Сүйектер өзара байланысы


Мақсаты: Үй жануарлары қаңқаларындығы сүйекаралық байланыс түрлерін зерттеу. Буынның құрылысы олардың түрлері, пішіндері.

Сүйектердің байланысы қаңқа сүйектерінің бір-бірімен өзара белгілі заңдылықпен байланысуын қамтамасыз етеді.

Үй жануарлары қаңқаларындағы сүйектер байланысының түрлерін екі топқа бөледі:

1. Тұтаса (үздіксіз) байланыс

2. Буындық (үздікті) байланыс

3 Кесте Сүйектер байланыстарының түрлері

Тұтаса байланыстар

Буындық байланыстар

Синостоз- сүйек ұлпасы арқылы байланыс

Синсаркоз-ет ұлпасы арқылы байланыс

Синхондроз- шеміршек ұлпасы арқылы байланыс

Синдесмоз-дәнекер ұлпасы арқылы байланыс

Синэластоз-эластикалық талшықтар арқылы байланыс

4 Кесте Буын құрылысы.

Буындық бет

Буындық қуыс

Буындық қапшық

Буындық сұйықтық

Фиброздық қабат

Синовия

Синовиальдік қабат

5 Кесте Буындардың құрылысына қарай бөлінуі

Қарапайым буындар (екі сүйек қосындысынан пайда болған).

Күрделі буындар (үш не оданда көп сүйектер қосылысы).

Иықтық, жамбастық, бақайлық т.б. буындар жатады

Тізелік, тілерсектік, шынтақтық т.б. буындар жатады

6 Кесте Буындардың қозғалыс түріне қарай бөлінуі

Бір білікті буындар

Қос білікті буындар

Көп білікті буындар

Шынтақтық,бақайлық т.б. буындар

Шүйде-атланттық буын т.б.

Иықтық жамбастық буындар

Бас сүйектерінің байланысы. Ми сауытымен бет сүйектері көп жағдайда өзара жіктер арқылы тұтаса байланысады.

Бас сүйектерінің арасында тұтаса байланысудан басқа буындық байланыстар да болады. Олар: 1) самай- төменгі жақтық буын- күрделі және қос білікті буын . Буындасушы сүйектердің аралығында, яғни буын қуысында шеміршектік диск жатады, 2) шүйде- атланттық буын- қос білікті , қарапайым буын. Буынды шүйделік сүйектің айдаршықтары мен ауыз омыртқаның (атлантық) буындық ойысы құрайды.

Омыртқалар байланысы.Омыртқа бағанасы бойында байланыстың бірнеше түрін кездестіруге болады. Омыртқаның денелері синхондроз арқылы, доғалары синдесмоз, буын өсінділері буын арқылы байланысады.

Қабырғалық байланыстар. Қабырғалар жоғары бастары арқылы омыртқалармен, ал шеміршектік ұлпа арқылы төс сүйекпен байланысады.

Кеуделік (алдыңғы)аяқ сүйектерінің байланысы. 1) иықтық буын- жауырынның буындық ойысы мен тоқпан жіліктің басынан түзілген. Бұл қарапайым, көп білікті буынға жатады, 2) шынтақтық буын- құрылысы жағынан күрделі, қозғалысы жағынан –бір білікті буын. Ол үш сүйектің : тоқпан жілік-шынтақ, тоқпан жілік-кәрі жілік және кәрі жілік пен шынтақтың проксимальдік ұштары байланыстарынан пайда болған. Шынтақтық буында буын қапшығынан басқа латеральдік және медиальдік, бүйірлік, сүйекаралық және көлденең байламдар бар.

Кеуделік аяқ басы буындары – бір білікті бірнеше буындардан құралған.1) тізелік буын- күрделі бір білікті буын. Бұл буынды құрауға кәрі жілік, шынтақ,тізелік және алдыңғы жіліншік сүйектері қатысады. Буын қапшығының фиброздық қабаты ортақ болады да, синовиальдік қабаты буын құраушы сүйектердің әрбір қатарына бекіп, бірнеше буындық қуыс түзеді.

