Эпителиальды ұлпа


МАҚСАТЫ: 1. Ұлпа дегеніміз не екенін біліп алып оның пайда болуын және жіктелуін негізін анықтап алу.

2. Барлық эпителийлерге тән морфологиялық белгілерін ұғып алу.

3.Бездердің морфологиялық жіктелуін және олардың секреция түрлерін ұғып алу.

Эпителий бүкіл денені, ішкі ағзалардың кілегейлі, ұйыма қабықтарын, барлық бездерді түзеді де, тек жасушалардан (эпителиоцит) тұрады, шекаралық орын алып жатады, әрі оны түзетін жасушаның екі беті болады, мұнда қан, сары су тамырлары болмайды.

Пайда болуына , құрылысына және қызметінің ұқсастығына қарай мал организімінде ұлпалардың негізгі төрт түрі болады:

1. Эпителий ұлпасы

2. Бұлшық ет ұлпасы

3. Тіректі-қоректік ұлпасы

4. Жүйке ұлпасы.

Эпителий бөгеттік, қорғаныш, тасымалдау, сору, секреттік, экскреттік және механикалық, химиялық әсерлерді қабылдайтын қызметтер атқарады.

1-ші тапсырма. Препараттан бүйректің несеп жүретін түтікшесіндегі, бір қабатты цилиндр формалы эпителийден кішкене ұлғайтқышпен көлденең кесіндіден түтікшелерді табу керек. Бұдан соң осы түтікшелердің бірін үлкен ұлғайтқышпен зерттеу қажет. Түтікшенің қабырғасы бір қабатты, цилиндр тәрізді эпителийден тұрады. Осы түтікше қиындысының суретін салып, мыналарды белгілеу керек: 1- эпителиоциттің апикальды полюсі, 2- ядро, 3- эпителиоциттің базальды полюсі, 4-базальды мембрана, 5- қабаттас жатқан дәнекер ұлпа.

2- тапсырма. Препараттан бір қабатты көп кірпікті эпителийден шағын ұлғайтқышпен қолқаның шырышты қабығынан эпителий қабатын тауып алу керек. Енді обьективтің үлкен ұлғайтқышы арқылы осы эпителийдің құрылысын зерттеп, одан кірпікшелі эпителиоциттерді табу керек. Эпителийдің кішкене бөлігінің суретін салып, мыналарды белгілеу керек: 1- кірпікшелі эпителий: а- кірпікшелер; 2- алмастырушы эпителиоцит, 3- бокал тәрізді эпителиоцит, 4- базальды мембрана, 5- қабаттас жатқан дәнекер ұлпа.

3-ші тапсырма. Микроскоптың кішкене ұлғайтқышы мен препараттан, жалпақ көп қабатты мүйізденген эпителийді көру керек. Бұл терінің сыртқы қабаты эпидермис. Эпителиальды қабаттың жіңішке тілімінің суретін салып мыналарды белгілеу керек: 1-қабаттас жатқан дәнекер ұлпа, 2-базальды мембрана, 3- базальды ( өсетін) қабат, 4-қанатты эпителиоциттер қабаты (арқалық қабат), 5- түйіршікті қабат, 6-жылтыр қабат, 7-мүйізді қабат.

4-ші тапсырма. Бездердің құрылысы мен секрецияның түрлерін жақсы айқындалған , түрлі-түсті, көрнекті суреттерден мұқият қарау керек. Оқытушының көмегімен эндокринді бездердің қарапайым және күрделі болып бөлінетінін, әрі эндокриндік бездердің құрылысының ерекшеліктерін және секрециялардың мерокриндік, апокриндік және голокриндік түрлерінің белгілерін анықтау керек.

Бақылау сұрақтары:

1. Ұлпа дегеніміз не?

2. Ұлпаның қандай жіктелулері бар? Олар неге негізделген?

3. Ұлпаның қандай түрлерін білесіз?

4. Эпителийдің негізгі ерекшеліктерін атап, сипаттама беріңіз?

5. Ішек эпителийінің құрылысындағы және қызметіндегі ерекшеліктері қандай?