ЖАБАЙЫ ШОШҚАЛАР ТҰҚЫМДАСЫ (Suidae)


Жұптұяқтылар отряды үшінші, төртінші саусақтары ең үлкен дамыған, араларында аяқтар осі өтетін тұяқтыларды біріктіреді. Күйіс қайырмайтын түр тармақтары 3: шошқа (suidae), пекария (tayassudae), бегемот (hippopotamidae) тұқымдасты біріктіреді, олар 7 туыс және 23 түрді қосады. Олар ұсақ, орташа немесе ірі мөлшерлі болады. Денелерінің ұзындығы 70-тен 450 см дейін, шомбал, аяқтары қысқа төрт саусақты. Сойдақ тістері аузынан тыс шығып тұрады, тұмсығының ұшында шеміршекті кішкене тұмсығы болады. Талғаусыз қоректенетін хайуан. Қарнының құрылысы қарапайым келеді. Мүйізі жоқ. Теріасты майы едеуір.

Басқа жанындағы бармақтар (көп түрінде екеу) әлсіз дамыған және ортаншы бармағынан жоғары орналасқан. Барлық бармақтарының аяққы қабыршақтары тұяқпен қапталған.

Түрлері

Атауы

Шошқалар тұқымдасы (Suidae)

Қабан (Sus)

Жабайы немесе доныз шошқа

Sus scrofa

Сақалды шошқа

Sus barbatus

Висай шошқа

Sus cebifrons

Вьетнамдық сүйелді шошқа

Sus bucculentus

Өзеншіктің шошқасы

Potamochoerus porcus

Ергейжелі шошқа

Sus salvanius

Явандық шошқа

Sus verrucosus

Миндорлық шошқа

Sus oliveri

Палаванның шошқасы

Sus ahoenobarbus

Сулавессаның сүйелді шошқа

Sus celebensis

Филипиндық сүйелді шошқа

Sus philippensis

Сүйелді шошқа (Phacochoerus)

Африкалық сүйелді шошқа

Phacochoerus africanus

Шөлді сүйелді шошқа

Phacochoerus aethiopicus

Үлкен орман шошқалар (Hylochoerus)

Үлкен орман шошқалар

Hylochoerus meinertzhageni

Бабирусстар (Babyrousa)

Бабирусс

Babyrousa babyrussa

Суллавесс бабирусс 

Babyrousa celebensis

Тогийск бабирусс 

Babyrousa togeanensis

Шошақты шошқа (Potamochoerus)

Шошақты шошқа

Potamochoerus porcus

Бұталы шошқ

Potamochoerus larvatus

Пекари тұқымдасы (Tayassuidae)

Қарғы пекари

Pecari tajacu

Ақ сақалды пекари

Tayassu pecari

Аса ірі пекари

Pecari maximus

Чакск пекари

Catagonus wagneri

Сусиыр тұқыидасы (Hippopotamidae)

Кәдімгі сусиыр

Hippopotamus amphibius

Мадагаскар сусиыры

Hippopotamus lemerlei

Ергежейлі сусиыр

Hexaprotodon liberiensis

Шошқалылар тұқымдасы (suidae) тұмсығы созылыңқы, кішкене тұмсығымен аяқталатын, онда танауы ашылатын жануарлар жатады. Аяқтары 4 саусақты, дамыған бүйір саусақтары болады. Сойдақ тістері үлкен, жоғарғысы иілген, азу тістері моқал төмпекті. Қарыны қарапайым, қосымша қапшығымен. Тұқымдастағы 9 түрі, 5 туысқа біріккен. Оларға 4 саусақ тән, әр аяғында тұяғы бар, олардың ортаңғы екеуі басқаларға қарағанда ірірек және тірек болады. Басы ұзын, қозғалмалы тұмсығына қарай сүйірленеді, оның жайпақ ұшында кішкене шеміршекті дискісі болады, оған танауы ашылады. Кішкене тұмсығымен заттарды қозғайды және қажетті кезде жерді қазады.


Жұптұяқтылар отряды
(Artiodactyla).

