Модуль бойынша тексеруге арналған сұрақтар (МБ 4)


1. Тотығу-тотықсыздану реакциялары (ТТР) деген не? Тотықтырғыш деген не, тотықсыздандырғыш деген не? Мысал келтіріңдер.

2. Неге тотығу және тотықсыздану процесстері бір-бірінсіз бола алмайды?

3. ТТР-дың коэффициенттерін қандай әдістер арқылы табады?

4. Қандай жағдайда заттар тек тотықтырғыш қасиет, қандай жағдайда тек тотықсыздандырғыш қасиеттер көрсетеді? Қай жағдайда заттар тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та бола алады? Мысал келтіріңдер.

5. 5-периодтағы I топтың екі элементінің тотығу-тотықсыздану қасиеттері неге бір-бірінен айырмашылығы үлкен?

6. ТТР қалай жіктеледі? Олардың әр қайсысына мысал келтіріңдер.

7. Гальваникалық элемент деген не? Оның электр қозғаушы күші (ЭҚК) деген не?

8. Стандартты сутектік электрод деген не? Оны не үшін қолданады?

9.Әр түрлі тотығу-тотықсыздану жүйелерінің электродтық потенциалдарын қалай анықтайды және оларға қарап не айтуға болады?

10.Гальваникалық элементтерде сыртқы тізбекпен жүретін электрондардың және ішкі тізбекпен жүретін иондардың бағыты немен анықталады? Қай электрод тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш, анод және катод болады?

11. Стандартты электродтық потенциал деген не? Оларды қалай орналастырады? Олардың орналасуына қарай металдардың тотықсыздандырғыш қасиеттері туралы не айтады? Гальваникалық элементтердің электр қозғаушы күшін олардың мәніне қарап, қалай анықтайды?

12. Егер сутектік электродты мыстың жарты элементімен жұптасса, анод болады, мырышпен жұптасса – катод болады. Неге?

13. Мына жүйелердің қайсысы күштірек тотықтырғыш не тотықсыздандырғыш бола алады: Mg2+ + 2e ↔ Mg0; Fe2+ + 2e ↔ Fe0; Hg2+ + 2e ↔ Hg0 ?

14. Қалайы мына элементтер тұздары ерітінділерінен магнийді, сынапты, мырышты, күмісті ығыстыра ала ма? Осы металдардың қайсысы қалайыны ығыстыра алады?

15. а) Қышқылдардың сулы ерітінділерінен мына металдар (марганец, висмут, сынап, магний, алтын) сутегіні тотықсыздандыра ала ма?

б) Темір және қорғасын магний мен мырышты олардың тұздарынан тотықсыздандыра ала ма?

16. Стандартты электродтық потенциал қатарын пайдаланып, э.қ.к. мына мәндерге тең болатын 0,46В; 3,18В гальваникалық элемент құру үшін металдарды таңдаңдар.

17. Электр энергиясы химиялық энергияға айналатын процесті қалай айтады? Ол қандай аспапта жүреді.

18. Катод және анод деген не? Сыртқы тоқ көзі қандай роль атқарады?

19. Электролиттердің балқымаларының электролизі кезінде электродтарда қандай электрохимиялық процесс жүреді. Мысал келтіріңдер.

20. Сулы ерітінді мен балқымалардың электролиздерінде қандай айырмашылық болады? Катод пен анодта қандай иондар мен молекулалар тотығады және тотықсызданады? Оны қалай анықтайды?

21. Мына иондардың Ag+, Fe2+, Cu2+, Bi3+, Sn2+ катодта қайсылары алдымен тотықсызданады? Оны қалай анықтайды?

22. Электролиз кезінде поляризацияның қозғаушы күші ненің әсерінен пайда болады?

23. Хлоридтердің электролизі кезінде анодта неге оттегі бөлінбей, хлор бөлінеді? Сульфаттардың электролизі кезінде анодта не бөлінеді? Неге?

24. Бір уақытта бірдей жағдайда қандай тұздардың электролизі нәтижесінде сілтілер мен қышқылдар бөлінеді?

25. Металдың анодтық еруі деген не және ол процесс қандай жағдайда жүреді?

26. Электролиз арқылы металдарды қалай тазалайды?

27. Фарадей заңдарының анықтамаларын айтыңдар, оның математикалық өрнектеулерін жазыңдар. Фарадей саны деген не?

28. Электрохимиялық эквивалент деген не? Ол заттың эквивалент массасымен және Фарадей санымен қалай байланысады?

29. Электролиз әдісі арқылы Авогадро тұрақтысын табуға бола ма?

30. Тоқ бойынша шығым деген не?

31. Металдар коррозиясы деген не? Олардың түрлері.

32. Қалайымен жанасқан темір ме, мыспен жанасқан темір ме, тезірек коррозияға ұшырайтын?

33. Металдарды коррозиядан қорғау әдістері.

34. Қандай заттарды коррозияның ингибиторлары деп атайды?