Білікті ағзалардың дамуы. Ұрықтан тыс бөлімдер мен плацентаның құрылуы


МАҚСАТЫ: Білікті ағзалар дегеніміз не екенін, олар қалай қалыптасатынын анықтап алу. Құстар мен сүтқоректіліердің ұрықтан тыс бөлімдері қалай құрылатынын және олардың қандай қызмет атқаратыны, плацента жайындағы үғымды анықтау.

1-ші тапсырма. Білікті ағзаларға жүйке түтігі, хорда және ішек жататынын және жүйке түтігі эктодермадан, ал хорда мен ішек энтодермадан пайда болатынын және білікті ағзалар пайда болу кезінде мезодерма ажыратылып сомиттерге (дорзальды аралық мезодермада) және спланхнотомға (вентральды төменгі мезодерма) бөлінетінін, дорзальды мезодермадан дерматом, склератом және миотом, ал вентральды мезодермадан висцеральдық (ішкі) және париентальдық (сыртқы) жапырақшалар бөлінетінін, олардың ортасында ағза қуысы (целом) пайда болатыны түсініп, осылардың бәрін ланцетниктің ұрығында, білікті ағзалардың пайда болу кезінде алынған көлденең кесіндісінен түсірілген суреттен қарау керек.

Препаратты қойғанда жүйке түтігі көру аймағының жоғарғы жағында орналасқаны жөн. Осындай препараттың суретін салып, мыналарды белгілеу керек: 1-жүйке түтігі, 2-хорда, 3-шектің кішкене науасы, 4-сомиттер, 5-спланхнотома: а- париетальдық жапырақша, б-висцеральдық жапырақша; 6-дене қатпары, 7-амнион қатпарының шеті.

2-ші тапсырма. Көрнекті суреттен құстар мен сүтқоректілердің ұрықтан тыс бөлімдері қалай қалыптасатынын анықтап алу керек. Олардың суретін салып мыналарды белгілеу керек: 1-ұрық, 2-амнион қуысы, 3-амнион, 4-хорион: а-хорионның бүрлері; 5-сары уыз қапшығы; 6-аллантоис. Хорионның бүрлері жатырдың шырышты қабығына кіріп тұратынына назар аудару керек. Бұл кезеңде аллантоис хорионға қарай өсіп, қан тамырларын жеткізеді де, бірте-бірте тұтасып, ортақ қабық-аллантохорион түзеді. Міне, осы плацентаның ұрықтық бөлігі болып табылады. Плацентаның аналық бөлігін жатырдың шырышты қабығы құрайды.

Бақылау сұрақтары:

1. Білікті ағзаларға не жатады?

2. Құстар мен сүтқоректілердің ұрықтан тыс бөлімдері қалай құрылады және олар қандай қызмет атқарады?

3. Плацента дегеніміз не? Оның морфологиялық жіктелуі?