Жұлын. Бас ми


Мақсаты: Жұлынның бөлімдерін, оның ішкі құрылысын оқып білу. Ми бөлімдерінің, оның қабықтарының құрылысын зерттеу.

Жұлын (спинной мозг). Жұлын омыртқа каналының ішінде жатады.

Жұлын ауыз омыртқасының тұсында сопақша миға жалғасады. Төменгі жағынан соңғы жіпшесі арқылы құйымшақ омыртқасына бекиді. Соңғы жіпшеден айнала жұлынның төменгі сегменттерінен таралған түбіршіктер «ат құйрығын» түзеді. Олардың көбі сегізкөз тесіктері арқылы омыртқа каналынан сыртқа тебеді.

Жұлын жаңа туған балада омыртқа каналын толығымен толтыра жатса, ал бара-бара өсуі баяулап бірінші бел омыртқа тұсында қалады.

Жұлынның көлденең қимасы ұзына бойында бірдей емес, ол жоғарыдан төмен қарай жіңішкере бастайды. Жұлын төменгі мойын омыртқалары мен төменгі көкірек омыртқаларының тұсында екі буылтық түзеді. Оның біреуін мойын буылтығы десе, екіншісін бел буылтығы деп атайды. Осы буылтықтар тұсынан қол мен аяқты жүйкелендіретін ірі әрі ұзын нервтер басталады. Сол жүйкелердің торшалық денелері буылтықтар тұсында шоғырланған жұлын буылтығын түзеді.

Жұлынның алдыңғы және артқы бетімен ұзына бойына алдыңғы орталық сай және артқы орталық сай өтеді. Алдыңғы орталық сай өте терең жатқандықтаи, оны кейде алдыңғы орталық саңылау деп те атайды. Осы сайлар арқылы жұлын оң және сол екі бөлікке бөлініп тұрады. Алдыңғы орталық сайдың екі жағында алдыңғы бүйір сай жатса, артқы орталық сайдың екі жағында артқы бүйір сай орналасқан.

Жұлын тізбектеліп жатқан 31 сегменттен түзілген. Оның әрбір сегментінің екі жанынан алдыңғы және артқы жұлын түбіршіктері шығып омыртқаар-лық тесік тұсында бір-бірімен қосылып, 31 пар жұлын нервісін түзеді. Жұлынның ішімен ұзына бой жұлын каналы өтеді. Ол жоғарғы жағында мидың төртінші қарыншасына жалғасады.

Жұлынның көлденең кесіндісін қарағанда оның ақ және сұр заттан түзілгенін байқаймыз.

Оның сұр заты қанатын жайған көбелек пішінді келеді. Ол жұлынның орталық каналын айнала орналасқан. Сұр заттың шығыңқы келген жерлерін мүйіздері деп атайды. Алдыңғы жағында алдыңғы мүйізі, артқы жағында артқы мүйізі, ал бүйір бөлігінде бүйір мүйізі жатады. Бүйір мүйізі жұлынңың тек көкірек сегменттерінде ғана кездеседі. Сұр зат жүйке торшаларының шоғырынан түзілген, осыған байланысты оның алдыңғы мүйізінде қозғалтқыш мотонейрондар орналасады. Олардың нейриттері жұлыннан шыға алдыңғы қозғалтқыш түбір түзеді. Артқы мүйізінде рефлекторлық доғаның афференттік нейронын эфференттік нейронымен жалғастырып тұратын аралық нейрондар орналасады. Бүйір мүйізінде вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық нейрондары шоғырланып симпатикалық орталық түзеді. Олардың нейриттері алдыңғы түбір құрамында жұлыннан шығып, ішкі мүшелерді жүйкелендіруге бағыт алады.

Ақ зат жұлынның сұр затын қоршап жатады, оның өзі жұлын бетінде жатқан сайлар арқылы үш жұп бағанға бөлінеді. Алдыңғы баған — алдыңғы орталық саймен алдынғы бүйір сайының аралығында, бүйір бағаны — алдыңғы бүйір сайы мен артқы бүйір сайының аралығында, ал артқы баған — артқы бүйір сайы мен артқы орталық сайдың арасында орналасқан. Бұл бағандар жүйке талшықтарынан түзіліп, жұлынның өткізгіш жолдарын түзеді. Жүлынның сұр заты мен бағандарының аралығында сегментаралық V келте талшықтар болады. Осы талшықтар арқылы жұлынның сегментаралық байланыстары өтетін болғандықтан оларды жұлынның өз аппараты деп атайды.

Жұлынды қоректендіретін артерия тамырларына қабырғааралық және бел артериялары жатады. Қабырғааралық артериялар жұлынның көкірек сегменттеріне тарамдалса, төменгі — бел, сегізкөз, құйымшақ сегменттеріне бел, сегізкөз артериялары тарамдалады. Ал жұлынның жоғарғы мойыи сегменттеріне бұғанаасты артериясының омыртқа тарамы барады. Бұл аталған артериялар омыртқа каналына енгеннен кейін жұлынның алдыңғы, артқы артерияларына бөлінеді. Алдыңғы артериялары жұлынның алдыңғы жағында, артқы артериялары артқы жағында тарамдалып жұлынның ақ заты мен сұр затын қоректендіреді. Сұр затына қан тамырлары көбірек барады және бір-бірімен көлденең қосылыстар жасап байланысады.

Жұлынның вена тамырлары артерияларына аттас келеді. Олар вена қанын жұлыннан жинап, қабықасты веноздық өрімге құяды. Жұлында лимфалық тамырлар болмайды, оның жұмысын қабықшаларының арасында жатқан жұлын-ми сұйықтығы атқарады.

