Электрондық және жарық микроскоп бойынша алынған жасушаның құрылысы


МАҚСАТЫ: Атқаратын қызметіне байланысты жасушаның құрылымын, компоненттерінің субмикроскоптық құрылысын меңгеру.

Тірі организм құрылысының ең ұсақ құрылым, қызмет бірілігі және басты негізі – жасуша. Ол прокариотты (ядросы айқындалмаған), эукариотты ( ядролы) және әртүрлі пішінді болады. Жасушаға тұңғыш рет 1861 жылы анықтама берген неміс ғалымы Макс Щультце. Организмде дене және жыныс торшалары бар. Олар сыртқы қабығынан, цитоплазмасынан және ядросынан тұрады.

Дене жасушасының субмикроскопиялық құрылысы

1-ші- тапсырма. № 1 препараттан- бауыр жасушасынан (гепатоциттер) микроскоптың кішкене ұлғайтқышы мен көпбұрышты (көп қырлы) жасушаларды табу керек. Үлкен ұлғайтқышпен қарап әр жасушаның ядросы бар екендігіне, олар көк түске боялатынына көз жеткізу керек . Ядросының айналасында қызғылт түсті, сырты цитолемма мен қоршалған цитоплазма орналасқан. Жасушалар арасындағы цитолемма әр жасушаның шегін көрсете бір-бірімен тығыз байланысып жатады. Осындай екі жасушының суретін салып, мыналарды белгілеңдер: 1-цитолемма, 2- цитоплазма, 3-ядро: а- кариолемма (ядроның қабығы), б- кариоплазма ( ядроның шырыны), в- хроматин түйіршіктері (гетерохроматин), г- домалақ денешіктер (ядрышко).

Аксолотль баурының жасушалары.

2-ші тапсырма. Жасушаның цитоплазмасының құрылысын ұғыну үшін №2, №3 және № 4 препараттарды кішкене және үлкен ұлғайтқыштармен қарау керек. Жасушаның цитоплазмасы гиалоплазмадан (құрылымсыз негізгі заттар), органоидтардан (белгілі құрылысы бар цитоплазманың тұрақты қосындылары) және тұрақсыз қосындылардан (жасуша ішінде зат алмасудан пайда болатын морфологиялық уақытша элементтер) тұратынын еске алыңдар. Жасушалардың цитоплазмасындағы әр түрлі бөлшектер препараттарды әр түрлі бояғанда ғана байқалады. Сондықтан бір препараттан барлық органоидтарды басқа да әртүрлі қосындыларды көру мүмкін емес. №2- препаратта – Гольджи комплексі жұлын-ми түйіндерінің нерв жасушаларының цитоплазмасында, жасушааралық торлы аппарат ретінде, азотқышқылды күміс тұзы арқылы ғана айқындалған. Кішкене ұлғайтқышта осы препараттан ірі домалақ немесе алмұрт сияқты жасушаларды тауып алып, оның ядросының айналасын бір- бірімен тор сияқты айқасып жатқан қара жіңішке талшықтар қоршап жатқанын көруге болады. Міне осыларды Гольджи комплексі деп атайды. Енді осыны үлкен ұлғайтқышпен қарап, бір-екі жасушаның суретін салып мыналарды белгілеу керек: 1-цитолемма; 2- цитоплазма; а-Гольджи комплексі; 3- ядро. Кішкене және үлкен ұлғайтқышпен №3 препаратты- гепатоциттегі май қосындысын қарау керек. Осы препараттағы осьмиялық қышқылға боялған цитоплазмада май тамшыларын көруге болады.

Олар жасушаның өн бойында мөлшері әр түрлі қара домалақ түйіршіктер түрінде орналасқан.

№4 препаратта бір қабаттан тұратын эпителиалдық жасушаның цитоплазмасында қышқыл бояумен (фуксинмен) боялған митохондрийлер анықталған. Олар алқызыл түсті нүкте, таяқша,иреленген жіп тәрізді болып келеді.

Бақылау сұрақтары:

1. Жасуша дегеніміз не?

2. Сәулелі микроскоппен қараған кезде қандай органоидтар көзге көрінбейді?

3. Қандай органоидтар АҮФ синтезге ұшырайды?

4. Жасушаның тірішілік әрекетінде рибосоманың, Гольджи комплексінің, жасуша орталығының және микротүтікшелердің маңызы қандай?

5. Эндоплазмалық торлардың түрлері және олар бір-бірінен қалай ажыратылады?

6. РНК қай жерде синтезделеді және рибосома қалай түзіледі?

7. Жасуша, органоидтар, тұрақсыз қосындылар, симпласт және жасушааралық заттарға анықтама беріңдер?