Заттек алмасуы және жасушадағы қуаттың қайта құрылуы


Жасушаларда үздіксіз биологиялық түзілу (биосинтез) процесі жүреді. Ферменттер қатысуымен қарапайым төменгі молекулалық заттардан күрделі жоғары молекулалық қосындылар: амин қышқылдарынан ақуыздар, моносахаридтерден–күрделі көмірсулар, азот қалдықтарынан–нуклеотидтер, ал олардан нуклеин қышқылдары құралады.

Биологиялық түзілу реакциялары түр және жеке арнайылықтармен ерекшеленеді. Мысалы, буынаяқтылар сыртқы жабынының жасушалары күрделі полисахарид – хитин, ал жердегі жануарлар – рептилийлер, құстар, сүтқоректілер – негізінде кератин ақуызы жататын мүйізді зат түзеді. Соңында ірі органикалық молекулалардың түзілу құрылымы тұқымқуалаушылық ақпараттағы келісімге байланысты. Себебі ол ДНҚ нуклеотидтерінің бір ізділігімен анықталады.

Жасуша ашық жүйе, себебi ол сыртқы ортамен зат, қуатпен алмасады. Алмасудың сыртқы, iшкi түрi болады. Сыртқы алмасуда-заттардың сiңiрілуi және шығарылуы, iшкi алмасуда-жасушада бұл заттардың химиялық өзгеруi жүредi.

Заттек алмасуы (метаболизм-лат. mеtаbоlе-өзгеру) тiрi организм құрамбөлiгiнiң үздiксiз түзiлiс процесiн (анаболизм-грек. аnаbоlе-көтiрiлу), жартылай ыдырау процесiн (катаболизм-грек. kаtаbоlе-төмен түсу) қосады. Организм тiршiлiк ету үшiн әр уақытта қуат (қолдаушы, қызмет) қажет. Оны

9-сүрет. Жасуша заттек алмасуының құрылым-қисынды сызбасы

аса қуатты қоспа-аденозинтрифосфат (АТФ) жеткiзедi. Ол қуат қорын ассимиляцияда құралатын органикалық заттардың (көмiрсу, май, белок) ыдырауынан (диссимиляция) алады. Ассимиляция-заттарды жасуша бойына сiңiру. Ол екi жолмен жүредi. Алғашқыда бейорганикалық заттардан (СО2, Н2О, NН3) органикалық заттар-қоректер түзiледi. Мұндай қабілетi бар жасушалар автотрофты деп аталып, жасыл өсiмдiктерде кездеседi. Екiншiсiнде бейорганикалық заттардан органикалық түрi түзiлмейдi. Жасуша дайын басқа көмiрсу, май, белоктармен қоректенедi. Бұл құбылыс жануарлар жасушаларына тән. Оларды гетеротрофты деп атайды.

10-сүрет. Метаболизмнің сызбасы