Зиготаның майдалануы және гаструляция


МАҚСАТЫ: Зиготаның майдалану ерекшелектері мен даму жағдайын меңгеріп алу. Гаструляцияның мәні мен тәсілдерің анықтау.

Эмбриогенезде өтетін бес негізгі кезең болады. Олар ұрықтану мен зиготаның түзілуі, майдалану, гаструла түзу, білікті ағзалардың қалыптасуы, ұлпалар мен ағзалардың дамуы.

Зигота- қос тәсілді жасуша. Оның бөлінуі митоз жолымен жүреді, бірақ мұнда интерфаза өте қысқа, ал ұлғая өсу кезеңі болмайды. Зиготаны бөлінетін із майдалану сызбасы деп аталады. Онда пайда болатын жасушалар бластомералар деп аталады.

1-ші тапсырма. Микроскоптың кіші ұлғайтқышы мен препараттан бақа зиготасының майдалануын зерттеу керек. Ол үшін көру аймағының жоғарғы жағында препараттағы майдаланып жатқан зиготаның анимальдық полюсі, ал көру аймағының төменгі жағында вегетативтік полюсі орналасуы қажет. Сөйтіп, меридианальдық және экваториальдық майдалану сызбасын көру керек. Анимальды полюсте вегетативті полюске қарағанда майдалану сызбасы көп кезедеседі. Оның себебі, меридианальдық майдалану сызбасының жылдамдығы вегетативті полюске жақындаған сайын баяу жүреді. Сондықтан анимальды полюсте жаңа сызбалар пайда болады да, олардың бластомерлері вегетативті полюстің бластомерлерінен кіші болып келеді. Бұл толық біркелкі емес майдаланудың мәнін көрсетеді де, жұмыртқа жасушаларының вегетативті полюсінде сары уыздың көбірек жиналатындығын байқатады. Препараттың суретін салып, мыналарды белгілеу керек: 1- анимальды полюс, 2- вегетативтік полюс, 3- меридианальдық сызба, 4- экваториальдық сызба, 5- бластомерлер.

2-ші тапсырма. Зиготаның майдалануы бластула, яғни арасы қуыс ұрық түзілуімен аяқталатынын еске түсіру керек Кішкене ұлғайтқышпен препараттан бақаның, амфибиялардың бластулалар құрылысын зерттеу керек. Препаратты көру аймағына қойғанда бластуланың төбесі жоғары жағында, ал түбі төменгі жағында орналасуы қажет. Оның суретін салып мыналарды белгілеу керек; 1-бластодерма: а-төбесі, б-түбі, в- шеткі аймағы; 2-бластоцель.

3-ші тапсырма. Гаструляция- ұрық жапырақшаларының түзілу процессі екенін еске түсіру керек. Гаструляцияның алғашқы кезеңінде эктодерма мен эндодерма пайда болады, ал кейінен бұлардың арасында мезодерма клеткалары орналасады. Құстар мен сүтқоректілердің эмбриогенезінде мұны алғашқы жолақтың көлденең кесіндісінен бақылауға болады.

Үлкен ұлғайтқышпен препараттан тауықтың алғашқы жолағын зерттеу керек. Ол үшін препаратты қойғанда жолақтың көп қабатты бөлігі (эктодерма) жалпақ жасушаға тең (энтодерма) көру аймағының төменгі жағында болуы қажет. Эктодерма мен энтодерманың арасындағы бос орынға мезодерма жасушалары орналасқан. Препараттың суретін салып мыналарды белгілеу керек: 1- эктодерма; 2-мезодерма;3- энтодерма.

Алғашқы жолақтың құрылуы (гаструляция) жарылу немесе қабаттарға бөлінуі және жасушаның көшуі (иммиграция) арқасында жүзеге асырылады.

Бақылау сұрақтары:

1. Ұрықтану дегеніміз не?Оның биологиялық маңызы неде?

2. Ланцетник ұрығының дамуында қанша кезең бар? Олардың сипаттамасын беріңіз.

3. Майдалану дегеніміз не? Оның митоздан айырмашылығы неде?

4. Бластула дегеніміз не? Оның құрылымы қандай?

Гаструланың түзілуі қалай жүреді?