нм?

6. Байланыс энергиясы мен байланыс ұзындығының арасында қандай байланыс бар? Мысал келтіріңдер.

7. Азот молекуласындағы атомдар арасындағы байланыс неге өте мықты?

8. Байланыстың еселігі деген не?

9. Валенттілік бұрыш, байланыс сызығы деген не? σ- байланыс деген не? Мысал келтіріңдер. σ- және π– байланыстар энергиясы бірдей ме?

10. Еселі байланыстағы σ- және π- байланыстардың санын қалай анықтайды?

11. Атом орбитальдарының гибридизация теориясы неге пайда болды және олардың негізгі қағидалары.

12. Байланыстың полярлылық дәрежесі қалай анықталады? Валенттілік байланыс (ВБ) әдісінің негізгі қағидалары. Молекулалық орбиталдар (МО) әдісінде молекуланы қалай қарайды? Оттегі және азот молекулаларын ВБ және МО әдістерімен түсіндіру керек.

13. а) атомдағы эффективті заряд; б) диполь және диполь ұзындығы; в) диполь моменті деген не? Өлшем бірлігіне және қандай факторларға байланысты?

14. Иондық байланыстарда қанығу және бағытталу деген қасиеттер бар ма?

15. Сутектік байланыс деген не? Мысал келтіріңдер. Сутектік байланыстың су молекуласында болуы тіршілікке қандай әсері бар?

16. Сутектік байланыстың биологиялық мәні қандай?

17. Реакцияның жылу эффектісі деген не? Термохимиялық теңдеу деген не?

18. Жүйенің стандартты күйі деген не? Жүйенің ішкі энергиясы деген не? Термодинамикалық есептеулерде неге ішкі энергияның абсолют мәні алынбай, тек оның өзгеруі ғана есептеледі?

19. Термохимияның негізгі заңы деген не? Анықтамасын айтыңдар. Гесс заңының салдары және олардың термохимиялық есептеулерде қолданылуы.

21.Энтропия деген не? Жүйенің энтропиясы булануда, конденсацияланғанда, қысым өскенде, фазалық ауысуларда қалай өзгереді?

22. Гиббс энергиясы деген не? Оның мәнінің өзгеруі (∆Q) процестің өздігінен жүруін не жүрмеуін қалай анықтайда?

23. ∆Н және Т∆S қатынасы бойынша а) жүйе тепе – теңдік күйде екенін; б) химиялық процестің эндотермиялық не экзотермиялық бағытта екенін анықтауға бола ма?

24. NH3-тің және РН3-тің стандартты түзілу жылуларының мәні

∆Н = –952,4кДж/моль және ∆Н = +5,0кДж/моль. Осы мәндерге қарап бұл молекулалардың саластырмалы тұрақтылықтары туралы не айтуға болады?

25. Химиялық кинетика нені зерттейді? Оның практикалық мақсаттары қандай?

26. Гетерогенді және гомогенді реакциялар деген не? Олардың жылдамдықтары қалай анықталады?

27. Химиялық реакциялардың жылдамдықтары қандай факторларға байланысты? Әрекеттесуші массалар заңына анықтама беріңдер.

28. Жылдамдықтың константасы деген не? Оның физикалық константасы температураға, әрекеттесуші заттар табиғатына, олардың концентрацияларына байланысты ма?

29. Вант-Гофф ережесі деген не? Реакция жылдамдығының температуралық коэффиценті деген не? Ол қандай мәндерге ие болады?

30.Реакция жымдамдығы температураға қалай байланысты?

31. Химиялық тепе-теңдік деген не? Заттардың тепе-теңдік концентрациясы деген не? Тепе-теңдік константасы деген не? Ол әсерлесетін заттардың табиғатына, олардың концентрацияларына, температураға, қысымға байланысты ма?

33. Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы деген не? Мысалдар арқылы: а) әрекеттесуші заттардың біреуінің концентрациясының өзгеруі; б) температураның; в) қысымның өзгеруі арқылы тепе-теңдіктің ығысуын көрсетіңдер.

34. Каталитикалық реакциялар деген не? Катализаторлар және ингибиторлар деген не? Гомогенді, гетерогенді катализ деген не?

35. Неге катализаторлар реакцияның жылу эффектісіне және тепе-теңдіктің ығысуына әсер етпейді?

36. Қандай реакциялар: а) қайтымсыз; б) қайтымды; в) тура және кері реакциялар деп аталады?