ИТБАЛЫҚТАР ТҰҚЫМДАСЫ (Phocidae)


Итбалықтар денесінің ұзындығы 1-ден 6 м. дейін, салмағы 90 кг.-нан 3,5 тоннаға дейін. Нағыз итбалықтың артқы қанаттары өкше жалғастыруында бүгілмейді, сондықтан құрлықта немесе мұзда жылжығанда сүйеніш қызметін атқармайды. Аяқтары әр уақытта артқа созылғандықтан малтығанда негізгі қозғалыс ағза есептеледі. Екі қанаты да барлық бойында түктермен жабылған, тері-шеміршек жиегі болмайды. Тырнақтары жақсы дамыған, қанаттарының шетінде орналасқан. Денесі сүйір формалы, мойыны қысқа, басы жалпақ және жайпақ. Көзі ірі. Алдыңғы қанаттарындағы тырнақтары жақсы дамыған. Теріасты майы жануар салмағының кейде 1/3 жетеді. Түктері қалың, қысқа түбітімен, тек теңіз пілі жалаңаш келеді. Үлбірінің бояуы әр түрлі, жиі тарғыл болады. Сыртқы құлақ қалқаны барлық түрлерінде болмайды. Мойыны қысқа, аз қозғалады. Басының елеулі сүйір тұмсығы байқалады. Жоғарғы ернінде 6-10 қатар құратын моржға қарағанда жұмсақ сезгіш мұртшалар орналасады. Балық және ұлулармен қоректенеді. Жыл сайын ұрпақ әкеледі. Жыныстық жетілуі 2-8 жасында басталады. Буаздық мерзімі 9-12 айға созылады. Ұрғашысы бір, кейде екі ұрпақ береді. Олар көптеген жылдар бойы кәсіби зерзат болып келеді, өйткені құнды шикізат майы парфюмерия, медицина салаларында пайдаланылады. Ірі аңдар терілері тері шикізаты ретінде қолданылады.

Бұларды құлақсыз итбалық деп те атайды. Итбалықтардың бұлай аталуына сыртқы құлақ қалқанының болмауы себеп болған. Олардың артқы аяқтары қысқа, әрі құрлықта қозғалуына қатыспайды. Түгі ірі қылшықты, мамығы болмайды. итбалықтардың жалпы 22 туысының қазіргі кезде 13 туысы 18 түрі Солтүстік Мұзды мұхит теңіздерінде, Антарктида жағалауында және кейбір үлкен ішкі су айдындарында таралған. Итбалықтардың негізгі туыстарына: жолақты итбалық, Гренландия итбалығы, кәдімгі итбалықтар, нерпалар, теңіз пілдері, т.б. жатады. Итбалықтардың көпшілік түрлері қоныс аударады.

Итбалықтар ауа-райы күрт өзгерер алдында теңіз жағалауындағы жартастар арасындағы бұғаздарға тығылып, мазасыз күй кешеді. Артқы аяқтары тек суда жақсы жүзу қызметін атқарады. Олар судың терең қабаттарына түсіп, су ішінде ұзақ уақыт бола алады. Солтүстік жартышардағы итбалықтар мұз үстіне шығып тынығады, әрі мұз үстінде күшіктейді, ал Оңтүстік жартышардағы түрлері – тынығу үшін жағалауға шығады. итбалықтардың тері астындағы қалың май қабатының дене темп-расын бірқалыпты ұстаудағы маңызы зор. Итбалықтардың түйсік қабілетінің жоғары дәрежеде дамығаны анықталған. Мысалы, олардың денесіне қатты соққы тиген кезде көздерінен жас ағып “жылайды”, музыка әуеніне еліктейді. Итбалықтың аналығы жылына бір рет күшіктейді. Күшіктерінің көзі ашық, денесі қалың, ақ түсті мамықпен қапталған. Осыған орай оның күшігін “ақүрпек” деп атайды. Күшіктері алғашында суда жүзе де, сүңги де алмайды. Үш аптадан кейін олардың түгі біртегіс, әрі қылшықты күйге ауысады. Итбалықтардың негізгі жауы теңізде – касатка дельфині, ал жағалауда – ақ аю, ал күшіктеріне ірі жыртқыш балықтар шабуыл жасайды.

