САЛПАН ҚҰЛАҚ ИТБАЛЫҚТАР ТҰҚЫМДАСЫ (Otariodea)


Солтүстік теңіз мысығы (Callorninus ursinus) барынша көп денесінің ұзындығы 2,2 м жетеді, ал салмағы 320 кг дейін. Тұлғасы созылыңқы, мойыны біршама қысқа, басы кішірек, ал аяқтары жалпыйған, қалақтарға айналған. Нағыз итбалықтарға қарағанда олар онша толық емес, құрлықта барлық 4 аяғына сүйеніп, жылжиды. Көздері үлкен, қоңыр, сұйықтық жауып кеткендей алыстан көрмейді. Олардың естуі мен иіс сезуі жақсы дамыған. Дельфиндердей жаңғырық қармауға қабілетті. Үлбірі қысқа болғанымен, өте қалың, жоғары бағаланады. Реңі жиірек қоңыр, кейде тіпті қара. Көбеюі жазғытұры өтеді. Тек солтүстік түрлерінде ғана көктем мамыр маусым айларында, ал оңтүстіктегілер–қарашада басталады.

Сивуч (Eumetopias jubatus) денесінің ұзындығы 260 см жетеді, дене салмағы 350 кг тең. Түк жамылғысының реңі жынысына, жасына және жыл мерзіміне байланысты өзгеріп отырады. Денесінің жоғарғы жағының реңі қара-қоңыр немесе қызғылтым, бүйірлері бағытында біртіндеп қоңырға ауысады, құрсағы бір тонды, қоңыр сарғылт. Негізінде Тынық мұхит жағалауын қоныстанады.

Жас кезінде түсі қара қоңыр болады. Ал, үстіңгі жағы керсінше қоңырдан қараға сұрға ауысып отырады.