Эукариотты жасушалар құрамы мен құрылысы


Эукариотты жасушалар – біржасушалы өсімдіктерден (хлорелла, хламидомонада), қарапайымдылардан (тамыр аяқтылар, қыл аяқтылар, инфузорийлер, басқалар) және күрделілігімен, әртүрлі құрылысымен ерекшеленетін көпжасушалы өсімдіктер, саңырауқұлақтар және жануарларға дейінгілер. Олар екі тип тармағына жіктеледі.

1 тип тармағы - қарапайым организмдер. Олар (шоғырлар – колония түрлерінен басқа) құрылысы жағынан бір жасуша деңгейіне, ал физиология жағынан жарамды дараққа тән. Сондықтан қарапайым жасушаларының бір белгісі сол, ол цитоплазмасында шағын әрі әсем құрылымы болады. Ол жасуша деңгейінде көпжасушалы организмнің маңызды ағзалары қызметін атқарады. Ондай құрылымды (мысалы, инфузорийде) асқорыту жүйесіндей цитостом, цитофарингс және порошицада, әрі шығару жүйесіндей жиырылғыш вакуолде көруге болады.

2 тип тармағы – өсімдік және жануарлар организміндегі жасушалар. Бұл жасушалардың бәрiнде iшiн сыртқы ортадан, көршi жасушалардан бөлiп тұратын сыртқы қабығы (плазмолемма, плазмалық жарғақша, грек. plаsmа-iркiлдек сұйықтық; латынша «mеmbrаnо»-жарғақ), гиалоплазмасы (грек. hyаlоs-шыны); матриксi-құрылысы әр тектi, құрамы, iшкi тiрегi, тұрақты, әрі тұрақсыз қосындылары бар - цитоплазма (cytoplasma, грек. «kytos»-жасуша) және хроматин (chromatinum, грек. chrоmа-түс), ядрошық (лат. nuclеоlus), қабық (кариотека-грек. kаryоn-ядро, thеkе-қабық), шырын (nucleoplasma, нуклеоплазма, кариоплазма, кариолимфа), белоктiк негiз сақталатын – ядросы (nucleus) болады.

Организмде жасуша туындылары - жасушасыз құрылымдарда кездеседi.

Прокариотты және эукариотты жасушалардың негізгі қасиеттері мен айырмашылықтары

1 кесте

Қасиеттері

Прокариоттылар

Эукариоттылар

мөлшері

жасуша диаметрі 1-2 мкм

жасуша диаметрі 10-20 мкм

капсуласы

кейбір түрлерде болады

болмайды

жасуша қабырғасы

болады

өсімдік жасушаларында болады, жануарлар жасушаларында жоқ

цитоқаңқасы

нашар дамыған немесе болмайды

жақсы дамыған

плазмалық жарғақ

болады

болады

ядро жарғағы

болмайды

болады

хромосома саны

біреу немесе екеу

бірнешеден көпке дейін

рибосома құрылысы

70S-типі, рРНҚ 3 молекуласын сақтайды

цитоплазмада 80S-типі, рРНҚ 4 молекуласын; митохондрия мен хлоропласта 70S-типі, рРНҚ 2 немесе 3 молекулаларын сақтайды

эндоцитоз және жасуша іні ас қорытуы

болмайды

көпшілігінде болады

тіркесу топтарының саны

біреу немесе екеу

бірнешеден көпке дейін

хромосоманың химиялық құрамы

ДНҚ

нуклеопротеид

митохондрийлер

болмайды

болады

жасушалардың бөліну тәсілдері

болмайды

митоз бен мейоз жүреді микротүтікшеден тұратын бөліну ұршығы қатысады

заттек алмасуы

әртүрлі, көбінде азот бекітіледі және хемосинтез жүреді

цитоплазмада гликолиз, хлоропласта оттекті фотосинтез, митохондрияларда оттекті (сирек нитратты) тыныс алу жүреді