Кәдімгі итбалық (Phoca vitulina) денесінің ұзындығы 145-195 см, құйрығы 7-9 см. Бұл жануарлардың ерекше белгілеріне тән нәрсе, ол танауының V-бейнелігі. Осыған байланысты бұл аңды терісінің бояуынсыз-ақ білуге болады. Басының формасы жұмыртқатәрізді болады. Тұмсығы қысқа. Көзі үлкен, мәнерлі, қоңыр. Үлбірі жұмсақ. Арқасының бояуы біршама ақшыл, сұр-ақ немесе сұр-сары, тарғыл. Атлант, Тынық мұхиттардың салқын, қоңыр салқын суларында таралған. Аналықтары мамыр соңында немесе маусым айында буаздығының 11 айында бір ұрпақ туады. Бүгінгі таңда олардың саны 500 мың бас деп саналады. Байкал нерпасы (pusa sibirica) ересек нерпа денесінің ұзындығы 165 см., салмағы 50-ден 130 кг. дейін. Байкал көлін мекендейді. Буаздығы 11 айға созылады, оның алғашқы 3-5 айы ұрықтық диапауза (ағза төзімділігі). Халықаралық Қызыл Кітапқа енгізілген. Шығыршықты итбалық (Pusa hispida) солай деп аталу себебі денесін шұбар қара түспен боялған ерекше болып келеді. Дене тұрқы 135 см., дене салмағы 70 кг. Көздері жақсы кореді және құлақтары мен сезу мүшелері жақсы дамыған. Байкал теңіздерінде, Швецияда, Финляндияда кездеседі.

Каспий нерпасы (Pusa caspica) денесінің ұзындығы 120-148 см., салмағы 50-60 кг. Аталығы мен аналығының мөлшері шамамен бірдей. Денесінің реңі бір түсті сұр-қоңырша қоңыр және қара дақтарымен. Ірі жануарларға көптеген формасыз, көлемі әртүрлі қалып тән. Жыныстық жетілуіне 5-7 жасында жетеді. Көбею кезеңі 2-3 жылды құрады. Буаздық мерзімі 11 айға жуық. Аналығы бір күшік әкеледі, екеуі өте сирек кездеседі. Олар 50 жылға дейін тіршілік етеді. Суда тіршілік етуіне байланысты дене құрылымында сол ортаға бейімделуі басым. Мойны денесімен тұтасып біткен, сондықтан басы айқын бөлектеніп көрінбейді, құлақ қалқаны болмайды, аяқтары ескек тәрізді, башайларының арасында қалың тері жарғақтары болады. Қара түсті арқасында теңбіл дақтары айқын көрінеді, бауыры ақшыл болады. Тек Каспий теңізінде ғана таралған. Еділ мен Жайық өзендерінің төменгі ағыстарында сирек те болса, кездесіп қалады. Әсіресе, Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі аралдарда қыс айларында көбірек ұшырасады. Тіршілігінің көбі суда өтеді. Тек түлейтін, шағылысатын және балалайтын кезде ғана теңіздегі аралдарға немесе мұз үстіне шығады. Шағылысуы ақпанның ортасынан наурызға дейін созылады. Бір жылдан кейін 1 кейде 2 күшік (ақүрпек) табады. Ақүрпегін аналығы майлы сүтімен 3 – 4 тәуліктей қоректендіреді. 2 – 3 айда әбден семірген ақүрпегін «май итбалық» деп, ал бір жылдан кейін терісінің реңі бірнеше рет өзгергендіктен, оларды «қара итбалық» деп атайды. Негізінен балықтар, шаянтәрізділер және моллюскілермен қоректенеді. Каспий итбалығының терісі мен майы өте бағалы болғандықтан кәсіптік маңызы бар аң. Ересек түлен күзге қарай бойына 40 – 70 кг-дай май жинайды. Ол медицинада және парфюмерияда кеңінен қолданылады. Каспий теңізінде шамамен 400 – 450 мыңдай мекендейді.

Гренландия итбалығы (Pagophilus groenlandicus) ірі дарағының салмағы 115-180 кг. Толық денесінің ұзындығы 150-220 см. Негізгі реңі сарғыш немесе ағарыңқы, тұмсығы қара. Мойынынан құйрығына дейін, бүйірлері бойы күңгірт боялған аймақтар. Аналығы мен жастары да осылай боялған, бірақ күңгірт аймақтары аз және бірдей болмайды. Аталықтары арасында қоңыр дарақтар кездеседі, олардың түстері айқын емес, шайылған тәрізді. Жүктілік мерзімі 11 жарым айды құрады. Жыныстық жетілуі аналықта 4 жыл, аталықта 5-7 жылда басталады. Аналығы 20 жылға дейін туу қабілетін сақтайды. Олар 30-35 жыл өмір сүреді.

