Прокариотты жасушалар құрамы мен құрылысы


Прокариоттыларға екі ірі организмдер тобы: бактериялар және цианобактериялар, немесе көкжасылдар (цианеилер) жатады. Олардың құрылысы бірдей, бірақ заттек алмасуында сан түрлі айырмашылықтары болады.

Прокариоттылар құрылысындағы негізгі ерекшелікке – қабығымен шектелген ядросының болмауы жатады. Олардың тұқымқуалаушылық ақпараты бір хромосомасында болады. Ол ДНҚ бір молекуласынан тұрады, түрі сақина тәрізді, цитоплазмасына батқан. ДНҚ ақуыздармен кешен құрмайды. Сондықтан хромосома құрамындағы тектер (ген) «жұмыс істей береді», яғни олардан үзіліссіз ақпарат бөлініп тұрады.

Цитоплазмасында жарғақтар аз болып, олар сыртқы цитоплазмалық жарғақтардың ішіне жұмырылуында байқалады. Жарғақтар қоршаған тұрақты қосындылары (митохондприйлер, пластидтер, басқалар) болмайды. Ақуыздардың түзілуін эукариоттыларға қарағанда көлемі аз рибосомалар іске асырады.

http://www.mirbiologa.ru/ebook/46/images/stories/mb/procariot_bact.jpghttp://www.mirbiologa.ru/ebook/46/images/stories/mb/sh_str_procariot_kl.jpg

21-сүрет. Прокариоты жасушалар құрылысының сызбасы: 1 — жасуша қабырғасы; 2 — сыртқы цитоплазматикалық жарғақ; 3 — фотосинтез жүретін жарғақшалар бумасы; 4— хромосома (ДНҚ шеңберлі молекуласы); 5— мезосома (тығыз бумалы сыртқы цитоплазматикалық жарғақтардың ішке жұмырылуы); 6— вакуолдер; 7 — жіпшелер; 8— рибосомалар

Тіршілік әрекеттерін қамтамасыз ететін барлық ферменттері цитоплазмасында шашырап орналасқан немесе цитоплазмалық жарғақшаның ішкі бетіне бекіген.

Тек көкжасылдардың фототүзетін аппараты күрделі құрылған жарғақтар кешенінде жайғасады. Прокариотты жасушалар қабырғасы өте ерекше құралған, эукариоттыларда кездеспейтін байланыстары болады. Прокариоттылардың эукариоттылар жіпшелері мен кірпікшелері құрылымы жағынан өзгеше қозғалыс жіпшелері (талшықтары) болады.

Көптеген прокариотты организмдердің (көптеген көкжасыл балдырлар, бірталай бактериялар) ауа көпіршектері болады. Көптеген бактерияларға ауасыз алмасу және цианеялар тәрізді азот молекулаларына беку тән.

Әдетте прокариоттылар екіге бөлініп, көбейеді . Жасушалар ұзарғаннан кейін біртіндеп көлденең қалқан құрылады. Кейін жас жасушалар ажырайды немесе байланыста (бактерияларда) қалып, ерекше топтар – тізбек, пакеттер, басқалар түзеді.