ПЕКАРИ ТҰҚЫМДАСЫ (Tayassudae)


Олар шошқалардан ұсақ, денесінің ұзындығы 115 см. дейін, биіктігі 55 см, салмағы 30 кг дейін. Қарны 3 бөлімнен тұрады, алдыңғысында жұп шұжық тәрізді соқыр қаптары болады. Артқы аяқтарында 3 тұяғы бар және екі алақан сүйектері жартылай немесе толық тұтасып кетеді. Жоғарғы сойдақ тістері төмен қарай бағытталған, олар үшқырлы, мықты. Барлығы 38 тісі бар. Арқасының артқы бөлімінде мускус тәрізді секрет бөлетін бездері болады. Басы үлкен сына тәрізді, мойны қысқа, көздері кішкентай. Қылшықтары қалың, желке, мойыны және арқасында ұзын болады. Америка мен Мексикада кездеседі. Түрлі орман және бұта қопаларын мекендейді. Аналықтардың жыныстық жетілуі 8-8,5 айында, аталықтары - 11-11,5 айында өтеді. Буаздығы 142-149 күн. Ұясында 2-4 торайы болады. Кәсіптік аң, еті деликатес (сапалы тамақ) есептелінеді.

Қарғыбау пекари (Pecari tajacu) атауын желкесінен төмен тамағының астына шейін түсетін сарғыш-ақшыл жолақ арқасында алды. Жалпы реңі қоңыр-қара, арқа бойымен қара жолақ өтеді, әсіресе ол жастарында жақсы байқалады, олардың боялуы үлкендеріне қарағанда ақшыл. Қылшықтары қалың, бірақ негізінде түбіті болмайды. Түктері желкесі мен мойынында аласа жал құрады. Денесінің ұзындығы 75 - 100 см., биіктігі 50 см, салмағы 18 - 25 кг Бұл аң 11 түрге бөлінеді. Олар Америка, Колумбия, Перу, Парагвай және Бразилияда таралған. Ол шөппен қоректенетіндерге жатады, қарнының құрылысы күрделі, болады ірі азықтарды қорытуға қажет. Оңтүстікте таралған түрлері әртүрлі азықтармен қоректенеді, онда тамыр, пиязшық, жаңғақ, саңырауқұлақ, кейде жұмыртқа, өлексе, ұсақ жылан мен бақалар, ал солтүстіктегілердің – негізгі азығы тамыр, пиязшық, үрмебұршақ, жаңғақ, жеміс, түрлі шөптер мен кактусты, әрі ауыл шаруашылық дақылдарын жей алады. Буаздығы 142-149 күнге созылады. Ұясында 2-ден 4 торайға дейін болады.

Чакск пекари (Catagonus wagneri) бұл жануарлардың тұмсығы мықты, танауы жақсы қалыптасқан. Түктерінің реңі қоңырдан сұр түске дейін құбылады. Арқасынан қоңыр жолақ өтеді, иығында ақ үлбірі болады. Ол басқа түрлерінен өте ұзын құлақтары, танауы және құйрықтарымен ерекшеленеді. Ерінінің айналасында, басқаларға қарағанда ақ жолақтар болады. Тағы бір ерекшелігіне, артқы аяқтарындағы 3 саусығы жатады, басқа түрлерінде екі-ақ саусағы байқалады. Денесінің ұзындығы 96-117 см, салмағы 30-43 кг. Олар «жасыл тозақ шошқасы» атауын жабайы, зертелмеген орындарды мекендейтіндіктен алған. Хайуан құрғақшылық, жабайы адам қолы тимеген мекен ету орнын ұнатады. Ондай тіршілік ету үшін оларда түрлі құрылымдары бейімделген, айталық қойнаулар жақсы дамыған, қойнау құрғақ, шаң жағдайларда тірі қалуға көмектеседі. Аяқтары біршама қысқа, ол тікенек өсімдіктер арасынан еппен өту мүмкіндігін береді. Бұл жануар Халықаралық Қызыл Кітапқа енгізілген.

Аса ірі пекари (Pecari maximus) аяқтары үлкен ұзын, үлбірі жұқа, ол сұр қоңырша және ақ түске боялған. Денесінің ұзындығы 120-137 см, салмағы 40-50 кг.

Ақ сақалды пекари (Tayassu pecari) тұмсығы ұзын, мойыны жуан, басы үлкен, құйрығы өте қысқа және аяқтары әсем болып келеді. Жалпы денесінің ұзындығы 75-100 см, салмағы 25-40 кг құрайды. Түгі қылшықты және бүкіл денесін қамтиды. Ересектерінің реңі қара-қоңырдан жамбас аймағы мен мойынының арқа бөлімінде ақ дағы бар қара болады. Олар әр ортада мекен етеді, онда бұталы шөл, құрғақ орманы көп жер және жаңбыр ағаштары болады. Буаздығы 156-162 күнге созылады. Ұясында 1-4 ұрпағы жатады. Бұл Халықаралық Қызыл Кітапқа енгізілген.