Ұзын мұрынды итбалық (Halichoerus grypus) ең ірі итбалықтың бірі. Денесінің ұзындығы 1,6-2,6 м. Аталығының салмағы 300-315 кг, аналығы - 150-200 кг. Тұмсығы ұзын, дөңес келеді. Үлбірі қатқыл. Негізгі түсі сұр, арқасында ретсіз жиі қара және сарғыш дақтар шашылған. Басы сары-қоңыр болуы мүмкін, дақтары болмайды. Фин шығынағы мен Баренцев теңізінде таралған.

Теңіз қояны (Erignathus barbatus) - нағыз итбалықтар тұқымдасына жататын сүтқоректі жануар. Денесінің ұзындығы 200-310 см, салмағы 300 кг жетеді. Түк жамылғысы біршама қалың емес, қатқыл. Реңі қоңыр-сұр, арқасы тіпті қоңыр. Солтүстік Мұзды, Атлант, Тынық мұхиттарда таралған. Жұптасуы сәуір-мамыр айының басында қалқып жүрген сеңдерде өтеді. Буаздығы 10-11 айға созылады, оның 2-3 айы жасырын кезеңге келеді. Жолақ итбалық (Histriophoca fasciata) денесінің ұзындығы 155-165 см., салмағы шамамен 55 кг. жуық. Аталықтары аналықтарынан ірі болады. Денесі сымбатты, ұзынша келеді. Мойыны едеуір ұзын, мойынды ұстап қалуы жақсы байқалады. Мұртшаларының беті толқын тәрізді. Аталықта жақсы дамыған кеңірдекпен қосылған жұп ауа қабы болады. Ересек түрлері реңінің негізгі фоны қоңыр (аталықта қара, аналықта қоңырша), онда айқын 4 кең (5,5-тен 15 см. дейін) ақ жолақтар байқалады. Оның біреуі мойынды қоршаса, екіншісі тұлғаны артқа қанаты негізінде орап алады, ал үшінші мен төртіншісі, симметриялы орналасқан, дене бойы ұзарған, алдыңғы қанаттар негізін қоршайды. Бұл жолақтар арасында құрылған қоңыр дақтар итбалық бүйірлерінде құстың жыйырылған қанатын еске салады, сондықтан ол «қанатты» атауына ие болды. Татар бұғазын, Охотск, Беринг, Чукот теңіздерін мекендейді. Олардың қоректенуінде аса елеулі мәнділік шаянтәрізді, ұлу және балықтарға беріледі. Жұптасу шілде-тамызда өтеді, ал наурыз-сәуірде аналықтар ұрпақтарын туады.

Аталықтарының жыныстық жетілуі жақсы дамыған. Жолақты итбалықтар балықтармен, рактармен, малюскалармен қоректенеді. Дернәсілдерін маусым тамыз айларында шашып, наурыз сәуір айларында балаларын туады.

Алапес итбалық (Phoca largha) ересек аталығы мен аналығының ұзындығы 190-220 см дейін, барынша көп күзгі салмағы 130-150 кг, жазғытұры әдетте 80-100 кг аспайды. Олардың реңі едәуір түрліше және фоны күмісті сұрдан, қара сұрға дейін өзгере алады. Бүкіл арқасында, және құрсағында формасы дұрыс емес ұсақ қара немесе қоңыр дақтары болады. Ол балықпен қоректенеді. Көбею кезеңі қаңтар айының соңында басталып, наурыз айының соңына дейін жалғасады. Жұптасу кезеңінде олар судан мұзға шығады.

Хохлач (Cystophora cristata) нағыз итбалықтардың ең ірі өкілдерінің бірі. Аталықтары аналықтарынан ірі екені байқалады. Аталықтар денесінің ұзындығы 240 см жуық, ал кейбір түрлері 280 см жете алады. Аталығының салмағы 300 кг дейін. Ересектерінің реңі ашық келеді. Жалпы фоны ақшыл сұр, бүкіл денесіне әжептәуір ірі дақтар шашылған, формалары үшбұрышты немесе күрделі көріністі, қара қоңыр, кейде тіпті қара түске боялған. Ересек аналықтарының жоғарғы жағында тұмсығының алдыңғы бөлімінде өзіне тән қап (хохол) орналасқан, ол танау қуысының ұлғаюынан құрылған. Аңның тыныш күйінде қап мүлде байқалмайды, жануардың қозуында ол өз бетімен ауамен керіледі, ұлғаяды да, ұзындығы 30 см, биіктігі 25 см жетеді. Ол аталықтарда жыныстық жетілу кезеңі басталғанда құрылады және екінші жыныстық белгісі болады.

Ал негізгі түсі түсті. Үлкен аталықтарының жоғарғы мұрындарының үстерінде қап тәріздес тесігі (хохол) болады. Бұл тесік әсіресе аналқытары жыныстық қатынасқа түскен кезде 30 см ден 25 см дейін үлкейеді.

