АЗЫҚТАРДЫҢ ҚОРЫТЫЛУЫ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ


Дәріс жоспары.

Азықтардың қорытылуы туралы ұғым

Зерттеу әдістері және факторлары.

Азық қорытылуы. Жемшөптін қоректік заттарын пайдаланып, өз қажетіне жұмсау үшін жануарлар алдымен оны жеп, қоректік заттарды қорытып, сіңірілген бөлігін зат алмасу барысында тіршілік мұқтажына пайдалынады.

Мал азығының желінуі. Химиялық құрамы қоректік қуаты әртүрлі жемшөп тіршілік қажетіне асу үшін ол міндетті түрде желініп, қорытылуы, бойға сіңірілуі қажет. Сонда ғана ол организмде энергияға, қажетті өнімге айналады. Азықтың өнімділік қуатының 70 проценті желінуіне, қалған 30 проценті қорытылуына байланысты.

Азықтың желінуі мен қорытылуы да тығыз байланысты. Клетчатканың көп болып, аумағын ұлғайтуы, қорытылуын төмендетіп, желінуін шектейді. Өйткені аумақты ірі азықтың ас қорыту жолдарынан өтуі баяулап, қорытылу мерзімі ұзарады. Соған байланысты қорытылуы жоғары бұршақ тұқымдастар астық тұқымдастардан гөрі көбірек желінеді. Күйісті мал пішенге қарағанда құрғақ заты бойынша есептегенде сүрлемді 20 проценттей кем жейді. Түрлі дәмді қосындылар сірне, ашытқы және басқалары тәбетті ашып, азықтың желінуін жоғарлатады.

Азық қоректік заттарының қорытылуы. Желінген жемшөп ауыз қуысы арқылы ас қорыту жолына еніп, қорытыла бастайды. Қорытылу барысында түрлі механикалық, физикалық, химиялық және биологиялық факторлар әсерінен азықтағы күрделі қоректік заттар ыдырап, аш ішек түгі арқылы қанға сіңірледі. Ыдырап үлгермеген, сіңірілмеген қоректі заттар нәжіс құрамында тік ішек арқылы сыртқа шығарылады. Бұл – қорытылмаған қалдықтар. Сондықтан желінген қоректік заттар неғұрлым жақсы қорытылып, сіңірілсе, соғұрлым жануар организміне тигізер пайдасы көп, соғұрлым ондағы байланған энергия мен жиналған қосындылар организм қажетіне толығырақ пайдаланылады.

Қорытылу ауыз қуысынан басталады. Онда түскен азық шайналып, ылғалданып, жұтылғанда сілекейдегі ферменттер (амилаза) минералды заттар оның құрамына еніп,әсер ететін қосындыларды (амилоза түріндегі крахмалды) ыдырата бастайды. Жұтылған азық көмекейден өтіп, өңеш арқылы қарынға түседі. Қарында бөлінетін тұз қышқылының әсерінен қышқылданып, қарын сөлінің протеолитикалық (протеинді ыдыратушы) фементтерінің (пепсин, трипсин) әсеріне тап болады.

Қарында қышқылданып, борсып-босаған, боркеміктелген азыұ жыны (хамус) он екі елі ішек арқылы аш ішекке өтеді. Өтерінде қарын асты безінің панкраттық сөлімен бауыр өтімен араласады. Өттегі қосындылар азық майларына әсер етіп, ішек сөлінің ферменттеріне (липаза) қолайлы жағдайлар туғызады. Азықтағы қоректік заттар ыдырауы ішек сөлі ферменттерінің әсерімен жалғасады. Сөйтіп жай қосындыларға дейін (протейндер-амин қышқылдарына, майлар-май қышқылдары-глицеринге, көмірсулар, моноканттарға) ыдыратылған қоректік заттар аш ішек түгі арқылы сіңіріліп, қан мен лимфа құрамына енеді. Тоқ шекте жын (химус) құрамынан артық су сіңірліп, нәжіс қалыптасады.

Шошқаның ас қорытылуы. Шошқа- бір қарынды көп азық түрлерін жей беретін жануарға жатады. Ас қорыту жолдарының әр бөлімі біркелкі дамыған, аумақтары шамалас, орташа алғанда қарын аумағы 8 л, яғни ас қорыту жолының шамамен30,0 процентіндей, аш ішегінің ұзындығы 15-25 м, аумағы 9-10 л, яғни 33,0 процентіндей, ұзындығы 20-35 см соқыр ішегінің аумағы 1,5 л, яғни 5,0 процетіндей, тоқ және тік ішегінің ұзындығы 5-6 м, аумағы 8-9 л, яғни 32,0 процентіндей. Жалпы ішек-қарын ұзындығы 20-30 м, аумағы 30 литрдей болады.

Азықтың қорытылуы, тек шайнаған кезде ғана бөлінетін сілекей ферменттерімен, ауыз қуысынан басталады. Азық түріне, ылғалдылығына, берілу жиілігіне байланысты тәулігіне 10-15 л, сілекей бөлінеді. Амилаза ферментімен қатар, шошқа сілекейінің құрамында көптеген минералдық (натрий, калий, магний, фосфаттар, карбонаттар, сульфаттар) және органикалық (ақзат муцин аминқышқылдары) қосындылар болады. Сілекей реакциясы сілтілі.

Шайналып, сілекеймен ылғалданған азық қарынға түседі. Қарын құрылысы жай, бір бөліктен тұрады. Оған енген азық өңештен он екі елі ішекке өткенше араласпай, бірқалыпты жылжып отырады. Қарының үш бөлігінде өңделіп қорытылады.

Олар өзара ішкі кілегейлі қабатының құрлысы арқылы ерекшеленеді. Өңештің қарымен жалғасқан жеріндегі кілегей қабығы тері тәріздес болып келеді. Қарының сыртқы шеңберімен оған бездері бар кардиналды бөлімі жалғасады.

Бақылау сұрақтары:

1. Майларды ыдырататын ішек сөлінің ферменті?

2. Ауыз қуысында қандай заттар ыдырай бастайды?

3. Ағзадағы қоректік заттар қай жерде сіңіріледі?

4. Сілекей реакциясы қандай ортаға жатады?

5. Он екі елі ішектегі азық қайда барады?

Әдебиеттер: 1-6 ( негізгі), 1-2 ( косымша )