Жасуша құрамына кіретін бейорганикалық заттектер


Бейорганикалық заттектер жасушада әртүрлі тұздардың: катиондары, аниондары ретінде болады. Онда органикалық заттар құрамына кіретін көптеген элементтерде кездеседі. Мысалы, фосфор АТФ мен нуклеин қышқылдары; темір – гемоглобулин, күкірт – кейбір амин қышқылдары мен белоктар; магний – хлорофилл, иод - тироксин гормоны, мыс - тотықтырғыш ферменттер құрамында болады. Минералды заттар, тұздар, иондар жасуша көлемінің 2-6 % құрады, ал кейбір минералды құрамбөліктер жасушада ионсыз түрде қатысады. Мысалы, көміртегі мен байланысқан темір қанның бояғыш затында (гемоглобин), ферритинде, цитохромда, жасушаның қалыпты белсенділігін сақтауға қажет басқа ферменттерде болады. Минералды тұздар аниондар мен катиондарға ыдырап, жасушадағы осмостық қысымды, қышқылды-негізді теңдігін қолдайды. Бейорганикалық иондар ферменттік белсенділікті іске асыратын кофакторлар болып келеді. Бейорганикалық фосфаттың тотығуынан, яғни фосфорлану процесінде аденозинтрифосфат (АТФ) түзіледі. Онда әртүрлі жасушалардың үздіксіз тіршілік әрекетіне қажет қуат қоры жиналады. Кальций иондары айналымдағы қанда және жасушаларда болады. Олар сүйекте фосфат, карбонат иондарымен қосылып, қырлы бір текті қатты дене (кристалл) құрады.

Су – тірі материяның әмбебап шашырау (бытырау) ортасы. Белсенді жасушалар 60—95 % судан тұрады, ал тынышты күйдегі жасушалар мен ұлпаларда, мысалы споралар мен тұқымдарда, судың деңгейі 10—20 % кем болмайды. Жасушада су екі: бос және байланысқан түрлерде болады. Бос су жасушадағы барлық судың 95 % құрып, протоплазмадағы коллоид жүйесінің еріткіш және шашырау ортасы ретінде қолданылады. Байланысқан су (жасушадағы барлық судың 4—5 %) ақуыз бен сутегі, басқа да байланыстары осал болып келеді.