Кеуделік (алдыңғы) аяқ бұлшық еттері


Мақсаты: Кеуделік (алдыңғы) аяқ бұлшық еттерінің құрылысын зерттеу, олардың жиырылғандағы атқаратын қызметін білу.

Кеуделік аяқ бұлшық еттері орналасуы мен атқаратын қызметіне қарай иықтық, тізелік және бақайлық буындар бұлшық еттеріне бөлінеді. Бұл бұлшық еттері оқығанда мына мәселерге көңіл аудару қажет.

Буындарға әсер ететін бұлшық еттер әрқашанда сол буыннан жоғары орналасады. Мысалы, иықтық буынның бұлшық еттері жауырын аумағында орналасқан.

Буынды жазылдырғыш еттер (экстензорлар) буын бұрышының төбесінде , бүгілдіруші еттер(флексорлар)-оның ішкі жағында , аяқты тұлғаға жақындатушы еттер(аддукторлар) аяқтың медиальдік , ал алыстатушы еттер(абдукторлар) латеральдік бетінде орналасады.

Иықтық буынның бұлшық еттері:

Қыр алды бұлшық еті- жауырынның қыр алды ойысында орналасқан қауырсынды ет. Ол өзінің екі ұшымен тоқпан жіліктің үлкен және кіші төмпектеріне көтеріліп бекиді.

Қызметі: Иықтық буынның жазылдырғышы.

Құстұмсықты тоқпан жіліктік бұлшық ет- иықтық буын мен тоқпан жіліктің медиальдік бетінде орналасады.

Дельта тәрізді бұлшық ет- үшбұрышты, жауырын қарынан каудальдік бағытта орналасқан жалпақ ет. Ол қыр арты және кіші жұмырлық бұлшық еттерін жауып жатады. Дельта тәрізді бұлшық ет жауырындық және акрамиондық бөліктерге бөлінеді.

Кіші жұмырлық бұлшық ет- жауырынның каудальдік жиегінің дистальдік бөлігі мен иықтық үш басты бұлшық етінің сіңірінен басталып, тоқпан жіліктің шынтақтық сызығының алдыңғы жағына келіп бекиді.

Үлкен жұмырлық бұлшық ет-иықты үш басты басты бұлшық еттің медиальдік бетінде жатқан ұзын, жалпақ ет.

Қызметі: иықтық буынның флексоры және оны ішке қарай таратады.

Қыр арты бұлшық еті-жауырынның қыр арты ойысында орналасады. Ол осы ойыстан басталып, тоқпан жіліктің үлкен бұдырна екі сіңірлі ұшы арқылы бекиді.

Қызметі: Иықтық буынның абдукторы.

Жауырынастылық бұлшық ет- жауырынастылық ойыстан басталып, тоқпан жіліктің кіші бұдырында аяқталады.

Қызметі: Иықтық буынның аддукторы.

Шынтақ буынының бұлшық еттері.

Иықтың үш басты бұлшық еті- жауырын, тоқпан жілік және шынтақ сүйектік өсінді аралығындағы үшбұрышы кеңістікті алып жатқан қомақты ет. Оның үш басы болады: ұзын бас, латеральдік бас, медиальдік бас.

Қызметі: Үш басты бұлшық ет шынтақтың буынның жазылдырғышы. Шынтақтық бұлшық ет- үш басты бұлшық еттің латеральдік басының астында орналасады.

Қызметі: шынтақ буынның жазылдырғыш еті.

Иықтық екі басты бұлшық еті- ұршық тәріздес, жуан, екі буынға қатар әсер ететін сіңірлі ет.

Қызметі: шынтақ буынның бүгілдіргіш, ал иық буынның жазылдырғыш еті.

Тоқпан жіліктік бұлшық ет- тоқпан жілік мойнының пальмарлық бетінен басталады. Ол жіліктің латеральдік бетімен төмен созылып ,дельта бұдырының дистальдік тұсында жіліктің денесін айналып өтіп, оның дорсальдік жағына шығады да, екі басты бұлшық еттің бекитін тұсынан төмен, кәрі жіліктік бұдырды аяқталады.

Қызметі: шынтақтық буынды бүгеді.

Тізелік буынның бұлшық еттері.

Тізені жазатын кәрі жіліктік бұлшық ет-білек сүйектерінің дорзальдік бетінде жатқан жуан ет. Ол тоқпан жіліктің латеральдік айдаршықүсті қырынан басталады да 3-ші жіліншік сүйегінің бұдырына бекиді.

Қызметі: тізелік буынды жазылдырады шынтақ буынның бүгілдіргіш еттеріне көмектеседі.

Тізені жазатын шынтақ сүйектік бүлшық ет- тоқпан жіліктің жазылдырғыштық (латеральдік) айдаршықүстінен басталады, ал ұшы тізелік сүйекке бекиді.

Қызметі: Тек итте ғана бұл бұлшық ет тізелік буынның жазылдырғышы болып қызмет атқарады. Басқа малдарда ол аталған буынды бүгеді.

Тізені бүгетін кәрі жіліктік ет –тоқпан жіліктің бүгілдіргіштік (медиальдік) айдаршықұстінен басталып жіліншік сүйегінің басына барады.

Қызметі: Тізені бүгеді.

Саусақ буындардың бұлшық еттері:

Саусақтың жалпы жазылдырғыштық бұлшық еті, білек сүйегінің дорсомедиальдік бетінде орналасады. Ол тоқпан жіліктің жазылдырғыштық (латеральдік) айдаршықүстінен басталады да тұяқ сүйегінің жазылдырғыштық төмпегіне барып бекиді.

Қызметі: Ол бақайды жазады, тізе буынның жазылдырғыштық еттеріне көмектеседі.

Саусақтың бүйірлік жазылдырғыштық еті, бақайдың жалпы жазылдырғыштық бұлшық еті мен тізені жазатын шынтақ сүйектің бұлшық етінің арасында орналасады.

Қызметі: Бақай және тізе буындарын жазатын ет.

Саусақтың беткейлік бүгілдіргіштік еті тоқпан жіліктің бүгілдіргіштік (медиальдік) айдаршықүстінен басталып топай сүйектерінің проксимальдік бөлігіне бекиді.

Қызметі: бақай және тізелік буындарды бүгеді.

Саусақтың тереңдік бүгілдіргіштік бұлшық еті, білек сүйектерінің пальмарлық бетінде орналасады. Оның тоқпан жіліктік , кәрі жіліктік және шынтақ сүйектік бастары болады.

Бақылау сұрақтары:

1. Кеуделік аяқ бұлшық еттері қандай топтарға бөлінеді?

2. Буынға әсер етеін бұлшық еттерінің орналасуында қандай заңдылық кездеседі?

3. Иықтық буынның бұлшық еттерін атаңыз?

4. Шынтақтық буынның қандай бұлшық еттері бар?

5. Тізелік буын бұлшық еттерін атаңыз?

Бақай буынына қандай бұлшық еттер әсер етеді.