СУСИЫРЛАР ТҰҚЫМДАСЫ (Hippopotamidae)


Денесі білік тәрізді, шомбал, қысқа жуан аяқтары болады. Аяқтары 4 саусақтарымен аяқталады, олар өзгеше тұяқшалармен қапталған, кішкене жарғақпен қосылған. Басы тіпті мойынсыз, үлкен. Денесінің ұзындығы 400-420 см, биіктігі 165 см, салмағы 3000-3200 кг. Терісінің түк жамылғысы жоқ, тек тұмсығы мен құйрығы қатты бездерге бай болады, оларды кеуіп кетуден сақтайды. Ауыз қуысы кең, жақтары орасан зор, сирек орналасқан тістерімен қаруланған, олардың ең мөлшерлісі сойдақ тістерге келеді. Қарыны үшкамералы. Орталық және Шығыс Африкада кездеседі. Олардың тобы 20-30 аналықтары, бұзаулары, аталықтарынан тұрады да, жағалаулардың белгілі учаскесін жайлайды. Аналықтарының жыныстық жетілуі 9 жасында, ал аталықтары 7 жасында толады. Буаздығы 240-ге созылады. Тек бір ғана бұзау туады. Етін тамаққа пайдаланады. Терісі мен сойдақ тістері құнды шикізат болып табылады.

Ергежейлі сусиыры (Hexaprotodon libenensis) денесінің құрылысы кәдімгі түрін еске салады, бірақ жалпы бейнесі ауыр салмақтыдай емес. Аяқтары мен мойыны біршама ұзын, ал басы кішірек келеді. Аяқтарының саусақтары күшті ажыраған, арасындағы жарғақтары нашар байқалады. Ауызында екі жұп күрек тісі емес, біреу ғана болады. Ересек жануарлар ұзындығы 75-83 см, салмағы 180-275 кг. Терісінің реңі қоңыр не жасыл-қара, қарны біраз ақшыл болып келеді. Олар жеке мекен етеді, жұптарымен жүргені сирек кездеседі. Буаздық кезеңі 190-210 күн. Ұясында 1 - 2 бұзауы болады.

Кәдімгі сусиыр немесе гиппопотам (Hippopotamus amphibius) тән өзгешелігі, оның мекен етуі жартылай суда өтеді, көптеген уақыты суда болып, тек түнде бірнеше сағатқа қоректену үшін құрғақыраққа шығады. Ол тек тұшы суда мекендейді, кейде сирек теңізде де кездеседі. Оның шомбал, бөшке тәрізді тұлғасы, жуан қысқа аяқтары болады. Денесінің ұзындығы 3 м-ден 5,4 м-ге дейін, салмағы 3 тоннадан 4,5 тоннаға дейін жетеді. Аяқтары сондай қысқа, оның іші жүргенде жерге тиеді. Танаулары, көздері, құлақтары бірақ көтеріңкі және бір жазықтықта орналасқан, себебі ол толық су астында жатып, тыныс алады, көреді, естиді, ол үшін тек басының ең жоғарғы жағын шығарып қояды. Мойыны өте қысқа, тіпті байқалмайды. Көздері кішкентай, етті қабақпен қоршалған. Тұмсығы өте кең, алдыңғы бөлімі қысқа қылшық мұртшалармен жабылған. Жақтарының ені 60-70 см жетеді. Аяқтарында 4 саусақтары болады, әр қайсысы тұяқша тәрізді аяқталады. Саусақтары тәрі тәрізді жарғақпен қосылған, ол малтуына көмектеседі. Қазіргі кезде Африка, Кения және Замбияда кездеседі. Жыныстық жетілуі аналығында 7-ден 15 жасқа дейінгі аралықта, ал аталықтары - 6-14 жаста өтеді.