Модуль бойынша тексеруге арналған сұрақтар (МБ 3)


1. Ерітіндінің концентрациясы деген не? Массалық, молярлық және көлемдік үлес деген не?

2. Заттың ерігіштігі немен өлшенеді, оның өлшем бірлігі және ол қандай факторларға тәуелді.

3. Қанықпаған, қаныққан және аса қаныққан деп қандай ерітінділерді айтады?

4. Ерігіштік қисығы деген не? Оның практикалық маңызы.

5. Газдардың судағы ерігіштігі неге температура көтерілген сайын азаяды? Ол қысымға қалай байланысты?

6. Электролиттер деген не? Бейэлектролиттер деген не?

7. Изотондық коэффицент деген не? Оның физикалық мағынасы және оны тәжірибе жүзінде қалай анықтайды? Қандай факторларға тәуелді?

8. Заттардың электролиттік диссоциацияға түсуінің себептері. Еріген заттың иондарға ыдырауының механизмін көрсетіңдер.

9. Электролиттік диссоциация процесін қалай сипаттауға болады? Оларға анықтама беріңдер. Диссоциация дәрежесі деген не?

10. Диссоциация дәрежесіне қарап электролиттерді қандай топтарға бөледі? Мысал келтіріңдер.

11. Әлсіз электролиттің диссоциация дәрежесіне ерітіндіге енгізген бірдей иондар және ерітіндіні сұйылту қалай әсер етеді?

12. Электролиттерді электролиттік диссоциация дәрежесі арқылы емес диссоциация константасы арқылы сипаттау ыңғайлырақ. Неге?

13. Освальдтың сұйылту заңының өрнегін келтіріңдер.

14. Диссоциация дәрежесі мен изотондық коэффициент қалай байланысты?

15. Сатылап диссоциациялану деген не? a және КD мәні қалай өзгереді?

16. Электролиттерде реакциялар қалай жүреді? Ионды-молекулалық теңдеулер қалай жазылады? Мысал келтіріңдер.

17. Электролиттер ерітінділеріндегі реакция бағыты қалай анықталады? Мысал келтіріңдер.

18. Диссоциация дәрежесі ерітіндіні сұйылтқан сайын неге өседі? Активтік концентрация деген не? Активтік коэффициент деген не, оның мәні сұйылтқанға қалай тәуелді?

19. Ерітіндінің иондық күші деген не? Ол қалай анықталады? Әр түрлі иондардың санына байланысты, зарядтарына және әр ионның концентрациясына байланысты, ол қалай өзгереді?

20. Дебей мен Хюккель формулаларын келтіріңдер.

21. Су иондарының көбейтіндісі деген не? Оның су диссоциациясының константасымен байланысы. Ксу температурамен қалай байланысты?

22. Егер ерітіндіде Н+ не ОНиондарының біреуінің концентрациясы белгілі болса, оның екіншісі қалай табылады?

23. Сутектік көрсеткіш (рН) деген не? Гидроксидтік көрсеткіш (рОН)деген не ? Олардың қосындысы нешеге тең?

24. Әлсіз қышқыл мен әлсіз негіздер үшін [Н+], pH, [ОН], pOH, молярлы концентрация, a және КD арасындағы байланыстарды көрсетіңдер.

25. Ерігіштік көбейтіндісі (ЕК) деген не? ЕК мен заттың ерігіштігі (S) арасындағы байланысты көрсетіңдер.

26. Біртектес иондар заттың ерігіштігіне қалай әсер етеді?

27. Тұздар гидролизі деген не? Егер ерітінді ортасы бейтарап болса, гидролиз жүрмеген деген сөз бе?

28. Металдардың гидро- және гидроксотұздарының гидролизі орта тұздарының гидролизіне қарағанда күштірек жүреді. Неге? Мысал келтіріңдер.

29. Қандай тұздар гидролизі сатылап жүреді? Көп негізді қышқылдың не көп қышқылды негіздің тұздарының гидролизі неге тек І саты бойынша ғана есептеледі?

30. Гидролиз дәрежесі деген не? Ол қандай факторларға тәуелді? Оның мәнін қалай көбейтуге, қалай азайтуға болады?

31. Гидролиз константасы Кг деген не? Оның мәні тұздың табиғатына, ерітінді концентрациясына, температураға байланысты ма? Кг мен гидролиз дәрежесі арасында қандай байланыс бар?