Жасуша туралы ілім


Барлық тірі организмдер жасушалардан тұрады. Жасуша анықтамасын тұңғыш рет 1861 жылы немiс ғалымы Макс Шультце- «жасуша-iшiнде ядро жататын протоплазма кесегi. Жасуша толық тiршiлiк қызметiн атқаруымен сипатталады. Тiршiлiк ортасы протоплазма болып келгенiмен, онда айтарлықтай, әлi белгiсiз рөлдi ядрода атқарады» деп, бердi.

Қазiр жасуша-өсiмдiк, жануарлар организмi құрамының элементарлық, құрылымдық, қызметтiк және генетикалық бiрлiгi. Жасуша түрлерi өте көп болғанымен, олардың жалпы құрылымы, құрамбөлiктерiнiң құрылысы ұқсас болып келедi.

Олар біржасушалы (бактериялар, қарапайымдар, көптеген балдырлар, саңырауқұлақтар) және мыңдаған жасушалардан тұратын көпжасушалылар (көптеген өсімдіктер, жануарлар) деп бөлінеді. Олардың түрлері қарапайым шар тәріздіден (біржасушалылар, бактериялардың ішіндегі – кокколар) тіпті таңғажайыпқа дейін болады. Микрококкалардың диаметрі 0,2 мкм, жүйке жасушасының ұзындығы 1 м, ал өсімдіктердің сүтжолы тамыры бірнеше метрге жетеді.

Тiрi организм құрылысының ең ұсақ құрылымы, қызмет бiрлiгi, басты негiзi - жасуша. Олар: прокариотты ядросының айналасында-жарғағы болмайды, хромосомалары цитоплазмамен тiкелей байланысады. Цитоплазмасында - митохондрийлер, хлоропластар кездеспейдi, рибосомалар мөлшерi кiшi болады. АТФ түзілуі (синтезі) плазмалық жарғақта өтеді. Онда жалғыз сақина тәрізді бактериалды хромосома сақталады. Мейозбен бөлiнбейдi. Оларға-бактериялар, актиномицет, көк-жасыл балдырлар, вирустар жатады; эукариотты - толық, ядролы, кейбір бір, көп жасушалы өсімдіктер, саңырауқұлактар, малдар организмдеріндегі жасушалар; әртүрлi - қарапайым домалақтан таңқаларлыққа дейiнгілер; дене - көбеюден басқа қызметтердi толық атқаратындар; әдетте қосарланған (диплоидты) хромосома жиынтығы болады; жыныс жасушалары (аналықта-жұмыртқаклетка, аталықта-сперматозоид - дара (гаплоиды) хромосома жиынтығын сақтайды) деп бөлiнедi.

Жасушалардың бәрiнде: iшiн сыртқы ортадан, көршi жасушадан бөлiп тұратын сыртқы қабығы (плазмолемма, плазмалық жарғақша (грек. - iркiлдек сұйықтық; лат. - жарғақ); iшкi тiрегiн түзетін құрамы - гиалоплазмасы (грек. - шыны; матриксi - құрылысы әр тектi); тұрақты, тұрақсыз қосындылары бар - цитоплазмасы; хроматин (грек.- түс), ядрошық, қабық (кариотека - грек.- ядро, - қабық), шырын (нуклео-, кариоплазма, кариолимфа), белоктiк негiз сақталатын - ядросы болады.

Саңырауқұлақ және жануарлар жасушаларында пластидтер болмайды.

Көптеген микроорганизмдер жеке жасушалардан тұрады. Барлық көпжасушалылардың денесі көп немесе аз жасушалардан құралып, күрделі организм түзеді. Қандай да болмасын жасуша, барлығына тән белгілерден, қасиеттерден тұрады. Жасуша құрамына өлі табиғатта да кездесетін Д.И. Менделеев кезеңдік жүйесінің 70 жуық химиялық элементі кіреді. Бұл тірі және өлі табиғаттың бірлігінің тағы бір дәлелі. Бірақ, химиялық элементтің ара қатынасы, олардың тірі организмді және өлі денені құратын заттар құрылымындағы үлесінің айырмашылығы күрт өзгереді. Жер қабығында ең көп тараған оттегі, кремний, алюминий және темір.

3-сурет. I сызба. Бекітілмеген жасушаның курылысы. I жасуша шекарасы, II-цитоплазма. Турақты косындылар: 1-Гольджи аппараты; 2-центросома; 3-митохондрии. Турақсыз косындылар: 4-протеин mүйipшікmepi: 5-көпіршік; 6-липоид mүйipшікmepi . III-ядро: 7-кариолемма; 8-хроматин торы; 9-хроматин орталыгы;10-кариоплазма; 11-ядрошық.

II сызба. Бекітілген жасуша пішіні. 1-бүйрек өзегінің цилиндр тәрізді жасушасы; 2-оның куб mәpiздi жасушасы; 3-мезотелий; 4-домалак жасуша: а-сегментті ядролы нейтрофиль; б-лимфоцит; 5-миоцит; б-жүйке жасуашасы; 7-бокал mәpізді без жасушасы; 8-кірпікшелі эпителий жасушасы; 9-қанатты ciнip жасушасы; 10-сперматозоид; 11 -мегакариоцит; 12-эритроцит









4- сурет. Аксолоть бауыр жасушасы: 1- бауыр жасушалары;

2-ядро; 3-цитоплазма; 4-жасуша шекарасы; 5-қылтамырлар (капилляр) ішіндегі эритроцитттер




5- сурет. Өсімдік жасушалары:

1- цитоплазма; 2-ядро; 3-ядрошық; 4-цитолемма; 5-жасуша шекарасы



Подпись: Жарғақтың сыртқы қабаты (гликокаликс)

(гликокаликс)
Подпись: Қос қабатты майлар қабаты
(липидтер)




Подпись: Жарғақ асты тірек-жиырылғыш аппаратыПодпись: Жалпы жасушалықПодпись: АрнайыПодпись: ЖарғақтыПодпись: ЖарғақсызПодпись: Заттек алмасу жүйелеріПодпись: Тірек-жиырылғыш аппаратыПодпись: ҚоректікПодпись: Бояутектік Подпись: СекреттікПодпись: ЭкскреттікПодпись: Бөтен (жат) денелер

Подпись: Кариоплазма

Подпись: Ядрошық

Подпись: ХромосомдарПодпись: Кариолемма

                                                              6- сурет. Жасушаның схемасы