Жамбастық(артқы) аяқ бұлшық еттері


Мақсаты: Жамбастық аяқ бұлшық еттерінің орналасуы мен атқаратын қызметтерін зерттеп оқу.

Жамбас- ортан жіліктік буыны қарапайым, көп білікті. Сондықтан бұл буында жазылдырғыштық, бүгілдіргіштік, алыстатушы, жақындатушы және айналдырғыш бұлшық еттер топтары болады.

Бөкселік тобының жазылдырғыш бұлшық еттері.

Беткейлік бөксе бұлшық еті- сауыр аумағы терісінің астында, санның екі басты бұлшық етінің алдыңғы жағында орналасқан. Шошқа,ірі қара және ұсақ малдарда ол көршілес еттермен бірігіп кетеді.

Қызметі: Жамбас-ортан жіліктік буынды жазылдырады, ал жылқыда оған қосымша буынды ішке қарай бұрайды (пронация).

Орталық бөксе бұлшық еті, ол мықын сүйегінің бөкселік бетінен басталып, ортан жіліктің үлкен ұршығында аяқталады.

Қызметі: Жамбас-ортан жіліктік буынның жазылдырғыштық еті және абдукторларға көмектеседі.

Беткейлік бөксе бұлшық еті- орталық бөксе бұлшық етімен бірігіп кетеді. Ол мықын сүйегінің қанатынан басталып, үлкен ұршықта аяқталады.

Қызметі: Жамбас-ортан жілік буынын жазады.

Тереңдік бөксе бұлшық еті- орталық бөксе бұлшық етінің астында орналасады.

Қызметі: Жамбас-ортан жіліктік буынының абдукторы.

Алмұрт тәрізді бұлшық ет- тек итте жеке бұлшық ет түрінде болады.

Қызметі: Жамбас-ортан жіліктік буынды жазатын ет.

Сан арты тобының жазылдырғыштық бұлшық еттері

Санның екі басты бұлшық еті- жамбас пен сан аумағындағы тері астында орналасқан қомақты ет. Бұлшық еттің екі басы қосылып, тобықтық, асықты жіліктік және өкшелік тармақтарға бөлінеді . Қызметі: Ол жалпы жамбас-ортан жіліктік буынды жазылдырады.

Жартылай сіңірлік бұлшық ет- санның екі басты бұлшық етінің каудальдік жағындағы тері астында орналасады.

Қызметі: Бұл бұлшық ет жамбас-ортан жіліктік буынның жазылдырғышы.

Санның квадраттық бұлшық еті- шоңданай сүйегі денесінің вентральдік бетінен басталып, краниовентральдік бағытта қиғашталып, ортан жіліктің шүңқырына бекиді.

Қызметі: Жамбас –ортан жіліктік буынды жазуға және сыртқа қарай айналдыруға қатысады.

Жамбас-ортан жіліктік буынның бүлдіргіштік еттері

Мықын бұлшық еті- мықын сүйегінің краниовентральдік бетінде жатқан қомақты ет. Оның латеральдік басы мықын қанатынан, ал медиальдік басы мықын сүйегінің денесінен басталып, ортан жілікте аяқталады.

Қызметі: Жамбас-ортан жіліктік буынды бүгіп, сыртқа қарай айналдыру арқылы жамбастық аяқтың алға жылжуын қамтамасыз етеді.

Санның жалпақ шандырын көргіш бұлшық ет санның алдыңғы бетінала сербек, жамбас-ортан жіліктік және тобықтық буындар аралығындағы үшбұрышты кеңістікте орналасады.

Қызметі: Жамбас ортан жілік буынын бүгуге, тобықты буынды жазуға қатысады.

Тігіншілік бұлшық ет таспа пішіндес , ұзынша келіп санның медиальдік бетінде жатқан ет. Ол мықын шандыры мен кіші бел бұлшық етінің сіңірінен басталып, асықты жілікте аяқталады.

Қызметі: Жамбас-ортан жіліктік буынын бүгуге, тобықтық буынды жазуға және жамбастық аяқты тұлғадан алыстауға қатысады.

