БҰҒЫЛАР ТҰҚЫМДАСТАРЫ (Tragulidae)


Олар 2 туыс 4 түрді біріктіреді. Күйіс қайырушы жануарлар отряды тармағының ең жабайы өкілі. Екі тұяқшасы бар ортаңғы сақсақтарымен жүреді, бірақ оларда басқа күйіс қайырушыларда болмайтын, екі бүйір саусақтары да сақталған. Ұзындықтары 40-тан 80 см дейін, салмағы 2-ден 15 кг дейін болады. Бастары кішкене, өткір тұмсықшасы сүйірленген. Көзі зор, арқасы иілген және жіңішке сымбатты аяғы бар. Түсі құба немесе ақ таңбасы бар қоңыр. Мүйіздері болмайды. Қарны 3 бөлімнен тұрады. Олар жеке тіршілік етеді, тек көбею кезеңінде ғана бір-бірімен кездеседі. 5 айда бір ұрпақ әкеледі. Түрлі шөптер бөліктерімен, жемістермен, жәндіктермен, балықпен, шаяндармен, ұсақ кеміргіштермен қоректенеді. Азығын іздеуге түнде шығады, ал күндіз қопа, тамыр түптерінде тығылып жатады.

Түрлері

Атауы

Бұғы тұқымдастары (Tragulidae)

Азиялық бұғылар тұқымдас тармағы (Tragulus)

Канчили

Tragulus

Кіші бұғы

Tragulus javanicus

Үлкен бұғы

Tragulus napu

Су бұғылар тұқымдас тармағы (Hyemoschus)

Су бұғы

Hyemoschus aquaticus

Нағыз бұғы тұқымдастары (Cervidae)

Американдық бұғылар тұқымдас тармағы (Odocoileinae)

Мазама

Mazama

Андск бұғылар

Hippocamelus

Пампастық бұғылар

Ozotoceros bezoarticus

Батпақты бұғылар

Blastoceros

Американдық бұғылар

Odocoileus

Пуду

Pudu

Қәдімгі бұғылыр тұқымдас тармағы (Cervinae)

Давид бұғысы

Elaphurus davidianus

Кербұғы

Dama dama

Аксис

Axis

Қазіргі бұғылыр

Cervinae

Марал

Cervus elaphus

Теңбіл бұғы

Cervus nippon

Ақ тұмсықты

Przewalskium albirostris

Барасинг

Rucervus duvaucelii

Елік тұқымдас тармағы (Capreolus)

Еліктер

Capreolus

Бұлан тұқымдас тармағы (Alces)

Бұлан

Alces

Солтүстік бұғылар тұқымдас тармағы (Rangiferinae)

Солтүстік бұғылар

Rangiferinae

Су бұғылар тұқымдас тармағы (Hydropotes)

Су бұғылар

Hydropotes inermis

Мунтжак бұғылар тұқымдас тармағы (Muntiacus)

Мунтжак

Muntiacus muntjac

Айдарлы бұғы

Elaphodus cephalophus

Қытай мунтжак

Muntiacus reevesi

Қара мунтжак

Muntiacus crinifrons

Мунтжак Феа

Muntiacus feae

Мунтжак Рузвельт

Muntiacus rooseveltorum

Гоньшаньск мунтжак

Muntiacus gongshanensis

Аса ірі мунтжак

Muntiacus vuquangensis

Құдырлар тұқымдас тармағы (Moschidae)

Құдыр

Moschus moschiferus


Азиялық бұғылар немесе канчилилер (Tragulus) ең ұсақ тұяқтылардың бірі. Денесінің ұзындығы 40-тан 75 см дейін, салмағы 0,7-ден 8 кг дейін болады. Түгінің түсі ақшыл немесе қара-қоңыр, мүйізсіз, Азияның Оңтүстігі мен Оңтүстік Шығысын мекендейді. Түнде белсенді. Орманда жасырын тіршілік етеді. Екі ұрпағы болады. Олар жақсы малтиды, сүңгиді, бірақ құрғақшылық жерде тіршілік еткенді ұнатады. Олар Гималай, Үнді Қытай, Манғолия, Қытайда мекен етеді. Қынамен, балқарағаймен, қылқан жапырақтылармен қоректенеді. Жылына бір рет түлейді. Қыстың аяғынан көктемнің соңына дейін ескі түктерді жаңа түктер біртіндеп алмастырады. 15- 18 айларда жыныстық жағынан толысады. Жүктілігі 185 - 195 тәулікке созылады. Май айында аналығы 1 сирек жағдайда 3 бала туады. Аңшылық – кәсіптік маңызы зор.

