Жыныс жасушаларының құрылысы мен дамуы


МАҚСАТЫ: 1. Жыныс жасушаларының дене жасушаларынан негізгі айырмашылықтарын түсіну. Олардың құрылысы мен дамуын ұғып алу.

2. Жұмыртқа жасушаларының құрылысы мен даму ерекшеліктерін аталық жыныс жасушаларымен (сперматозоид) салыстырып отырып, зерттеу.

Барлық жануарлар жынысты өніп-өседі. Жынысты жолмен көбею арнайы жіктелінген аталық (сперматозоид) және аналық (жұмыртқа) жасушалар арқылы жүзеге асырылады. Олардың да қабығы, цитоплазмасы және ядросы болады. Бірақ дене жасушаларымен салыстыра отырып мына басты айырмашылықтарды көруге болады: 1) дене жасушаларында хромосомалар жиынтығы қос (диплоидты) болса, жыныстыларда сыңар (гаплоидты) болады. 2) ядро мен цитоплазма ара қатынасы дене жасушасында 0,3-1/3 болса, жыныстыларда ол ерекше екен. 3) жыныс жасушалары жоғары ерекшеленген, себебі олар қосылып, ұрықтана алады, көптеген жұқпалы аурулардан, зиянды әсерлерден сақтайды. 4) дене жасушалары бөлінсе, жыныстылар бөлінбейді. 5) жыныс жасушаларының құрылысы да ерекше. Сперматазоидтың денесі, басы, мойыны, құйрығы, ал жұмыртқаның цитоплазмасында қоректік заты- сары уызы болады. Оның мөлшері әр жануарлар жұмыртқасында әртүрлі болғандықтан: олиго-, мезо- және полилецитальді деп бөлінеді. Пісіп жетілген жұмыртқа қабығының сыртында қосымша үш қабық( сары уыз, мөлдір (жылтырауық), сәулелі шоғыр) болады. Сперматогенезде төрт, овогенезде үш саты болады. Өрбу кезеңі аталықта өмір бойы жүрсе, аналықта ол туғанға дейін ғана болады. Аналықта өсу шағын, ұлғаю өсу кезеңдеріне бөлініп, пісу кезеңінде жалғыз ғана жетілген жас торша түзіледі, ал ол аталықта тең төрт жасуша құрайды.

1-ші тапсырма. Қошқардың шәует жағындысы препаратынан үлкен ұлғайтқышпен сперманы табу керек. Олар көк түске боялған. Бір сперманың суретін салып мыналарды белгілеу керек: 1-басы: а-ядросы, б-Гольджи аппараты бар акросома; 2-мойыны: в-жоғары (проксимальды) және төменгі (дистальды) центриолилер; 3- байланыстырушы бөлім (денесі, орталық бөлігі); д- өзекті жіп, е- оралымды жіпше тәрізді жіп (митохондрий); 4-құйырығы.

2-ші тапсырма. Кестеден сперматогенез схемасының суретін салып, мыналарды белгілеу керек: 1- өрбу кезеңі: а- сперматогониялар; 2- өсу кезеңі: б- бірінші реттік сперматоцит; 3- пісу (жетілу) кезеңі: в- екінші реттік сперматоцит, г-сперматидтер; 4- қалыптасу кезеңі: д- қалыптасудағы сперматозоидтар. Жасушалардың белгіленген аттарын есте сақтап, оларды препараттан міндетті түрде қарау керек. Препаратта ен (аталық жыныс безі) көрсетілген, кішкене ұлғайтқышпен сперма өзегінің көлденең кесіндісін мұқият қарау керек.Одан соң үлкен ұлғайтқышпен өзектің барлық қабырғасын сыртынан ішіне қарай мұқият қарау керек.

3-ші тапсырма. Препараттан, мысықтың аналық безінен кішкене ұлғайтқышпен бірінші, екінші және үшінші көпіршіктерді тауып алу керек. Біріншіде овоциттің шағын өсу кезеңі, екіншіде оның ұлғая өсу кезеңі және үшіншіде овоцит өсуін тоқтадады да, оны бірінші овоцит деп атайды. Бірінші реттік овоциттің барлық құрылымдық компоненті жұмыртқа жасушасындай болып келгенімен, екінші реттікке, әрі толық жетілген түріне ол жатыр түтігене келеді. Әр көпіршікті үлкен үлғайтқышпен қарап, суретін салып, мыналарды белгілеу керек: 1- бірінші көпіршік: а-шағын өсу кезеңіндегі овоцит, б-ядро, в-цитоплазма, г-сары уыз түйіршіктері, д- цитолемма, е- мөлдір қабық (оолемма), ж- көп қабатты эпителий; 3- үшінші көпіршік: а- жұмыртқа түзуші төмпешік, б-бірінші реттік овоцит, в-ядро, г- цитопалазма, д- сары уыз түйіршіктері, е- кортикалық қабат, ж- цитолемма; 3- мөлдір қабық (оолемма) және фолликулалы қабық; 4- көпіршік қабырғасы: а- фолликулалы эпителий (түйіршікті аймақ), б- мөлдір қабық (қалыңдаған негізгі жарғақ), в- дәнекер ұлпадан тұратын қабық.

4-ші тапсырма. Кестеден овогенездің схемасын салып, мыналарды белгілеу керек: 1- өрбу кезеңі: а- овогониялар; 2- өсу кезеңі: б- 1-ші реттік овоцит, г- жойылғыш денешіктер, д- жетілген (піскен) жұмыртқа торшасы.

Овогенез және сперматогенезді салыстырып, олардың бір-бірінен ерекшелігі неде екенін байқау қажет.

Бақылау сұрақтары:

1. Гоноциттер (гонобластар) қайда болады, олар қайда және қалай көшеді?

2. Сперматогенездің кезеңдерін ата?

3. Қандай жасушаларда хромосомалардың диплоидты жиынтығы, ал қандайында гаплоидты жиынтығы болады?

4. Сперматозоидтың қай жерінде Гольджи аппараты, центриолилер және митохондрийлер орналасады?

5. Сперматогенез қайда өтеді?

6. Сперматозоидтың құрылысы мен қызметін баяндаңыз?

7. Акросома дегеніміз не? Оның атқаратын ролі қандай?

8. Жетілген аналықтың аналық бездерінде овогенездің қандай дәуірі өтеді?

9. Бірінші көпіршіктегі овоциттің екінші түрінен айырмашылығы барма, болса ол неде?

10. Омыртқалы жануарлардың жұмыртқа жасушалары қандай белгілері бойынша олиголецитальдық, мезолецитальдық және полилецитальдық болып бөлінеді?

11. Жұмыртқа жасушаларының қосымша қабықтарын атап, олардың атқаратын қызметін түсіндір?

12. Сары уыз мөлшеріне байланысты жұмыртқа жасушасы қалай жіктеледі?