Күйіс қайырмайтындар (Nonruminantia)

Фото

Өзеншіктің шошқасы

(Potamochoerus porcus)

Фото

Бабирусс

(Babyrousa babyrussa)

Кистеухая свинья

Шошақты шошқа

(Potamochoerus porcus)

Hylochoerus meinertzhageni2.jpg

Үлкен орман шошқа

(Hylochoerus meinertzhageni)

Bearded Pig.JPG

Сақалды шошқа

(Sus barbatus)

Қабан

(Sus scrofa)

Африкалық сүйелді шошқа

(Phacochoerus africanus)

Catagonus wagneri 1 - Phoenix Zoo.jpg

Чакск пекари

(Catagonus wagneri)

PecariTajacu.jpg

Қарғы пекари

(Pecari tajacu)

Кәдімгі сусиыр

(Hippopotamus amphibius)

Tayassu pecari -Brazil-8.jpg

Ақ сақалды пекари

(Tayassu pecari)

Ергейжелі сусиыры

(Hexaprotodon libenensis


Өзен шошқасы (Potamochoerus porcus) денесінің ұзындығы 100-150 см, биіктігі 55-80 см, салмағы 80 кг. Басы созылыңқы, тұлғасы жанынан қысыңқы. Құлақтары ұзын, өткір, ұшында ұзын түктерінің будасы болады. Орташа ұзындығы бар қылшық түктері денесін біркелкі жабады. Реңі ашық-жирен, арқасында ақ жолағы болады, тұмсығында ақ түгі, құлақтарында ұзын түкті шашақтары бар. Сойдақ тістері өте ұзын емес, бірақ өткір. Аталықтарының көздері мен танауы арасында сүйек бұдырмақтары құрылады. Африка, Мадагаскар және Занзибарада таралған. Түнде белсенді тіршілік етеді. Бұталарды, орман тоғайын мекендейді. Буаздық ұзақтығы 4 айға жуық. Орташа 3-тен 6-ға дейін торайлар әкеледі.

Бабирусс (Babyrousa babyrussa) денесінің ұзындығы 90-110 см. болады, салмағы 60-100 кг жетеді. Денесін қоңыр-сұр немесе қара-сұр түске боялған қатқыл тегіс тері жабады. Аталықтарының өте үлкен жоғарғы сойдақ тістері болады, олар кейде 31 см жетеді. Сойдақ тістері жоғары өседі, өсу кезінде олар жоғарғы ерінді жарып өтеді, кейін доға тәрізді артқа және төмен көз үсті аймағына иіледі. Аналықтарының жоғарғы сойдақ тістері болмайды немесе тіпті жоқ, немесе нашар дамиды. Бабирус Сулавеси, Буру және Сула аралдарын, олардағы өзен мен көлдер жиегіндегі қалың қамыс қопаларда және ылғалды тропикалық орманда қоныстанады. Олар түнде белсенді, әдетте жеке немесе кішігірім топ құрып жүреді. Мөлшері 5 айлық буаздықтан соң, аналығы ақпан айында торайлар туады,

Африканың сүйелді шошқасы (Phacochoerus africanus) денесінің ұзындығы 105-150 см. дейін, салмағы 60-150 кг. Аталығы аналығынан біршама ірі, бірақ құйрықтары тіпті қысқа. Денесі бөшке тәрізді, басы өте үлкен, тұмсығының алдыңғы бөлімі айтарлықтай кеңіген. Құлағының ұзындығы орташа, сүйір, сырты жалаңаш, іш жағынан ақ түктермен жабылған. Түк жамылғысы ұзын сирек жалдан тұрады, шоқтығы жіңішке түктер, олар арқаның ортасына дейін созылады, одан соң үзіледі де, қайта сегізкөзде пайда болады және сирек қылшықтар дененің барлық басқа жерлерін жабып тұрады. Реңі жирен-қоңыр түсті. Көз бен езудің арасында тұмсықтың екі жағында өзіне тән тері өскіні - «сүйел» болады. Аталықта екі сүйелден (артқысының биіктігі 15 см жетеді), ал аналықта бір-бірден және олардың көлемі кіші келеді. Білезігінің мүйізді күсі байқалады. Көзасты бездері болады. Сойдақ тістері өте күшті, жоғарғысы алдыңғысынан біршама ұзын. Азулы қабанның сойдақ тістері 30 см, одан көпке жетеді. Африкада таралған. Олар шөп басқан бұталарда тұрып, күндіз тіршілік етеді. Күндіз белсенді қамысты жерлерде тіршілік етеді. Буаздығы 125-175 күнге созылып, ақпан-наурыз және тамыз-қараша айларында 2-ден 7-ге дейін ұрпақ әкеледі. Толық жыныстық жетілу 9-18 ай жасында 15-20 жыл өмір сүреді.

