КҮЙІС ҚАЙЫРАТЫН ОТРЯД ТАРМАҚТАРЫ (Ruminantia). БҰҒЫЛАР, БҰҒЫТЕКТЕСТЕР, ТОҚАЛ БҰҒЫ ТҰҚЫМДАСТАРЫ


Күйіс қайыратын отряд тармақтары 180 жуық түрлерді, 6: бұғылар, бұғытектестер, жирафтар, айыр тәрізді мүйізділер, қуыс мүйізділер, тоқал бұғылар тұқымдастарын біріктіреді. Олар алдыңғы қарындағы жынды-азықты әкеліп, күйсейді, сондықтан күйіс қайыратындар атауына ие болды. Онда өсімдікті азық - жын ауызға лоқсығанда шығып, ауыз қуысында қосымша өңдеуден өтеді. Жын күрделі 4 бөлімнен тұратын (мес, тақия, жалбыршақ, ұлтабар) қарыннан лоқсықтан шығып, месқарында микроорганизмдер әсерінен ашып, жалбыршақ қарынға итеріледі. Одан ауыз қуысына лоқсығаннан шығып, сілекеймен дымқылданады да, үйкеледі. Бұл азықтың жартылай қорытылғаны, сондықтан күйіс қайырылады. Жартылай сұйық жын тақия қарынға түседі, онда ол сусызданады, одан соң ұлтабарға барып, қарын сөлінің соңғы өңдеуіне түседі. Күйіс қайырушы жануарлар тұлғасы сымбатты болады, аяқтары ұзын, олар жылдам жылдамдықпен жүруге мүмкіндік береді. Терісінде әртүрлі қалыңдықта, реңді боялған ұзын түктері өседі. Терасты қабатында май тіпті түзілмейді. Бірыңғай өсімдіктер: шөп, ағаш қабығы, жидек және қыналармен қоректенеді, немесе өсімдік қоректілерге жатады. Жоғарғы жағында күрек, көбінде азу тістері болмайды. Төменгі жағының азу тістерінің формалары осындай, күрек тістеріндей шөптерді қыршып алады. Азу тістерінің беті күрделі қатпарлы, қатты өсімдік азықтарын үйкелеуге жақсы бейімделген. Олар ауыр қорытылатын өсімдік азықтарымен қоректенуге де бейімделген. Әртүрлі жағдайларда (дала, орма, тау, тундра және т.б.) мекендейді.

Бұлан, бұғы, киік, жираф, күдір, арқар сияқты 180-ге тарта сүтқоректілер күйіс қайыратын жұптұяқты жануарлар болып табылады. Бұлар туа салысымен енесінің соңына ілесе алатын сергек 1-2 төл туады.

Жұптұяқтылардың денесінің ұзындығы 52 см-ден 500 см-ге дейін, денесінің шоқтығына дейінгі биіктігі. 25 см-ден 350 см-ге дейін, салмағы 2 – 3 кг-нан 3 т-ға дейін жетеді. Негізінен жануарлар, бірақ ішінде қорек талғамайтын түрлері де бар (мысалы, жабайы шошқа). Бұлардың алдыңғы және артқы аяқтарында 2 жұп башайы болады, атауы осыған байланысты қойылған. 1-башайы жойылған, ал үшінші және төртінші башайлары ұзын әрі жақсы жетілген. Күдір, бұғы, арқар, киік, сиыр, қой-ешкі, жираф, доңыз- бұлардың барлығы жұптұяқты сүтқоректілер.Осы жұптұяқтыларға жататын қой мен ешкіні қазақ халқы ашатұяқтылар деп те атайды. Жұптұяқтылардың кәсіптік маңызы зор. Бағалы терісі мен жүні, дәмді еті үшін жабайы жұптұяқтылар көп ауланады. Сондықтан бұлардың саны жылдан-жылға азаюда. Қазір жұптұяқтылардың 21 түрі, 14 түр тармағы Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл Қітабына» енгізілген. Ал Қазақстанда 4 түрі және 5 түр тармағы Ұлттық Қызыл Кітапқа енгізілген.