Жазықтар, бағыттар, негізгі анатомиялық атауыштар, типті омыртқаның құрылысы.


Мақсаты: Жануарлар денесіндегі жазықтарды одан шығатын бағыттарды түсініп, зертеу. Омыртқа құрылысымен танысу.

Анатомия - гректің ana, tomeo – «кесу» деген сөзінен шыққан. Мал организмі құрылысы жағынан күрделі, өз бетімен тіршілік етуші және қоршаған ортаның белгілі тіршілік жағдайына бейімделген органикалық дүниенің бір бөлігі болып табылады.

Анатомияны оқыған кезде, алдымен жазықтар деген мағынаны дұрыс түсіну қажет екендігін есте сақтау керек. Жануарлар денесі арқылы үш жазықтық өтеді: сагиттальды, сегментальды және фронтальды.

Сагитальды жазықтық жануарлар денесінің алдынан артына қарай жоғарыдан төмен қарай жүргізіледі де , денені оң және сол бөліктерге бөледі. Осындай жазықтықтарды көп жүргізуге болады. Солардың бірі тең ортадан жүргізіледі де оны ортаңғы немесе медианды деп атайды. Осы жазықтан мынандай бағыттар шығады :бүйірлі (сыртқы) lateralis, медиальды (ішкі бүйірлі) medialis, сыртқы-externus, ішкі- internus, оң- dexter , сол-sinister.

Сегментальды жазықтық жануарлар денесіне көлденең жүргізіледі немесе сегменттерге параллель өтеді де , жануар денесін алдыңғы және артқы бөліктерге бөледі. Осыдан шығатын бағыттар: алдыңғы- anterior, артқы-posterior немесе бас жағы –краниальды, құйрық жағы- каудальды . Алдыңғы (кеуделік), артқы (жамбастық) аяқтарда қолданылатын мынандай теминдер бар. Аяқ бөлімінің тұлғаға жақын жатқан жағы проксимальдік, ал керісінше алысырақ жағы дистальдік бөлімдер деп аталынады.

Фронтальды жазықтық маңдайға параллель жүргізіледі, бұдан шыққан бағыттар арқа жағы дорзальды, құрсақ жағы вентральды .

Омыртқа – құрылысы жағынан аралас сүйектер қатарына жатады. Әрбір омыртқа денеден , доғадан, жұп буын,көлденең , емізікше және тақ жоталық өсінідлерден тұрады.

Омыртқа доғасы оның денесімен қосылып, омыртқа тесігін құрайды. Омыртқа бағанасындағы барлық омыртқалардың тесіктерінің жиынтығы омыртқа өзегін түзеді. Онда жұлын орналасқан.

Дененің вентральдік бетінде вентральдік қыр орналасады. Дененің алдыңғы жағында омыртқа басы –қарама-қарсы тұсында оның шұңқыры болады.

Омыртқа доғасы- дененің жоғары жағында орналасады. Оның денемен байланысқан тұсында краниальдік және каудальдік ойықтар болады. Көршілес жатқан омыртқалардың осындай ойықтарының бірігуінің нәтижесінде омыртқааралық тесіктер түзіледі. Омыртқалардың бір-бірімен өзара байланысуына арналған жұп краниальдік және каудальдік буындық өсінділері доғаның алдыңғы және артқы жағында орналасады.

Жұп көлденең өсіндісі қабырғамен байланысуға арналған.

Тақ жоталық өсіндісі омыртқа доғасынан дорсальдік бағытта шығады. Кеуде омыртқаларының көлденең өсінділерінде емізікше өсінділері орналасқан.

Өз беттерімен сүйектермен жұмыс істеп, кеуде омыртқаларының қай малдікі екенін айырып дәлелдеңіздер.

Бақылау сұрақтары:

1. Жануарлар денесінен қандай жазықтықтар жүргізуге болады?

2. Сагитальды жазықтықтан шығатын бағыттар қалай аталады?

3. Сегментальды жазықтықтан шығатын бағыттар қалай аталады?

4. Фронтальды жазықтықты қалай жүргізуге болады және одан шығатын бағыттар қалай аталады?

5. Омыртқаның негізгі бөліктерін атаңыз?