Жүректің құрылысы негізгі артериялар мен веналар


Мақсаты: Жүрек және жүрек қаптың құрылысын зертеу. Үлкен және кіші қан айналу шеңберінің негізгі артериялар мен веналарывның тарамдалуын зерттеу.

Жүрек тұйықталған қан тамырларымен үздіксіз қамтамасыз етіп отыратын, қан айналу жүйесінің қуысты-етті мүшесі. Оның пішіні конус тәрізді болып келеді. Жүрек ішкі жағынан ет пердесі арқылы екі бөлікке бөлінеді. Әрбір бөлік өз кезегінде жүрекшеден және қарыншадан тұрады. Сөйтіп, жүрек төрт камерадан: оң және сол жүрекшеден, оң және сол қарыншадан құралады. Жүрекшелер мен қарыншалар бір-бірімен жүрекше- қарынша тесіктері арқылы қатысады.

Жүрек қабырғасы үш қабаттан : ішкі-эндокардтан, ортаңғы-миокардтан, сыртқы-эпикардтан тұрады.

Үлкен қан айналу шеңбері- деп қанның жүректің сол қарыншасынан оның оң жүрекшесіне дейінгі аралық жүріп өткен жолын айтады.

Қан сол қарыншаның жиырылу нәтижесінде аортаға өтеді де, одан артериялық қан тамырлары арқылы дененің барлық мүшелеріне тарайды.

Артерия мүшелерде ұсақ жіңішке қан тамырлары капиллярларға тарамдалады. Бұлардың қабырғалары арқылы қан мен қоршаған ұлпа арасында зат алмасу процесі жүріп, артериялық қан веналық қанға айналады. Қан мүшелерден вена қан тамырлары арқылы ағып шығып, олардың бір-бірімен қосылу нәтижесінде алдыңғы және артқы қуысты веналар түзіледі. Аталған веналар оң жүрекшеге келіп ашылады.

Кіші (өкпелік) қан айналу шеңбері- жүректің оң қарыншасынан басталып, оның сол жүрекшесінде аяқталады. Веналық қан оң қарыншадан өкпелік артериямен өкпеге барып, оның капиллярларында оттегімен қаныққаннан кейін, артериялық қанға айналады да, өкпелік веналар арқылы сол жүрекшеге келіп құйылады.

Артерияның ішкі қабығы- интима , ішкі тамыр қуысы жағынан бір қабат жалпақ жасушадан тұратын эндотелиймен астарланған. Эндотелий астындағы екінші қабаты субэндотелий. Интиманың үшінші қабаты-ішкі эластикалық жарғақ. Ол эластикалық талшықтардан тұрады.

Артерияның ортаңғы қабығы- медианың құрылысы тамырдың диаметріне байланысты. Артериялардың сыртқы қабығы адвентиция борпылдақ дәнекер ұлпадан тұрады. Веналар құрылысы жағынана артерияларға ұқсас. Яғни олардың қабырғалары да интима, медиа, адвентициядан құралған. Бірақ интимасында ішкі эластикалық жарғақ болмайды. Интимадан жүрекке қарай ғана қан өтетін қақапақтар болады. Веналардың қуысы артериялардың қуысына қарағанда кең болады.

Дененің негізгі магистарльдік артериясы болып аорта есептелінеді. Ол омыртқа бағанасының вентральдік бетінде , сәл солға қарай ығыса орналасады. Аортаның жүрек пен омыртқа бағанасы аралығындағы иілген тұсын аорта доғасы , одан диафрагманың орталық тесігіне дейінгі бөлігін кеуделік аорта, ал диафрагмадан шықаннан бастап мықындық артерилар бөлінгенге дейінгі аралық құрсақтық аорта деп аталады. Мықындық артериялар тармақталғаннан кейін құйымшақ сүйегінің аумағында аорта орталық құйымшақтық, ал құйрық омыртқаларының тұсында орталық құйрықтық артерияларға айналады.

Аорта доғасы және оның тармақтары. Аорта сол қарыншадан кеңейіп, бадана тәріздініп басталады. Бадана қабырғасы аортаның айшықты қақпақшаларымен бірігіп, аорта қойнауын (синусын) түзеді. Осы синустан жүрек бұлшық етін қоректендіретін оң және сол жүректік артериялар басталады.

Жүрекқап (үлпершек) ішінде аорта доғасы артериялық байлам арқылы өкпелік артериямен байланысады. Үлпершектің сыртында аортадан дененің мойын, бас, алдыңғы аяқ және көкірек керегесі қабырғасының алдыңғы бөлігін қанмен қамтамасыз ететін иықбас баған бөлінеді. Бұдан соң аорта омыртқа бағанасына қарай дененің артқы жағына қарай диафрагммаға дейінгі иіле созылған жалғасы көкіректік аорта деп аталады.

Тамырлар жүйесі организмдегі зат алмасу процесінің үздіксіз жүруін, дененің біртұтастығын қамтамасыз етеді. Тамырлар жүйесі шығу тегі құрылысы, қызметі жағынана тектес бір-бірімен тығыз байланысты үш жүйеден түзілген. Олар:

1. Қан айналу жүйесі

2. Лимфа айналу жүйесі

3. Қан жасаушы мүшелер.

Қан айналу жүйесін тұйықталған қан тамырлары артериялар, веналар, капиллярлар және жүрек құрайды.

Басты қанмен қамтамасыз ететін негізгі магистральдік тамыр-жалпы ұйқылық артерия. Ол кеңірдектің оң және сол жақтарымен көкірек қуысынан басқа қарай бағытталады. Бұл артериялардың әрқайсысы өз жағында ауыз омыртқа тұсында миға- ішкі ұйқылық артериясын бөледі де, әрі қарай сыртқы ұйқылық артериясы деп аталады. Жалпы ұйқылық артериядан басқа көрші мүшелерге: кеңірдекке, өңешке, қалқанша безіне, жұтқыншақ пен көмекей қабырғаларына, шықшыт сілекей бездеріне тармақтар таралады.

Сыртқы ұйқылық аретриядан шүйде, тіл, жақ шайнау еттері, құлақ және самай аумақтарына артериялық тарамдар тарамдалады.

Веналар негізінен аттас артериялармен қатар орналасады. Артерияларға сәйкес келмейтін жеке веналарға: ішек қарынан қан жинайтын-қақпалық вена, көкірек керегесі қабырғасынан-тақ көкірек венасы жатады. Денедегі веналар бір-бірімен қосылып, алдыңғы және артқы қуысты веналарды түзеді. Олар жүректің оң жақ жүрекшесіне ашылады.

Бақылау сұрақтары:

1. Жүректің құрылысы қандай?

2. Перикард деген не және оның құрылысы қандай?

3. Қандай тамырлар жүректен веналық қанды алып кетеді?

4. Аорта қандай бөліктерге бөлінеді?

5. Аорта доғасынан қандай артериялар тарайды?

6. Басты қандай артериялар қанмен қамтамасыз етеді?

7. Веналар қандай қан тамыры? Олардың артериялардан қандай айырмашылығы бар?