Африкалық немесе су бұғысы (Hyemoschus aquaticus) тұқымдас ішіндегі ең ірі түр. Денесінің ұзындығы 75-100 см, биіктігі 45 – 75 см, салмағы 9 – 15 кг. Артқы аяғы алдыңғысынан қысқа. Түсі ақшыл-қоңырша. Арқасында ақшыл дақтары болады. Бүйірлерінен екі ақшыл жолақ созылып жатады. Олардың мүйіздері болмайды, бірақ аталығының өткір, ұзарған сыртына шығып тұратын жоғарғы азу тістері болады. Олар негізінен түнде тіршілік етеді. Буаздығы 5 айға жуық созылып, аналығы бір ұрпақ әкеледі.

Реңі күрең – қоңыр, жоғарғы ерні мен көзінің аймағы ақ түсті. Жазда терісі қысқа, қыста қалың, мамықты. Азия, Шри – Ланка, Қытый, Индияда таралған. Өзен және көл маңындағы шалғында,шөптесіндерде мекендейді. Жүктілігі 6 айға созылады. Маусым-шілде айларында 1 – 2 бала туады. Қиыр шығыс бұғыларының шағылысу уақыты қыркүйек және қазан айларының басында басталады. Қысқа қарай табынға бірігеді, сәуір айында ескі мүйіздерін тастап, маусым айында 2-3 жаңа мүйіз өскіні пайда болады.

Америкалық бұғы (Odocoileinae). Ергежейлі мазама көлемі бір түрінен басқасына қарағанда құбылмалы келеді. Салмағы шамамен 10 кг-ға жуық, биіктігі 40 см, қояннан біраз ірірек болады. Оның ішіндегі екі ірі түріне: қызыл және сұр мазама жатады, биіктіктері 70 см, ал салмағы 25 кг, жетеді. Реңі бірыңғай түсті, түріне орай ақшыл-сұрдан қызыл-қоңыр түске шейін құбылып байқалады.

Пампас бұғысы (Ozotoceros bezoarticus ) денесінің ұзындығы 110- нан 140 см, дейін, салмағы 25-тен 40 кг, дейін. Басқа европалық бұғылармен салыстырғанда әсем болып келеді. Денесңнің үстінгі жағындағы түгі жирен, ал төменгі жағы ағарыңқы келеді. Аталығының әр мүйізінде үш өсіндіден болады. Көбінесе Бразилия, Аргентина, Уругвай және Парагвайда таралған. Буаздығы 7 айға созылып бір бұзау туады.

Батпақ бұғылары (Blastocerus dichotomus) денесінің ұзындығы 153- тен 195 см-ге, дейін, салмағы 80-нен 150 кг-ға дейін жетеді. Ол Оңтүстік Американың ең ірі бұғыларының бірі. Түктері күйлеу кезеңінде ашық қызыл, қоңыр, басқа уақыттарда біраз ақшылдау болады. Аяқтары қара-қоңырдан қара түске дейін боялады. Бұғылар мүйіздері тармақталған, қосарланған, сондықтан төрт өсінділері болады.


Жұптұяқтылар отряды (Artiodactyla).

Күйіс қайыратын тұқымдас тармағы (Ruminantia).

Tragulus javanicus - Zoo Frankfurt.jpg

Кіші бұғы

(Tragulidae)

Водяной оленёк

Су бұғы

(Hyemoschus aquaticus)

Mazama gouazoubira (AU)-right 01.JPG

Мазамалар

(Mazama)

Venado de las pampas.jpg

Пампастық бұғы

(Ozotoceros bezoarticus)

Marsh deer.jpg

Батпақ бұғы

(Blastocerus dichotomus)

Pudupuda hem 8 FdoVidal Villarr 08Abr06-PhotoJimenez.JPG

Пуду

(Pudu)

Кербұғы

(Dama dama)

Rothirsch.jpg

Қәдімгі бұғылыр

(Cervus)

Rothirsch - Cervus elaphus - Dortmund-Zoo.jpg

Марал

(Cervus elaphus)

Теңбіл бұғы

(Cervus nippon)

CervusAlbirostris2.jpg

Ақ тұмсықты бұғы

(Przewalskium albirostris)

Paozikun530.jpg

Еліктер

(Capreоlus pygаrgus)

Moose superior.jpg

Бұлан

(Alces alces)

Muntiacus reevesi Toruń.jpg

Мунтжак

(Muntiacus muntjac)

Северный олень бежит по снегу

Солтүстік бұғы

(Rangiferinae)

Tarangire Kirk-Dikdik3.jpg

Құдыр

(Moschidae)


Пуду (Pudu) денесінің ұзындығы 80см-ге жетеді, салмағы шамамен 10 кг-ға жуық. Дене бітімі тығыз, аяқтары қысқа келеді. Көздері мен танауы қара түсті. Басқа бұғыларға қарағанда мүйіздері тармақталмайды, олар жіңішке және ұзындығы 10 см-ді құрайды. Буаздығы 7 айға созылады. Бір бұғы бұзауы туады.