Буынның бүйір байламдары латеральдік, медиальдік ұзын және қысқа байламдар болып бөлінеді, 2) тұсамыстық (тұралық буын) қарапайым, бір білікті буын. Алдыңғы жіліктің дистальдік бөлігі мен тұра сүйегін байланыстырып тұрады, 3) топайлық буын- тұра және топай сүйектерінің байланысуы нәтижесінде түзілген қарапайым бір білікті буын. Буын қапшығы мен бүйір, байламдардан басқа және төрт пальмарлық байламдар болады,4) тұяқтық буын- қарапайым, бір білікті буын. Буындасушы топай мен тұяқ сүйектері. Бұл буында буын қапшығы және бүйірілік байламдар болады.

Аталған буындардан басқа кеуделік (алдыңғы) аяқ сүйектерінің тұтаса байланысын кездестіруге болады. Мысалы, иықтық белдеу сүйектерінің тұлға байланысуы ет ұлпасы, яғни синсаркоз арқылы жүзеге асады. Кейбір үй жануарларында (жылқыда) кәрі жілік пен шынтақ сүйектері және кейбір сүйектер өзара синостоз арқылы бірігеді.

Жамбастық (артқы) аяқ сүйектерінің байланыстары. Жамбастық (артқы) аяқ қаңқасында байланыстың екі түрін кездестіруге болады. Жамбас сүйектері бір-бірімен тұтаса синхондрозды байланысады. Бұл екі сүйектің байланысқан жерін жамбас симфизі деп атайды. Жамбас сүйегі өз кезегінде үш сүйектің (мықын, шоңданай және шат) синостозды байланысынан түзілген. Сондай-ақ тілерсектегі ұсақ сүйектер де, синостозды байланысқа жатады.

Буындық байланыстар.

1. Құйымшақ-мықындық буын құйымшақтың құлақ тәрізді бетімен жанасу нәтижесінде түзілген қимылсыз буын. Осы буын арқылы жамбастық белдеу омыртқа бағанасына бекиді.

2. Жамбас- ортан жіліктік буын- қарапайым, көп білікті буын. Ол жамбастың ұршықтық ойыс мен ортан жіліктің ұршық басының қосылуынан пайда болған. Буында буындық қапшық, ұршық ойыстық көлденең байламы болады.

3. Тобықтық буын- күрделі, бір білікті буын. Бұл буын өз кезегінде ортан жілік-сирақтық, ортан жілік- тобықтық және проксимальдік сирақ сүйектері арқылы буындарынан құралады.

4. Ортан жілік- тобықтық буын тобық пен ортан жіліктің дистальдік эпифизі тобық шығыршығының буындық бетінің жанасуынан түзілген. 5. Тілерсектік буын- үш буыннан құралған күрделі, бір білікті буын;

а) тілерсек- сирақтық буын-тілерсек сүйектерінің проксимальдік қатарындағы сүйектер(өкше және асық) мен сирақ сүйектерін біріктіреді

б) тілерсекаралық буын- тілерсек сүйектерін бір-бірімен байланыстыратын буын

в) тілерсек- артқы жіліншікті буын- тілерсек сүйектерінің дистальдік қатарындағы майда сүйектерді артқы жіліншік пен байланыстырады.

Аталған буындар бір білікті болғандықтан, оларды латеральдік, медиальдік ұзын, қысқа, бүйірлік плантарлық, қатар және сүйекаралық байламдар болады.

Саусақ сүйектерінің байланысы кеуделік(алдыңғы) аяқ бақай сүйектерінің байланыстарына ұқсас болып келеді.

Бақылау сұрақтары:

1. Сүйектер байланысының қандай түрлері болады?

2. Сүйектер тұтаса байланысуы дегеніміз не және оның қандай түрлерін білесіз?

3. Омыртқа бағанасындағы омыртқалар, төс сүйегімен қабырғалар қалай байланысқан?

4. Жамбас сүйектері қалай байланысады?

5. Буын дегеніміз не? Буынның құрылысы қандай?

6. Құрылысына қарай қандай буындарды білесіз?

7. Буындағы қозғалысқа қарай қандай буындар болады?

8. Көп білікті буындарға мысал келтіріңіз?

9. Қандай буындарды бір білікті деп атаймыз? Оған қандай буындар жатады?

10. Қос білікті буындар қаңқаның қандай бөлігінде болады?