МҮЙІЗТҰМСЫҚТАР ТҰҚЫМДАСЫ (Phinocerotidae)


Қазіргі кезде Азия мен Африкада таралған мүйізтұмсықтар тұқымдасының бес түрін ажыратады. Денесінің ұзындығы 2-4 м, салмағы 1-3,6 т. Оларды ажыратудың басты белгісі танауындағы мүйіздері есептелінеді. Мүйіздері түріне орай, біреу не екеу болуы мүмкін. Алдыңғы мүйізі танау сүйегінен, артқысы (егер болса) бастың маңдай сүйегінен өседі. Ең ірі белгілі мүйіз ұзындығы 158 см болады. Олардың денесі шомбал және аяқтары қысқа, мықты. Әр аяғында үш-үштен саусақтары болып, олар кең тұяқ құрып аяқталады. Терісі қалың сұр немесе қоңыр түске боялған. Азиялық түрінің мойны мен аяқтарының терісі әжімдер құрады, сөйтіп аңды қорғайтын сауыт тәрізді деген түсінік береді. Көзі нашар көреді, бірақ бұл кемшілігінің орнын нәзік иіс сезуі мен өте жақсы естуі толтырады. Олар жеке өмір сүреді, бірақ далада кішкене топтар құрып, бірігуі мүмкін. Буаздығы 419- 550 тәулікке созылады да, бір ғана ұрпақ береді.

Құйрығы шашағы ұзын қылдардан тұрады, бірақ иіс сезу органы жақсы дамыған. Жұбымен жүреді. Буаздық мерзімі 16 – 17 айға созылып, жалқы (өте сирек екі) төл туады. Төлі 2 жылға дейін енесін емеді. 50 – 60 жылдай тіршілік етеді. Мүйізтұмсықтардың жылдан-жылға саны азаюда. Барлық түрі Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген

Тақтұяқтылар отряды (Pepissodactyla)

Түрлері

Атауы

Мұйізтұмсық тұқымдасы (Rhinocerotidae)

Ақ мұйізтұмсық

Ceratotherium simum

Солтүстік ақ мұйізтұмсық

Ceratotherium simum cottoni

Оңтүстік ақ мұйізтұмсық

Ceratotherium simum simum

Үнді мұйізтұмсық

Rhinoceros unicornis

Яванский мұйізтұмсық

Rhinoceros sondaicus

Суматранский мұйізтұмсық

Dicerorhinus sumatrensis

Қара мұйізтұмсық

Diceros bicornis

Қара мұйізтұмсық (Diceros bicornis) жануар түсі қоныстанған жер түсіне байланысты, өйткені олар шаң-тозаңда, батпақта сұлап жатқанды ұнатады, сондықтан терісінің бастапқы шифер-сұр түстен ақшыл, не қызғылт, ал қатып қалған балқымалар ауданында қара реңге ие болады. Ол ірі, қуатты жануар. Дене ұзындығы 3,15 м, салмағы 2-2,2 т, жетеді. Басында, әдетте, 2 мүйізі, бірақ кейбір жерлерде ысалы, Замбийде) оның саны 3, тіпті 5-ке жетеді. Сырт көрінісіне қарап, ақ түрінен оның жоғарғы ерні құрылымынан ажыратады. Қара түрінде ол сүйір, төменгісі үстінен тұмсығымен салбырап тұрады. Бұл ерін көмегімен аң бұталар тармақтары жапырағын үзіп алады. Одан басқа, ақ түрлерімен салыстырғанда басы қысқа, ал мүйізі алға бағытталады.

Аналық қара мүйізтұмсық 3- 4 жаста, ал аталық қара мүйізтұмсық 7- 9 жаста жыныстық жағынан жетіліп көбеюге қабілетті болады. Аналығының буаздық мерзімі 16,5 айға созылады. Жаңа туған ұрпағының салмағы шамамен 65кг. Олардың 16 -18 топтанып жүретіндері де кездеседі.

Ақ мұйізтұмсық (Ceratotherium simum) денесінің ұзындығы 170-200 см, салмағы 3000 кг-ға дейін жетеді. Негінен өсімдіктермен қоректенеді. Жыныстық жетілуі 6-10 жасында басталады. Буаздығы 18 айға созылады да, бір ғана ұрпақ әкеледі.

Яванск мұйізтұмсығы (Rhinoceros sondaicus) денесінің ұзындығы 3 метр, ересек дарағының салмағы 900-2300 кг құрады. Оның қазіргі басқа түрлерінен айырмашылығы тек бір ғана ұзындығы 20 см, жуық мүйізінен көрінеді. Ол да басқа түрлеріндей, ерекше шөпқоректі жануар. Қалыпты мекендеу орнына тропикалық орман жазығы, ылғалды тоғай, өзендер жағалауы жатады. Азия, Индия, Қытай және Индонезияда таралған. Қазіргі кезде жойылуға жақын. Буаздығы 16 айға созылады.


Тақтұяқтылар отряды (Pepissodactyla).

Мүйізтұмсықтар тұқымдасы (Rhinocerotidae)

Ақ мүйізтұмсық

(Ceratotherium simum)

Үнді мүйізтұмсық

(Rhinoceros unicornis)

Қара мүйізтұмсық

(Diceros bicornis)

Яванск мүйізтұмсық

(Rhinoceros sondaicus)

Үнді мүйізтұмсығы (Rhinoceros unicornis) азиялық мүйізтұмсықтары ішіндегі ең ірісі. Ірі аталықтарының шоқтық биіктігі 2 м, жетеді, аналықтары кіші. Жалаңаш, сұр қызғылт терісі үлкен учаскелерге әжімдерімен бөлінген, олар сауыт тәрізді салбырап тұрады, сондықтан жануар қалың болат-темір кигендей көрінеді. Терісінің бояуын айыру өте қиын, себебі ол тұрақты батпақта сұлап жатады да, оның бір қабатымен жабылып тұрғандай байқалады. Қалың тері тақташалары, әсіресе денесінің артқы бөлімінде, домалақ тәрізді қампайып тұрады. Тек құйрығы мен құлақтарында кішкене қылшық түктен түзілген шашағы бар. Иығында артына қарай иілген терең әжімі болады. Көздері кішкентай торайдікіндей Пәкістанда кездеседі. Буаздығы 16,5 айға созылады да, бір бұзау туады.