Ми (мозг). Жүйке жүйесі ұрықтың арқа бөлімінде жүйке пластинкасы— эктотермадан пайда болады. Ол пластинканың екі шеті жиырылып нерв түтігіне айналады. Оның алдыңғы толық бөлігінен алғашқы үш ми көпіршіктері пайда болады. Одан мидың бес бөлігі дамиды.

Осы ми бөлімдерінің әр түрлі қарқында дамуына байланысты алдыңғы және артқы ми көпіршіктері екіге бөлінеді. Алдыңғы ми көпіршігінен алдыңғы ми мен аралық ми пайда болса, артқы ми көпіршігінен артқы ми мен сопақша ми пайда болады. Ал ортаңғы ми көпіршігі кеп өзгермей ортаңғы мидың өзін түзеді.

Ми бөліктерінің дамуына байланысты көпіршіктердің қуысы да өзгере бастайды. Алдыңғы ми көпіршігінің қуысынан екі ми сыңарларының ішінде жатқан екі бүйір қарыншалары пайда болса, аралық мида — үшінші қарынша пайда болады. Ал ортаңғы мидың қуысы жіңішке түтік тәрізді болғандықтан оны су өткізгіш деп атайды. Ол жоғарғы жағынан үшінші қарыншамен байланысып жатса, төменгі жағынан төртінші қарыншаға жалғасады. Артқы ми қуысында төртінші қарынша пайда болады, ол төменгі жағынан жұлын каналына жалғасады. Бұл аталған ми қарыншалары мен түтіктері өзара тығыз байланыста жатып, ішіндегі жұлын-ми сұйықтығын бір-біріне өткізіп тұрады.

Ми бөлімдерінің әр түрлі дәрежеде дамуына байланысты ортаңғы ми тұсындағы төбе, артқы мидағы көпір, сопақша ми мен жұлын аралығындағы шүйде иіндері пайда болады.

Ұрықтың бес айлық мерзімінде ми сыңарларының беттерінде сайлар пайда болады. Оларға орталық (Роланд), бүйір (Силвьев) және төбе шүйде сайлары жатады. Осы тұрақты сайлардан кейін екінші, үшінші қатардағы тұрақсыз сайлар пайда бола бастайды. Бір жасар мерзімде тұрақты және тұрақсыз сайлардың саны көбейіп, бес жасқа дейін мидың құрылысы мен кесіндісі қатты өзгереді. Ал бес жастаи кейін мидың даму жолы алғашқы кезден баяулай бастайды. Екі ми сыңарларын қосып жатқан сүйелді дене жас нәрестеде әрі жіңішке, әрі қысқа келеді. Бұл да алғашқы бес жыл мерзімінде ұзарып қалыңдайды. Жалпы ми 20 жасқа дейін біршама кемеліне келеді. Ми адам организміндегі басқа мүшелерге қарағанда жылдам дамиды. Ми қыртыстары да бес жаста ересек адамның ми қыртысындай болады. Нейрондар мөлшері де (саны да) жасқа қарай өзгермейді. Бірақ нейрондар жалпы дамып, өздерінің өсінділерін (талшықтарын) күрделілендіреді. Олардың сыртқы жағы миеленденіп қозғалтқыш қызметі дамиды. Осыған байланысты рефлекстері де қалыптасады. Ал көру, есту, тепе-теңдік сақтау анализаторларының миеленденуі ұрық кезеңінен басталып, туғаннан кейін аяқталады. Осыған байланысты үш айлық болған балалар дыбыс пен жарыққа көңіл аудара бастайды. Ал, алты айдағы баланың көру қабілеті тұрақтап, заттарды ұстауға ұмтылады. Одан кейін басын, денесін тік ұстап, отыруға, тұруға икемделеді. Ал, бір жасқа тола келгенде үлкен ми сыңарларының миеленденумен байланысты денесін тік ұстап жүруге әрекет жасайды. Жалпы миелендену процестері екі жастан кейін аяқталады, бұл жағдайға байланысты тілі шығып, сөйлеу қабілеті біліне бастайды.

Ми пішіні ми сауытына сәйкес үстіңгі жағы дөңес, астыңғы жағы ойлы-қырлы келеді. Жаңа туған балада салмағы 400 г болса, бір жаста екі есе үлкейіп, алты жаста 1 кг-нан асады. Ал, 20—30 жаста қалыптасып, 60 жастан кейін кішірею процесі байқалады.

Кейбір жануарларда ми салмағы, адам миынан ауыр келеді. Мысалы, китте —7 000 г, дельфинде —5 200 г, пілде—4000 г. Бірақ, жалпы дене салмағымен салыстыра қарағанда адам озады. Адамның ақыл-ой қабілетін ми салмағымен байланыстыруға болмайды. Себебі, мидың қызметі мидың сұр затының жалпы көлеміне, онда жаткан ми нейрондарының қабілетіне, функциясына байланысты келеді. Мысалға, атақты және дарынды адамдардың ішінде Тургеневтің ми салмағы 2012 г, болса, жазушы Франстың ми салмағы 1012 г, дәрігер, психиатор Бехтеровтың—1720 г, физиолог И. П. Павловтың—1658 г, химик Менделеевтің—1571 г болған.

Бақылау сұрақтары:

1. Жұлын сигменттерін атаңыз?

2. Жұлынның қызметі мен құрлысын айтыңыз?