САЛПЫЕРІНДЕР ТҰҚЫМДАСЫ (Tapiridae)


Олардың денелері арқасында домалақ формалы және алдыңғы жағы тарылады, ол қалың қопалар арқылы жылдам жылжуға мүмкіндік береді. Құйрықтары қысқа. Түгі қылшықты, ол бүкіл денесінде болады. Оңтүстік Америкалық түрінің бояуы қара-қоңыр немесе сұр. Малай түрінің артқы аяқтары денесінің алдыңғы бөлімі қара, ал ортаңғы бөлімі ақ, сары, ақ болып келеді. Барлық салпыеріндер қысқа етті тұмсыққа ие, ол танауы мен жоғарғы ернінің қосылуынан құрылады. Етті тұмсық Оңтүстік Америкалық түрінде біраз созылыңқы болады. Ірі аталықтарының шоқтық биіктігі 120 см-ге жетеді, денесінің ұзындығы - 180 см, салмағы шамамен 275 кг. Көздері кішкентай. Құлақтары сопақша, тік және онша қозғалмайтын. Аяқтары сымбатты, қысқа, кәрі жілік сүйегі мен шынтағы бөлінген және даму деңгейі бірдей. Алдыңғы аяқтарында негізгі үш саусақтары болады, әрі біреуі кішкентай (бесінші), ол жұмсақ топырақпен жүруге көмектеседі. Артқы аяқтарында да 3 саусағы болады. Бас сүйегі біраз ұзын, бүйірлерінен қысылған. Танау сүйектері қысқа, иілген. Танау тесіктері өте үлкен. Рационы түрлі шөптерден, бұталардан тұрады. Олар жапырақ, бүршік, жер үстінде төмен өсетін өсімдіктер тармағын, әрі су өсімдіктерін жей береді. Суда жақсы жүзеді, шайынғанды сүйеді, балшықта сұлап жатқанды ұнатады. Буаздығы 13-14 айға жуық созылады. Бір ғана ұрпақ береді. Жыныстық жетілуі 2-4 жасында жүреді. Америка, Парагвай және Бразилияда оның 3 түрі таралған. 4 чепрачты түрі Бирма мен Тайландты мекендейді.

Тақтұяқтылар отряды (Pepissodactyla)

Түрлері

Атауы

Салпыеріндер тұқымдасы (Tapirus)

Таулы салпыерін

Tapirus pinchaque

Жазық салпыерін

Tapirus terrestris

Орталық Америка немесе Бэрда салпыерін

Tapirus bairdii

Малай салпыерін

Tapirus indicus

Таулы салпыерін (Tapirus pinchaque) тұқымдас ішінде мөлшері жағынан екінші. Денесінің ұзындығы әдетте шамамен 180 см, салмағы 180 кг жетеді. Боялуы құбылып тұрады, әдетте қара қоңырдан қараға, бірақ олардың еріндері ақшыл және құлақтарының ұшы ақ болады. Басқа түрлерінен байқалатын айырмашылығы, оның терісі түкпен жабылған, ол суықтан және биік таулы алабтың ультракүлгін сәулеленуінен қорғайды. Табанының алдыңғы бөлімі төрт, артқы аяғы үш саусақтармен аяқталады. Барлық салпыеріндердегідей тұмсығында қысқа еттұмсығы болады. Перу, Колумбия және Эквадорды мекендейді. Халықаралық Қызыл Кітапқа енгізілген.

Орталық Америка салпыеріндері (Tapirus bairdii) денесінің ұзындығы 180-200 см, салмағы 225-300 кг-ға жетеді. Денесі үстінде домалақтау және алдына қарай тарылған. Аяқтары қысқа және толық. Алдыңғы аяқтарының төрт, артқысында – үш саусақ болады. III саусағы ең үлкені. Тұяқтары кішкентай сопақша. Көздері кішірек. Құлақтары қысқа, сопақша, аз қозғалады. Тұмсығы кішкене, танауы мен жоғарғы ерінінен құралған қозғалмалы еттұмсықпен аяқталады. Танау қалқаны еттұмсық соңында ашылады. Түктері өте сирек, тік, қылшықты келеді. Кейде мойынының үстінде ортадан өтетін сызықпен қысқа жал өтеді. Азиялық түрі денесінің алдыңғы бөлімі және артқы аяқтары қаралау, қалған дене бөлімдері ақ болады. Бирма, Таиланд, Америкада таралған. Олар суат, батпақтанған жерлердегі орман, бұта қопаларын мекендейді. Іңірде, түнде белсенді. Буаздығы 390- 400 күнге созылады. Аналығы бір немесе екі бұзау әкеледі.

Жазық салпыеріні (Tapirus terrestris) денесінің ұзындығы 220 см, салмағы 270 кг-ға дейін. Оларға басқа түрлерінен ерекше, желкесінде орналасқан кішкене жалдары тән. Арқасындағы түгі қара - қоңыр, төсі, қарны және аяқтары қою қоңырша келеді. Қалыпты құлақтар жиегі ақ. Мойнындағы, жақтарындағы түктері кейде ақ. Дене құрылысы тығыз және етті. Ең дамыған сезім мүшелеріне нәзік иіс сезу, әрі өте жақсы дамыған түйсігі жатады. Америка, Колумбия, Парагвай және Аргентинада кездеседі. Мекендеу ортасына суатқа жақын орналасқан орман, алдымен тропикалық орман жатады. Буаздығы 385-412 күнге созылады.

Чепрачалық салпыерін (Tapirus indicus) тұқымдастар арасындағы ең ірісі. Денесінің ұзындығы 1,8-2,4 м, салмағы 250-320 кг. Басқа түрлерінен ажырату жеңіл, оның арқасы мен бүйірлерінде үлкен сұр ақ дақтары болады. Басқа түктері қара немесе қара-қоңыр түске боялған, ерекшелік ақпен көмкерілген құлақтары ұштарында байқалады. Түктері қысқа және сирек, жалы болмайды. Тұмсығында танауы мен жоғарғы ерінінен құралған кішкене иілгіш ет тұмсығы болады. Көздері кішірек, сопақша, қоңыр түсті. Түнде тіршілік етеді, қалың жаңбырлы орманда болғанды ұнатады. Маусымдық ауруымен белгілі, құрғақшылықта олар ойпат жерде, ал жаңбырлы маусымда таулы жерде кездеседі. Буаздығы 390- 407 күнге созылады.


Тақтұяқтылар отряды (Pepissodactyla).

Салпыеріндер тұқымдасы (Tapirus)

Жазық салпыерін

(Tapirus terrestris)

Mountain Tapir2.jpg

Таулы салпыерін

(Tapirus pinchaque)

Bairds Tapir.jpg

Орталық Америка салпыеріні

(Tapirus bairdii)

Чепрачный тапир

Чепрачалық салпыерін

(Tapirus indicus)