Теңіз қабыланы (Hydrurga leptonyx) денесі сүйір, суда үлкен жылдамдықтың дамуына себепкер болады. Басы ерекше жымырайған, бауырымен жорғалаушылар сияқты көрінеді. Алдыңғы жүзу қанаты күшті ұзарған, суда жылжуы оның күшті үйлесімді соққы көмегімен іске асады. Аталығының дене ұзындығы 3 м жуық, салмағы 270 кг жуық, аналығы – одан ірі, ұзындығы 4 м дейін, салмағы 400 кг жетеді. Денесінің жоғарғы бөлімінің реңі қоңыр-сұр, төменгісі - күмісті-ақ. Басында, бүйірлерінде сұр дақтар көрінеді. Олар жалғыздықта тіршілік етеді. Кейде, тек жастары ғана кішкене топтарға бірігеді. Қараша, ақпан айлары аралығында тек суда жұптасуы жүреді. Орташа өмір сүру ұзақтығы 26 жылға жуық.

Уэдделла итбалығы (Leptonycnotes) Антарктида жағалауында тіршілік етеді. Бұл жануар денесінің ұзындығы 3 м жетеді, салмағы 400 кг құрады. Аталықтары көлемі жағынан аналықтарына жол береді. Олар 40 см қысқа, салмағы 30 кг аз. Терісінің реңі көбінесе сұрғылт қоңырша болып келеді. Олардың ішінде тіпті қара түстілері, кейбір жерлері күмісті-сұр реңділер де кездеседі. Май қабатының қалыңдығы 10 см аз болмайды. Бұл салқындаудан сенімді қорғаныш - өйткені ол тәулік бойы аязда болады. Түлеу желтоқсан ақпан айларында өтеді. Олар қыркүйек қазан айларында көбейеді. Ұрғашылары тікелей мұзда туады. Аналығы бір ғана ұрпақ әкеледі.

Теңіз пілі (Mirounga) әлемдегі ескекаяқтылар өкілдерінің ең ірісі. Аталықтарының ұзындығы 6 м, салмағы 3-5 т жетеді. «Піл» аталуына өте үлкен көлемі, жуан денесі және танауындағы тері қабы, оның абыржу кезінде немесе некелік ұрысы кезеңінде ірі шарға өсуі себеп болған. Дене құрылымы өте үлкен, жуан, дене формасы біліктей, мойын буылтығы байқалмайды және қалың әжімдермен көмкерілген, төсі үлкен. 2 түрі бар. Оңтүстік теңіз пілдері, ең ірі ескекаяқтылар. Оның дене ұзындығы Аталықтарының бетінің ұшында пілдің тұмсығы тәрізді 40 см-дей тері қапшығы бар. Олар ашуланып қозғанда қапшықтары 80 см дейін ұлғаяды. Жаңа туған итбалықтың ұзындығы 70- 80 см, түгі қара, 2 айдан соң сұрғылт-күміс түске ауысады; ересектерінің түсі ашық-қоңыр, қоңыр. Ареалы, жердің оңтүстік бөлігінің субантарктикалық және қоңыр-салқын сулары. Маусымдық миграциялау қасиеттері байқалады. Полигамдар. Жиекте құрлықта көбейеді. Аталықтың үйірінде 20 дейін ұрғашылар болады. Қорегі, басаяқты ұлулар мен балықтар. Негізгі мекендері Георгий аралының онтүстігімен, Макуории, Кергелен 700 мыңдай бас бар. Аулауға тиым салынған. Солтүстік теңіз пілі оңтүстік түріне өте ұқсас. Ол Мексика мен оңтүстік Калифорния жағалауларында таралған. Саны 20 мындай. Қорғауға алынған.

Монах итбалық (Monachus) - мына белгілер тән: бас сүйегі бет сүйегі доғасынан кең және біраз танау бөлімі кеңейген. Артқы қанаттарының біраз терең орталық оюы және кең шеткі қалақтары бар. Тырнақтары өте аз. Алдыңғы қалақтарының бірінші саусағы өте ұзын, басқалары бесіншісіне дейін біртіндеп кішірейе береді, тырнақтары жақсы дамыған, кең. Түк жамылғысы төмен, қатты және тегіс, денесіне тығыз жанасады. Мұртшалары тегіс, көлденеңінде сопақша. Арқасының реңі қоңыр сұрдан қара қоңырға дейін, құрсағында өте ақшыл болады. Өте жақсы дамыған әсіресе бұлшықеттері. Халықаралық Қызыл Кітапқа енгізілген.