КІРІСПЕ. ПӘНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ


Дәріс жоспары:

Азықтың химиялық құрамы.

Пәнің басқа пәндермен байланысы.

Адамзат тіршілігінде дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Бұл әрдайым күн тәртібінен түспейтін мәселе. Оны шешу үшін әрбір елде мемлекеттік шаралар жүзеге асырылады.

Малды азықтандыру – олардың қоректенуін ғылыми түрде ұйымдастыру. Малды дұрыс азықтандыру арқылы организмдегі морфологиялық және функционалдық өзгерістерді бағыттап отыруға болады.

XVII ғасырдың екінші жартысында Пристли мен Шеллдің ауадағы оттегін ашып, оның өмірге қажеттігін Лавуазье дәлелдегеннен кейін, организм тіршілігі туралы деректер жинала бастады. Ғалымдар малға қажетті қоректік заттардың маңызын ашты.

Тірі организмдер өсіп-жетілу үшін сыртқы ортадан зат алмасу процесіне қажетті заттармен қамтамасыз етілу керек. Ол заттар организмге қоректену арқылы енеді. Организмге енген түрлі заттар мен қосындылар ішкі ортада белгілі жағдайлар туғызылғанда ғана бойға сіңіріліп, тіршілік қажеттілігіне пайдалынады.

Организмдегі заттардың қосындылары күрделі және алуан түрлі болып келеді. Тек ақзат түрлері 5 миллионнан асады. Бірақ сонша ақзат түрі тек 20 шақты аминқышқылдарының қалдықтарынын құрастырылады.

Қазіргі уақытта өсімдік және мал организмінде табылған химиялық элементтер саны 70-ке жуық болғанмен олардың ішінде зерттеліп, тіршілік үшін биологиялық маңызы анықталғаны 25-тей. Ең алдымен тірі организм құрамының 98,5 процентін алты элемент- көміртек, сутек, оттек, азот, кальций және фосфор құрайды. Оның алғашқы төртеуі органиклық заттарды құрастыратын органикалық элементтер де, соңғы екеуі минералды элементер. Биохимиялық ілім бойынша организмдер құрамында барлық химиялық элементтерді табуға болады. Өйткені биосфера қабаттарындағы элементтер миграциясы үздіксіз шашыранды түрінде жүреді.

Ал биологиялық мәні зерттеліп, тіршілікке қажеттілігі дәлелденген маңызды, немесе биогендік, биотикалық элементтерді алатын болсақ, оларға жоғарыда көрсетілген кальций және фосформен қатар жемшөп және жануар организмінде көп мөлшерде кездесетін калий, натрий, магний, күкірт, хлор және аз мөлшерде шоғырланса да өте маңызды қызмет атқаратын темір, мыс, марганец, мырыш, кобальт, йод, молибден, бор, селен, фтор жатады. Әр 1 кг құрғақ заттар грамдап жиналатын алғашқы жеті элементі көптеп кездесетін, яғни макроэлементтер деп атаса, мөлшері милиграмдап есептелетін соңғы элементтерді микроэлементтер деп атайды.

Аталған элементтер организмдегі химиялық қосындыларға кіреді. Олармен алдымен су және құрғақ заттарға, ал құрғақ зат органикалық және анорганикалық, яғни минералды заттарға бөлінеді. Органикалық заттар түрлі қоректік және биологиялық әсерлі заттардан, ал минералды заттар макро және микроэлементтерден тұрады.

Құрғақ зат органикалық және анорганикалық немесе минералды заттардан тұрады. Оларды муфель пешінде 500-550 градуста жағу арқылы ажыратады. Мұндай темпертурада органикалық заттар жанып, энергия бөліп ыдырайды да, минералды заттар күл құрамында қалып қояды. Сондықтан азықтың минералды бөлігін шикі күл деп атайды. Шикі деген сөз бұл арада шикі-затты, яғни таза емес, қосындылары бар деген түсінік береді. Мал азығының құрғақ затында шамамен 5 проценттей күл болады. Оның құрамында калий және шақпақ басым келеді, ал жануар денесінің күлінде кальций және фосфор көп болады.

Шикі деген қосымша сөз зоотехникалық зерттеу бойынша анықталатын барлық дерлік қоректі заттар тобында кездеседі. Ол осы зерттеу тәсілдері бойынша жекелеген қоректік заттар емес, химиялық жағынан жақын біршама қосындылары біріктіріліп табылатындығын көрсетеді. Мысалы, шикі протеин тобына тек амин қышқылдарынан түзілген көп пептидтер макромолекулалары ғана емес, сондай-ақ басқа барлық азотты қосындыларда енеді.

Мал азығының органикалық затында түрлі билогиялық әсері қосындылар- витаминдер, ферменттер, антиқоректік заттар (алкалоидтар, глюкозидтер, токсиндер т.б.) болады. Бірақ мөлшері өте аз болғандықтан олар зоотехникалық зерттеудегі проценттер көлеміне әсер етпейді. Өсімдіктер витаминдерді өздері түзе алатын болса, гетеротрофты жануар органимзінде олар негізінен азық құрамына енеді. Біршама витаминдер түзілуіне ас қорту жолындағы микроорганизмдер себептеседі.

Бақылау сұрақтары:

1. Оттегінің өмірге қажеттілігін анықтаған ғылым?

2. Арганизмдегі ақ заттың түрлері қаншама?

3. Құрғақ заттарды қалай ажыратады?

4. Тірі организм құамына кіретін элементтер?

5. Микро және макро элементерге не жатады?

Әдебиеттер: 1-6 ( негізгі), 1-2 ( косымша )