Үлкен орман шошқасы (Hylochoerus meinertzhageni) барлық белгілі жабайы шошқалар арасындағы ең ірісі. Денесінің ұзындығы 155-180 см, салмағы 100-250 кг. Тұлғасы домалақ, басы ұзын және жалпақ. Құлақтары ұзындығы орташа, зор, нашар сүйірленген. Мұрын дискінің диаметрі 13 см. Түктері ұзын, қатқыл, қара. Мойны мен маңдайында әдетте жалы болады. Африка, Заир, Кения және Эфиопияда таралған. Үлкен орман алабын, олардың жазық, таулы жиектерінде қоныстанады. Әдетте топтасып 4-6 дарақ бірге жүреді. Буаздығы 125 күнге созылады. Аналығы әдетте 4 ұрпақ туады.

Сақалды шошқа (Sus harbatus) тұқымдастағы басқа өкілдермен салыстырғанда олардың дене құрылысы біршама сымбатты, аяқтары жіңішке, ал басы созылыңқы. Ең байқалатын белгісі, атауына себеп болған оның тұмсығын жабатын түгі сарғыш-ақ болады. Олардың тұмсығында 2 жұп сүйелдер болады да, бір жұбы сақалының астында орналасады. Барлық шошқадағыдай, тұмсығы ұзын, еттұмсықты, көзі кішкентай, құлақтары ұзын. Өте сирек қыл тәрізді түгі сұр немесе қара-қоңыр түске боялған. Тағы бір өзіне тән белгісі, ол құйрығында қақ жарылған шашақтары болады. Бұл жануардың ұзындығы 100-ден 165 см дейін, салмағы 150 кг дейін. Таралу аймағы Азия, Филиппин мен Малазия. Жыныстық жетілуі 18 айлығында басталады. 4 айлық буаздығынан кейін аналығы 2-ден 8-ге дейін торайлар туады.

Яван шошқасы (Sus verrucosus) денесінің ұзындығы 90-190 см, салмағы 44-108 кг. Олардың бәріне ұзын жал тән, жалы желкесінен мойыны мен жаясына қарай төмен түседі. Түгі қызғылт түсті. Аяқтары дұрыс, құйрығы ұзын, ұшында аздаған түк будасы болады. Бас үлкен, ауыр, біраз дөңесті келеді. Олар өте жиі өзеннің бұталы аңғарында, батпақты және биік шөпті жазықта тіршілік етеді. Көп некелілі жануар. Буаздығы 171-175 күнге созылады, 3-тен 9 торайға дейін туады. Бүгінгі күні ол Ява, Филиппин аралдарында кездеседі.

Қабан немесе жабайы шошқа (Sus scrofa) ең көп таралған түр. Денесінің ұзындығы 130-175 см, биіктігі 100 см-ге дейін, салмағы 60-тан 150 кг дейін. Басы өте үлкен, сына тәрізді алға созылған. Құлақтары ұзын және кең, көздері кішкентай, тұмсығында шеміршекті кішкене тұмсығы болады. Денесі серпімді қылшықтармен қапталған, қыста ол ұзынырақ және қалың бүршікті. Арқасында қылшықтары қырқа құрады. Барлық Еуропаны солтүстікке қарай Скандинавияның түбегіне, Ладога көліне, Калуга, Тульск облыстарына, Азия мен Африка, Мадагаскар, Жаңа Гвинея және т.б. қоныстанады. Аналықтарының жыныстық жетілуі 8-10 айында, ал аталықтары 18-20 айында жетеді. Буаздық мерзімі 124-140 күн. Шошқалардың жаппай торайлауы наурыз-мамыр айларына келеді. Ұясында торайлар саны 4-тен 10-ға дейін болады. Маңызды ауланатын кәсіптік аң.