Кербұғы (Dama dama) елікке қарағанда біршама ірі, бірақ кермаралдан кіші және жеңіл. Денесінің ұзындығы 130-дан 175 см-ге дейін, ал салмағы 65-110 кг, аралығында. Оның реңі жыл мезгіліне байланысты өзгеріп отырады. Жазда оның үстіңгі жағы, құйрығының ұшы ақ дағы бар қызғылт-қоңыр. Төменгі жағы мен аяқтары біраз ақшылдау. Қыста басы мен мойыны, құлағы қара қоңыр түске, арқа мен бүйірлері таза қараға, төменгі жағы күлгін сұрға боялады. Иранда, Палестинада, Иракта, Украйнада, Беларуссияда таралған. Буаздығы 32 аптаға созылады. Ұясында 1-2 бұғы бұзауы туады.

Нағыз бұғы (Cervinae) ұсақтан іріге дейінгі мөлшерінің ұзындығы 105-265 см, биіктігі 100 см, салмағы 40 – 80 кг болып келетін ірі жануарлар. Бұл тұқымдас 2 туысқа жататын 12-14 түрлерді біріктіреді. Тұқымдастың барлық түрлері өкілдеріне қысқа мүйіз түбірі және аталықтар мүйізінің кем дегенде 3 өсіндісінің үлкен бөлімінің түсуі тән.

Жануарлардың барлық түрлері аңшылық немесе кәсіптік болып есептеледі. Бір түрі марал арнайы шаруашлықтарда өсіріліп жас мүйіздерінен пантокрин деген дәрі жасалынады. ТМД – да 3 түрі, Қазақстанда нағыз бұғының бір ғана түрі кездеседі. Жетісу және Алтайлық деген екі формасын ажыратады. Бірінші формадағы жануарлар Қазақстанның оңтүстік – шығысында таулы аймақтарда мекендейді, екіншісі – шығыс пен Алтайды мекендейді.

Кермарал (Cervus elaphus) өзіне көптеген түрлер тармағын біріктіреді, олардың өкілдері бір-бірінен тек мөлшерімен, салмағымен, боялуымен және басқада кейбір белгілерімен ерекшеленеді. Кавказ, Европа, Бұқар немесе тоғай бұғылары, марал, вапити, үзбара – бұлардың бәрі кермарал түрінің тармақтары болып келеді. Мүйізінің өсінділері көп саналады (қағида бойынша, олар 5-тен кем болмайды), олар мүйізінің шыңында өзінетән танымал ұшар басын құрады. Оның барлық түр тармақтары 15-тен артық саналып, түрлі мөлшерлі болады. Мысалы, ең ірі марал мен вапити 300 кг, артық салмақ құрып, денесінің ұзындығы 2,5 м, артық болады, ал кішкене бұқар бұғысы 100 кг-ға аз тартып, денесінің ұзындығы 175-190 см болады. Түр тармақтары мүйіз формасына қарай ерекшеленуі мүмкін. Европа бұғысы өсінділерінің саны көп болады, ал маралда ұшары болмайды, ал мүйізінің өзі өте шомбал, 6-7 өсінді береді. Ол әлемнің барлық аудандарында, әсіресе Европа, Алжир, Морокко, Тибет, Ауғаныстан, Ресей және Қазақстанда тіршілік етеді. Оның негізгі азығына өсімдік шөптері, дәнді дақылдар, бұршақтар жатады. Буаздығы 8,5 айға созылады, бір бұзау әкеледі. Оның пантысы емдік қасиеті жағынан өте құнды бұғымүйізі.

Теңбіл бұғы (Cervus nippon) денесінің ұзындығы 160-180 см, салмағы 75-130 кг. Жазда бояуы ақ дағы бар қызыл-жирен, қыста күңгірттенеді. Өсімдік шөптерімен қоректенеді. Батыс Қазақстан мен Қостанайда мекендейді. Күйлеуі қазан айында өтеді. Аналықтары алғашқы бұзауды 2-3 жасында әкеледі.

Ақ тұмсықты бұғы (Przewalskium albirostris) жаз мезгілінде түктері қысқа, түсі қоңырға боялады, қыста - түгі сұр, біршама ұзын. Атауы басының алдыңғы бөлімі мен мойынының ақ түске боялғаны себеп болған. Өте ірі, денесінің ұзындығы 190-230 см., ал салмағы шамамен 125-200 кг. Басқа тұқымдастарынан ерекшелігі сол, оның тұяғы биік, кең. Тағы бір ерекшелігі, ол тек аталығында болатын ақ түсті ірі мүйізі, онда бес өсінділері болады.

