Нуклеин қышқылдары. Құрылысы және қызметтері


Нуклеин қышқылдарын жасушада ДНҚ, РНҚ түзеді. РНҚ 3 түрі болады: ең ірі РНҚ молекуласы рибосомалы деп аталады да, рибосома құрамына кіреді. Біраз РНҚ ұсақ молекуласы – хабаршы РНҚ деп аталады, оған ДНҚ белокты синтездеу хабары жазылады. Ең кіші РНҚ молекуласы тасымалдаушы РНҚ деп аталады. Себебі ол қажет амин қышқылдарын рибосомаға тасымалдайды. Негізгі ДНҚ массасы жасушаның ядросында, ал цитоплазмалық ДНҚ – митохондрияларда, пластидтерде болады. РНҚ ядро ядрошығында, жасуша цитоплазмасында (рибосомаларда, полирибосомаларда, хабаршы, тасымалдаушы РНҚ-да орналасады), кейбір тұрақты қосындылар рибосомаларында, мысалы, митохондрийлер мен хлоропластарда кездеседі. Нуклеин қышқылдары – тірі организмде тұқымқуалаушылық (генетикалық) ақпаратты сақтап, хабар беруді қамтамасыз ететін табиғи жоғары молекулалы биологиялық полимерлер. Олардың құрамы протоплазма массасының 1 —2 % аспасада, өте маңызды биополимерлер тобы болып келеді. Бұл қышқылдардың молекулалары мономерлерден-нуклеотидтерден тұратын ұзын желілі тізбектер. Әр нуклеотид азот қалдықтарын, моносахарид (пентоза), фосфор қышқылдары қалдықтарын сақтайды. ДНҚ негізі ядрода, ал РНҚ ядро мен цитоплазмада бола береді. РНҚ бір тізбелі молекуласында 4-6 мың нуклеотидтер саналады да, рибозадан, фосфор қышқылдары қалдықтарынан және азот қалдықтарының төрт типінен: аденин (А), гуанин (Г), урацил (У) және цитозиннен (Ц) тұрады. ДНҚ молекулалары 10-25 мың жеке нуклеотидтерден тұрады. Олар дезоксирибоза, фосфор қышқылдары қалдықтарынан және азот қалдықтарының төрт типінен: аденин (А), гуанин (Г), цитозин (Ц) және тиминнен (Т) тұрады. ДНҚ молекуласы сәйкестігі бар екі тізбектен тұрады, олардың ұзындығы бірнеше ондық, тіпті жүздік микрометрге жетеді. 1953 жылы Д. Уотсон және Ф. Крик ДНҚ кеңістіктік молекулаларының үлгісін (моделін) ұсынды. ДНҚ генетикалық хабарды алып жүруге және оның нақты көшірмесін беруге қабілетті. Бұл биологияның XX ғасырдағы ең айтарлықтай жаңалығы болып, тұқымқуалаушылық механизмін түсіндіруге мүмкіндік беріп, молекулярлық биологияның дамуына зор әсер етті.

Poli27.png

8- сүрет. Нуклеин қышқылының сызбалық бейнесі:

Ақуыздар, көмірсулар, майлар тек күрделі организм құратын құрылыс материалдары мен қатар қуат көзі болып келеді. Организм тыныс алу процесінде тотығып, ақуыздар, көмірсулар және майларды күрделі органикалық қосындылар қуатын АТФ молекуласында бай қуат байланысына айналдырады. АТФ митохондрийлерде түзіледі де, кейін жасушаның әр бөлігіне түсіп, барлық тіршілік әрекеттерінің процесін қуатпен қамтамасыз етеді.