Жамбас-ортан жіліктік буынның аддукторлары:

Сымбаттық бұлшық ет- санның медиальдік бетінде жатқан қалың ет. Ол жамбас жігінен құрсақтың тік бұлшық етінің сіңірінен басталады.

Қызметі: Жамбастық аяқты тұлғаға жақындатады.

Санды жақындатушы бұлшық ет- жамбастың вентральдік бетінен , жапқыштық тесітің медиальдік және венральдік бетінен, ортан жіліктің кіші үйіргіші мен медиальдік айдаршықтың аралығына бекитін ет.

Тілерсектік буынның бұлшық еттері:

Сирақтың үш басты бұлшық еті, ол өз кезегінде екі бұлшық еттен құралған: балтыр және өкше еттері.

Қызметі: Тілерсектік буынды жазуға және тобықтық буынды бүгуге қатысады.

Артқы асықты жіліктік ет- асықты жіліктің пальмарлық бетінде орналасады. Ол бөлшек бұлшық ет ретінде тек итте ғана кездеседі, ал басқа жануарларда саусақты жазатын тереңдік бұлшық еттің құрамында болады.

Қызметі: Итте тілерсектік буынның жазылдырғыштық еті, ал басқа жануарларда ол бақайлық буындарға да әсер етеді.

Алдыңғы асықты жіліктік ет- асықты жіліктің дорсальдік бетінде орналасады да, осы сүйектің проксимальдік бөлігінен басталып, тілерсекке және жіліншік сүйектеріне бекиді.

Қызметі: Тілерсектік буынды бүгеді.

Үшінші шыбықтық бұлшық ет- әртүрлі жануарларда біркелкі болмайды. Ол ортан жіліктің латеральдік айдаршығындағы жазылдырғыштық шұңқырдан және саусақтың ұзын жазылдырғыштық ет сіңірінен басталып, асықты жіліктің ет сайы арқылы өтеді.

Қызметі: Шошқа мен ірі қара малдарда тілерсектік буынды бүгіп, тобық жазуға қатысады. Жылқыда ол статикалық қызмет атқарады.

Шыбықтық бұлшық ет- сирақ сүйегінің латеральдік бетінде жатып, шыбық сүйегі мен асықты жіліктің латеральдік айдаршығынан басталады. Еттің сіңірлі ұшы IY тілерсектік пен жіліншік сүйектерінің аралығында тесік арқылы өтіп, тілерсектің планетарлық бетінде шығады да, I тілерсектік пен II жіліншік сүйектеріне бекиді.

Қызметі: Тілерсекті буынды бүгеді.

Саусақтық буындардың бұлшық еттері

Саусақтың ұзын жазылдырғыштық бұлшық еті, ол ортан жіліктің латеральдік айдаршығындағы жазылдырғыштық шұңқырдан басталып, тұяқ сүйегінің осындай өсіндісінде аяқталады.

Қызметі: Саусақтық буындарын жазады.

Саусақтың бүйірлік жазылдырғыштық еті- сирақтық латеральдік бетінде жатып, тобықтық буынның бүйірлік байламы мен шыбық сүйегінен басталады. Ол тілерсектің буынның жоғары тұсында сіңірге айналып, әртүрлі жануарларда біркелкі аяқталмайды.

Қызметі: Саусақты жазатын ет.

Үлкен саусақтың ұзын жазылдырғыштық бұлшық еті-жеке бұлшық ет ретінде тек ит пен шошқада кездеседі. Ол шыбық сүйегінен басталып, II саусақта аяқталады.

Бақылау сұрақтары:

1. Жамбас-ортан жіліктік буынның жазылдырғыш ет топтарын атаңыз?

2. Сауыр аумағында орналасқан бұлшық еттер қандай буындарға әсерін тигізеді?

3. Жамбас-ортан жіліктік буынын аддукторлары қандай?

4. Сан аумағында орналасқан бұлшық еттерді атаңыз. Олардың қызметі қандай?

5. Тілерсетктік буынның жазылдырғыштық және бүгілдіргіштік бұлшық еттерін атаңыз?

Бақайлық буынға қандай бұлшық еттер әсер етеді?