Елік (Capreоlus pygаrgus) 2-ге: сібірлік және европалық деп жіктеледі. Сібірліктің ерекшелігі сол, оның дене мөлшері (денесінің ұзындығы 126-144 см, салмағы 32-48 кг.) және мүйізі (ұзындығы 27-33 см.) үлкен. Жазғы үлбірінің бояуы сібірліктің басында сұр емес жирен, арқасы мен бүйірлерінде бір түсті келеді. Мүйізі кең алшақтанған, тым дөңесті, кейде қысқа қосымша өсіндісімен. Қазақстанда олар Алтай, Орталық Қазақстан мен Тянь-шаньда таралған.

Буаз болу мерзімінің ұзақтығы 9 ай, оның 4-4,5 жасырын кезеңіне келеді. Аналықтары 1-2 бұзау туады. Спорттық аңшылықтың көзі ретінде пайдаланылады.

Бұлан (Alces) тұқымдас ішіндегі ең ірі түр. Аталығы денесінің ұзындығы 3 м, салмағы 360-600 кг-ға жетеді. Қиыр Шығыс, Ресей, Канадада таралған. Қазақстанда Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында кездеседі. Жазық, таулы аудандарды ұнатады. Өсімдіктер, ағаштар және жапырақтармен қоректенеді. Тұлғасы мен мойыны қысқа, шоқтығы өркеш тәрізді биік. Аяқтары күшті созылған, сондықтан су ішу үшін ол тереңдікке баруы қажет немесе алдыңғы тізесіне отыруы керек. Басы ірі, дөңес мұрынды, етті жоғарғы ерні салбырап тұрады. Тамағының астындағы жұмсақ тері өсіндісі («сырғасы») 25-40 см-ге, жетеді. Түгі қылшықты, қоңыр қара, аяғы ақшыл сұр, тіпті ақ түсті болады. Аталығының мүйізі зор күрек тәрізді, оның өрісі 180 см, салмағы 20-30 кг-ға, жетеді. Олар түрлі ормандарда қоныстанады. Буаздығы 225-240 күнге созылады. Ұясында бір ғана бұзауы болады.

Мунтжак (Muntiacus muntjac) кішкене көлемді, оларға қарапайым бір немесе екі ұштары бар мүйіздер тән, олардың тек аталықтарда болады. Олардың үстіңгі жақтарында ұзын азу тістері дамыған, олар аузынан шығып тұрады. Боялуы сарғылт-қоңырша түсті келеді.

Құдыр тұқымдасы (Moschidae) бұғы тәріздес кішкене жануар. Денесінің ұзындығы 90 см, салмағы 15-17 кг-нан аспайды. Реңі қоңыр немесе қоңырша. Мүйіздері болмайды, бірақ аталықтарында таңқаларлық ұзын қылыш тәрізді иілген жоғарғы азу тістері, жоғарғы ернінің астынан 7-9 см, шығып тұрады. 4-5 жыл өмір сүреді. Мойынының астында төменгі жағынан кеудесіне дейін қос ақ жолақ созылады. Дене бүйірлерінің бояуы арқасына қарағанда біраз ақшыл. Бүйірлері мен арқасында ақшыл қоңыр-сары я қызыл қошқыл немесе жирен-сары дақтар шашылған. Бас сүйегі кішкентай, біршама қысқа беті және ми бөлімдері бар. Артқы аяқтары алдыңғыларынан ұзын, ол денесінің артқы бөлімі айтарлықтай шомбал және алдыңғыларынан биік. Тұмсықтарының ұшында танауы айналасында үлкен түксіз алаң бар. Құлақтары үлкен, сырты домалақтанған. Құйрығы өте қысқа. Аяқтарында 4 саусақтары бар: бүйірдегілері (II, V) жақсы дамыған, олардың тұяқтары тек біраз ортаңғы (III, ГУ) саусақтарынан кіші. Аталықтарының құрсағында күлек қабы аумағында үлкен мускусты без және құйрық безі де болады. Гималай, Индоқытай, Шығыс Азия, Қиыр Шығыс, Монголия және Қытайда таралған. Негізінен қына, бал қарағай, қылқан жапырақтарлары және т.б. қоректенеді. Жыныстық жетілуі 15-18 айында өтеді. Буаздығы 185-195 күнге созылады. Мамыр айында бір, сирек 3 ұрпақ әкеледі.